Дипломдық жобаны орындаудың күнтізбелік жоспары № Жұмыс түрлері


Экологиялық тәрбиенің маңыздылығы



бет5/20
Дата16.12.2023
өлшемі2,34 Mb.
#139855
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Бейметалдар тарауын оқыту барысында окончательный (4)

Экологиялық тәрбиенің маңыздылығы


Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің басты талабы [6].
Қазақстан Республикасы географиялық жағынан Еуразия құрлығының орталық кіндігінде орналасқан. Еліміздің құрлық жүйесінің ауқымды көлемін орманды-далалы, шөл және шөлейтті жерлер алып жатыр. Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері - аймақтық техногендік шөлейттену, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы ормандардың селдіреуі, табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін дүлей табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып, әрі улы қалдықтардың жинақталуы айналаны қоршаған ортаға терең зиянын тигізуде.
Кейбір аймақтарда жағдайдың ауырлағаны соншалық ауа, су және жер ресурстары ластанып, бұрын-соңды болмаған күйзеліс кешуде. Еліміздің қолайсыз экологиялық ахуалы қазіргі кезде біліне бастаған. Ал, халықтың экологиялық және әлеуметтік проблемаларын шешуде экономикалық қиындықтар туып отыр.
Экологиялық ахуалдың нашарлауы халықтың денсаулығына залалын тигізумен қатар, әлеуметтік қиындықтар туғызып, халық шаруашылығы тұрақты дамуының бірсыпыра маңызды бағыттарын тікелей тежеуге әкеліп соғуы ықтимал. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Конституциясының 38-бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» - делінген [7].
Бүгінгі таңда жаппай үздіксіз экологиялық білім беру мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Экологиялық білім мен тәрбие беруді негіздейтін құжаттар мен заңдар қабылданып жатыр.
Экологиялық үздіксіз білім беруді ұйымдастыру, осыған орай, экологиялық білім берудің қазіргі заманғы ғылыми негіздері. Оны жүзеге асыру проблемалары мен бағдарламалары 1968 жылы БҰҰ мен ЮНЕСКО үйлесімділік халықаралық ұйым отырысында қарастырылды. Одан соң 1970
жылы Стокгольмда, 1972 жылы Тибилиси қаласында экологиялық білім беру туралы халықаралық ғылыми конференциялар өтті [8].
Республика тарихында тұңғыш рет «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» заң 1991 жылы қабылданып, онда экологиялық білім мен тәрбие беру міндеттеріне ерекше мән берілген. Бүгінгі қоғам алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі - экологиялық мәселелер, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды үнемдеп пайдалану болғандықтан Республикада қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып табылады.
Жас ұрпаққа экологиялық білім бірден-бір қажетті, кезек күттірмес мәселе екендігі «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында» (1993 жыл) және «Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында» (1994 жыл) атап көрсетілген.
Қазіргі уақытта өндіргіш күштердің тез қарқынмен жетілуі ауыл шаруашылығының дамуы және халық санының арта түсуі табиғатты сақтаумен, табиғат байлығын тиімді пайдаланумен тығыз байланысты. Елімізде соңғы жылдары табиғатты қорғау жұмыстарына және көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие беруге айрықша назар аударылуда. Ал, олар бұдан былай да осы дәрежеде ластана беретін болса, болашақ ұрпақтардың өмір сүру ортасына үлкен нұқсан келетіні сөзсіз. Сондықтан да табиғатты қорғау адамзат қоғамының өмір сүруіне қалыпты жағдай туғызуы, қазіргі және болашақ материалдық, мәдени қажеттігін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаны ластанудан корғауға бағытталған мемлекеттік, халықаралык, қоғамдық шаралардың жүйесі жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.
Экологиялық білім мен тәрбиелеу мәселелері жалпы білім берудің құрамдас бөлімі ретінде оқушыларға қоршаған орта мен табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастырумен және табиғатпен қоғам арасындағы өзара байланысты ғылыми негізде меңгерумен сабақтас каралады.
Олай болса, қазіргі кездегі білім беру ошақтарының алдында тұрған тміндеттердің бірі жас ұрпақтың экологиялық білім көзқарасын қалыптастыру, оларды табиғатты қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалану және өмір сүрген ортасы мен еңбектенетін жерінде жоғары, саналы, экологиялық білімді пайдалана білетін азамат ретінде тәрбиелеу. Сөйтіп, әрбір адамның экологиялық білім дәрежесі мен тәрбиесі орта және арнаулы білім беру орталарында қалыптасып, келешекте өмірге деген көзқарасын қалыптастырады.
Табиғатты қорғау заңына байланысты елімізде жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасында: «жаратылыстану және техникалық пәндер мазмұнын экологиялық және әлеуметтік маңызы бар фактілермен толықтыру мақсатты түрде экологиялық білім беруді жүйелеу арқылы жас ұрпақтарға экологиялық білім мен тәрбие беру үрдісін жетілдіріп білім беру
жүйесінде, балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін жүзеге асыру деп көрсетеді. Осыған байланысты Республикамызды үздіксіз жан-жақты оқу орындарының студенттеріне экология негіздері курсы ұйымдастыруды міндеттейді. Міндетті іске асыру мақсатында мектеп оқушыларынан басталады. Адам мен табиғаттың өзара қатынасындағы пайда болған экологиялық мәселелерді байыпты ойлануға итермелейді. Бұл әлеуметтік проблеманы шешу және қарама-қайшылықты шешу қажеттілігі қазіргі кезде бүкіл прогрессшіл адамзат, ғылым мен техниканың міндеттері болып табылады. Сонымен қатар, қоғам мен психологиялық тұрғыдан қайта құру қажеттігі туып отыр. Бұл экологиялық мәселелерді табиғаттың өзара бір- біріне әсер ететіндігі туралы көпшілікке білім беру, адамның практикалық іс- әрекетінде басшылыққа алатын табиғатты қорғау дағдыларын қалыптастырады.
Жас ұрпаққа экологиялық білім және тәрбие беруде мектептің алатын орны зор. Экологиялық білім және арнаулы білім берудің бір компоненті ретінде шәкіртті жан-жақты дамытуға, оның азамат ретінде қалыптасуына бағыт беру қажет.
Экологиялық білімді тереңдету, экологиялық тәрбие беру, болашақ ұстаздардың экологиялық міндетін қалыптастыру, ол үшін арнайы мамандар дайындау - жалпы білім беру жүйесінің алдындағы шарты. Кезінде орта ғасыр ғұламалары да табиғатты қорғауға байланысты өз көзқарастарын білдірген. Қазіргі таңда адамзатты қоршаған ортаның күрделі экологиялық проблемалары толғандыруда және оларды жедел шешу тәсілдерін іздестіруде. Бұл ізденістерде айналадағы орта туралы білімнің берері мол. Сондықтан экологиялық білім мен тәрбие беру дегеніміз – адамзат қауымы мен коғамның үйлестігі нәтижесінде жүзеге асатын білім беру жүйесі мен оқыту үрдістерінің ең тиімді жолдарын өміршең ету.
Еліміздің жасөспірімдерге үздіксіз экологиялық білім беруді ұйымдастыруды бүгінгі күн тәртібіне қою орынды жағдай. Оның өзіндік объективті және субъективті себептері бар. Олар:

  • туған өлкеміздің табиғаты мен табиғи ресурстарының ұзақ жылдар бойы орынсыз пайдалану нәтижесінде азаюы, ластануы және себепсіз сарқыла бастауы;

  • республиканың көптеген аймақтарында экологиялық апатты жерлердің көбейе түсуі;

  • өндіріс пен өнеркәсіп кешендерінің дамуы, ғарыш аймағының сақталуы,

  • полигондар зардаптары, жердің жарамсыздануы, адам денсаулығының нашарлауы;

  • экологиялык білім, тәрбие және мәдениеттің қалыптасуы;

  • «тұрмыстық қажеттілік пен табиғатты пайдалану» арасындағы қарым-қатынастар туындауы [9];

Аталған проблемаларды шешу үшін экологиялық білім алу ауадай қажет. Экожүйенің қалыптасуы мен даму принциптері жалпы сипатта
болуының экологиялық білім берудің жалпы кезеңіне қарай береді. Мектеп, гимназия, колледж және жоғары оқу орындары экологиялық білім берудің қайнар көзі және ұйымдастырушы ордасы. Экологиялық білім беру – өте күрделі процесс. Қоршаған табиғи ортаның өзі мен қоғам үшін мәңгі қажеттілігін сезіндіре отырып, оқушының дүниеге деген ізгі көзқарасын бірте-бірте қалыптастыру көзделеді. Өкінішке орай, қоғамдық санада табиғатқа «байлық көзі немесе табыс көзі» ретінде қарау басым. Демек, жеке адам мен қоғамның табиғатқа діни оң көзқарасын, экологиялық мәдениетін қалыптастыру үшін кейбір әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешу қажет.
Осыған орай елімізде экология пәнін мектептерде калыптасуына көптеген педагог-ғалымдарымыз өз үлестерін қосуда. Мәселен, Ә.С.Бейсенова тағы басқа жоғарғы оқу орындарында және жалпы орта мектепте экологиялық білім мен тәрбие берудің тұжырымдамасын жасап, іс жүзіне енгізу шараларын жасады.
Ал, М.Н.Сарыбеков бастауыш сынып оқушыларын табиғатты қорғауға тәрбиелеу әдіс-тәсілдерін саралап, адамзаттың үш заңдылықты (біріншісі- табиғаттың тазалығы, екіншісі - табиғаттың мол қозғалмалығы, табиғаттың көркемдігі) ұстай отырып, қоршаған ортаны сақтаған жағдайда ғана келешек ұрпақ үшін табиғи орта мен оның байлығын қажеттілікпен пайдалансақ соғұрлым табиғаттың қоғамға берері мол деген тұжырымды қолдайды [10].
Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты: қазақ елінің байлығын бағалайтын, табиғатты аялайтын, табиғи ортаның біртұтастығын түсіне білетін, елжанды жас ұрпақты тәрбиелеу.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет