жoбa бapыcындa 1 апталық зepттeу жүpгiзiп, oның aлғaшқы күнінде сайт бағдарламасымен таныстырып, экологиялық білім деңгейін анықтау үшін сауалнама жүргізді. Екінші күнінде, «Әлем зиянды тәжірибені тоқтатуы қажет» тақырыбында дәріс жүргізіп, тест алды. Үшінші күнінде, бейметалдар тарауы бойынша «Күкірт» тақырыбына сабақ өтті. Төртінші күнінде, күкірт элементінің сапалық реакциясын көрсетті. Бесінші күнінде, «Экология жақсаруына мен не істей аламын?» тақырыбында эссе жарысын өткізді. Алтыншы күнінде, оқушыларда экологиялық тәрбие қаншалықты қалыптасқандығы жайлы қорытынды-сауалнамасын алды.
жoбa бapыcындa 1 апталық зepттeу жүpгiзiп, oның aлғaшқы күнінде сайт бағдарламасымен таныстырып, экологиялық білім деңгейін анықтау үшін сауалнама жүргізді. Екінші күнінде, «Әлем зиянды тәжірибені тоқтатуы қажет» тақырыбында дәріс жүргізіп, тест алды. Үшінші күнінде, бейметалдар тарауы бойынша
«Фосфор» тақырыбына сабақ өтті. Төртінші күнінде, фосфор элементінің сапалық реакциясын көрсетті. Бесінші күнінде, «Экология жақсаруына мен не істей аламын?» тақырыбында эссе жарысын өткізді. Алтыншы күнінде, оқушыларда экологиялық тәрбие қаншалықты қалыптасқандығы жайлы қорытынды-сауалнамасын алды.
жoбa бapыcындa 1 апталық зepттeу жүpгiзiп, oның aлғaшқы күнінде сайт бағдарламасымен таныстырып, экологиялық білім деңгейін анықтау үшін сауалнама жүргізді. Екінші
күнінде, «Әлем зиянды тәжірибені тоқтатуы қажет» тақырыбында дәріс жүргізіп, тест алды. Үшінші күнінде, бейметалдар тарауы бойынша «Азот» тақырыбына сабақ өтті. Төртінші күнінде, азот элементінің сапалық реакциясын көрсетті. Бесінші күнінде, «Экология жақсаруына мен не істей аламын?» тақырыбында эссе жарысын өткізді. Алтыншы күнінде, оқушыларда экологиялық тәрбие қаншалықты қалыптасқандығы жайлы қорытынды-сауалнамасын алды.
Жобаның іске асыру кезеңдері:
Бірінші кезең бойынша, 2023 жылдың қыркүйек-қазан айларында зерттеу бағдарламасын құрып, тақырыптық шолу жасалынды. Сонымен қатар таңдалған жоба тақырыбы бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттер, білім беру бағдарламаларын және химияны экологиямен байланыстыра оқыту технологиялары бойынша ақпараттарды зерттеп, талдау жұмыстары жасалынды;
Екінші кезең бойынша, 2023 жылдың қараша-қаңтар айларында жиналған бастапқы эмпирикалық зерттеу бойынша алынған материалдарды талдап, өңдеу жұмыстары жүргізілді. Жобаны практикалық жүзеге асыру үшін зерттеу нысаны ретінде үш студенттің педагогикалық тәжірибе үшін тағайындалған білім беру мекемелері (№31 ЖББМ, №100 ЖББМ және №178 мамандырылған лицей) алынып, әдістемелік нұсқаулық жобасы жасалынды;
Үшінші кезең бойынша, 2023 жылдың ақпан-сәуір айларында зерттеу нысаны ретінде жаңа ақпараттық технологияны, атап айтқанда Coreap бағдарламасын қолданып, жаңа технологиялық әдіс ретінде оқушылардың біліктілігі мен дағдыларын арттырдық. Оқушылардың оқу үлгерімі салыстырмалы түрде жоғарылады. Сабаққа деген қызығушылығы арта түсті. Coreap бағдарламасы арқылы біз «Бейметалдар тақырыбын оқыту кезінде оқушыларға экологиялық тәрбие қлыптастыру(S, N, P)» тақырыбында оқулық –сайт құрастырдық. Осы бағдарламаны орта мектептің (9 сынып) оқушыларына химия пәнінен бейметалдар тақырыбын өту барысында пайдаланып, бағдарламаға байланысты өздерінің пікірлерін жоғары бағалады және бұл бағдарламалар сабақ беру барысында қолданысқа ие болды. Оқушылардың бастапқы білімдері мен курс соңындағы алған білімдерін пысықтау үшін сауалнама алынды. Зерттеу нәтижелері жасалынып, статистикалық өңдеу жұмыстары диаграмма, кесте түрінде жүргізілді. Жоба өзінің мақсатына жетіп, арнайы эксперименттік талдау аяқталды.