Дипломнан кейінгі білім беру факультеті жалпы клиникалық пәндер және жедел жәрдем кафедрасы


жүрекше аралық перденің дефектінде



Pdf көрінісі
бет20/51
Дата22.12.2023
өлшемі1,56 Mb.
#142614
түріДиплом
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51
жүрекше аралық перденің дефектінде
(сопақша тесіктің бітпей қалуы) де 
естіледі. Ақау сәби жастан белгі береді: физикалық күштемеде ентігу, тез 
шаршау, жоғарғы тыныс жолдарының жиі катарлары, пневмониялар. Өкпе 
артериясы үстінде II тонның акценті, төстің сол жағында II-III қ/а систолалық 
шу [3,4,17,18].
ЭКГ: оң қарыншаның айқын гипертрофиясы, Гис будасы оң аяғының 
блогінің белгілері тіркеледі. Рентгендік зерттеуде: оң қарынша ұлғаюының 
айқын белгілері, өкпе артериясы сол тармағының доғалдана шығуы, 
гиперволемия белгілері, аорта доғасының кішіреюі анықталады.
Тесігі кішкене ақауда шағымдар болмайды‚ кейбір науқастар спортпен 
де шұғылдануы мүмкін. Үлкендеу тесікте ентігу‚ тез шаршау‚ жүрек қағуы‚ 
шалыс соғуы мазалайды. Бұл шағымдар 20 жастан бастап білінеді. 
Науқастардың дене бітімі әдетте нәзік‚ тері жамылғылары боз келеді. 
Басында цианоз білінбейді. Акроцианоз шунт оңнан солға өзгерген кезден 
байқалады (артериялық қанға веналық қанның араласуынан). Тексергенде: 
жүрек томпағы мен жүрек түрткісінің болуы және жүрек ұшы түрткісінің 
әлсізденуі тән. Оң жүрекше мен оң қарыншаның ұлғаюынан жүректің шегі 
оңға да‚ солға да ығысады. Аса ұлғайған оң қарынша сол қарыншаны артқа 
ығыстырып‚ жүрек ұшы түрткісін өзі түзуі мүмкін. Аускультациялық 
белгілері: 

сол жақ ІІ‚ ІІІ қабырғааралықта, өкпе артериясының салыстырмалы 
стенозынан болатын, систолалық шу (қанның көптеп келуінен өкпе 
артериясы кеңейеді, бірақ оның сақинасы сол күйінде қалады). Шу жатқан 
қалыпта анығырақ естіледі; 

оң қарыншаның гипертрафиялануынан үш жармалы қақпақтың үстінде 
І тонның күшеюі;


29 
өкпе артериясы қақпағының кештеу жабылуынан, ол нүктеде ІІ 
тонның, тыныс фазасына тәуелсіз, жарықшақтануы [3,4,9,17,18].
ЭКГ табылатын белгілер: электрлік остің оңға ауытқуы‚ 

бұрыштың 
+90
0
– +150
0
шамасында болуы; оң қарыншаға күш түсу белгілері (R 
тісшенің V
1
‚ aVF тіркемелерінде биіктеуі, V
5-6
тіркемелерінде S тісшесінің 
тереңдеуі); Гис будасы оң бұтағының RSR
1
, rSR
1
типті жартылай блогі; оң
жүрекшеге күш түсуі мен оның гипертрофиялануының белгілері (Р
ІІ,ІІІ
‚ 
V
І
ұлғаюы) және жүрекшелер жыбыры болуы мүмкін [4].
 
Рентгендік тексеруде өкпе өрнегінің күшеюі‚ тамырларының қанға аса 
толуы‚ түбірінің кеңеюі‚ пульсациясының күшеюі‚ оң жүрекше мен оң 
қарыншаның ұлғаюы және өкпе артериясының (кейде анеризма деңгейіне 
дейін) аса кеңеюі анықталады. Аорта‚ керісінше‚ жіңішкелеу болады‚
пульсациясы әлсіздеу келеді‚ өйткені оған баратын қанның көлемі аз. 
ЭхоКГ арқылы оң қарынша қуысының кеңеюін және жүрекше аралық 
қалқаның тесігін‚ оның диаметрін анықтайды. Жүректің катетеризациясын 
жасап‚ оң жүрекшелік қанда оттегі мөлшерінің тиістіден артық болуы және 
оң камераларда қысымның биіктеуі анықталады. Ангиокардиография 
жасағанда‚ қуыс веналары арқылы салынған контрасттық заттың оң 
жүрекшеден сол жүрекшеге өтуі байқалады [4].
 
Жүрекке жақын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет