Дипломнан кейінгі білім беру факультеті жалпы клиникалық пәндер және жедел жәрдем кафедрасы



Pdf көрінісі
бет17/51
Дата22.12.2023
өлшемі1,56 Mb.
#142614
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51
 
Аорта коарктациясында
да систолалық айдау шуы естіледі. Аорта 
коарктациясында дене бітімінің даму ерекшеліктері кеуде бөлігінің жақсы, 
аяқтарының кем дамуымен сипатталады. АҚ қолдарында жоғары, 
аяқтарында төмен тіркеледі, кейде екі қолында екі түрлі пульс пен АҚ 
анықталады 
(оң 
қолында 
пульсі 
күшті, 
АҚ 
жоғары). 
Аорта 
коарктациясындағы систолалық айдау шуы төс сүйегінің сол жағынан III-IV 
қабырға аралықта анықталады, бұл шу жауырын аралығында максимум 
есіледі. Ол ұйқы артерияларына тарайды, мойындырық шұңқырында жақсы 
естіледі. Рентгендік зерттеуде аорта доғасының кемуі немесе оның қос 
контурлылығы анықталады. Коарктация деңгейі контрасты аортаграммада 
анықталады [3,4,9]. 

Атеросклероздық
процестің ең жиі түрі – аорта атеросклерозы, 
В.С.Смоленскийдің мәліметі бойынша‚ 50-ден асқандардың 45% аортаның 
жаралы атеросклерозы кездеседі‚ ал гипертензия болғанда, оның саны 70% 
дейін жоғарылайды. Көбіне зақымданатыны: құрсақтық аорта‚ кеуделік 
аорта‚ аортаның доғасы мен түбірі. Түймедақтар аортадан тараған 
тамырлардың сағасында немесе оның маңында басым орналасады. Осыған 
байланысты аортаның жеке зақымдануына тән белгілермен бірге шеттік 
тамырлар стенозының белгілері де болуы ықтимал. Қолқа доғасының 
атеросклерозында мидың‚ жүректің‚ қолдардың қанайналымы бұзылады‚ 
сондықтан бас айналу‚ талмалар‚ қолдардың ұйып әлсізденуі‚ пульстің 
әртүрлілігі байқалады, тамыр будасының ені кеңейеді, аорта доғасының тұру 
биіктігі жоғарылайды, аорта үстінде систолалық шу естіледі [3,4,9,17]. 
 
Менкеберг ақауы
егде‚ кәрі жастағыларда болады. Бұл ақауда‚ 
ревматизмнен айрықша‚ кальций тұздарының шөгуі жармалардың ұшынан
емес‚ керісінше – фиброздық сақинадан басталып‚ қақпақтың негізіне 
жиналады. Ең алдымен‚ қақпақтың Вальсальв синусына қараған бетінің 
липоидозы дамиды‚ кейін липоидоз ошақтарына кальций тұздары жиналады. 
Қақпақ жармалары ешуақытта бір-бірімен тұтаспайды‚ бірақ тығыздалып 
қатаяды‚ сондықтан қозғалысы шектеледі. Сонымен бұл жағдайда 
жармалардың бір-бірімен жабысуынсыз “үш қалталық” стеноз қалыптасады‚ 
өйткені жармалар жартылай жабылған күйінде “қатып қалады”. Осыған ұқсас 
кальциноздық процесс митраль қақпақта да дамуы мүмкін. Менкеберг 
ақауында қақпақ толық ашылмайды‚ бірақ жармалардың арасындағы 
саңылаулар сақталған‚ сондықтан қан ағымы үшке айырылып аортаға 


26 
“шашырап” түседі. Сол себепті вибрация болмайды‚ систолалық діріл жоқ‚ 
пульс пен ІІ тон қалыпты.
Менкеберг ақауының 
 
диагноздық критерийлері: 
 

60 – жастан жоғары адамдарда жиі кездеседі;

анамнезінде ревматизмнің болмауы; 

клиникасында төс артының ауырсынуы, ентігу, жүрек қағу, 
физикалық күштемеде естен тану

аорта үстінде дөрекі систолалық шу, мойын тамырларына
таралады; 

систолалық щудың ең алғаш 55 – жастан кейін пайда болуы. 

эмболиялық асқынулар: миокард инфаркті, ми қан айналым
бұзылысы, өкпе артериясының тромбоэмболиясы, көз көруінің
төмендеуі, аяқтарының артериялық тромбозы; 

65 – жастан кейін жара ауруына байланыссыз асқазан ішек 
жолдарынан қан кету; 
ЭхоКГ белгілері: аорта қақпағының кальцификациясы 
[3,4,9,15,17,18]. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет