75
Фондық ауруы: Инфекцияланған аборт.
4. 1, 2,3.
Клиникалық жағдай №9
42 жастағы науқас келесi шағымдармен түстi: дене қызуының 37,5
0
С
көтерiлуi, қалтырау, әлсiздiк,
тыныш жағдайдағы ентiгу, төс артының
ауыруы, жүрген кездегi бас айналуы. Өзiн баспамен ауырғаннан берi, 1 ай
шамасында науқас санайды. 12 жасында жедел полиартриттен емделген,
ревматизм диагнозы қойылған.
Объективтi:
жалпы жағдайы орта ауырлықта, санасы анық, терi
жамылғылары қуқыл. Алақандары мен табанында ауыратын, қызыл түстi,
тығыз түйiндер сипалады. Ұйқы артериясының анық пульсациясы, Мюссе
симптомы оң. Өкпесінiң артқы, төменгi
бөлiктерiнде консонансты емес,
майда көпiршiктi ылғалды сырылдар естiледi. ЖҰТ 6 қ/а, жайылма, биiк,
резистенттi. Жүрек ұшында I тон, аорта үстiнде II тон әлсiз, оң жақ II қ/а
кеми түсетiн диастолалық шу төстiң сол қырымен төмен тарайды, жүрек
ұшында мойынға тарайтын систолалық шу. АҚ 150/40 мм сын. бағ. Пульсi
86 минутына, ырғақты, биiк, тез. Бауырдың Курловпен өлшемдерi 9-8-7см,
талақтың – 12х16см.
Қанның жалпы анализінде: эритроциттері 3,5x10
12
/л,
гемоглобині
102 г/л, лейкоциттері 10,2x10
9
/л, нейтрофильдері: т/я 6%, с/я 68%; лимф.
18%, мон. 5%, эоз. 3%; ЭТЖ 40 мм/сағ., нейтрофильдерде токсиндiк
түйiршiктiлік.
Қан егуi: жасылданатын стрептококк, пенициллинге сезiмтал.
Биохимиялық анализдерiнен: жалпы белогі 58 г/л; СРБ +++,
альбумині 28 г/л; глобулиндері: альфа
1
–5,2%, альфа
2
– 10,4%, бета – 13,6%,
гамма – 22,8%, тимол сынамасы 8 Б, аспартатаминотрансфераза 64 Б/л,
аланинаминотрансфераза 33 Б/л,.
ЦИК 350Б; РФ+.
Екi өлшемдi эхокардиограммада: аорта қақпақтары жармаларының
комиссуралары
жабысқан, аорта қақпақтарының жармаларымен тығыз
байланысты қосымша эхокөлеңкелер анықталады.
1. ЭхоКГ нәтижелерінен келесi тұжырымдар дұрыс:
1.
Комиссура шеттерiнiң жабысуы аорталық стенозды мақұлдатады
2.
Қақпақтардағы вегетациялар инфекциялық эндокардиттi дәлелдейдi
3.
Комиссура шеттерiнiң жабысуы аорта қақпақтарының шамасыздығын
дәлелдейдi
4.
Қақпақтардағы вегетациялар ревматизмдiк эндокардиттi дәлелдейдi
76
5.
Комиссура шеттерiнiң жабысуы аорта қақпақтарының атеросклерозын
дәлелдейдi.
2. ЛОР дәрiгермен қаралды: созылмалы тонзиллит, декомпенсация сатысы.
Окулист: көз түбiнде петехийлiк бөртпе, Рот дағы.
ЭКГ: R-R 0,65 сек; RV
4
6
; R
I
+ S
III
=29 мм.
Өмiр болжамына әсер ететiн екi жетекшi синдромды атаңыз.
1.
Септицемия
2.
Интоксикациялық
3.
Қақпақтық зақымдану (әсіресе аорта қақпақтарының)
4.
Лабораториялық иммундық бұзылыстар
5.
Қабынулық өзгерiстер
3. Васкулиттi дәлелдейтiн объективтi белгiлердi атаңыз:
1.
Мюссенің симптомы оң
2.
Алақандары мен табанында ауыратын, қызыл түстi, тығыз түйiндер
3.
Спленомегалия
4.
Көз түбiнде петехийлiк бөртпе, Рот дақтары
5.
Терi жамылғыларының қуқылдығы
4. Диагнозды жазбаша құрыңыз.
5. Емге байланысты дұрыс тұжырымдарды белгілеңіз:
1. Таңдамалы дәрмек: пенициллин по 5 млн Б-тен (бірліктен) в/i 6 рет/т. +
гентамицин 80 мг-нан 3 р/т.
2. Оксациллиндi 2,5 млн Б. в/i + гентамицин 80 мг 3 р/т, б/е.
3. Тек цефалоспорин қатары көрсетiлген.
4. Ем ұзақтығы 2 аптадан кем емес.
5. Ем ұзақтығы 4-6 аптадан кем емес.
Достарыңызбен бөлісу: