Дипломнан кейінгі білім беру факультеті жалпы клиникалық пәндер және жедел жәрдем кафедрасы



Pdf көрінісі
бет45/51
Дата22.12.2023
өлшемі1,56 Mb.
#142614
түріДиплом
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51
Клиникалық жағдай №18 
40 жастағы науқас келесi шағымдармен түстi: жүрген кезде пайда 
болатын 
төс 
артының 
басып 
ауырсынуы, 
физикалық 
күшке 
инспирациялық ентiгу, жүрек қағу ұстамасы, бас айналуы, естен тануы
әлсiздiк. 
Анамнезiнен: жүрек шуы 6 жасында алғаш анықталған, бiрақ 
тексерулер жүргiзiлмеген, 16 жасында ревматолог есебіне қойылған
әскерден босатылған. Жарты жыл бұрын естен танулар басталған.


89 
Объективтi: науқастың жалпы жағдайы орта ауырлықта. Тыныс 
жиiлiгi 18 рет бір минутта, өкпесiнде везикулалық тыныс. Жүрек ұшы 
түрткісі бұғана орта сызығымен 5-ші қабырғааралығында пальпацияланды. 
Кеуде сарайының алдыңғы қабырғасында, төс сүйегiнiң сол жағында 
систолалық дiрiл сезiледi. Перкуссияда жүректiң шала тұйық дыбысының 
оң шегi төстiң оң қырында, сол шегi ЖҰТ сай. Жүрек тондары әлсiзденген, 
ырғақты. Жүректiң барлық нүктелерiнде дөрекi, күштi, айдау систолалық 
шуы естiледi. Айқын естiлетiн нүктелерi – жүрек ұшы мен Боткин нүктесi. 
Систолалық шу науқасты тұрғызу барысында күшейiп, тiзерлеп 
отырғызғанда әлсiрейдi. Шу мойын тамырларына тарамайды. АҚ 130/80 
мм сын. бағ. Пульс жиiлiгi 72 рет минутына, pulsus bifidus (пульс толқыны 
тез көтеріліп, тез басылады). lшi жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыр өлшемдерi 
Курловпен 11-9-7см.
1. Сiздiң алғашқы диагнозыңыз? 
1. Жүректiң ревматизмдiк ақауы 
2. Жүректiң тума ақауы 
3. Гипертрофиялық кардиомиопатия 
4. Миокардит 
5. Стенокардия 
2. ЭКГ түсiрiлдi, I, AVL, V
5
,V
6
R тісшесі биік, ST сегменті қиғаш 
төмендеген, тізімнен дұрысын таңдаңыз. 
1.
Сол қарыншаның алдыңғы қабырғасының инфаркті 
2.
Жүректiң оң бөлiктерiнiң гипертрофиясы мен систолалық күштенуi 
3.
Жыбыр аритмиясы 
4.
Жүректiң сол бөлiктерiнiң гипертрофиясы мен систолалық күштенуi 
5.
Артқы қабырғасының субэндокардтық инфаркті 
3. Науқасқа ЭхоКГ жасалды. Қорытындысымен танысыңыз: аорта 
диаметрi 3,2м, аорта сағасының ашылуы 1,8см, қарынша аралық перденiң 
(ҚАП) қалыңдығы 2,1см, сол қарыншаның артқы қабырғасының 
қалыңдығы 1,3см. Сол қарыншаның соңғы диастолалық өлшемi 4,0см, сол 
қарыншаның соңғы систолалық өлшемi 3,2см. Сол жүрекше 4,2см, оң 
қарынша 2,3см. Айдау фракциясы 46%. Митраль қақпақтарының алдыңғы 
систолалық қозғалысы парадоксті. Аорта қақпақтарының систола 
ортасында қалқалануы, митраль регургитациясы ++. Қарынша iшiлiк 
қысымның градиентi 25мм сын. бағ. Сiздiң қорытындыңыз: 


90 
1. Дилятациялық кардиомиопатия 
2. Гипертрофиялық кардиомиопатия 
3. Аортаның ревматизмдiк стенозы 
4. Диффузды миокардит 
5. ”Гипертониялық жүрек” 
4. Төмендегілерден келесі науқасқа көрсетiлген: 
1.
Строфантин 
2.
Моносан 
3.
Преднизолон 
4.
Индометацин 
5.
Конкор 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет