I. КІРІСПЕ БӨЛІМІ
Жүрек аускультациясы
Жүрек жұмысының барысында дыбыстық құбылыстар дамиды,
олардың анализі мен диагноздық бағалануының жүрек-тамыр жүйесінің
ауруларын танудағы маңызы үлкен. Жүректің жұмысы екі фазадан құралады:
систола және диастола, жүрек аускультациясында әдетте екі тон естіледі – I
тон систола басталуына, II тон диастола басталуына сәйкес (би – , екі тондық
ырғақ) [1,2,3,4,5].
I тон келесі құбылыстардан құралады (I тон компоненттері):
жүрекшелік-қарыншалық қақпақтардың ашылуынан (митраль және
үшжармалы);
артериялық қақпақтардың ашылуынан (аорта және өкпе артериясы);
қарыншалар жиырылуынан (бұлшық еттік компонент).
II тон компоненттері:
аорта (қолқа) және өкпе артериясы қақпақтарының жабылуы;
жүрекшелік-қарыншалық қақпақтардың ашылуы.
I мен II тонды айыру белгілері:
I тон II тоннан ұзағырақ
I тонның тембрі II тон тембрінен төмен;
I тонның даму уақыты жүрек ұшы түрткісі немесе ұйқы
артериясындағы пульспен сәйкес;
I тон жүрек ұшы аймақтарында, II тон жүрек негізінде жақсы естіледі;
I тоннан кейінгі үзіліс – қысқа систолалық, II тоннан кейінгі –
ұзағырақ диастолалық.
Жүрек
аускультациясы
оның
қақпақтарының
топографиялық
ерекшеліктеріне және қан ағымының бағытына байланысты, белгілі
реттілікте тыңдалады (сау жүрек әуенінің қосымша ақпаратын 4 тіркемеден
оқыңыз, 72 бет). Жүрек аускультациясының реттілігі және жүректі тыңдау
нүктелерінің бағдарлары (классикалық, стандартты вариантында 5 тыңдау
нүктесін пайдаланамыз, соған қоса, 6-шысын ұсынамыз):
жүрек ұшы (митраль қақпақтарын бағалау) – сол V-ші қабырға
аралықпен (қ/а) бұғана орта сызығынан сәл (0,5 см-дей) ішке; сонымен
қатар, сол қарынша бұлшық етінің жағдайы бағаланады;
төс сүйегінің оң қырында II-ші қ/а (аорта қақпақтарын бағалау), аортаға
қатысты патологияларды тану үшін төс сүйегінің сол жағынан II-III-ші
қ/а-тарды да тыңдау қажет ;
13
төс сүйегінің сол қырында II-ші қ/а (өкпе артериясы қақпақтарын
бағалатады), осы жерде жүрекше аралық пердеге қатысты патологиялар
да танылады;
семсерше өскіншенің негізі – IV-ші қ/а-пен төс сүйегінің оң қырында
(үш жармалы қақпақтарды бағалатады);
төс сүйегінің сол қырында IV-ші қ/а – Боткин нүктесі (аорта
қақпақтарын қосымша бағалатады),
Л.Б.Наумов авт-мен қарынша аралық перденің жағдайын төс сүйегі
үстінен IV қ/а тұсында бағалауды ұсынады [1,2,3,4,5,6].
Жүрек аускультациясы дыбыстық құбылыстардың
үшеуін анықтауға
және диагноздық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді: тондардың үнділігін
және жүрек жұмысының ырғақтылығын, жүрек шуларын. Жүрек ақауларын
танып, анықтауда жүрек аускультациясының
жеке диагноздық
маңызы зор,
бұлар ақаудың табиғаты туралы мәліметтерді де береді, бірақ жүрек-
тамырлық патология тек ақаулармен шектелмейтіндіктен жүрек тондары мен
ырғағын бағалаудың басқа патологияларды анықтаудағы рөлін жоққа
шығаруға болмайды.
Барлық
стандартты
аймақты
тыңдау
барысында
жүректің
аускультациялық көрінісін анализдеудің оптималь реттілігі төмендегідей
болмақ:
жүректі науқаста тұрғызып және жатқызып тыңдау керек;
қажетті жағдайлар туындағанда арнайы тәсілдер (ақаулардың жеке
сипатында беріледі) қолдану керек;
жүрек тондарының ырғақтылығы мен үнділігі арқылы миокард
жағдайын бағалау;
жүрек шуы естілсе жүрек тамыр жүйесінің кез келген ақауы түралы
күдік туады, бұл жағдайда төменде берілетін анализ алгоритмін пайдалану
керек:
-
шудың эпицентрін анықтау;
-
шудың даму фазасын (тондармен қатынасын) анықтау;
-
шудың тембрі және интенсивтілігін анықтау;
-
таралуын анықтау;
-
жүрек тондарының ырғақтылығы мен үнділігі арқылы миокард
жағдайын бағалау [3,4,5].
|