Дипломнан кейінгі білім беру факультеті жалпы клиникалық пәндер және жедел жәрдем кафедрасы



Pdf көрінісі
бет12/51
Дата22.12.2023
өлшемі1,56 Mb.
#142614
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51
Байланысты:
1e012f37-1426-4f49-b78c-28feddbb2807 Сартаева ҚА-оқу құралы жүрек шулары-2018

Инфекциялық 
эндокардиттің 
диагноздық 
критерийлері
:

Буткевич О.М. (1993 ж.).
 
Негізгі клиникалық белгілер: 

дене қызуының 38
0
С артық биіктеуі‚ қалтырау (септицемия және қабыну 
синдромы, интоксикациялық синдром); 

жүрек шуы (шамасыздығы басым, 2-4 аптада қалыптасатын қақпақтық 
ақау синдромы); 

спленомегалия. 
 
Қосымша клиникалық белгілер: 

тромбоэмболиялар; 

тері васкулиті (Либман-Лукин дақтары, Ослер түйіндері, Джейнуэйн 
дақтары, тырнақ астындағы жолақшалық геморрагиялар, тамырлар 
бойында микоздық немесе бактериялық аневризмалар); 

гломерулонефрит. 
 
Параклиникалық белгілер: 

қақпақ бетіндегі өскеншектер; 

анемия; 

қан себіндісінің оң нәтижесі; 

30 мм/сағ артық ЭТЖ; 

нейтрофильдерде сілтілі фосфатаза активтілігінің биіктеуі. 

Болуы мүмкін диагнозды екі негізгі клиникалық белгінің (біреуі – жүрек 
шуы) және бір қосымша клиникалық белгінің болуына (параклиникалық
белгілер болмағанның өзінде) қарап тұжырымдаймыз [10,11,12,13,16]. 


21 
Сенімді диагнозды екі негізгі‚ бір қосымша клиникалық және ең 
кемінде екі параклиникалық белгілердің болуына сүйеніп тұжырымдаймыз. 
 
Митраль қақпақтары пролапсі
синдромындағы 
(Барлау синдромы)
регургитациялық систолалық шу митраль қақпағы жармасының сол 
жүрекшеге қайырыла “салбырауы” (I тонның өзгерісі туады) митраль 
регургитацияға жалғасқанда ғана естіледі [14,15,17].
Аускультациялық өзгерістері өте тән: ерте систолалық шертпенің 
болуы, I-ші тонның екі айырылуы, яғни, үш мүшелі систолалық шоқырақтың 
естілуі, одан кейін регургитациялық систолалық шудың естілуі. Диагнозы 
ЭхоКГ келесі өзгерістермен дәлелденеді: жарманың (жармалардың) қозғалыс 
траекториясының өзгеріп, сол жүрекше қуысына “салбырауымен”, қанның 
регургитациялық ағымының тіркелуімен. Жармалардың сол жүрекше 
қуысына қайырылу тереңдігіне байланысты митраль қақпақтары пролапсінің 
3 дәрежесін айырады: 
: бірінші – 3 мм 6 мм дейін; 
: екінші – 6-9 мм; 
: үшінші – 9 мм көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет