Ревматизмнің диагноздық критерийлерін 19 беттен қараңыз. Лютембаше синдромының диагноздық критерийлері : клиникасының
бала жастан болуы, жүрек ұшындағы диастолалық шумен бірге сол II-III қ/а
систолалық шудың естілуі (митраль стеноз бен жүрекше аралық перде
дефектінің қосарлануынан). Осы мәліметтердің ЭхоКГ дәлелденуі [3,4,17].
Сол жүрекшенің миксомасы немесе
полиппен тарылуының (сирек
кездесетін патология) дәлелдері: пациенттің ентігуі, ортопноэ жағдайлары,
тромбоэмболиялық синдромнан басталу мүмкіндігі мен үдемелі ағымы; дене
қалыбын өзгерткенде көгеру және естен танудың орын алуы; шу сипаты мен
интенсивтілігінің дене қалыбын ауыстырғанда өзгеруі – тұрғанда жақсы
естіліп, жатқызғанда жойылуы. ЭхоКГ қосымша эхосигналдар бұлтының
митраль қақпақтары жармаларының арасында, қосалқы көлеңкенің жүрекше
қуысында анықталуы [3,4,15,17].
Салыстырмалы митраль стенозын туындататын себеп – ДКМП, сол
қарынша қуысының кеңеюі салдарынан диастолалық шу естіледі, бұл –
ДКМП Кумбс шуы (диагноздық критерийлері 20 бетте).
Жүрек ұшында аралас систолалық-диастолалық шулармен жұптасқан митраль ақаулар (олар үшеу)келесі ерекшеліктермен сипатталады:
жұптасқан митраль ақау, шамасыздығының басымдылығымен;
жұптасқан митраль ақау, стенозының басымдылығымен;
жұптасқан митраль ақау, басымдылығы жоқ.
24
Бұл жұптасқан ақауларда шамасыздық немесе стеноздың басым
болуының клиникасы жетекші болады, сонымен қатар, екіншісінің де
көріністері анықталады. Негізгі себептері: ревматизмдік қызбалар.
Екінші тыңдау нүктесі