Байланысты: 1e012f37-1426-4f49-b78c-28feddbb2807 Сартаева ҚА-оқу құралы жүрек шулары-2018
Екінші тыңдау нүктесіндегі (аорта) шулармен сипатталатын нозологиялық бірліктердің дифференциялық диагнозы Сол жақ ІІ қ/а (аорта үстінде) систолалық шу аорта сағасының стенозында естіледі. Аорта сағасының органикалық стенозындағы шудың
себептері ревматизм (басынан өткізген вальвулитке байланысты), аорта
қақпағының ерекше зақымдануы (изоляцияланған әк шөккен аорталық
стеноз) болуы мүмкін. Бұл шу, осылармен қатар, аорта қақпағының
жармаларын
атеросклероздық
процесс
зақымдағанда
және
тума
аномалияларда (аорталық вальвулалық стеноз – қақпақ жармалары бір-
бірімен дәнекер тіндік жарғақ арқылы жабысқан) естіледі. Аорта қақпағы
жармаларының өзгерісі болғандықтан – бұл систолалық айдау шуының
сипаты –
органикалық саналады. Менкеберг ақауы мен ГКМП бірінші
вариантындағы,
аортиттердегі,
артериялық
гипертензиядағы,
ашық
артериялық өзектің систолалық вариантындағы сағаның салыстырмалы
тарылуынан туындаған систолалық шу –
бейорганикалық айдау шуы саналады [3,4,9].
Субъективті тексеруде аорта сағасының стенозында жиі синкопэлер,
бас айналулар, бас ауырулары, стенокардия синдромы анықталады.
Қарағанда тері жамылғысының қуқылдығы, пальпацияда пульсінің
жұмсақтығы, перкуссияда жүрек шектерінің солға, төмен ығысуын, ЖҰТ
(мүмкін жүрек түрткісінің) биіктеуін табамыз.
Органикалық аорталық стеноздың ең маңызды аускультациялық белгісі
– жүрек негізіндегі (эпицентрі – төс сүйегінің оң жағында II қабырға
аралығында) өте әлсіреген II тон (қақпақ жармаларының индурациясына
байланысты) мен күшті және дөрекі, ұйқы артерияларына, мойындырық
шұңқырына, жауырын арасына тарайтын, оң қырында, алға еңкейгенде,
тынысын шығарғанда күшейетін систолалық шу. Систолалық артериялық
қысымның және пульстік қысымның төмендеуі тән.
Жоспарлы диагноздық ізденісте төмендегі мәліметтер маңызды: ЭКГ
сол қарыншаның гипертрофиясы анықталады.
ЭхоКГ қақпақ жармаларының қалыпты қозғалысының жоғалғаны,
аортаның жоғарғы бөлігінде, оның қабырғасына параллель, интенсивті,
жүрек циклы барысында толық сақталатын эхосигналдар көрінеді. Допплер
ЭхоКГ мен екі өлшемді ЭхоКГ біріктіре зерттегенде стеноздың дәрежесін
сол қарынша мен аорта арасындағы қысым градиентінің деңгейімен
анықтайды. Максимум сызықтық жылдамдық аортада 4 м.с
-1
асса (қысым
25
градиенті 64 мм сын. бағ. көп) стеноз кризистік саналады, хирургиялық
коорекциялық емге мұқтаждық туады.
Рентгендік
зерттеуде
(аорта
томограммасы)
аорта
қақпағы
жармаларына әк шөгу, жүректің аорталық пішіні, сол қарынша ұлғаюы,
аортаның
өрлеме
бөлігінің
стеноздан
кейінгі
шектеулі
кеңеюі,
рентгеноскопияда сол қарыншаның баяу, кернеулі пульсациясы анықталады
[3,4,9].