Дипломнан кейінгі білім беру факультеті жалпы клиникалық пәндер және жедел жәрдем кафедрасы



Pdf көрінісі
бет44/51
Дата22.12.2023
өлшемі1,56 Mb.
#142614
түріДиплом
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51
№16. Жауаптары:
1. 3 
2. 3 
3. 2 
4. 1 
5. 4 
 
Клиникалық жағдай №17 
34 жастағы науқас, мамандығы техник-инженер, қабылдау бөлiмiне 
түстi. Науқасты жүрек тұсының қысып ауруы, физикалық күш түскендегі 
ентiгу мен жүректiң шалыс соғуы мазалайды. Мезгiл-мезгiл басы 
айналады, қысқа мерзiмге есiнен танады.
Анамнезiнен: алғашқы шағымдары 1,5-2 жыл бұрын төс артының 
сығып ауруынан басталған, стенокардия диагнозы қойылып, нитраттар 
берiлген, бiрақ оларды қабылдағанда жағдайы жақсармаған, керісінше, 
жайсыз күйге ұшыратқан. Соңғы қаралғанда миокард инфарктісінен күдiк 
туып, стационарға жiберiлген. Науқастың бауыры кенет өлімнен қайтқан. 
Объективтi: 
жалпы 
жағдайы 
қанағаттанарлық, 
терi 
жамылғыларының түсi қалыпты. Өкпесiнде везикулалық тыныс, тыныс 
жиілігі минутына 18 рет. ЖҰТ V қабырғааралықта, сол бұғана орта 
сызығымен, қос түрткілі, сол жүрекше жиырылуы сезіледі. Жүректiң шала 
тұйық дыбыс шектерiнiң оң, жоғарғысы қалыпты, сол шегi сол бұғана орта 
сызығынан 2,0 см-дей тыс. Жүрек тондары анық, ырғақты, жүрек ұшында‚ 
әсіресе, төстің сол қырымен III-IV қ/а айқын кеш систолалық шу, қолтық 
астына өткізіледі, мойын тамырларына өткізілмейді. АҚ 125/80 мм сын. 
бағ. Пульс саны 74 минутына, секірмелі, түртпелі. 
ЭКГ: ритмі синусты, R тісшесінің вольтажі I, aVL жоғары, V
1,3,4
қарыншалық кешені – QS типті. 
1. Науқастың төсегінің қасында диагноз қоюға мүмкіндік беретін триаданы 
табыңыз. Тағы қандай мәлімет маңызды? 
2. Аорта сағасының стенозымен дифференциялық диагноз жүргізіңіз. 
3. Науқаста ангинальді синдром, ЭКГ инфаркке тән өзгеріс бар – ЖИА 
дифференциялық диагноз жүргізіңіз. 


88 
4. Шудың механизмі. 
5. Клиникалық диагнозы. 
№17. Жауаптары:
1. Секірмелі, түртпелі пульс; жүрек ұшында және төстің сол қырымен III-
IV қ/а естілетін айқын, кеш систолалық шу; сол жүрекше жиырылуының 
сезілуі. Науқастың анамнезінен: бауырының кенет өлімнен қайтуы. 
2. Аорталық стеноз болса науқаста ревматизмдік анамнез болар еді, ақау 
сатылы түрде дамыр еді; объективті пульсі кіші, жұмсақ, баяу болар еді; ІІ 
тыңдау нүктесінде II тонның әлсіреуі мен эпицентрі II қабырға аралықтағы 
пан-, голосистолалық 
тұрақты
шу мойын тамырларына таралар еді. 
ЭхоКГ аорта қақпақтарының, аорта қабырғасының қалыңдауы мен қатаюы, 
қақпақтарының систолалық ашылуының шектелуі аорталық стенозға тән. 
3. ЖИА, стенокардияда ауырсыну ұстамалары нитроглицеринмен 
басылады, ал, біздің науқасымызда ол нәтиже бермеген. ЖИА бар 
науқастардың ЭхоКГ гипо-, акинез ошақтары кездеседі, жүректің 
систолалық қызметі төмендейді, ал, ГКМП диастолалық қызметтің 
төмендейтіні дәлелденген. 
4. Сол қарыншаішілік обструкцияға байланысты (ЭхоКГ мәліметтерін 
оқыңыз. Практическая кардиология. В.В.Горбачев, 1997, Минск. 133-134б., 
БДҰ эксперттерімен қабылданған). 
5. 
Нег. ауруы: Гипертрофиялық кардиомиопатия, обструкциялық 
варианты.
Асқ.: Синдромдық стенокардия. Синкопэ. ЖШФК
I



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет