Дипломный проект рассматривает вопрос системы водоснабжения населенный мест в Алматинской области Карасайского



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата31.03.2017
өлшемі1,89 Mb.
#10657
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8

 

 

 

 

 

 

 

 

4.Тіршілік қауіпсіздігі 

 

4.1 

Коммуналдық-энергетикалық 

желідегі 

қатерлі-қалпына 

келтіру жұмыстары 

 

Қазақстан  Республикасының  «Еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау 



туралы»  заңы  2004ж  ақпанның  24  жұлдызында  (Астана,  №  528-11ЗРК) 

қабылданды.  Еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау  саласындағы 

мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары 

-  Қазақтан  Республикасының  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау 

саласындағы  нормативтік  құқықтық  актілерін,  мелекеттік  стандарттарды, 

ережелерді, нормаларды әзірлеу мен қабылдауға

-  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау  саласындағы  мемлекеттік, 

салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге; 

-  еңбек  жағдайларын  қауіпсіздігін  және  еңбекті  қорғауды  әзірлеу  мен 

жақсарту, қауіпсіз техника мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбекті 

қорғау,  қызметкерлердің  жеке  және  ұжымдық  қорғану  құралдарын  шығару 

жөніндегі  қызметті  экономикалық  ынталандыру  жүйесін  құруға  және  іске 

асыруға; 

-  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау  саласындағы  мониторингті 

жүзеге асыруға; 

-  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау  проблемаларына  бойынша 

ғылыми зерттеулер жүргізуге; 

-  өндірістегі  жазатайым  оқиғалар  мен  кәсіби  ауруларды  еспке  алудың 

бірыңғай тәртібін белгілеуге; 

-  Қазақстан  Республикасының  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау 

саласындағы заңдары талаптарының сақталуын қадағалау мен бақылауға

-  еңбек  қауіпсіздігі және  еңбекті  қорғау  саласындағы  қызметкерлердің 

құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге 

асыруға жәрдемдесуге; 

- өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардан зардап шеккен 

қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін 

қорғауға; 

- өндірістің және еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы техникалық 

деңгейінде жойылмайтын ауыр жұмыс үшін және еңбек жағдайлары зиянды 

және (немесе) қауіпті жұмыс үшін өтемақылар белгілеуге; 

-  еңбек  жағдайлары  мен  еңбекті  қорғаудың  жақсарту  жөніндегі 

жұмыстың отандық және шетелдік озық тәжірбилерін таратуға; 

-  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау  жөніндегі  мамандарды 

даярлауға және оның біліктілігін арттыруға; 

-  еңбек  жағдайлары  туралы,  сондай-ақ  өндірістік  жарақат,  кәсіби  ауру 

туралы және олардың салдары туралы мемлекеттік статистикалық есептілікті 

ұйымдастыруға; 

-  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау  саласындағы  бірыңғай 

ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге

 


 

4.2 Кәсіптік қауіпсіздікті бағалау 

 

Алматы облысы Қарасай ауданының Тұрар ауылын сумен қамтамасыз 



ету  жүйесінде  пайдалану  кезінде  пайда  болатын  әртүрлі  қатерлі  және 

зақымдалған  жерлердің  жөндеу  жұмыстары  және  құрылыстар  мен 

жүйелердің түйіндерінде кейбір учаскелерде жөндеулер жүргізіледі. Қатерлі 

- қалпына келтіру  жұмыстарының өтілу  уақыты жағдайынан шығатындарды 

және  пайда  болған  жағдайды  ескеріп  жұмыс  өндірісінің  әртүрлі  әдістерін 

қолдануға болады. 

Су  өткізгіш  желіні  пайдалану  кезінде  практикада  кездесетін  ең  көп 

таралған  жұмыстар  түрлері  болып  су  құбырларындағы  және  желілік 

арматурадағы әртүрлі зақымдануларды жою табылады. 

Жеке  ең  маңызды  учаскелерден  құтқару  жұмыстары  және  өрттерді 

сөндіру  аймақтарындағы  сумен  қамтамасыз  етуді  ұйымдастыру  кезінде 

барлық су желімен немесе оның жеке бөліктерін тез қалпына келтіру қажет 

болады.  Осыған  байланысты  су  өткізгіші  желі  қондырғысын  және  мүмкін 

болатын желілік зақымдауларды жою әдістерін толығырақ қарастырамыз. 

Сыртқы  су  өткізгіш  желі  топырақта  салынатын  құбырдан  және 

құдықтарда  орнатылатын  торлы  арматуралардан  тұрады.  Суды  сорап 

станциясынан қалалық желіге тасымалдайтын су тасымалдағыштар қондыру 

үшін болаттан немесе шойыннан жасалған үлкен диаметрлі мықты құбырлар 

қолданады. 

Сваркілеу  тәсілінің  жетілуіне  байланысты  болат  құбырлар  кеңінен 

қолданыла бастады. Олар үлкен ішкі қосымға (10-15 атмосферадан жоғары) 

шыдамды  және  шойын  құбырлармен  салыстырғанда  экономикалық 

тиімдірек.  Су  өткізгіштер  үшін  жіксіз  болат  құбырлар  диаметрі  146  мм-ден 

426  мм-ге  дейін,  қабырғасының  қалыңдығы  4,5  мм  ден  18  мм-ге  дейін 

шығарылады.  Сыртқы  диаметрі  426  мм-ден  1620  мм  -  ге  дейін  және 

қабырғасының қалыңдығы 7мм – ден 16 мм-ге дейін электрмен сваркіленетін 

болат  құбырлар  сварка  көмегімен  қосылады,  бұл  қосындылардың  жоғары 

мықтылығы  мен  герметикалығын  қамтамасыз  етеді.  Задвижкалардың 

клапандарды және тағы басқаларын қондырған кезде резинадан немесе басқа 

пластикалық  материалдардан  жасалған  тығыздаушы  жабындары  бар 

фланецті құбырлар қолданылады. 

Жер  асты  су  өткізгіш  желілерін  салу  кезінде  сондай-ақ  шойын 

құбырлар  өздерінің  жоғары  мықтылығына,  бірталай  коррозияға  қарсы 

тұрақтылығына,  ал  сонымен  бірге  ұзақ  ғұмырлығы  мен  қосу  қосы 

оңайлығына байланысты кеңінен тараған. 

Бірақ  шойын  құбырлардың  негізгі  жетіспеушілігі  олардың  жоғары 

иілгіштігі, бұл шойынды су өткізгіштерде бірталай көп қатер саны болуына 

әкеп соғады. 

Су өткізгіш құбырлар сондай-ақ отырулар мен динамикалық жерлерді 

өте сезгіштігі. 

Су 

өткізгіш 



желілер 

жапқыш, 


таратқыш 

және 


қорғаушы 

арматуралармен  әртүрлі  задвижкалар  мен,  вентильдермен,  су  таратқыш 



 

крандармен, 

өрт 

гидранттарымен, 



қорғаушы 

клапандармен, 

өрт 

гидранттарымен,  қорғаушы  клапандармен  және  тағы  басқалармен 



жабдықталады.  Арматура  кірпіштен  немесе  жиналмалы  темірбетон 

құрылымдарынан  жасалған  арнайы  құдықтарда  орнатылады.  Әшейінде 

құдық  жұмыс  камерасынан  және  шойын  қақпақпен  жабылатын 

шойындықтан тұрады. 

Құдықтарда орнатылатын су өткізгіш задвижкалар таратқыш желілерді 

ажырату  үшін  және  желілерді  жеке  жөндеу  учаскелеріне  бөлу  үшін  қызмет 

етеді. Құбырда тез ажыратқан кезде су өткізгіш құбырда пайда болуы мүмкін 

гидравликалық  соққыны  болдырмау  үшін,  барлық  жапқыш  арматура  құбыр 

қимасын ретімен жабу принципіне негізделген. 

Су  өткізгіш  құбырларда  және  торлы  арматуралардағы  практикада 

жиірек  кездесетін  қатерлер  құбыр  аралық  қосуларды  және  сваркіленетін 

жіктерді бұзуға сваркіленетін жіктерді бұзуға, шойын және асбесті цементті 

құбырларды  сынуларына,  сондай-ақ  болат  құбырларда  тесіктер  пайда 

болуына,  шойын  және  асбесті  цементті  құбырларда  бойлық  және  көлденең 

жарықшактардың  пайда  болуына  байланысты.  Жоғарыда  көрсетілгендей, 

мұндай  зақымдар  топыраққа  соққы  толқынының  артық  қысымның  әсерінен 

және  желідегі  гидравликалық  соққы  мен  бұзылған  ғимараттар  мен 

құрылыстардың ірі сынықтарының әсері нәтижесінде пайда болуы мүмкін. 

Бұл  себеп  бойынша  торлы  арматураның  зақымдалуы  болаттың 

қосулардың  бұзылуынан,  механикалық  зақымдалудан  немесе  арматура  мен 

құдық құрылымдарының бұзылуынан пайда болуы мүмкін. 

Су  өткізгіш  жерлердегі  ірі  емес  зақымдануларды  жою  жұмыстары 

кейбір  су  ағатын  жерлерді  бітеуге,  құбырлардың  сваркалы  қосылуларын 

немесе  кең  қоңыш  жөндеуге,  су  өткізгіш  құбырлардың,  торлы 

арматуралардың,  кейбір  учаскелерін  ауыстыруға  келіп  тіреледі.  Бұл 

жұмыстар  желінің  кейбір  учаскелерін  қалпына  келтіру  қажет  болған  кезде 

жүргізіледі. Жұмыс көлемі үлкен болған және оларды тез істеу қажет болған 

кезде  басқа  шаралар  қабылданады:  уақытша  желілер,  қайта  жіберулер 

орнату,  буды  бұрыннан  бар  айналмалы  магистраль  арқылы  беру  және  тағы 

басқалар. 

Су  өткізгіш  құбырлардың  кең  қоңышты  жіктерінің  қосылуларының 

зақымдалуын  қорғасынды  чеканкіленетін  немесе  тез  қататын  ерітінділерді 

(асбест  цемент,  цемент)  майланған  жіп  және  басқаларын  жіктерге  құюмен 

бекітеді. Кең қоңышты қосылулар қолдап немесе пневматикалық инструмент 

көмегімен чеканкіленеді. Чекенкалау кезінде РБ және ОМСП типті кескіш  -

чеканкілентен балғалар көбірек қолданылады. 

Балғалары кез - келген күш түрлері қолданылуы мүмкін. Бірақ жоғары 

өнімділік  үшін  әртүрлі  диаметрлі  құбырларға  арналған  чеканка  жинағы 

болуы қажет. 

Болат  құбырлардың  сваркіленген  жіктерінің  бұзылуын  зақымданған 

жерді  автогендеу  немесе  электросваркілеу  жолымен  жояды.  Егер 

сваркіленген жік барлық қимасы бойынша жарылса немесе жік орнында біраз 

зақымдану бар болса, онда барлық зақымдалған учаскені кесіп тастаған жөн 


 

және  оның  орнына  потрубка  сваркіленген  дұрыс.  Үлкен  диаметрлері  су 

өткізгіштердің зақымдарын жөндеу бірталай қиындық тудырады. 

Құбырлар сынған кезде құбырдың зақымдалған учаскесі немесе соңғы 

жағдайда құбырдың жігінен жігіне дейінгі учаске ауыстырылады. Құбырдың 

кесілген учаскесінің орнына ілмелі муфта орнатылған жаңасы салынады. 

Бойлық  және  көлденең  жарықшақтан  негізінен  шойын  және  асбесті 

цементті  құбырларға  тән.  Майда  бойлық  жарықшақтар  резина  мойыны  бар 

метилл қосымшаларын орнату жолымен бекітіледі. 

 

4.3 Санитарлы техникалық шаралар 



 

Табиғат  суын  ішуге  пайдалану  алдында  лабораторияда  жақсылап 

тексеру керек. Ол топырақтың — механикалык, физикалық қасиетін тексеру, 

химиялық 

қосындыларын 

зерттеу 


және 

тазалық 


бактериялық 

лабораториялар. Ауыз сулар ГОСТ 2874-82 шартын орындайтын болу керек. 

ГОСТ-те  су  тұтынушыларға  жұқпалы  ауруларды  таратпайтын,  химиялық 

қосындылығы зиянсыз және пайдаланғанда дәмі, иісі, тазалық жағынан күдік 

туғызбайтын болу керектігі айтылған. 

Ұңғыларды  пайдаланудағы  қауіпсіздік  техникасы.  Құрылыстың  қай 

түрінде  болмасын  еңбекті  қорғау,  қауіпсіздік  ережелері  бар.  Сумен 

қамтамасыз ету жүйесінде скважиның міндетті қауіпсіздік шаралары қалған 

су  алу  ғимараттарына  да  бірден  негіз  болады.  Ол  үшін  ғимарат  қызметкері 

қауіпсіздік шараларын білу керек және барлық құралдар, арнайы өрт сөндіру 

бұрыштарын  пайдалану  ережелерімен  таныс  болуы  қажет.  Жер  асты  суы 

кезінде  жөндеу  жұмыстарына  3  адамнан кем болмайтын бригада  құрылады. 

Су  астына  түскенде  I  көтеру  станциясының  жұмысы  тоқтатылып,  басқару 

қосқыш қасына арнайы ескерту белгілері жазылуы тиіс. 

 Сорғыш  станцияларын  пайдалану  кезіндегі  қауіпсіздік  техникасы. 

Алматы  облысы  Қарасай  ауданының  Тұрар  ауылын  сумен  қамтамасыз  ету 

сорғыш  станциясы  жүйелі  түрде  жұмыс  істеуі  үшін  жылыту,  желдеткіш 

жүйелері,  жарық  толық  жеткілікті  болу  керек.  Ауа  ылғалдығы  50%-60% 

температура  18°С-тан  төмен  болмау  қажет.  Электр  жабдықтары  сондай-ақ 

носостар  жермен  байланысып  тұрады.  Ғимарат  ішінде  схемалар, 

қызметкерлер тізімі, кезекшілік кестесі, техника қауіпсіздік ережелері, сағат 

және  т.б.  заттар  ілінеді.  Өрт  сөндіру  жабдықтары,  құм  арнайы  қорғаныш 

киімдері, алғашқы көмек жағдайына қажетті дәрі-дәрімек қобдишасы болуы 

міндетті. Әр смендегі кезекші өзіне берілген сағатта тиянақты жұмыс істеуі 

міндетті. Сорғыштарды қараусыз тастап кетуге немесе бұл іске қатысы жоқ 

адамға қалдырып кетуге құқы жоқ.  



 Су  құбыры  желісін  пайдаланудағы  қауіпсіздік  техникасы.  Су  құбыр 

желісін  пайдалану  және  апатты  жөндеу  жұмыстарына  арнайы  бригада 

құрылады.  Бақылау  құдықтарында  осы  мақсаттарға  уақытша  тоқтату  үшін 

ысырмалар  қарастырылған.  Байқау  құдығының  жұмыс  бөлігі  –  1,5  метрден 

кем  болмайды.  Құдық ішінде,  сыртында  және  тағы  біреуі  сыртында  керекті 

заттарға  көмектесетін  үш  адам  болады.  Құдыққа  түспес  бұрын  онда  газ 

жоқтығына  көз  жеткізу  керек.  Ол  үшін  арнайы  шам  болады.  Құдық 


 

аузындағы  қақпақты  арнайы  темірмен  ашып,  ішіне  түспес  бұрын  ұзын 

арнайы  темір  сыммен  ішкі  сатылардың  беріктігін  тексереді.  Құдық  ішіне 

түсетін  адамның  арнайы  резеңке  етік,  қолғап  киіп  түсуі  міндетті.  Пломба 

салынған ысырманы бұл іске жауапты адамның келісімінсіз ашуға болмайды.  

 Хлораторда  жұмыс  істеу  кезіндегі  қауіпсіздік  техникасы.  Хлоратор 

ғимаратында  арнайы  резервтегі  баллондар,  таразы  болады.  Баллондар 

изоляцияланған  бөлік  бөлмеге  тік  орналастырылады.  Апат  жағдайында 

арнайы  сыртқа  ашылатын  екі  есік  болады.  Жылу  және  желдеткіш  жүйелері 

міндетті.  Жарық  жүйесінің  кабельдері  герметизацияланады.  Ғимаратта 

қорғаныш  киімдер,  құралдар  салынатын  шкаф  болады.  Баллон  саны  және 

шығыны  журналға  жазылады.  Барлық  құралдардың  техникалық  жағдайы 

жылына  екі  рет  тексеруден  өтеді.  Хлорлау  маманы  жыл  сайын  34  сағаттық 

арнайы оқу курсына жіберіледі. Емтихан тапсырған, арнайы сертификаты бар 

маман ғана хлораторда жұмыс істей алады. Таусылған баллондағы қысым 0,5 

МПа  кем  болмауы  тиіс.  Баллондармен  жұмыс  істеген  кезде  соққы 

құралдарын  (балға  т.б.)  қолдануға  болмайды.  Хлоратор  маңайында  ашық 

отпен  жұмыс  істеуге,  темекі  шегуге  және  т.б.  апат  болуы  мүмкін 

жұмыстармен айналысуға болмайды. 

Қауіпсіздік  ережелерін  барлық  су  алу  ғимарат  мамандары  білуі  тиіс. 

Бұл  ережелерді  бұзған  адам  арнайы  жазаланады  не  айыппұл  салынады. 

Қызмет  орындағы  адамдар  апат  жағдайы  орын  алса,  тез  орталыққа  хабар 

беріп,  мамандармен  бірлесіп  апаттың  алдын  алу  шараларына  кіріседі.  Өз 

бетінше  арынды  мұнараның  бағын  ашып  көруге  не  пломба  салынған 

жерлерді  бұзуға  құқы  жоқ.  Өйткені  барлық  жердегі  техникалар  арнайы 

құжаттар толтырылып, уақыттары тіркеліп отырады. Ережелерді бұзған адам 

заң  алдында  жауап  береді.  Айлық  көрсеткіштер  мен  айып  төлеуі  немесе 

мерзімді жазасын өтеуге жауапқа тартылуы мүмкін. 

Электр  қауіпсіздігі.  Электр  энергиясын  пайдалануда  көптеген 

бақытсыздықтар туады, сондықтан техника қауіпсіздігін қатаң сақтау қажет. 

Өндірісте  немесе  жұмыс  орнында  электр  энергиясының  зардабынан 

сақтанып жүрген жөн. 

Электр  энергиясы  күтпеген  кезде  адам  электр  тогы  өтетін  тізбекке 

жанасқан мезетте зақымдайды. Электр энергиясының зұлымдық ерекшелігі - 

ол көзге көрінбейді, әрі иісі мен түсі жоқ. Өртке оранған ғимараттарды қайта 

қалпына келтіру жағы мемлекет бюджетіне үлкен әсері тиеді. 

Тұрмыстық  электр  техникаларын  қолдану  өте  ыңғайлы.  Электр 

құралдарын желіге қосу тәртібін міндетті түрде сақтау керек. Бірінші электр 

сымы  құралға  қосылады,  содан  кейін  ғана  желіге  жалғанады.  Құралды 

сөндіру осыған кері тәртіпте жүреді. 

 

4.4 Өртке қарсы сақтық шаралары 

 

Өрт шыққан жағдайда тиісті орынға хабарлау керек, әйтпесе өрт өршіп, 



біраз қажетті нәрселерге зиян шектіруі мүмкін. 

Электр  тогымен  зақым  алмау  үшін  келесі  қауіпсіздік  ережелерін  есте 

сақтау керек: 


 

-  техникалық  қорғау  құралдарында  айқас  тұйықталуларды  болдырмас 

үшін электр жүйелері әрқашан жөнделген болуы тиіс; 

-  зақымдалған  резеткаларды,  сөндіргіштерді,  лампалық  потрондарды, 

құралдар  мен  шырақтарды  токқа  қосулы  тұрғанда  ауыстыруға  және 

сөндіруге болмайды; 

Бұл 

жұмыстар 



құралдардың 

ажыратқыш 

тұтқалары 

токтан 


ажыратылған жағдайда ғана атқарылады. 

Көптеген 

құдықтарда 

арнайы 


өрт 

сөндіретін 

гидранттар 

орналастырады.  Егер  де  көмек  күші  азайған  кезде  осы  гидранттардың 

тигізетін пайдасы зор. 

Әрбір  ғимаратта  техника  қауіпсіздігі  сақталып,  өрттен  қорғайтын 

құрал-жабдықтар қорапшалары болуы керек. 

Сыртқы  өрт  сөндіргіштер,  су  құбыры  жүйесінен  10-150  м 

арақашықтықта орналасқан гидранттардан автосораптар арқылы жүргізіледі. 

ҚНжЕ  4.01-02-2001  2.3  кестесіне  сәйкес  сыртқы  өрт  сөндіргіштердің 

есептелуші  су  шығындары  тұрғындары  5000  адамға  дейінгі  елді  мекендер 

үшін 10  л/сек деп қабылданған,  ішкі  өрт  сөндіргіштердің су  шығындары да   

5 л/сек деп қабылданған. 2,5 л/с-тан 2 бірегей ағын.   

Бір  мезгілдегі  есептеуші  өрттің  саны  –  1.  Өрт  сөндірудің  ұзақтығы  

сағат.  Өртке  арналған  тиілмейтін  су  қорының  көлемін  3  сағат  бойына  өрт 

сөндіруді  қамтамасыз  ету  есебімен  және  шаруашылық  ауыз  сумен  өндіріс 

қажетінің максималды су шығындары арқылы анықтаймыз: 

 

                                Q



өрт

 = (Q


сырт

 + Q


ішкі

) · 3 · 3,6 + 3,                               (4.1) 

 

                                       Q



ауыз су  

= 0,15 · Q

ауыз су 

.

                                                              



(4.2)

 

    



мұндағы  Q

сырт 


= 10 л/с – сыртқы өрт сөндіруге есептелген су шығыны;  

                  Q

ішкі

 – 5 л/с ішкі өрт сөндіруге есептелген су шығыны; 



                  Q

ауыз  су   

-  ең  көп  пайдаланылған  3  сағаттағы  қосынды  су             

шығындары.  

 

Q

ауыз су  



= 44,602 + 44,602 +34,608 = 123,81 м

3

,



 

 

0,15 · Q



ауыз су 

= 0,15 · 123,81 = 18,57 м

3

.

 



 

Жоғарғы формулаға мәндерін қойып табамыз.  

 

Q

өрт 



= (10 + 5) · 3 · 3,6 + 123,81 – 18,57 = 267,24 м

3

 



 

Өрт  сөндіру  үшін  тиілмейтін  су  қоры  таза  су  резервуарларында 

сақталады.  Тиіспеушілік резервуарлардағы  су  деңгейінің шаруашылық  ауыз 

су  сораптарының  автоматты  сөнуімен  және  ұңғылардағы  І  көтергіш 

сораптардың қосылуымен қамтамасыз етеді.  

ІІ  көтергіш  сорап  станциясының  машина  залында  2  комплекті  өрт 

краны және 2 көбікті өрт сөндіргіш орнатылады.  


 

Өрт  резервуарларының  гидранты  қондырғыларының  және  өрт 

крандарының  орналасқан  жерлерінде  ГОСТ  12.4.0.000-83  бойынша 

көрсеткіштер қарастырылған.  



 

4.5 Объектілердің жұмыс тұрақтылығы негіздері 

 

Шаруашылық объектілерінің қызметтерінің тұрақтылығы деп төтенше 



жағдайлар  кезінде  өнімді  жоспарланған  көлемде  және  номенклатурада 

(материалды  құндылықтарды  тікелей  өндірмейтін  –  транспорт,  байланыс 

және  басқа  да  өз  қызметтерін  міндетіне  қарай  орындайтындар)  шығару,  ал 

авария  (зақымдалу)  жағдайында  өте  қысқа  мерзімде  өндірісті  қалпына 

келтіру қабілеттілігін айтуымызға болады. 

Төтенше  жағдайлар  кезіндегі  шаруашылық  объектілерінің  жұмыс 

тұрақтылығы келесі факторлармен қамтамасыз етіледі: 

-  жұмысшылар  мен  қызметкерлерді  дүлей  зілзала,  авария  мен  апат 

салдарынан,  сонымен  бірге  барлық  қару-жарақ  түрлерінің  әсерінен  сенімді 

қорғау; 


- объектінің инженерлік-техникалык кешенінің апат әсеріне қарсы тұра 

білу қабілеттілігі; 

-  жабдықтау  жүйесінің  (шикізат,  отын,  электр  энергиясы,  газ,  су  және 

т.б.) тұрақтылығы;  

- азаматтық қорғаныс пен өндірісті басқарудың қалтқысыздығы; 

-  объектіде  кұтқару  және  басқа  да  шұғыл  жұмыстарды  және 

зақымдалған  (қираған)  өндірісті  қайта  қалпына  келтіру  жұмыстарын 

жүргізуге дайын болуы. 

Сумен  жабдықтау  жүйесінде  төтенше  жағдайлар  кезінде  су 

қоймаларының  радияциялық,  химиялық  және  бактериялық  залалдан 

қорғалуына  ерекше  көңіл  бөлінеді.  Өрт  сөндіру  жүйесінің  сенімділігі 

тексеріледі. 

Есеп.  Жұмысшылардың  және  қызметкерлердің  зақымданган  аймақта 

болған кезде оларды қайтадан оқытпау мақсатында сол уақытта сәулеленудің 

дәрежесін анықтау. 

Объектіде жарылыс болған соң 1 сағаттан кейін радиация деңгейі 

 

Р = 200 Р/сағ. 



 

Объекті  жұмысшылары  мен  қызметкерлерінің  ашық  жерлерде  және 

өндірістік бөлмелерде 1 сағат болу кезіндегі (Т

сағ


), қабылдайтын (Д) радиация 

мөлшерін  анықтау  керек,  егер  сәулелену  ядролық  жарылыстан  3  сағат 

өткеннен кейін (Т

баст


) басталғаны белгілі болса.  

 

Шешімі: Сәулеленудің Т



баст

 = 3 сағ, және сол ауданда болу уақыты  - 4 

сағат ашық жердегі радиация 100 Р/сағ деңгейі болған кездегі Д

сәуле


 табамыз, 

ол 62,4 тең. Ескертуге қатысты мына қатынасты анықтаймыз: 

 

Р/100 = 250/100 = 2,5 



 

 


 

Ашық жерде, мынадай сәулелену мөлшерін алады 

 

Д = 62,4 – 2,5 = 158 Р 



 

Өндіріс бөлмелерінде (К

злс

= 7), мынадай сәулелену мөлшерін алады 



 

Д =158/7 = 22,3 Р 



 

 Объектіні сумен жабдықтау жүйесінің тұрақтылығы: 

-  бірнеше  сумен  жабдыктау  жүйелерін  немесе  бір-бірінен  қауіпсіз 

қашықтықка алшақтатылған тәуелсіз су кездерін пайдалану; 

-  қорғалған  су  көздері  –  жер  асты  сулары,  артезиан  ұңғылары,  грунт 

сулары; 

-  зақымдалған  ауданды  айналып  өту  бөгеттері  мен  құрсауланған 

желілерді құру, су жіберу, суды қысыммен айдайтын мұнараларды айналып 

өту жолдарын жүргізу; 

-  суды  техникалық  мақсатта  қайта  пайдалану  (бұл  судың  жалпы 

пайдаланылуын азайтады); 

-  су  көздеріндегі  су  қоймаларын  радиоактивті  және  бактериологиялық 

зиянды заттардан сақтау; 

-  өрт  сөндіру  гидранттарын  ғимарат  қираған  жағдайда  басып 

қалмайтын жерде орнату керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет