Дискуссивті эссе



бет1/2
Дата14.10.2023
өлшемі19,29 Kb.
#115044
  1   2
Байланысты:
Äèñêóññèâò³ ýññå


Дискуссивті эссе

Дискуссивті эсседе белгілі бір көзқарасқа байланысты қолдаушы және қарсы пікірлер қарастырылады. Сол себепті бұл эссе кейде «дәлелді эссе (argumentative essay)» деп те аталады. Эссені жазу барысында берілетін пікірлердің қолдайтын және қолдамайтын болып бөлінуі және олардың нақты дәлелденіп берілуі, айқын жазылуы маңызды болып табылады. Сондай-ақ эссенің құрлымының сақталуына аса мән берген жөн. Эсседе автор ойын жеткізудегі нақтылық, жинақылық, дәлелдер мен дәйектерді беру қабілеттері ерекше бағаланады.


Бұл эссені жазуды бастамай тұрып, ең алдымен, дискуссивті және аргументтік эссенің мақсаттары және құрылымдары бойынша өзара ұқсастықтар мен айырмашылықтары бар екенін түсініп алған жөн.
Дискуссивті эссе мен аргументтік эссенің мақсаты бойынша ұқсастықтары мен айырмашылықтарын төмендегі кестеден көруге болады:



Дискуссивті эссе

Аргументтік эссе

Эссеге арқау болған мәселеге әділ, объективті жауап беріледі. Бір бағытты ұстанбауы қажет. Автор мәселенің екі жағын да нақты талдау үшін дәйектемелер мен дәлелдерді пайдалануы керек. Эссенің негізгі мақсаты оқырманын белгілі бір бағытты ұстануға сендіру емес, керсінше мәселе бойынша түрлі пікірлердің бар екенідігін көрсету, оны жан-жақты қырынан қарастыру болып табылады.



Аргументтік эсседе автор оқырманды өз ұстанымына, белгілі бір нақты пікірге сендіруге тырасады, бірақ сендіру эссесіне (persuasive essay) қарағанда берілген дәлеледер нақты болуы тиіс. Яғни, негізгі мақсаты сенімді дәлеледер келтіре отырып оқырманын өз көзқарасының дұрыс екеніне иландыру болып табылады.



Тапсырма: ХХІ ғасырда экологиялық мәселелер біршама елдер мен эколог ғалымдарды көп толғандыруда. Экологиялық мәселені шешудің бір жолы ретінде мұнай, газ және көмір сияқты пайдалы қазбаларды қолдануды тоқтатып, жел мен күн энергиясы сияқты баламалы жасыл энергия көздерін қолдану керек деген ұсыныс айтылуда. Дегенмен кейбір адамдар мұнай сияқты отын көздерінен толықтай бас тарту және қолданбау көптеген елдер үшін экономикалық құлдырауға әкеледі деп есептейді. Осы мәселе бойынша ойланып, дискуссивті эссе жазыңыз.
Жауабы:
Қазіргі таңда экологиялық мәселе өте өзекті болып отыр. Бұл жайт бүкіл дүниежүзінің назарын аударуда десек те болады.
Кейбір адамдар экологиялық мәселелерді шешудің бірден-бір жолы балама энергия көздерін қолдану деп санайды, дегенмен мұндай шешім экономикасы қазба байлық өндірісіне тәуелді елдер үшін тиімсіз екендігі белгілі.
Эссе екі жақты пікірлерді талдауға бағытталады.
Мұнай, газ және көмір сияқты пайдалы қазбаларды қолданудан бас тартуды қолдаушылардың негізгі аргументі қоршаған ортаға тигізер зиянының көп екендігі. Шын мәнісінде жанар майды өндіру мен оны қолдану барысында ауаға көптеген зиянды заттардың бөлініп шығатыны жасырын емес. Демек ауаның ластануы қоршаған ортаны бұзып қана қоймай, денсаулығымызға кері әсерін тигізері анық. Мәселен, ауаның ластануы салдарынан демікпе, қатерлі ісік сияқты адам өміріне қатер төндіретін ауырулардың саны артуда. Сонымен қатар ғаламдық жылыну құбылысы жылдан жылға айқын көрініп, климаттың өзгеруі байқалуда. Салдарынан ғаламшардың бір жерін су басып қалып жатса, екінші бір жерінде қуаңшылық орын алуда. Ол көптеген елдер үшін тек экологиялық емес экономикалық та шығын алып келуде. Мысалы, зерттеулер Қазақстандағы ауа-райының тосын құбылыстары экологиялық мәселелерге байланысты екендігін және оның ауыл шаруашылық саласына орасан зор шығын алып келгендігін анықтауда. Демек пайдалы қазбаларды ары қарай қолдана беру экологияға тигізер зияны анық екенін жоққа шығара алмаймыз.
Осы орайда пайдалы қазбаларды энергия көзі ретінде қолдануды тоқтатып, оның орнына күн, жел, су сияқты энергия көздерін пайдалану экологиялық мәселені шешудің оңтайлы жолы деп саналады. Әрине, жасыл энергия көздері қоршаған ортаға еш зиянын тигізбей адам баласына қажетті қуат күшін өндіріп беруге мүмкіншілігі бар. Сол себепті көптеген елдер бұл бағытты қолдауға баса наза аударуда. Мәселен, Қазақстанда жасыл энергия көздерін қолдану, өндіру үшін үлкен жұмыстар атқарылуда. Дегенмен ҚР сияқты дамушы және экономикалық өсім көрсеткіші қазба байлықтарын өндіру мен экспорттауға тәуелді елдер үшін бүкіл әлемнің толықтай балама энергия көздеріне ауысып кетуі ауыр тиетіні сөзсіз. Себебі жасыл энергия көздерін орнату үлкен қаражатты қажет етеді және олар тұрақты түрде қажетті қуат мөлшерімен қамтамасыз ете алмайды. Мәселен, жел энергиясын өндіру үшін трубиналар орнату үлкен қаржыны талап етеді, ал ол орнатылған жер желдің үнемі білгілі бір жылдамдықпен соғып тұратындығына ешкім де кепілдік бере алмайды. Сондықтан толықтай жанармай сияқты отындардан алынатын энергия көздерінен бас тарту мүмкін емес.
Қорытындылай келе, әлемде қазба отынды пайдалануды тоқтатуға тырысқан жөн, бірақ баламалы энергия көздерін қолдануға толық көше де алмайтын сияқтымыз. Болашағымыз үшін қоршаған ортаны қорғау, адам баласының денсаулығын сақтау экологиялық, тіпті экономикалық тұрғыдан таза отындарды қолдану маңызды болғанымен, Қазақстан сияқты дамушы елдер оған экономикалық тұрғыдан толықтай дайын емес деп ойламын.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет