«Walt Disney Company» құрылуы Мультипликацияға ерекше қызыққан Уолт Дисней өзінің Канзасынан кетуді ұйғарады. Сөйтіп 1923 жылы бірнеше суреті, бір дайын анимациялық-ойындық фильмі және қалтасындағы 40 доллары бар ол, Голливудқа жол тартты.
Мультфильм жасау туралы идея оған тыным бермеді. «Мен бір студиядан бір студияға, ондағы бар кабинеттерді түгелдей дерлік, кадрлар бөлімінен бастап, түсіру алаңдарына дейін аралап шықтым. Мен ие болған жалғыз жұмыс статисттің жұмысы болды. Мен аттың үстінде бірнеше метр жерді өзге де статисттермен бірге жүріп өтуім керек болды. Алайда, қатты жаңбыр болды да, түсіруді басқа күнге қалдырды, одан соң біздің сахналық көрінісімізді сценарийден мүлдем алып тастады. Бұл менің актерлік мансабымның соңы болды» — деп Дисней өзінің естеліктерінде жазады.
Голливудтан жұмыс табудан үміті үзілген Уолт өзінің Роберт ағатайының гаражын жалға алады. Негізінде жалға алу — асыра сілтеу. Әйтеуір гаражды пайдаланғаны үшін сәті түскен кезде ақша төлейтініне уәдесін береді. Гаражға ағасы Ройдан қарызға алған ақшаға сатып алған қажетті бояулар, қылқаламдар, прожекторларын мультфильм өндірісінің құралдарын орналастырады. Рой Уолттың серіктесі болады (Ройдың үлесі $250 құрайды, тағы қарызға алынған $500 бар) және олар мультфильм студиясын құрып, оны «Дисней Бразерз картун студио» («Disney Brothers Cartoon Studio») деп атайды.
Бертін келе, Ройдың алдында ауқымды мәселе туындайды: жұмысқа жан-тәнімен кіріскен бауырын қалай және немен тамақтандырамын деп басы қатады. Әдетте, Рой гараждан кетіп, бауыры екеуіне арналған түскі ас дайындайтын кішкентай бөлмеге баратын. Кенеттен, тұрмыстық қиындыққа бас қатырмайтын Уолт, ұрыс шығарып, абдырап қалған Ройға дәмсіз даярланған тамағы үшін айқай салады. Сол кезде Рой «шешуші қадамды» жасайды: ол өзінің сүйікті қызы Эдне Фрэнсиске ұсыныс жасайды, ол сәтсіз тамақ пісіруші Ройдың әйелі атанып, ағайындылардың қасына көшіп келеді де, ұзақ айлар бойы оларға тамақ пісіруші болады.
Бұл кезде Уолттың өзі де үйлену туралы ойланып жүрген болатын. Олардың студиясына қосымша жұмысқа Лиллиан Баундс есімді тамаша қыз тұрды. Ол көбінде бояуларды құюмен айналысатын, яғни Уолттың қаламынан шыққан персонаждарды бояйтын. Уолт Лиллиан үшін көп тер төккен жоқ, себебі ол қыз бірден өзінің «бастығына» ғашық болып үлгерген еді. Бастығы бір тиынсыз қалған кездері өзінің адал жолмен табатын 15 долларынан да студияның пайдасына қалсын деп бас тартатын.
Уолт алғашқы мультфильмінің идеясын Макс Флейшердің мультипликациялық картиналарынан алды. Флейшердің қызықты тәсілдер қолданатынын яғни, мультипликацияларды шынайы түрде түсірумен ұштастыратынын көрді. Нақтырақ айтқанда, мультипликациялық батыр шынайы өмірге түскендей болады. Алайда, Дисней Флейшердің жаңашыл бағытын көшірмеді. Ол барлығын басқаша жасады — ол шынайы батырды мультипликациялық әлемге жетелеп, одан да қиынын жасады. Алдымен сюжет таңдау керек болды (сценарий ойлап табу). Уолт бала кезінен «Алиса ғажаптар әлемінде» кітабын жақсы көрді, сол себепті де осы персонаждың кішкентай Алиса қыздың қатысуымен мультфильм қоюды шешті.
Бұл мультфильммен жұмыс жасау үшін біршама шыдамдылық қажет болды. Уолт ұзақ уақыт бойы түнделетіп ұйықтауға да мұршасы болмай, жаңадан бастаушы екі суретші жалдайды. Олар Диснеймен бірге өнер мектебінде бірге білім алған екі досы — Рудольф Айзинг және Хью Харман, «Босконың қызықтары», «Аю Барни» және «Қуанышты үйлесім» атты мультипликациялық сериялардың болашақ авторлары болатын. Дисней бұл екі жігітке өзінің мультипликациялық фильмге деген талаптарын түсіндіріп, соңында жұмысы шынымен қыза бастайды.
Осы мультфильм үшін біршама ақша алған соң, Уолт пен Рой студия атауын өзгертуді шешті. 1923 жылдың 16 қазанында Уолт Дисней Нью-Йорктық дистрибутор Маргарет Уинклермен келісімге қол қояды. Осы күн қазіргі Walt Disney Company-сының негізі қаланған күн болып саналады. Бұл атау ағайындылар үшін сәтті болды.
Студия Алиса туралы фильмдерді төрт жыл бойы шығарды, бертін келе Уолт анимациялық фильмдер шығаруға көшуді ұйғарады. Жаңа серияның жұлдызы Уолт Дисней ойлап тапқан және суретін салған Освальд атты қызықты қоян болады. Бар болғаны бір жыл ішінде қоян туралы қызықты 26 серия шығарып, жаңа маусымын бастайтын кезде, Уолт пысық Маргарет Уинклердің студиядағы төрт суретшіні арбап алғанын, яғни Освальд туралы мультфильмді оның құрушысысыз түсіруді жоспарлап отырғанын біледі. Өкініштісі сол, жасалған келісім бойынша мультипликациялық кейіпкер туралы құқыққа автор емес, дистрибутор ие болатын. Бұл Дисней үшін ащы әрі пайдалы сабақ болды, салдарынан өзі жасаған дүниенің барлығына авторлық құқықтың тек өзіне тиесілі болуына мұқият қарады.