Диссертация (алдын-ала қорғау)



бет2/4
Дата18.06.2023
өлшемі19,55 Kb.
#102042
түріДиссертация
1   2   3   4
Зерттеу нысаны – бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру процесі.
Зерттеу пәні – бастауыш сынып оқушыларының оқырман қызығушылығын арнайы ұйымдастырылған педагогикалық шарттарын жүзеге асыру.
Зерттеудің мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылықтарын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық шарттарын анықтау болып табылады.
Зерттеу міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылықтарын қалыптастыру ұғымының мәнін нақтылап ашу.
2. Бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылықтарын қалыптастыру ерекшеліктерін және педагогикалық шарттарын анықтау.
3. Бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылықтарын оқу-тәрбие процесінде қалыптастыру жолдарын («Әдебиеттік оқу» пәнін оқытуда және сабақтан тыс тәрбие жұмысында) айқындау.
4. Бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылықтарын қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексеру.
Зерттеу болжамы: егер бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие процесінде «Әдебиеттік оқу» пәнін оқытуда және сабақтан тыс тәрбие жұмысының оқушылардың психикалық, жас ерекшеліктерін, олардың рухани қажеттіліктері мен мүдделерін ескере отырып, оқырмандық қызығушылығы ынталандырылса, онда тұтас педагогикалық процесс ретінде тәрбие мен оқытуды үйлестіру бойынша мақсатты және жүйелі жұмыс жүргізуге мүмкіндік туындайды, өйткені -оқу-тәрбие процесі «мектеп – отбасы – кітапхана » бірлестігінің өзара ынтымақтастығында жүзеге асырылады.
Зерттеудің әдістері тәжірибелік-эксперимент жұмысында «Әдебиеттік оқу» пәндері сабақтары және сабақтан тыс тәрбие жұмысы барысында 4-сынып оқушыларының оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру проблема аясындағы әдебиеттерді теориялық талдау; озық педагогикалық тәжірибені қалыптастыру; мұғалімдер мен бастауыш сынып оқушыларының мақсатты түрде жүйелі бақылау; сауалнамалар; жеке және топтық әңгімелер; эксперименттер нәтижелерін өңдеудің статистикалық әдістері; математикалық статистика әдістері, эксперименттік деректерді графикалық өңдеу әдістері қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет