Диссертация Ғылыми жетекші Мадалиева Забира Бекешовна, психология ғылымдарының докторы


Педагог-психологтың кәсіби қызметінің мазмұны диагностикалық құзыреттілікті жасаудың негізі ретінде



бет14/52
Дата06.04.2022
өлшемі0,94 Mb.
#30024
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52

Педагог-психологтың кәсіби қызметінің мазмұны диагностикалық құзыреттілікті жасаудың негізі ретінде


Еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуының қарқынды жүруі білім берудегі құндылықтық-мақсаттық бағдардың өзгеруі, когнитивтілігі білім беру үдерісіне қызығушылық танытқан түрлі субъектілердің талаптары мен қызығушылықтарына жауап беретін, бәсекеге қабілетті, құзыретті маман даярлауда жоғары кәсіби білім беру жүйесін жетілдіру қажеттігін алға шығарды. Білім беру жүйесінде өзара қатынас пен өзара әрекетті тиімді

ұйымдастыруға қабілетті маманға деген қажеттілік айқындалып келеді, соған байланысты жоғары оқу орындарында психологиялық-педагогикалық кадрларды даярлау үдерісі, бұл саланың қызмет дағдылары мен сапаларын меңгерген, осы сала мамандарына деген тапсырысты анықтайды, ол жоғары білім беру жүйесінде студенттерді сәйкес мамандықтарға даярлауда жаңашылықты талап етеді.

Осыған орай маман даярлауда жоғары мектеп түлегінің пәндік-білімдік моделінің орнына оқытудың өмір әрекетімен байланысын қамтамасыз ететін, құзыреттілік модель келді. Отандық жоғары білім жүйесіне «біліктіден» бастап

«құзыреттілікке» дейінгі кәсіби оқыту тәсілінің өзгеру үдерісі басталды [25, б. 65].

Заманауи педагог-психолог – бұл жоғары психологиялық-педагогикалық білім алғанмаман, ол білім беру үдерісін психологиялық қамтамасыз етуге, тұлғалық даму мен тиімді әлеуметтенуді қамсыздандыруға, білім алушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға, балалар мен жасөспірімдердің құқығын қорғауға, олардың дамуындағы және мінез-құлқындағы ауытқулардың алдын алуғабағытталған кәсіби қызметті жүзеге асырушы. Оның кәсіби деңгейі педагогика мен психологияның ғылыми негіздерінен, түрлі психологиялық техникаларды меңгеруінен, өзінің кәсіби құзыреттілігінің шегін ұғынуы мен ұсынысы және оларды жүзеге асыру мен салдары үшін жауапкершілігін түсінуінен, психологиялық-педагогикалық мәдениет пен тұлғаның жетілуінен тұрады.

Болашақ педагог-психолог студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру олардың кәсіби қызметін жетілдірудің негізгі жолы және заманауи шетелдік психологиялық білім берудің әлеуетті бағыттарының бірі болып табылатындығы: А. Тиана, Х. Мойя и Ф. Луэнго, А.Кэтлин, Браун-Райси С. Фурр [10, 11, б. 102] және т.б. зерттеулерінде қарастырылатындығын атап өтеміз.

Педагог-психологтың кәсіби қызметін О.Е. Пермяков «Индивидтің немесе топтың тиімділігін арттыру, өмірдің субъективті қанағаттандырылуы мақсатындағы қатынастарды өзгерту және қалыптастыру бойынша қызмет» ретінде, кәсіби білім беру жүйесіндегі жеке білім жетістіктерін бағалау мәселесі контекстінде анықтайды [74, б. 98].

Н.О. Перепелкина өзінің еңбегінде педагог-психологтың қызметіндегі психодиагностиканың маңызды рөлін ерекше атап өтеді. Психодиагностика әдістері, нақты әдістемелер және тесттік процедуралар, психологиялық зерттеуді жүргізудің кәсіби-этикалық принциптері, психодиагностика әдістері мен әдістемелерін таңдауға, оларды ұйымдастыру мен өткізуге қойылатын талаптар, тұлға аралық және топ аралық өзара қатынастың психологиялық механизмдері педагог-психологтың диагностикалық қызметінде маңызды болып табылады [47, б. 14].

В.И. Долгова педагог-психологтың кәсіби қызметін кәсіби даярлау үдерісіндегі кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру арқылы анықтайды. Кәсіби даярлау кезеңін қоса алғандаоның барлық кезеңдеріндегі, оның жағдайы,

кәсіби қызмет, мамандықта тұлғаның дамуын анықтайды, нақтырақ айтқанда, тұлғаның кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыруға ықпал етеді, біздің зерттеуімізде ерекше құнды және онда өзінің кескінін табады [26, б. 65].

Білім берудің құзыреттілікті-бағдарланған парадигмасы жағдайында педагог-психологтарды даярлаудың маңызды мақсаты студенттердің тұлғалық сапаларын, сонымен қатар жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктерінқалыптастыру, ғылыми-зерттеушілік, ұйымдастырушылық- басқарушылық, тәжірибелік-аналитикалық, өндірістік-технологиялық және оқытушылық қызметте оларды жүзеге асыру дағдыларын дамыту болып саналады. Педагог-психолог жоғары оқу орнын аяқтай отырып өз пәніне қатысты тек біліммен ғана қамданып қоймай, сонымен бірге жеткілікті тұлғалық сапалар мен құзыреттіліктер жиынтығын меңгеруі қажет [37, б. 25].

Зерттеуші А.Ж. Сапаргалиева педагог-психологты көмекші кәсіп маманы ретінде кәсіби даярлауды жетілдіруге арналған диссертациялық зерттеу жұмысында, педагог-психологты кәсіби даярлау мәселесі толық айқындалмағандығын және қазіргі күні оның ғылыми негіздерін анықтау талап етілетіндігінатап өтеді. Сонымен қоса оның зерттеуінде педагог-психологтың көмекші кәсіп маманы ретіндегі кәсіби қызметінің келесідей түрлерін бөліп қарастырады: психодиагностикалық, түзетуші-дамытушы, кеңес беруші, алдын алушы, бағалаушы, болжаушы, әдістемелік, басқарушы.

Көріп отырғанымыздай, психодиагностикалық қызмет алғаш рет, басқа қызмет түрлерін бастаушы ретінде көрсетілген. Автордың жасаған педагог- психолог көмекші кәсіп маманы ретіндегі кәсіби даярлау моделінде процессуалдық компонент технологиялық іскерліктермен ұсынылған, олардың бірі – тұлғаны және білім беру үдерісін диагностикалау іскерлігі. Жұмыстағы маманның диагностикалық құзыреттілігі жайлы нақты айтылмаса да, дегенмен, автор болашақ педагог-психологты кәсіби даярлаудың диагностикалық құраушыларын басым орынға қояды [33, б. 77].

Зерттеушілер М.Р. Битянова, А.Г. Шмелев және т.б. психодиагностикалық қызметті жүзеге асыруда бірінші орынға мынадай кәсіби маңызды сапаларды қояды: психодиагностика негіздерін білу, психодиагностикалық жұмыс біліктері мен дағдылары (психологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу білігі мен дағдылары, психологиялық диагностика әдістері мен әдістемелерін меңгеру, мәліметтерді математикалық өңдеу, балаға, ұжымға психологиялық қорытынды жасау және т.б.), мәліметтерді баяндауда нақтылық, объективтілік, мәліметтерде өңдеуде асқан дәлдік [48,49, б. 89].

Г.О. Абдуллаева педагог-психолог қызметін білім берудің түрлі салаларында – мектепке дейінгі мекемелерде, мектептерде, арнайы түзету орталықтарында, колледждерде және т.б. жұмыс істейтін маман ретінде сипаттайды. Ол қызмет білім алушылардың психологиялық саулығын сақтау мен тұлғалық дамуына бағытталған. Оның сенімінше, педагог-психолог өзінің кәсіби қызметінде қатысушылардың тұлғалық дамуы үдерісінде пайда болған қиындықтарды психопрофилактикалық, психодиагностикалық, психокоррекциялық, кеңес беру және түзету жұмыстарының көмегімен

анықтайды. Ол қатысушыларға, мұғалімдерге, ата-аналарға тұлғалық, кәсіби және басқа да мәселелерді шешуде көмек көрсетеді. Психологиялық- педагогикалық диагностика негізінде қатысушылардың белгілі бір жас категориясынан басқасына ауысуында оқуға дайындығын анықтайды және тұлғаның психологиялық даму деңгейіне сай оқытудың немесе білім беру бағдарламасының әдістерін, формаларын және құралдарын таңдайды. Ол барлық педагогикалық ұжыммен тығыз жұмыс жасайды, қатысушылардың тұлғалық жеке ерекшеліктерін, жасерекшеліктерін есепке ала отырып, оқу қызметінің диагностикалық, түзетуші, дамытушы бағдарламаларын жоспарлайды және жасайды [106].

Білім беру мекемесінде педагог-психологтың кәсіби міндеттерін білікті орындауы үшін келесідей жалпы педагогикалық құзыреттіліктерді меңгеруі тиіс: басқарушылық, әдістемелік, аналитикалық, коммуникативтік. Айта кету шарт, диагностикалық құзыреттілік педагог-психологтың негізгі құзыреттіліктері жүйесіндегі құраушы және байланыстырушы болып саналады. Соған сәйкес, біз диагностикалық құзыреттілікті маманның бастапқы зерттеушілік қызметін қаматамасыз етуші ретінде анықтаймыз. Ол педагогтың ары қарайғы басқарушылық, ұйымдастырушылық, әдістемелік,

коммуникативтік, сараптамалық қызмет түрлерінің негізі болады.

Болашақ педагог-психологтың кәсіби қызметі құрылымында диагностикалық құзыреттілік: сараптамлық, жобалаушылық, зерттеушілік, басқарушылық, гностикалық сияқты өзге құзыреттілік түрлерін игеруші болады, себебі көптеген авторлар пікірлері бойынша тұлға құзыреттіліктері негізінде, адамның біліміне, білігіне, дағдысына, тәжірибесіне, құндылықтары мен бейімділіктеріне негізделген мүмкіндіктері ретінде қарастырылатындықтан,оның құраушылары құзыреттіліктерге икемделе отырып болашақ маманның кәсіби қалыптасуын қамтамасыз ететін байланыстардан тұрады. Төмендегі суретте біз диагностикалық құзыреттіліктің құраушыларының өзара байланысын бейнелеуге тырыстық.

Еліміздегі педагог-психолог лауазымы педагогикалық қызметкерлер лауазымына кіріктірілген («Педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларлауазымы Тізімін бекіту жайлы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жыл 3 қыркүйектегі №1304 Қаулысы (ҚР Үкіметінің Қаулысымен 17.02.01 ж. №252; 25.01.05 ж. ,№60; 09.06.2011 № 241

өзгерістер енгізілген) [107].

Педагог-психологтың нақты кәсіби міндеттері мен қызмет функциялары мемлектеттік нормативті құжаттарда да көрініс тапқан. Сондықтан да педагог- психологтың белгілі құзыреттіліктерін анықтау мақсатында педагогикалық қызметкерлер және оларға теңестірілген Қазақстан республикасы және Ресей Федерациясы тұлғалалар лауазымының Типтік біліктілік сипаттарына назар аударамыз.




Сурет 1 - Педагог-психологтың кәсіби құзыреттіліктері жүйесіндегі диагностикалық құзыреттілік
Егер Ресейлік тәжірибеге сүйенсек, онда педагог-психологтың білім беру мекемесіндегі кәсіби қызметі білім беру мекемесінің психологиялық қызметін мемлекет және РФ білім Министрлігімен бекітілген міндеттерін шешуге бағытталғандығын байқаймыз. Ең алдымен, бұл білім беру үдерісін және оның барлық субъектілерін психологиялық-педагогикалық қолдау міндеті. Білім Министрлігінің 2006 жылғы 27 сәуірдегі №42 қаулысында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тұлғалық дамуы, позитивті әлеуметтенуі, кәсіби қалыптасуы мен өмірлік өзін-өзі анықтауы мәселелеріне байланысты өз уақытында кешенді тұлғалық-бағдарланған әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық көмек көрсету» қажеттілігі көрсетілген.

Қазақстан Республикасында педагог-психологтың жұмысы ҚР білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтегі психологтың құқықтық статусы Ережесімен және мектеп психологы жұмысының тиімділігін бағалау Жүйесімен реттеледі. Педагог-психолог жоғары білімі бар маман, қатыстық еңбекақымен теңестірілген, зейнеткерлік кепілдік санатымен, сонымен қатар басқа да кәсіби құқықтар мен педагогикалық қызметкерлік кепілдіктер иеленеді. Ол әкімшілік қызметкерлердің және оларған теңестрілген тұлғалардың, пәндерге жетекшілік етумен, әкімшілік кезекшілікпен қатысты міндеттерді орындауы шарт емес, бірақ әкімшілік, педагогтар, қатысушылар

мен ата-аналар арасындағы даулы сұрақтарда медиатор болып табылады, кикілжіңді комиссия құрамына кіреді.

Педагог-психологтың жалпы жұмыс уақытының саны – аптасына 36 сағат. Оның 18 сағаты – оқушылармен, мұғалімдермен және ата-анадармен тікелей жұмыс жасауға арналған, ал қалған 18 сағаты – қатысушылармен жеке және топтық жұмысқа дайындыққа, біліктілігін арттыруға, өзін-өзі жетілдіруге бөлінген. Қосымша жүктемені есепке алғанда, психологтың жалпы жүктемесі, еңбек заңнамасының нормасы бойынша, атасына 40 сағаттан аспауы қажет.

ҚР педагогикалық қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымының Типтік біліктілік сипаттамаларында педагог-психологтың лауазымдық міндеттері анықталған. Педагог-психологтың барлық лауазымдық міндеттерінің тізімін ұсынамыз, себебі педагог-психологтың кәсіби құзыреттілінің құрылымдық компонентін анықтауға және мазмұндық толықтыру үшін бізге қажет болады.

Педагог-психологтың лауазымдық міндеттері:



  1. Білім алушылардың психикалық және әлеуметтік игілігін сақтауға бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыру;

  2. түрлі саладағы және мақсаттағы психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізу;

  3. білім алушылардың тұлғалық және әлеуметтік дамуы мәселелерін шешуге педагогикалық ұжымды бағдарлау мақсатында психологиялық- педагогикалық қорытынды жасайды және талдайды;

  4. білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметінің дамытушы-түзетуші бағдарламаларын жоспарлауға және жасауға қатысады;

  5. білім алушыларға психологиялық қолдау жасайды, түрлі өмірлік жағдайларда бағдарлануына және кәсіби өзін-өзі анықтауына даярлығын дамытуға ықпал етеді;

  6. әлеуметтік кері бейімделудің пайда болуының алдын алу бойынша іс- шараларды жүзеге асырады, психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар қолданады (психокоррекциялық, реабилитациялық және кеңес берушілік);

  7. психологияны тәжірибеде қолдану мәселелері бойынша педагогтарға кеңес береді, педагогтардың, ата-аналардың әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға ықпал етеді;

  8. білім беру үдерісі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

  9. техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғаныс талаптарын орындайды;

  10. бекітілген форма бойынша есептік құжаттама жүргізеді.

Педагог-психологтың бекітілген қызметтік міндеттерінен көрініп тұрғандай меткептегі тәжірибелік іс-әрекетінің негізгі құраушысы (екінші талапта аталып көрсетілген) дәл осы диагностикалық жұмыс болып табылады.

Болашақ педагог-психологтарды даярлау негізгі жағдайларда нормативті- құқықтық құжаттармен реттеледі. Оған МЖМБС (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты), типтік оқу жоспары және мамандықтың типтік

оқу бағдарламасы кіреді. Білім беру мазмұнын реттеуде жетекші тетіктер бола отырып нормативті құжаттардың әрқайсысы оқытудың білім беру траекториясын құруға қатысты талаптарды ұсынады.

Алдыңғы уақыттарда типтік оқу жоспары және біліктілік талаптары "050103 – Педагогика және психология" мамандығы бойынша МЖМБС-на қосылды. 2012 жылдан бастап мамандық бойынша МЖМБС жойылды. Мамандықтың 2004 жылдан бастапқы МЖМБС-на, содан соң 2012-2016 жж. ТОЖ-на, "050103 – Педагогика және психология" мамандығы бойынша 3.08.003-2004 ҚР МЖМБС келтірілген кейбір пәндерге жасалған ретроспективті талдау нәтижелерін келтірейік [108].


Кесте 2 - 050103 – Педагогика және психология" мамандығы бойынша 3.08.003-2004 ҚР МЖМБС пәндер талдауы

050103 – Педагогика және психология" мамандығы бойынша 3.08.003-2004 ҚР МЖМБС

оқу пәндерінің негізгі циклдері бойынша білімділікке қойылатын талаптар



Пәндер атауы

Сем естр

Кре дитте р

саны


Түсінігі бар

Білуі қажет

Жасай алады

1

2

3

4

5

6

Психоло

1

1

Таңдалған мамандық

Кәсіби өсу

Мамандық

гиялық







жайлы

сатыларын,

талаптарымен

маманд










кезеңдерін;

өзіндік

ыққа










педагог-психолог

қабілеттерін

кіріспе










іс-әрекетінің

үйлестіру,













түрлері мен саласы;

рефлексия мен













әлеуметтік

өзіндік













маңызды

бақылауды жүзеге













сапаларын

асыруды

Педагог

1

1

Педагогикалық мамандық жайлы адамзат мәдениеті мен тұлғалық қалыптасуы, қоғамдағы нақты әлеуметтік рөлдерді орындауға дайындық және дамыту жағдайында жинақталғандарды үлкен ұрпақтан кіші ұрпаққа жеткізуге бағытталған әлеуметтік іс-әрекет ретінде біледі

Педагогикалық іс-

Педагогикалық

икалық







әрекеттің мәні мен

мамандықтың

маманд







ерекшеліктерін;

ізгіліктік

ыққа










функциясын

кіріспе










жүзеге асыруды,













рационалды түрде













педагогикалық













және оқу еңбегін













ұйымдастыруды

2 - кестенің жалғасы


1




3

4

5

6

Дам у психолог иясы




3

Ұрық дамуы мен филогенезде адам тұлғасының ерекшеліктері жайлы

Кеңестік және шетелдік психологияда даму психологисы пәнінің дамы тарихы; даму психологиясының ғылым ретіндегі сипаттамасын, әдістері мен міндеттерін; адам және тұлға іс- әрекетінің құрылымын;

Алынған білімдерді тәжірибеде қолдану, іс- әрекеттің жүзеге асырылу барысына, баланың психикалық дамуы жағдайы мен мазмұнынын толықтығына әістемелік база

құруды;


Тұлғ аның психолог иялық- педагогик алық диагности касы




3

Әлеуметтік- педагогикалық тәжірибенің түрлі салаларында психологиялық- педагогикалық диагностиканы ұйымдастыру технологиялары жайлы

Психологиялық- педагогикалық диагностиканың ғылыми-теориялық негіздері; психодиагностикалық және неғұрлым кеңінен таралған әдістер сапасын бағалау бойынша талаптарды;

Әлеуметтік өмірдің түрлі салаларын, нәтижелер өңделуі мен сандық-сапалық талдауларды есепке ала отырып психологиялық- педагогикалық диагностиканы өз бетімен жүргізу және құрудың оңтайлы жолдарын

жасауды

Осылайша, мысалы, "050103 – Педагогика және психология" мамандығының 3.08.003-2004 ҚР МЖМБС-да білім беру бакалаврының құзыреттіліктеріне негізгі талаптар ретінде кілттік құзыреттіліктер (жалпы, әлеуметтік-тұлғалық, экономикалық және ұйымдастырушылық-басқарушылық, кәсіби), арнайы құзыреттіліктер (пәнаралық, әлеуметтік, дамытушы) бөліп алынды. Атап өту қажет, 050103 – Педагогика және психология" мамандығының 3.08.003-2004 ҚР МЖМБС ерекше тұсы міндетті, базалық және элективті циклдың барлық пәндері бойынша оқытудың нәтижелері жазылған.

Болашақ педагог-психологтарды диагностикалық іс-әрекетке даярлықты реттеуші негізгі нормативті құжаттар тәжірибе мен еңбек нарығы сұраныстарына жауап бере отырып үнемі жетілу үстінде екендігіне назар аударамыз.

"050103 – Педагогика және психология" мамандығының 3.08.253-2006 ҚР МЖМБС-да бакалавр білім беру құзыреттіліктерінің негізгі талаптары ретінде

дәл "050103 – Педагогика және психология" мамандығының 3.08.003-2004 мамандығының 3.08.253-2006 ҚР МЖМБС-дағы кілттік құзыреттіліктер (жалпы, әлеуметтік-тұлғалық, экономикалық және ұйымдастырушылық- басқарушылық және кәсіби), арнайы құзыреттіліктер (пәнаралық, әлеуметтік, дамытушы) бөліп көрсетілді[109].

Аталған МЖМБС-да бітіруші білімділігіне барлық оқу пәндері циклі бойынша талаптар жазылмаған, тек жалпы білім беретін, базалық, бейіндік пәндерді зерттеудің жалпы мақсаттары ғана көрсетілгенін атап өткен жөн. Бейіндік пәндерді оқу мақсатына психологиялық-педагогикалық диагностикалауды ұйымдастыру дағдылары мен біліктерін қалыптастыру кіреді. Сонымен қоса 6.7 “Кәсіби іс-әрекет бағыты” тармағында психодиагностикалық жұмыс педагог-психолог іс-әрекетінің негізгі бағыттарының бірі ретінде анықталады. Демек, профильді пәндер блогын зерттеу диагностикалық білім мен дағдыларды дамытуға ықпал ететіні туралы нақты айтуға болады.

"050103 – Педагогика және психология" мамандығының РК 3.08.253-2006 ҚР МЖМБС және 3.08.003-2004 ҚР МЖМБС ретроспективті талдау болашақ педагог-психологтарды диагностикалық іс-әрекетке даярлау мазмұны сұлбалы, үзік-үзік келтірілгенін көрсетті.

Бұл типтік оқу бағдарламасында міндетті ретінде келесі пәндер бөліп көрсетіледі:


  1. Педагогикалық мамандыққа кіріспе

  2. Педагогика

  3. Педагогиканың тарихы

  4. Этнопедагогика

  5. Әлеуметтік педагогика

  6. Педагогикалық менеджмент

  7. Педагогикалық шеберлік

  8. Педагогиканы оқыту әдістемесі

  9. Бейіндік білім беру педагогикасы.

Сонымен қатар типтік оқу бағдарламасын талдау "050103 - Педагогика және психология" мамандығының базалық міндетті пәндері мазмұны педагогикалық пәндерді зерттеуге бағытталғандығын және психологиялық- педагогикалық диагностика сұрақтарын толықтай аша алмайтындығын дәлелдейді.

2016 жылдың ҚР Мемлекеттік Жалпыға Міндетті Білім беру Стандартына (30.06.2016 жылдағы ҚР БҒМ РОӘК № 2 отырысы хаттамасымен бекітілген, Типтік оқу жоспары) сәйкес “Білім беру” мамандағы топтары бойынша ОӘҚ жасалынды және енгізілді. Осы типтік оқу бағдарламасына сәйкес оның мазмұны келесідей пәндерді құрайды:



  1. ТКО 2205 Критериалды бағалау технологиялары

  2. ККТ 3206 Кәсіби қазақ тілі,

  3. POIYA 3207 Кәсіби бағдарланған шет тілі

  4. MPPed 3301 Педагогиканы оқыту әдістемесі

  5. MPPsi 3302 Психологияны оқыту әдістемесі.

Аталған пәннің мазмұнына талдау жасай келе, біз диагностикалық құзыреттілікті қалыптастыруға тікелей ықпал етушілер анықталмаған дегентұжырымға келдік. Дегенмен “Критериалды бағалау технологиялары” пәні толығымен болмаса да ішінара диагностика тақырыбын ашады, бұған келесі № 3 кестеде көрсетілген тақырыптар дәлел бола алады [110].

Осылайша, ҚР 2016 жылғы Типтік оқу бағдарламасында психологиялық- педагогикалық диагностиканың мәселелері мен сұрақтарын толық болмағанымен ішінара қарастыратын бір пән бар болғаны әрине, мамандардың келешектегі кәсіби қызметтеөте маңызды екені айқын.

Білім беру бағдарламасы - бұл басым құндылықтарды және мақсаттарды, мазмұн ерекшеліктерін және оқыту үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді анықтайтын нормативтік құжат. Ол мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары мен типтік оқу бағдарламалары негізінде жасалады.
Кесте 3 – Диагностикалық құзыреттілікті қалыпатстыру үшін жүргізілген “Критериалды бағалау технологиялары” пәні мазмұнын талдау.


Пән

Тақырып

Психологиялық-педагогикалық диагностика

сұрақтары



Критериалды бағалау технологиялары

3 Тақырып. Критериалды бағалау технологиялары моделі

Критериалды бағалаудың диагностикалық негіздерінің сұрақтары, педагогикалық диагностикалау процедурасы (қалыптастырушы және анықтаушы критериалды бағалау картасы, тестілеу, сауалнама, бақылау, сұхбаттасу).

Критериалды бағалау технологиялары

6 Тақырып. Критериалды бағалауды ұйымдастырудың психологиялық- педагогикалық негіздері

Жобалау технологиясының құрылымдық компоненттері: оқытудың мазмұны, мақсаттары, педагог іс-әрекеті, оқушы іс- әрекеті, педагогикалық диагностика, жетістіктерді бағалау. Педагогикалық үдерісті жобалау принциптері. Педагогикалық жобалау формалары, кезеңдері. Бағалау диагностика және оқыту сапасы мониторингі компоненті ретінде. Бақылаушы-диагностикалық ақпараттарға талаптар

Критериалды бағалау технологиялары

11 тақырып. Портфолио оқушылардың

жетістіктерін бағалау құралы ретінде



“Портфолио” түсінігі анықталды. Оқушылар портфолиосы мазмұны және тағайындалуы. Портфолио функциялары: диагностикалық,

мотивациялық, мазмұнды, дамытушы, рейтингтік.


Білім беру бағдарламасы мамандықтың типтік оқу жоспары және МЖМБС негізінде жасалады. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "5В010300 - Педагогика және психология" мамандығының ОБ мазмұны 5В010300 - Педагогика және психология мамандығының Типтік оқу жоспарына сәйкес келеді және мамандарды даярлаудың толықтығын қамтамасыз етеді. Мамандықтың оқу

жоспарында пәндер курсының логикалық тізбегі анықталған. Әр пән бойынша оқу-әдістемелік кешен жасалынды. Білім беру бағдарламасын жасау барысында еңбек нарығының және жұмыс берушілердің қажеттіліктері ескеріледі.

Педагог-психологтың кәсіби құзыреттілігінің негізін құрайтын диагностика болып табылады. Зерттеу жұмыстарына сәйкес, диагностикалық құзыреттілік болашақ педагог-психологтардың диагностикалық, психологиялық-педагогикалық білім, біліктердің меңгерілуі ретінде қарастырылады [111].

Осылайша, педагог-психологтың кәсіби қызмет мазмұнын талдау арқылы, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары, міндеттері, мазмұны, ұйымдастыру формалары, олардың нәтижелеріоның пәні ретінде ұсынылған; білім алушылардың әлеуетті мүмкіндіктерін дамыту мақсатында, тұлғалық-бағдарланған білім беру арқылы, психиканың тұлғалық және когнитивті салаларын зерттеу қарастырылған мамандықтың кәсіби қызметінің нақты айқындалған саласы қалыптасқан деген қорытынды жасауға болады.

Педагог-психолог жұмысының табыстылығы оның жоғары оқу орнында, теориялық және практикалық қызметтерден тұратын, кәсіби дайындығымен тікелей байланысты. Оқыту үдерісінде университеттік білім беру жүйесіндегі болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыруға қажетті барлық алғышарттар қамтылған. Ол педагог- психологты даярлауда қалыптасқан қиындықтарды оңтайлы шешу әдістерін табуға мүмкіндік бере отырып, Қазақстан Республикасының заманауи білім беру ұйымдарындағы оның статусы мен рөлін арттырады. Болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінің ғылыми-әдістемелік мәнін түсіндіруге келесі тарау мазмұны арналатын болады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет