Университеттік білім беру ортасы болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру факторы ретінде
Бұл тарауда біз университеттік білім беру ортасын білікті тәсілді іске асырудың факторы ретінде қарастырамыз. Маңызды рөлді заманауи талаптарға сәйкесетін оқыту нәтижесіне қол жеткізуде білім беру ортасы алады. Оның құрылымы мен оқыту нәтижесіне ықпал ету деңгейін қарастырып көрелік.
Көптеген заманауи ғалымдар орта адамның дамуына шешуші ықпал көрсетеді деген пікірді ұстанады, өз кезегінде адамның қызметі барынша жайлылықты қамтамасыз ету масқсатында сол немесе өзге компоненттің өзгерісіне бағытталған. Тұлғаның даму ортасы мен тұқым қуалаушылық факторына ықпал деңгейі туралы көптеген диаметралық қарама-қайшы пікірлер бар, оның үстіне, ғалымдар ешқайсысы адамға ортаның сол немесе өзгеше деңгейде ықпал ететіндігін жоққа шығармайды.
Кеңестік педагогикада «орта» термині 20-жылдары пайда болды. Ол кезде
«орта педагогикасы» (С.Т. Щацкий), «баланың қоғамдық ортасы» (П.П. Блонский), «қоршаған орта» (А.С .Макаренко) ұғымдары жиі қолданылды. Сыртқы жағдай – қоршаған орта, тұлғааралық қарым-қатынас, іс-әрекеттер, ал ішкі жағдай – баланың эмоционалдық көңіл-күйі, өз-өзіне деген қарым- қатынасы, ұстанымдары мен өмірлік тәжірибесі болып табылады. Осылайша,
«даму ортасы» ұғымының толық мағынасы сан түрлі дәрежеде әлеуметтік- мәдени кеңістік шеңберінде түрліше ұйымдастырылған жағдайда тұлға дамуының үрдісі түрінде жүзеге асуына ықпал етумен байланысты болып келді.
Мектеп педагогикасында «дамытушы орта» термині «үлкендердің және балалардың өмірін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін материалдық- техникалық, санитарлық-гигиеналық, эстетикалық, психологиялық- педагогикалық жағдайлар кешені ретінде» түсіндіріледі. Білім беру мекемесінде дамытушы ортаны құрудағы негізгі мақсат- қалыптасып келе жатырған тұлғаға әлеуметтік, рухани жағынан өмір сүруіне аса керек қажеттіліктерді дер кезінде қамтамасыз ету болып табылады. Аталған жағдайлар адамның өмірлік мәнді қажеттіліктерін өтеуге, оның қауіпсіздігін сақтауға, өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.
Қазақстандық ғалымдар атап өткендей, маманның білікті тұлғасын қалыптастыру мақсатында өзгерісті әлемнің кейпін сезетін, кез келген күтпеген жағдайларға қарсы тұруға дайын және оған тырысу мен күту мүмкіндігін, қызығушылығын есепке ала отырып, позитивті инновациялық қызметпен жауап беруге дайын маманның қалыптасуының көптеген вариативті, тұлғалық-кәсіби бағдарларын ұсынатын ЖОО жаңа білім беру ортасын құру қажет [147].
Бүгінгі таңда психологиялық-педагогикалық ғылымда білім беру ортасын түсінудің үш тәсілі бар.
В.И. Панов білім беру ортасының негізгі моделдерін бір жүйеге келтірді. Ол білім беру ортасының моделін әзірлеуге экопсихологиялық көзқарас ұсынды. Адамның оқыту барысындағы психикалық дамуын "адам - қоршаған орта" жүйесінің мәнмәтінінде қарастыру қажет деген түсінік моделдің негізін қалаушы болып табылады. Автор беру ортасы деп әрбір дараға тән табиғи қабілеттері және жастық әлеуметтену талаптарына сәйкес оқушылардың әлі де көрінбей жатқан қызығушылықтары мен қабілеттері, сондай-ақ, қазірдің өзінде көрінген қызығушылықтары мен қабілеттерін ашу үшін мүмкіндік туғызатын педагогикалық және психологиялық шарттар мен әсерлердің жүйесін түсінеді [93].
В.В. Рубцов коммуникативті-бағдарланған деп аталатын білім беру ортасының басқа моделін ұсынды. Зерттеуші білім беру ортасын мұғалімдер мен оқушылардың арасында, сондай-ақ оқушылардың өз арасындағы қауымдастықтың ерекше түрлерін құрайтын коммуникативтік өзара іс-қимыл немесе ынтымақтастықтың нысаны ретінде қарайды. Баланың дамуының қажетті шарты болып оның ересектермен немесе басқа білім беру процесіне қатысушылармен бірлескен қызметке қатысуы табылады, бұл білім беру ортасына осындай тәсіл қолданудың бастапқы негізі болып табылады [94].
В.А. Ясвин білім беру ортасының экологиялық-тұлғалық моделін ұсынды. Оның айтуынша, "білім беру ортасы" - бұл берілген үлгі бойынша тұлғаны қалыптастыру ықпалдары мен жағдайлары жүйесі, сондай-ақ әлеуметтік және кеңістіктік-заттық айналасында болатын оның дамуы үшін мүмкіндіктері. Оның пікірінше, білім беру ортасы дамыту әсеріне ие болуы үшін, ол білім беру үрдісінің барлық субъектілерінің (оқушы мен педагог) өзін-өзі дамытуы үшін мүмкіндіктер кешенін қамтамасыз етуі тиіс. В.А. Ясвиннің пікірі бойынша, бұл кешен үш құрылымдық компонентін қамтиды:
кеңістік-пәндік –сабақ және қосалқы қызмет үшін үй-жайлар, ғимарат, жалпы алғанда, іргелес аумағы және т.б.;
әлеуметтік – білім беру қызметінің барлық субъектілерінің (оқушы, педагог, ата-аналар, әкімшілер және т.б.) қарым-қатынас сипаты;
психодидактикалық - білім беру процесін құру психологиялық мақсаттарына негізделген оқытудың мазмұны мен әдістері [91].
«Орта» және «білім беру ортасы» ұғымдардың қарастырған кезде Т.В. Цыганкова, С.А. Кокшаров, М.Н. Лебедева сияқты авторлар білім беру ортасын тар және кең аспектілерде нақтылайды. Авторлық ұжымның пікірінше, білім беру ортасы сыртқы кеңістіктің бір бөлігі бола отырып, ақпараттық ресурстармен толтырылған, оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған (тар аспектіде) білім беру технологиялары, үлгілері, стандарттарды қамтиды және адамға оны қоршаған әлемде қарама-қайшы тұрады, білім және құндылық қатынас, практикалық дағдылары мен икемдері жүйесі ретінде жұмыс істейді және білім беру мекемесінде адамның тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби дамуының нәтижесі бола отырып, оқыту процесінде қалыптасады. Қойылған мақсатқа жетуге және оларды саналы таңдау бостандығына кепілдік беретін білім беру үрдісіне қатысушылардың қойылған мақсатқа арнайы құрастырылған әдіснамалық, дидактикалық, психологиялық, интеллектуалды, ақпараттық және практикалық іс-әрекеттері, операциялары, тәсілдері, қадамдарының жиынтығы [148].
Осыдан көретініміз, білім беру ортасы педагогикалық технологияларды қолдану арқылы оқушыға оның тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби дамытуы мақсатында педагогикалық әсер ету құралы болып табылады.
В.И. Слободчиков білім беру ортасының антропологиялық-психологиялық моделін ұсынды. Айта кететіні, базалық ұғымдар ретінде Слободчиковтың, Рубцовтың да білім беру үрдісінің субъектілерінің бірлескен қызметі айтылады. Автор білім беру ортасының салыстырмалылығы және жанамалығын, оның бастапқыдан белгілінбегендігін атап өткен.
Қанықтық (ресурстық әлеуеті) және біріктіру (оны ұйымдастыру тәсілі) білім беру ортасының негізгі параметрлері ретінде қарастыруды ұсынады. Ол білім беру ортасын ұйымдастырудың үш қағидатын ұсынды: біркелкілік, алуан түрлілік мен баламалылық.
В.И. Слободчиковтың пайымдауынша, білім беру ортасы ықпалдар мен жағдайлар жиынтығы ретінде емес, білім беру кеңістігінің әсер етуінің, білім беруді басқару, білім беру орындары және оқушының өзінің жүйелік өнімі болып табылатын динамикалық білімдібілдіреді [95].
Т.В. Менг білім беру ортасын «түрлі коммуникативтік механизмдермен біртұтас байланысты және тұлғаның әлеуметтік-мәдени құндылықтарын игеру, тұтыну және тарату процестерінде көкейтестіге айналатын құндылық бағдарын, қарым-қатынастар мен мінез-құлық тәсілдеріне жағдаяттық әсер ететін көп өлшемді әлеуметтік-педагогикалық құбылыс»ретінде қарауды ұсынады [149]. Педагогикалық ұжымның міндеті оларға дұрыс құндылық бағдарларын беру,
студенттің мінез-құлқындағы кез келген өзгерістерге сақтықпен қарау, ынталандыру және мәжбүрлеу шараларын сауатты қолдану болып табылады.
В.Т. Лисовскийдің анықтамасы бойынша, әлеуметтік орта дегеніміз тұлға өмір сүретін және оның санасы мен мінез құлқына қандай да бір әсер келтіретін, жеке тұлғасы бар қоғамдық шарттардың, факторлардың, қарым- қатынастардың және т.б. қосындысы [150].
Ю.С. Мануйловтың пікірі бойынша, мысалы, орта тәсілдемесі қоршаған ортатадағы адам өміріне әсер ететін шарттарға байланысты жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы кезімен байланысты [151].
А.А. Вербицкийдің ойы бойынша, «оқу ортасы» бір-бірімен байланысқан элментттердің қосындысын көрсетеді: оқу мақсаты – оқу мен тәрбие нәтижесі; оқу және тәрбие құралдарымен, оқыту және тәрбиелеу әдістерімен, ұйымдастыру формаларымен, оқу мазмұнымен қамтамасыз етілетін субъект- субъекттік қарым-қатынастар (ұстаздың қызметі – оқушының қызметі). Бұл, өз кезегінде, оқу бағдарламасын сапалы түрде меңгеруге көмек беретін оқу ортасын құрайды. «Құрылымдағы қандай да бір нәрсенің өзгеруі жүйелік өзгеріске әкеліп соғады» [152].
Автор белгілеп кеткен оқу ортасындағы субъект-субъекттік қарым- қатынастарды орнату қажеттігі біліктіліктік тәсіл қағидаларына сәйкес келетінін атап өту қажет. Ол жоғарғы оқу орындық оқу ортасын белгілі бір жеке тұлғаның қалыптасуын және оның кәсіби білім мен біліктілігін игеруді анықтауда маңызды рөл айқарады. Сонымен қатар, оқу ортасы көп жағдайда болашақ маманның жеке тұлғасына үлкен әсерді анықтайды.
Автор оқу ортасының келесі қызметтерін анықтайды:
дүниетанымдық көзқарастар, идеалдарды таңдаудың таңдау еркіндігін ұсынады;
студенттің ішкі мүмкіндіктерін дамытады және кәсіби тұлғаның дамуына септігін тигізеді;
әлеуметтік шарттарға, қоғамның орнатымдарына бейімделген, динамикалығын қамтамасыз етеді.
Маманның кәсіби дайындығы кезінде жеке компоненттердің дамуын анықтап, макросоциумның бір бөлігі ретінде қарастырылады; бұрынғыға төзімді және басқа мәдениеттермен диалог режимінде қарым-қатынас жасауға қабілетті» [153].
Жоғарғы оқу орнының оқу ортасындағы шарттарды анықтаудағы біздің жұмысымыздың бағдары болып негізінен А.К. Вишняков-Вишневецкийдің зерттеуі алынады. Себебі онда оқушылардың жеке құзыреттерінің дамуына әсер ететін оқу ортасының шарттары белгіленген:
Шарттардың бірінші тобы – жоғарғы оқу орнындағы оқу процессінің субъекттерінің өзара қарым-қатынасы – субъектілердің бір-біріне қажеттілік есебі; оқытушылардың көмекші, консультант, тьютор функцияларын іске асыруы; бір-біріне деген құрметтік қарым-қатынас атмосферасын қалыптастыру; оқытушының студенттерге кәсіби және ғылыми орталықтармен, мәдени орталықтармен қарым-қатынас үшін шарттар құру;
Шарттардың екінші тобы – субъектердің оқу ортасының базалық сипаттамаларымен өзара қарым-қатынасы – жайдарлық, нұсқалық, жасампаздық, технологиялылық, мәдени бағдарлылық және оқу ортасының тұрақтылылығы;
Шарттардың үшінші тобы – оқу процессінің субъектерінің жеке және кәсіби дамуы үшін жоғарғы оқу орын қорларын қолдануы – профессор-ұзтаздар құрамының тұрақтылылығы мен кәсібилігі,жоғарғы оқу орнының серіктестік қарым-қатынастарын құруы, жоғарғы оқу орнының материалды-техникалық қоры [154].
Л.В. Мардахаев жоғары оқу орнының оқу ортасына «өз социомәдениет ортасымен, профессор-ұстаз құрамымен, кәсіби дайындық ерекшелігімен және оқу топтарының құрамымен, оқытудың педагогикалық технологияларымен ерекшеленетін, адамды, топты оқытуда арнайы ұйымдастырылған аумақ» мәтінінде анықтама береді [96].
А.И. Артюхин оқу ортасын дамып келе жатқан кеңістік-уақыттық, әлеуметтік-мәдени, қызметтік, коммуникативтік, ақпараттық және т.б. факторлардың континуумы ретінде қарастырады. Бұл өзара қарым-қатынас іскерлік және тұлғалар арасындағы байланыс айналасында, ғылыми- педагогикалық мектептердің шығармашылық құрылымында, құрал-кеңістік және ақпараттық ортада пайда болатын жағдайлар түрінде көрсетіледі. Автор жоғарғы оқу орындық оқу ортасын бір кәсіби әлеуметтену механизмінің қажет компоненті, коллизия көзі, студенттерге өмір жағдайына кіруді қамтамасыз ететін өмірлік-кәсіби жағдайлар, маманның кәсіби тәртібі мен ойлауы ретінде айшықтайды.
Адамның жоғары оқу орнын жеке-мағыналы түрде қабылдауын негізге ала отырып, автор оқу ортасына тән функцияларды белгіледі:
Ықпалдастық ( адамға көптеген факторлардың әсерін ықпал еткізіп, осы жоғарғы оқу орнына тән кәсіби және адамгершілік құндылыққа сәйкес келетін және студент бойында осы оқу процессіне тән қасиеттердің пайда болуына көмек беретін оқу ортасы);
Бейімделген (субъекттің оқу процессіне толықтай кіру шарттарын қамтамасыз етеді, нормативті және басқа да дағдарыстарды болдырмай, оқу ортасының құндылықтары мен нормаларын үйренуге көмек береді, сонымен қатар, ортаны жаңа шарттар мен қызмет мақсаттарына қарай өзгертуге мүмкіндік береді);
Әлеуметтік-мәдени (атадан-балаға мәдени және әлеуметтік құндылықтардың жетуі мен меңгерілуін, адамның мәдениетке құндылық- мағыналы бағдарына кіруін сипаттайды);
Кәсіби-жеке даму және индивидтің жеке дамуы (өмірлік жағдайлардың түрлілігі) [97].
И.А. Ильин өз зерттеуінде адамның ішкі дүниесін және дүниетанымдық мәдениетін нығайту үшін ,өзінің рухани әлемін пайда болдыру өнері болуы керек екенін айтқан. «Әлемдік мағынадағы жоғарғы құндылықтарды өз
өміріндегі құндылықтармен байланыстыра білудің өзі жеке тұлға болып қалыптасу және дамудағы ең жоғарғы көрсеткіш»[155].
Педагогикалық процесстің субъекттік-бағдарлық түрдегі оқу ортасын қарастыра отырып, С.М. Головлева, В.В. Юдин келесі компоненттерден тұратын оқу ортасының құрылымын ұсынады:
Достарыңызбен бөлісу: |