Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру моделі
Зерттеу жұмысымыздың міндеттерінің бірі университет жүйесінде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру моделін құру болып табылады, бұл педагог-психологтарды диагностикалық іс-әрекетке даярлау негізінде жүзеге асырылмақ.
Жалпыға белгілі болғандай, модельдеу ғылыми зерттеуәдістерінің бірі ретінде педагогика ғылымында кеңінен қолданылып келеді. Модельдеу әдісі эксперименттің педагогикалық нысанын зерттеу барысында және логикалық құрылымдар мен ғылыми түйіндерді құрастыруда сәйкестікті болжайды. Жалпы алғанда, бұл көшірмелерді, педагогикалық материалдар, құбылыстардың үлгісін жасау үдерісі. Зерттеліп отырған педагогикалық жүйені сызба түрінде бейнелеу арқылы қолданылады.
«Модель» термині латын тілінен аударғанда «modulus» - «өлшеу, аналог, үлгі» деген мағыналарды береді. Сөздіктерде мынандай анықтамалар беріледі: Модель – бұл басқа жүйе туралы ақпарат алу үшін құралы ретінде қызмет атқаратын зерттеу жүйесі, бұл нақты құрылғы мен/немесе оның ішінде пайда болатын үдерістердің, құбылыстардың оңайлатылған көрінісі.
«Модельдеу» түсінігі ғылым саласында әртүрлі мағынада пайдаланылады. Нақты мағынада «модельдеу» объектінің арнайы жасалған пішінінің, нақты нысанның сипаттамасын өңдеп жасауы. Логикалық түсіндірме сөздікте
«модельдеу» нысанның қолдан құрастырылған нұсқасы, қисындық- матаметикалық таңбалау формуласы, физикалық конструкцияларқұрастырулар т.б. Модельдеу зерттеу нысанына сәйкес, құрылымы мен құрылысын түсінікті
түрде қайта өңдеп бейнелейді. Зерттеу нысанының элементтері арасындағы қарым-қатынастары мен байланыстарын, қасиеттерін көрсетіп, түсінуге қиын, көп уақыт жұмсауды талап ететін қиын мәселелерді шешіп, өзінің қажетті мәлімет алу үдерісін тиімді етеді.
В.А. Штофф модельді зерттеу нысанын бейнелейтін және жүзеге асыратын, сондай-ақ оның зерттеуі жаңа ақпарат беретін жүйе ретінде сипаттаған [161].
Ш.Т. Таубаева модельдеуді үлгі деп аталатын бір нысандағы басқа бір нысанның сипатын жүзеге асыру ретінде қарастырады. Оның ойынша, модель мен түпнұсқаның арасында айқын көрінетін ұқсастық қатынас бар: ғылыми таным үдерісінде модель түпнұсқаны алмастырады; модельді зерттеу түпнұсқа туралы ақпарат береді [118 б. 54].
Кетірілген анықтамаларды қорыта келе, модельдеу – жаңаны жасау, соның негізінде жаңа білімдер, зерттеу нысаны жайында біртұтас ақпарат жинақтауға мүмкіндік беретін,педагогикалық зерттеулерде кеңінен қолданылатын әдістердің бірі деген тұжырым жасаймыз. Модельдің мәнді белгілері: көрнекілік, абстракциялау, ғылыми қиялдау элементтері, аналогияларды пайдалану, болжамдық элементтер жатады. Басқаша айтсақ, модель – ғылыми болжамның көрнекі түрі болып табылады.
Біз әзірлеген модельді құрудың негізі – педагог-психологтарды диагностикалық құзыреттіліккедайындаудың әлеуметтік тәртібі. Зерттеудің алдыңғы бөлімдерінде берілген қорытындылар болашақ педагог- психологтардың университеттік білім беру жүйесінде диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісіне айтарлықтай әсер етті. Жоғарыда айтылғандардың барлығы педагог-психологтардың кәсіби даярлығының маңыздылығын дәлелдейді, оның жалпы мақсаты жылдам өзгеретін ортада диагностикалық құзыреттілікпен белсенді және тиімді кәсіби өмірге қабілетті маманның қалыптасуы болып табылады.
Ұсынылып отырған модель болашақ педагог-психологтарды диагностикалық құзыреттілікке жоғары деңгейде даярлау үдерісіне бағытталған педагогикалық жүйенің сипаты болып табылады. Модель болашақ педагог- психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісін сипаттайды, олардың көмегімен нысандар мен құбылыстардың өзара байланыстары мен қарым-қатынастарын көрсетеді, оның басты қызметі - зерттелетін мәселенің мәнін ашуға, құрылым ретінде түсінуге мүмкіндік беру болып табылады.
Біз қарастырған модельге және әдіснамалық тұрғыда қойылатын талаптарға сүйене отырып, біз 2-суретте көрсетілген модельдің келесі құрылымын анықтадық.
Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру моделін қарастырамыз. (Модель № 2 - суретте ұсынылған)
Жасалған болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру моделі өзінде келесідей элементтердің жиынтығынан тұратын құрылымдық-қызметтік жүйені кіріктіреді: мақсатты -
әлеуметтік тапсырыс пен мақсатты анықтайды; теориялық-әдіснамалық – диагностикалық құзыреттіліктің кезеңдері мен қызметтерін, ұстанымдарын, тұғырларын сипаттайды; мазмұндық-процессуалдық – диагностикалық құзыреттіліктің құрылымын (құрылымын, әдістерін, құралдарын және диагностикалық құзыреттілікті қалыптастыру үдерісінің әдістемелік қамтамасыз етілуін) көрсетуші; нәтижелік-бағалашылық (нәтиже, оның бағаларының деңгейлері).
Біздің құрған моделіміздегі мақсатты компонент басқарудың құралы ретінде әрекет етеді, әрекеттердің нәтижелерін жобаланған нәтижемен салыстырады, себебі бұл мақсатқа жетудің жолдары мен әрекеттерін анықтауға көмектесетін саналы меже.
Теориялық-әдіснамалық компонент диагностикалық құзыреттілікті қалыптастырудың мазмұны мен бағытын айқындайтын тұғырлар (жүйелік, тұлғалық-іс-әрекеттік, құзыреттілік және орта) мен ұстанымдарды ашып көрсетеді.
Бұл ретте «ұстаным» ұғымына тоқтала кету қажет деп санаймыз. Теория- ғылыми танымның әсер етуші күші. Десекте ұстаным тек, ғылыми ізденістер мен практикада кең қолданыс тапқан ғана осындай сипатқа ие болуы мүмкін. Ұстаным ізденушіге, практика алға тартпайтын нақтылы жаңа ғылыми міндеттерді анықтауға мүмкіндік береді. Ұстаным ізденушіге, алға қойған мақсатқа жету жолын, алға тартқан нәтиже сипатын және қолданатын тәсілдер мен құралдарды тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Осы себепті, ұстаным практика үшін реттеуші, бағыттаушы, болжаушылық күшке ие. Ұстанымның гнесеологиялық мәні-оның шындықтың мәнін объективті бейнелеуге мүмкіндігі, оның өзіне тән сипаттық ерекшелігі даму заңдылығын ашуында. Десекте ұстанымның дүниенің, табиғаттың адамдар арасындағы қатынастардың ұдайы даму заңдылықтарын толық қанды шеше алады деуге болмайды. Дүниені теориялық тұрғыдан меңгеру – оның даму барысында алатын ерекше сипаттарын абстрактілік түрде түсіндіру, олардың арасындаға байланыстар мен тәелділіктерді, бұл құбылыстарды басты ерекшеліктердің анықтау және оларды тарихи жинақталған танымдақ тәжрибелер негізінді жүйелеу – деп түсінген дұрыс
Жұмысымыздың арнайы тарауында зерттеуіміздің әдіснамалық тұғырларын сипаттап кеткендіктен, бұл жерде таңдалған әдіснамалық ұстанымдарға тоқталатын боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |