Диссертация Ғылыми жетекші Мадалиева Забира Бекешовна, психология ғылымдарының докторы



бет44/52
Дата06.04.2022
өлшемі0,94 Mb.
#30024
түріДиссертация
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   52
нұсқа. Ануфриев А. Ф. Диагностика кезеңдері

Диагностика кезеңдері диагностика процедурасының өзара байланысқан ортақ мақсаттар жиынтығынан тұрады. Диагностикалаудың 8 негізгі кезеңдерін бөледі Ануфриев А. Ф. Практическая психодиагностика. Система основных понятий. Москва: Ось-89, 2012. - С. 53.

  1. Диагностика тапсырмаларын, мақсатын, нысандарын анықтау

  2. Нысанды (құбылысты) диагностикалау көрсеткіштерін, критерийлерін анықтау;

  3. Диагностиканың қойылған тапсырмаларын шешуге арналған әдістерді таңдау;

  4. Диагностикалық әдістер көмегімен ақпарат жинау;

  5. Алынған нәтижелерді сандық және сапалық өңдеу;

  6. Диагностикадан өтетін нысан (құбылыс) күйі, осы күйді тудыратын себептер туралы қорытынды ретінде диагноз жасау;

  7. Диагностикадан өтетін нысанның (құбылыстың) даму тенденциясын болжауды қалыптастыру;

  8. Қажетті күйге жеткізу мақсатында нысанға (құбылысқа) ықпал етудің нақты жоспары формасында түзету шараларын дайындау (мысалы, педагогикалық үрдіс тапсырмалары мен мақсаттары тарапынан).

Психологиялық диагнозды аяқтау критерийіне жеке-психологиялық құбылыстарды ескертетін психологиялық механизмдер моделі жатады. Толық психологиялық диагнозды жасау үшін жеке тұлғаның деректерін басқа адамдармен салыстыруға мүмкіндік беретін стандартталған әдістер және өміріндегі біртұтастық контекстінде қандай да бір көріністердің орнын көрсететін сапалық әдістер жинағы талап етіледі. Диагноз негізінде аталған тұлғаның ары қарай дамыту болжамы құрылады және осы дамуды оңтайландыру бойынша нұсқаулықтар ұсынылады.
Микроскоппен қарағанда. «Тестілеу»

Әдеби дереккөздерден тест жіктемелерін жазып алыңыз.

Төменде ұсынылған мәтінді оқып шығыңыз, білім беруді ұйымдастыру тәжірибесінде тестілеу бойынша қандай нұсқаулықтар қолданылытанын ойластырыңыз. Жұмыс дәптеріңізге жазыңыз.

Танысу мәтіні

Тестілеу жүргізудің, нәтижелерін өңдеудің, талдаудың қатаң айқындалған ережелері бар. Осы ережелердің арасындағы маңыздылары – Қандай да бір тестті қолданбас бұрын, психолог оны оқып шығып, өзіне немесе басқа адамға қолдануы керек. Бұл тестілеу ерекшеліктерін жеткілікті білмеу себебінен, тест жүргізу кезінде туындайтын болжамды қателердің орын алуына бермейді.

-Тест тапсырмаларын орындамас бұрын, тест тапсыратын тұлғалардың тапсырманы және нұсқаулықты дұрыс түсінулеріне жағдай жасау керек;


  • Тестті жүргізу барысында тест тапсыратын басқа тұлғалар өз беттерімен, бір-біріне тәуелсіз жұмыс жасаулары керек және тестілеу нәтижелерінің өзгеруіне алып келетіндей бір-бірлеріне ықпал етулеріне жол бермеу қажет;

  • Әр тестке қатысты нәтижелерін түсіндірудің, өңдеудің негізделген және тексерілген процедурасы болуы керек, сол арқылы тест жүргізудің осы

кезеңінде туындайтын қателердің алдын алуға болады. Бұл бастапқы деректерді математикалық-статистикалық өңдеу әдістеріне қатысты болып келеді, олар да қатаң түрде және алдын-ала бекітілуі қажет. Тестілеуге кіріспес бұрын, белгілі бір дайындық жұмысын жүргізу керек.

Алдымен тест тапсыратын тұлғаларға тест беріледі және оны не үшін және қандай мақсатпен өткізілетіні түсіндіріледі, тестілеу нәтижесінде қандай деректер алынатыны туралы, олардың өмірде қалай пайдаланылатыны туралы айтылады. Одан кейін нұсқаулық беріледі және оның тест тапсыратын тұлғалардың дұрыс түсінгендігі қадағалайды. Түсінгендеріне көз жеткізгеннен кейін, психолог тестілеуге кіріседі, алынатын нәтижелердің дұрыстығын қамтамасыз ететін жоғарыда аталған барлық шарттар мен нұсқаулықты қатаң сақтайды.



Немов, Р. С. Психология: в 3 кн. / Р. С. Немов. – М. , 1995. Кн. 3 : Экспериментальная педагогическая психология и психо- диагностика. – 1995.

Микроскоппен қарағанда. «Жобалық әдістемелер»

Суреттерді, хаттарды, «бейнелеу тілін» талдау жалпы диагностикалық мүмкіндіктерді кеңейтіп қана қоймай, сондай-ақ, рухани күйін терең түсінуге мүмкіндік береді.

Жобалық әдістемелер жіктемесімен танысып шығып, олардың біреуін таңдап, тәжірибеден өткізіңіз. Нәтижесінде, топта сіз анықтаған жобалық әдістемелермен жұмыс істеудің ерекшеліктерін талқылау жүргізіледі. Жобалық әдістемелер түрлері туралы ескертпені пайдаланыңыз.

Жобалық әдістемелердің келесі түрлерін таныс болу керек:



  1. Конститутивті – құрылымдау, ынтаны қалыптастыру, оған мән беру (мысалы, Роршах тесті).

  2. Құрылымдық – қалыптасқан бөлшектерден саналы тұтастылықты құру (мысалы, Мира тесті).

  3. Интерпретациялық – қандай-да бір жағдайды, оқиғаны талқылау (мысалы, Тақырыптық апперцепция тесті – ТАТ).

  4. Катартикалық – ерекше ұйымдастырылған жағдайда ойын қызметін жүзеге асыру (мысалы, психологиялық драма).

  5. Бейнелі – еркін немесе берілген тақырыпта сурет салу (мысалы, суреттік жобалық тестілер).

  6. Импрессивті – бір ынтаның басқалардан артықшылығы (қалаулы) (мысалы, Люшер тесті).

  7. Аддитивті – ұсыныстың, әңгіменің, тарихтың аяқталуы (мысалы,

«әдістеменің аяқталу ұсынысы»).
Әдебиет көзі. Алмазова, О. В. Психолого-педагогическая диагностика: учеб. пособие / О. В. Алмазова. – Екатеринбург : Издатель Калинина Г.П., 2007.

– 227 с.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет