Диссертация Ғылыми жетекші Мадалиева Забира Бекешовна, психология ғылымдарының докторы



бет46/52
Дата06.04.2022
өлшемі0,94 Mb.
#30024
түріДиссертация
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   52
Танысу мәтіні.

Алмазова, О. В. Психолого-педагогическая диагностика: учеб. пособие / О. В. Алмазова. – Екатеринбург : Издатель Калинина Г.П., 2007. – 227 с.

Сұхбаттасу – арнайы құрылған бағдарлама бойынша жеке сөйлесу барысында психикалық құбылыстары туралы деректерді жинау әдісі.

Сұхбаттасу әдісі келесі жағдайларда қолданылады:



  • баланың жеке басын, оның өткен өмірін, үй жағдайын, ата-анасын, достарын, оның қызығушылықтарын және т.б. зерделеу кезінде;

  • қосымша деректерді алу үшін зерттеудің басқа да әдістерін қолдану кезінде (растау, анықталған деректерді нақтылау);

Бірінші танысқанда, қандай-да бір зерттеу басталған кезде.

Сұхбат:


  • стандартты (барлық сұралатындарға қойылатын нақты құрылған сұрақтар);

  • стандартты емес (еркін түрде қойылатын сұрақтар) болуы мүмкін.

Әрбір сұхбаттың нақты тұжырымдалған мақсаты және оны өткізудің жоспары болуы керек. Сұхбаттың сәтті өтуі:

  • оның дайындығының дәрежесіне (мақсаттың, сұхбаттың жоспары, оқушылардың жастық және жеке ерекшеліктерінің есебі, шарттарын есепке алу, өткізу орны және т.б.);

  • берілетін жауаптардың шыншылдығына (сенімнің болуы, зерттеушінің әдептілігі, оқу процесінің талаптарын сақтау, әңгімелесу сұрақтарын қалыптастырудың дұрыстығы және әңгіме мақсаты бойынша сұрақтар) байланысты болады.

Әңгіме әдісіне қойылатын талаптар:

  • әңгіме мақсатын тұжырымдау;

  • жоспар құру (мақсатты сұрақтар);

  • «сүйемелдеуші» сұрақтарды дайындау;

  • тіркеу әдісін анықтау (магнитофон, жазба балнкілері, жауаптардың кодтары, шартты белгілері); -қолайлы жағдай жасау (орны, уақыты және т.б.); - өзін-өзі ұстай білуі (педагогикалық такт);

  • сұхбаттасушының мінез-құлқын, оның қимылын, эмоционалды реакциясы мен сөйлеу ерекшеліктерін байқау;

  • сұхбаттың нәтижелерін белгілеу.

Сұрақтарды тұжырымдау және қою кезінде мыналарға артықшылық беру керек:



  • жанама түрдегі сұрақтар;

  • анықтаушы сұрақтар;

  • сұхбаттасушыға түсінікті қысқа сұрақтар;

  • әр сұрақпен белгілі бір мақсатқа қол жеткізу.

Мына сұрақтарды қоймауға тырысу керек:



  • тіке қойылатын сұрақтар;

  • кеңінен тарамаған сөздер, екі мағынасы бар сөздер;

  • үлгі жауаптары дайын тұжырымдамалар;

  • белгілі бір жауапқа итермелейтін тұжырымдамалар;

  • белгілі бір теріс (оң) қатынасты тудыратын сөздер; - сұхбаттасушының өзінің сырластық жақтарын қозғайтын әдепке сай емес сұрақтар.

Әңгімені жүргізудің негізгі тәсілдері



  1. Сұхбаттасушыны асықтырмау. Сөзін толық айтуға мүмкіндік беру.

  2. Жетекші сұрақтармен көмектесу (әсер етпейтін).

  3. Жауаптардың шыншылдығы сәйкес келетін сұрақтармен тексеру.

  4. Сұхбаттасушыны өзара қарым-қатынасқа шақыру. Дос ретінде тыңдау.

  5. Тәрбиелік мәні бар процестің талаптарын сақтау. Әңгіме сұрақтарының сипаттамасы Тікелей. Бір мәнді мағынасы бар сұрақтар. (Сізге ұнайды ма?) Тікелей «жеке» сұрақ кейде әңгімелесушіні шатастырады, сондықтан жауап шынайы болмайды. Жанама. Әңгімелесушінің шынайы мақсаттары жасырылған. («Ұсынылған уақытқа сызбаны аяқтамадыңыз ба, оны кейінірек орындайсыз ба?» «Сенің достарыңа топ, сынып ұнай ма?»)

Мұндай жағымсыз сұрақтарға жауап берген кезде, әңгімелесуші өзінің көзқарасын білдіруде. Жобалық. Мұндай мәселелерде біз әңгімелесуші туралы емес, басқа да қиялдағы адам туралы айтамыз. («Егер баланы жазықсыз жазаласа, ол не істер еді, қалай ойлайсың?»). Сұрақта жалған тұлға туралы жағдайды сипаттауға болады.

Жауапта сұхбаттасушы мәселеде айтылған адамның орнына өзін қояды және осылайша өз қатынасын білдіретін болады.

Көндіру әрекеттегі сұрақтар. Өте қатты көндіруші: «Сіз онымен келіспейсіз бе?», «Сіз осылай деп есептейсіз бе?», «Сізге осылай көрінбейді ме...?». Көндіруші: «Қолөнермен айналысасыз ба?» (бұл жерде бала қолөнер бұйымдарын жасай ма, жоқ па мүлдем белгісіз). Неғұрлым көндіруші: «немесе - немесе», «сіз қолөнермен айналысқанды ұнатасыз ба әлде сурет салған ұнайды ма?». Сұрақтың ең жағымды формасы – бұл анықтаушы сұрақтар: «Үйде немен айналысқанды ұнатасыз?». Ескерту: кез келген сұрақтың әрдайым қандай да бір көндіруші әсері бар, сондықтан сұхбаттасыңызды ондай иландырудан максималды қорғау керек.

Сұхбатты талдау кезінде келесіге назар аудару керек.



  • Сұхбат ойыңыздан шықты ма, егер шықпаса себебі неде?

  • Қандай тәсілдер қолданылды: мадақтаулар, бас изеу, дауысты өзгерту, суреттер және т.б.?

  • Баланың мінез-құлқының ерекшеліктері, оның қимылы, сөйлеу мәнері және т.б.

  • Қандай сұрақтарға сұхабаттасушы анағұрлым белсенді жауап берді және неліктен?

  • Қай сұрақтар мақсатына жетті және неліктен?

  • Сұхбаттың аяқталу сипаты, оның тәрбиелік әсері (диагностикалық). – Сұхбаттасу нәтижесінде қандай мәселелер шешілді?

Волков, Б. С. Методы изучения психики ребёнка. [Текст] / Б. С. Волков, Н. В. Волкова. – М. , 1994


Микроскоппен қарағанда «Жедел көмек»

Көбінесе шаршап жүретін, тез шаршайтын және сабаққа үлгермейтін адамның диагностикалық картасын жасаңыз.



Сыныпты, жасын анықтап алыңыз. Пәнді таңдап алыңыз және сіз бақылайтын және жазба жасайтын уақытты жазыңыз. Сізге бақылауға қанша уақыт керектігін анықтап алыңыз. Бақылағаннан кейін әріптестеріңізбен (сынып жетекшілері, пән мұғалімдері) бірге үлгерімі төмен баоамен жұмыс бойынша әдістемелік нұсқаулықтар жасаңыз.
Микроскоппен қарағанда «Биографикалық сауалнама»

Мақсаты тұлғаның өмірбаянын жақсы білуге мүмкіндік беретін диагностикалық әдістемелер сериясын таңдап алыңыз.

Диагностикалық әдістеме өткізіп болғаннан соң (әңгіме, сұхбат, жобалық әдістемелер) адамның өмірбаянын жазыңыз.
Ой толғау.

Адамның өмірбаянын терең түсіну үшін, диагностикалық әдістемелер мен адамдармен бетпе-бет сұхбаттасу қаншалықты ерекшеленетінін қарау үшін оның ең жақын адамдарынан сұрастырыңыз.



Микроскоппен қарағанда «Мектеп даярлығы»

Бірінші сынып оқушысына мектепке түсерде қандай талаптар қойылатындығын зерттеңіз. Диагностикалық әдістемелер таңдап алыңыз және осы әдістемелерді таңдау мақсаттылығының дәлелдерін мектептік жетілуді анықтау үшін ұсыныңыз.



Микроскоппен қарағанда. «Диагностика жүргізетін адамның этикалық қағидаттары»

Педагог-психолог практиктерінің мектепке дейінгі, мектеп жасындағы, жасөспірімдік, жастық кездегі балалармен жұмыста диагностикалық

зерттеулерді құрылымдау және өткізу кезінде жетекшілікке алатын этикалық қағидаттардың әр түрлі нұсқаларын зерттеңіз.

Сіз өзіңіздің кәсіби әлеуметтік-педагогикалық қызметіңізде негізге алатын өзіңіздің авторлық этикалық қағидаттарын жасаңыз.


Микроскоппен қарағанда. «Нысанада»

БАҚ-ын зерттеңіз, білім ұйымында педагог-психологтар көбінесе қандай сұранымдар мен зерттеулер жүргізетіндігін анықтаңыз және талдау жүргізіңіз. Осы мәселе бойынша диагностикалық әдістеме таңдап алыңыз және практикада қолданып көріңіз. Өзіңіздің осы мәселенамаға қатысты көрінісін құрастырыңыз.



Қызық үшін қалалар (елдер) бойынша мамандар қандай әдістемелерді көбінесе пайдаланатындығына салыстырмалы талдау жасауыңызға болады.

Микроскоппен қарағанда. «Психикалық процестер»

Соңғы кездері психикалық процестерді зерттеу кезінде білім берудің диагностикалық құралдарын ұйымдастыруда және мамандар нұсқаулықтарды негізге ала отырып қолданатын, жаңа технологияларды пайдаланады. Белгілеген соң, зерттеу деректерін бекітеді және педагог-психологтар қорытынды жасайды.



Микроскоппен қарағанда. «Адамның назары»

Жылдың басында, ортасында, аяғында бірінші сынып оқушыларының назарына диагностика өткізіңіз және педагог-психологтың мақсатты үй тапсырмаларынан кейін оқушының есте сақтау қабілеті қалай өзгеретіндігін графиктер түрінде (сызбалар, есептер, күнделіктер) көрсетіңіз.


Микроскоппен қарағанда. «Мамандықты таңдауға

ынталандыру»

Бірінші курс студенттерінен мамандық таңдауда ынталандыруды бағалау үшін диагностикалық құралдарды таңдаңыз. Сонымен қатар студенттерді

олардың құндылықтары мен кәсіби қызығушылықтарымен сәйкестендіріп бөліңіз. Осы мамандықты таңдауда оларды қанағаттану дәрежесі бойынша бөліп алыңыз.

Университетке осы мамандыққа көбінесе кездейсоқ па, әлде мақсатты түрде түседі ме, соған байланысты қорытынды жасаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет