Диссертация Ғылыми жетекші Мадалиева Забира Бекешовна, психология ғылымдарының докторы



бет48/52
Дата06.04.2022
өлшемі0,94 Mb.
#30024
түріДиссертация
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланыс орнату бастамасы нұсқаларының көп түрі бар.

Егер сұхбаттас сұхбаттасуға дайын болса, тура тәсіл мүмкін болады, оған алда болатын сұхбат тақырыбы жайында еске салу. Керісінше жағдайда, сұхбат басы болып, сұхбат жалпы сипаттағы көңілге жайлы сөйлемдерден немесе тактикалық қошеметтен (серігіңізге, интерьерге, жұмыс ұйымына және т.б.) басталған кезде, «қобалжулықты басу» тәсілі қызмет етеді.

Бұл жағдайда сұхбатты бастаудың басқа нұсқасы — «іліп алу» — алда күтіп тұрған сұхбат мазмұнымен ұштастыруға болатын оқиға, жеке әсер, жағдаят, ерекше сұрақ.

Серігіңізбен байланыс орнатуға сіздің сыртқы түріңіз, мінезіңіз, серігіңізге деген жақсы көңіліңізді, оның қызығушылықтарына деген сыйластығыңызды көрсету жақсы әсер ықпал етеді.

Серіктестік өзара әрекеттесу қатысушыларының өз мақсаттарына максималды жетуді болжамдайды. Ол үшін қажет:

Іскерлік сұхбатқа кіріспес бұрын, сіз не айтқыңыз келетінін анық елестетіп алыңыз, оның барлық мүмкін жақтарын ойластырып алыңыз.

Мүмкін мағыналы кедергілерге көңіл бөліңіз.

Өзіңіздің дене тұрысыңызға, дене қимылыңызға, бет қимылыңызға, дауыс ырғағыңызға қараңыз.

Ашық әрі уайымдауға қабілетті тілдесу бойынша серігіңіздің сезімдеріне көңіл бөліңіз.

Адекватты кері байланысқа жетіңіз. Талқылау. Рефлексия.


«Психологиялық-педагогикалық диагностикадағы этикалық нормалар және мәдениет» тренингі (3 сағат)
Ширату.

«Сен жайлы бес сөз» жаттығуы (О.П. Горбушина)



    • Мақсаты: өзін-өзі бағалау, өзін-өзі тануды, басқа адамға жақсылық жасау мүмкіндігін жоғарылату.

Орындау реті және нұсқау.

    • Қатысушылар топшаларға бес адамнан бөлінеді (еркімен немесе жүргізушінің ойын тапсырмасы бойынша)

    • Сіздердің әрқайсысыңыз өзінің алақанының суреті шығатындай қағаз бетіне өз қолын келтіруі керек. Алақаныңызға өз есіміңізді жазыңыз. Кейін қағазды оң жақтағы көршіңізге беріңіз, ал өзіңіз сол жақтағы көршіңізден алақанның суретін алңызы. Алынған суреттегі

«саусақтардың» біріне осы адамның сіздің ойыңызша тартымды қасиетін жазыңыз (жаттығу үшін жылы тілектер қолдануға болады).

    • Мысалы: «сен елгезексің әрі қайырымдысың», «Сен біздің күнімізсің» немесе «Саған тезірек ғашық болуды және сүйікті адамыңның сүйіктісі болуыңды тілеймін!» Осылай әрі қарай алақандар шеңбер бойынша беріледі де, әрқайсысы өзінікін алақан өз иесіне қайта оралғанша жазады.

Педагог сөзі.

Педагог-психолог диагносттың дағдылары жайында әңгіме Жаттығу. Топпен жұмыс


  1. Педагог-психолог диагностикасында қандай дағдылар маңызды екендігін жазыңыз.

  2. Басқа адамдармен байланыста қандай дағдылар маңызды екендігін, хиқаялар айтыңыз

Мысалы, балалармен жұмыста: аутисттармен, аса белсенді, мазасыз балалармен және т.б. (алынған карточкаға байланысты)

Бағыт беру (Келісті, көрсетті, ұсынды, аяқтады, құрды, дамытты, ұйымдастырды, қайталады, қолдады, жасады, жобалады, алды, тудырды, құрылымдады, негіздеді, ойластырды, жоғарылатты, азайтты, жетті, жасақтады, жаңартты, енгізді, ынталандырды, басқарды, жеңілдетті, ұсынды, өндірді, жойды, ықпал етті)



  1. Дағдыларды ауыстыру

«Этикалық мәдениеттегі диагност қателіктері» жаттығуы

Кіші топтарда бастаушы педагог-психологтар диагностикалық зерттеуде көбінесе қандай қателіктер жіберетіндігін талқылаңыздар.
Мысалы, М. К. Акимова Психологическая диагностика: учеб. пособие / под ред.. СПб.: Питер, 2005. б. 16


  • Мәдениет факторының олардың нәтижелеріне әсерінің түсінбеуіне негізделген шетелдік әдістемелерді сыни пайдалану.

  • Олар нені өлшейтіндіктерін анық түсінусіз әдістемелерді пайдалану; атауға, өлшенетін оның сипаттамалары жайында көріністерді жасау және дамыту тарихын түсінбей әдістеме «жарлығына» сенім;

  • Зерттелетін тұлғаларға статикалық тәсіл және сондықтан да категориялық тұжырымдар мен қорытындылар қисынсыз. Адамның жүріс-тұрысы мен уайымдарын болжау кезінде оның дамуы жоққа шығарылады.

  • Мамандық білім мағынасын түсінбеумен байланысты маман еместермен әдістемелерді пайдалану. Психологиялық диагностика саласында қажетті арнайы бірімдері жоқ адамдармен ғана емес, тіпті психологиялық білімі мүлдем жоқ адамдардың практикасында әдістемелерді пайдалану кездеседі.

  • Диагностикалық әдістеме жинақталған басылымдар ағынын бақылаудың жоқтығы.

«Диагностика қағидаттары» жаттығуы


Білім ұйымдастыруда диагностика өткізуде жетекшілікке алатын әдебиетті оқыңыз және қағидаттарды құраңыз.

Бодалев А. А. Общая психодиагностика / А. А. Бодалев, В. В. Столин, В. С. Аванесов. Санкт-Петербург: Речь, 2000. 440 б.

Словарь-справочник по психодиагностике / Л. Ф. Бурлачук, С. М. Морозов. 2-е изд., перераб. и доп. Санкт-Петербург: Питер, 2003. - 528 б.
Мысалы, М.М. Дудин қағидаттары Ф. Т. Хаматнуров Основы психолого- педагогической диагностики: учебное пособие. Екатеринбург: Изд-во Рос. гос. проф.-пед. ун-та, 2016. - 190 б. (б.26-30): жауапкершілікке, кәсіби құпияға, этикалық және заңды құзыреттілігі, объективтілігі, сыналушының амандығына, тексерудің моральді-позитивті әсеріне, азаматтық пен отансүйгіштікке, педагогика мен психологияны квалификациялық насихаттауға, сыналушыға зиянын тигізбек, құзыреттілікке, риясыздыққа, құпиялылыққа, хабардар келісімге.
«Психологиялық-педагогикалық диагностика» әдістері

Психологиялық-педагогикалық диагностика әдістерінің ерекшеліктерін зерттеңіз және жазыңыз:

бақылау;

психологиялық-педагогикалық тәжірибе; ауызша жауап алу: сұхбат, интервью; жазбаша жауап алу: сауалнама жүргізу; тестілеу;

сарапшылық бағалау әдісі;


  • құжаттаманы талдау;

  • контент-талдау.

Олардың біреуін практикада өткізіңіз және нәтижелерін кесте формаларына келтіріңіз.

Глуханюк Н. С., Белова Д. Е. Психодиагностика (практикум): учеб. пособие. М.: Акад. Проект; Екатеринбург: Деловая кн., 2005 әдебиеттерін қараңыз.


«Диагностикалық процедуралар» жаттығуы Ақпаратты зерттеңіз.

Әдістемелер келесі ерекшеліктерге ие (Бодалев А. А., Столин В. В., Авапесов B. C. Общая психодиагностика. СПб.: Речь, 2000. - 440 б.):



  1. олар диагностикалық ақпаратты қысқа мерзімже жинауға мүмкіндік береді;

  2. олар адам жайында емес, қандай да бір нақты ерекшеліктер жайында ақпаратты ұсынады (интеллект, мазасыздық, өзін-өзі бағалау, әзілдесе білу, ең ерекше тұлғалық белгілер және т.с.с.);

  3. ақпарат тексерілетін түлғаны басқа адамдармен сапалық және сандық салыстыруға мүмкіндік беретін түрде түседі

  4. психодиагностикалық әдістемелер көмегімен алынатын ақпарат араласу құралдарын таңдау, олардың тиімділігін болжау, сонымен қатар тұлғаның қандай да бір қызметінің дамуы, тілдесуі, тиімділігін болжау тұрғысынан пайдалы

Бір әдістемені таңдап алыңыз, топта өткізіңіз. Нәтижелерін сізбен жұпта жұмыс жасайтын адаммен талқылаңыз.
«Бақылау картасы» жаттығуы

Тапсырма. Жасырын түрде қағаздар таратылады және оқу жылы ішінде бір адам басқа адамды бақылайды және бақылау картасына белгілейді. Нәтижелер бойынша өзінің бақылауларымен бөлісе алады.

Бақылау объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында келесі ережелерді

сақтау қажет (Дудина М.М. 60 б):



  • Бақылаудың мақсаты болуы қажет – бақылау мақсаты қаншалықты анық болса, нәтижені тіркеу соншалықты оңай болады және дұрыс шешімдер қабылданады.

  • Бақылау алдын-ала белгіленген жоспар бойынша жүзеге асырылуы керек - жоспарда қажетті деректерді алуға болатын жеке сұрақтар талқыланады.

  • Диагностикадан өтетін белгілер саны айқын анықталуы және талдау үшін оңтайлы болуы қажет. Бақылау сипаттары анық болса, оған нақты сипат беруге болады. Бұл сипаттар анық тіркелген сайын, оны талдау және түсінік беру де жеңілдей түседі.

  • Психологиялық-педагогикалық бақылауды оқушылар үшін табиғи шарттарда жүзеге асырған дұрыс – бұл оқушылардың табиғи мінез-құлықтарын көруге мүмкіндік береді.

  • Бақылаушы бақылау кезінде қандай қателердің болатынын білуі және олар туралы ескертуі керек. Бұл қателер таңдалған шарттар үшін бақылау әдісін дұрыс пайдаланбаудың әдістемелік-шартталған түрі немесе деректерді дұрыс жазбаумен байланысты тіркелген түрі болуы мүмкін.

«Сиқырлы сұрақтар» жаттығуы

Мәтінді оқып, сұрақтар қойыңыз. Одан кейін сұхбаттасу жүргізіңіз. Сұрақтар қою ережелері. Дудина М.М. ( 69 б)

Сұрақтар оқушылардың сұхбатқа максималды қатысуын қамтамасыз етулері қажет. Сұрақтарды құрастыруда келесі ережелерді сақтау ұсынылады:



    1. Сұрақ кездейсоқ сипаттан тұрмауы керек, диагностиканың қойылған мақсатына жетуге бағытталуы тиіс.

    2. Оқушыға түсінікті және қарапайым сұрақтар сұхбат басында, ал күрделі сұрақтар аяғында қойылады.

    3. Сұрақтар жауап берушілер үшін кесімді, нақты және түсінікті болуы керек.

    4. Қойылатын сұрақтар педагогикалық әдеп талаптарына және кәсіби этикаға сай болулары керек.

    5. Сұрақтар бөлігін солар арқылы оқушылардың жауаптарының алдыңғы сұрақтарға әділдігін тексеруге болатындай етіп құрастыру қажет.

    6. Сұхбатқа қатысу кезінде оқушылар толқу, шаршау, көңіл аудармау, батылсыну сияқты сезімдерді сезінулері мүмкін, бұл сұрақтарға әділетсіз жауап беруге алып келеді.

«Сараптық пікір» жаттығуы

Мәтінмен және сараптық пікір құру ережелерімен танысыңыз.
Мәтін.

Дудина М.М. Основы психолого-педагогической диагностики: учебное пособие / М. М. Дудина, Ф. Т. Хаматнуров. Екатеринбург: Рес. мем. кәс.-пед. унив. баспасы, 2016. - 190 б. (70-79 б).

Сараптық бағалау жүргізуде келесі ережелерді сақтау ұсынылады:


  1. Сарапшының құзіреттілік аясындағы ақпаратпен жан-жақты танысуына жәрдемдесу.

  2. Сарапшымен қолданылатын қосымша ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету.

  3. Диагностикадан өтетін адамның қасиеттерімен, жеке кәсіби біліммен, тәжірибемен, сарапшылардың түйсіктерімен ғана анықталатын пікірлерді қалыпастыруға жәрдемдесу.

Кез-келген сараптама үшін екі фаза міндетті болып табылады – сарапшылармен сараптау объектісін зерттеу және жеке пікірлерді қалыптастыру, одан кейін ұжымдық бағалауды анықтау мақсатында алынған нәтижелер өңделеді.

Тапсырма. Өзекті тақырыпты таңдаңыз. Ғаламтор ресурстарын қараңыз және сараптық пікірді қалыптастырыңыз.


«Нәтижелердің жиынтық кестесі» жаттығуы Тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Топты таңдаңыз, социометрия жүргізіңіз. Нәтижелер бойынша жиынтық кестені және сынып жетекшісі үшін ұсыныстары бар қорытындыны құрыңыз.Диагносттың этика қағидаларын сақтаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет