Диссертация Ғылыми жетекші Мадалиева Забира Бекешовна, психология ғылымдарының докторы



бет45/52
Дата06.04.2022
өлшемі0,94 Mb.
#30024
түріДиссертация
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   52
Микроскоппен қарағанда. «Бақылау»

Бақылау жіктемесімен таныс болыңыз. Олардың біреуін таңдап, білім беруді ұйымдастыру тәжірибесінде сынап көріңіз.


Танысу мәтіні. Волков, Б. С. Методы изучения психики ребёнка. / Б. С. Волков, Н. В. Волкова. – М. , 1994.
Бақылау түрлері:

-Тікелей. Зерттеушінің өзі жүргізеді, зерттелетін құбылыстар мен үрдісті тікелей бақылайды.

-Жанама. Бақылаудың басқа адамдар дайындаған дайын нәтижелері қолданылады (тәрбиешілердің хабарламалары, магнитофон жазбасы, кино- видео жазбалары). Ашық (айқын). Педагог пен балалардың бөтен адамдардың қатысу фактісін таныған жағдайда жүргізілетін бақылау (өзін сырттай бақылайтынын білетін баланың мінез-құлқы өзгереді. Бақылау мақсатының тікелей жарияланбауы маңызды болып табылады).

-Жасырын. Шыны қабырға арқылы бақылау, бір бағытта жарық жібереді.

Жасырын камераларды және т.б пайдалану.

-Қосылған (қатысты). Бақылаушы белгілі бір әлеуметтік жағдайға қосылады және «іштен» жағдайды талдайды. Бақылаушы бақылау тобының мүшесі ретінде әрекет етеді.

-Қосылмаған (қатыссыз). Зерттеуші «іштен» қатысады.

-Жүйелі (жаппай). Белгілі бір мерзім ішінде тұрақты бақылау. Баланың психикалық әрекетінің барлық құбылыстары белгіленеді (ата-аналар күнделігі, педагогтар күнделігі).

-Жүйесіз (таңдаулы). Қандай-да бір психикалық үрдіс және психикалық құбылыс бақыланады (тәрбиеші мен баланың сөйлесу дағдылары; баланың сөйлеуі).

-Ұзақ мерзімді. Балалардың психикалық дамуын ұзақ жылдар бойы зерттеу.

-Қысқа мерзімді. Түрлі нұсқалары бар: баланың әрекетін белгілі бір күн, сағат мерзімінде бақылау; уақыт аралығын, жағдайлар жиілігін және т.б өлшеу мақсатында бақылау.

-Каузальды (Себептік) Қандай-да бір қызығушылық тудыратын жеке жағдайларды бақылау. Жағдай туралы түсінік алу үшін аталған жағдайды бақылау (ашушаң балаларды бақылау).

-Эпизодтық. Мінез-құлықтың жеке фактілері белгіленеді, мысалы, аталған балаға тән.

-Сыртқы (сыртынан бақылау). Сыртынан бақылау арқылы басқа адам туралы, оның психологиясы, мінез-құлқы туралы деректер жинау әдісі. Ішкі (өзін-өзі бақылау). Тиісті құбылыстарды басынан өткізіп, зерттеуші өзін, өзінің сезімдерін бақылайды.

Бақылаудың әрбір түрінің ерекшеліктерімен бірге пайдалы нәтижелер беретін жерде қолданылуы қажет.

Педагогикалық және психологиялық зерттеулерде бақылаудың көптеген формалары мен түрлері кеңінен қолданылады.

Кең таралған түрлеріне келесілерді жатқызуға болады:


  • Хронологиялық бақылаулар:

лонгитюдтық немесе «бойлық» (ұзақ уақыт ішінде, әдетте бірнеше жылдар бойы жүргізіледі және зерттеуші мен зерттеу объектісінің тұрақты байланысынан тұрады); мерзімдік (уақыттың нақты бекітілген аралығында жүргізіледі);

жеке немесе бір реттік (жеке жағдайды сипаттау мақсатында жүргізіледі).



  • Жағдайға тәуелді бақылау «далалық» (бақыланатын шарт үшін табиғи), зертханалық (объект жасанды шарттарда бақыланады) және табиғи шарттарда туындаған. – Объектіге қатысты бақылаушы орнына тәуелді бақылау ашық немесе жабық (Гезелл айнасы), сыртынан бақылау немесе қосылған бақылау болуы мүмкін. Қосылған бақылау, сыртынан бақылау сияқты ашық немесе жабық болады. Бақылаудың аталған түрлері бір-біріне қарсы тұрмайды және нақты зерттеуде үйлесуі мүмкін.

Келесі ережелерді сақтауда әдістің тиімділігі артады:

  • әртүрлі жағдайларда аталған фактіні бірнеше рет жүйелі бақылау; бұл тұрақты заңды байланыстардан кездейсоқ үйлесулерді ажыратуға мүмкіндік береді;

  • асығыс шешімдер қабылдамау, міндетті түрде бақыланатын фактіге қатысты балама болжамдарды тексеру және шығару;

  • бақыланатын фактінің туындауының жеке жағдайларын жалпы жағдайлардан бөлмеу; оларды жалпы жағдай ретінде қарастыру;

  • әділ болуға тырысу;

  • бір зерттелетін тұлғаны бірнеше бақылаушы бағалауы керек және қорытынды бағалау бақылаулардан қалыптасуы керек, әрқайсының пікірлері тәуелсіз болады.

Введение в психодиагностику. / под ред. К. М. Гуревича, Е. М Борисовой.

– М. , 1997.



Микроскоппен қарағанда. «Сұхбаттасу»

Мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Диагностика тақырыбын таңдап, әңгімелесу жоспарын құрыңыз. Уақыт бойынша шешім қабылдап, диалог негізінде қорытынды жасай отырып әңгіме жүргізіңіз.

Авкариум нысаны бойынша екі шеңберді ұйымдастыруға болады, екеуі шеңбердің ішінде бір-біріне сұрақ қояды, басқалары қадағалаушылар. Сұхбаттасу қорытындысы бойынша диагностикалық құзыреттілікті жетілдіру бойынша ұсыныстар береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет