Диссертация Ғылыми кеңесші техника ғылымдарының докторы, профессор



бет19/47
Дата06.01.2022
өлшемі10,27 Mb.
#13941
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47
Байланысты:
Диссертация Муслимова А.К.-конвертирован

Екінші тарауда сервис-бағытталған қосымшалар мен композиттік веб- сервистерді модельдеудің іс жүзінде ұқсас екені және тек дербес болып табылатын интерфейс моделімен ғана өзгешеленетіні көрсетілді. Петри-Марков торларын сервис-бағытталған қосымшалар мен композиттік сервистерді талдау кезінде пайдаланған жөн екені негізделді. Бұл орайда Петри торларын талдауға байланысты классикалық міндеттердің шешімін алып қана қоймай, сондай-ақ нәтиженің ықтималдық бағасын алуға да болады. Сонымен қатар жобалаушыларға семантикалық тұрғыдан мағыналы және түсіндірілетін Петри торын және талдаманың тұтастығын кейінгі талдау жолымен формальды

тексеру мүмкіндігін алуға мүмкіндік беретін мамандандырылған тілдердің бірінде бизнес-қосымшалардың сипаттізімінен алынған модельдерді талдауға тәсілдеме ұсынылды. Тарауда автоматтандырылған өндірістердің ақпараттық инфрақұрылымын виртуалдандыру кезінде ақпараттық модельдеу және бейсинхронды жүйелерде үрдістерді ұқсату үшін Петри торларына негізделген композиттік веб-сервис моделін құру әдістемесі және иерархиялық боялған Петри торының негізінде сервис-бағытталған қосымшаларды модельдеу әдісі әзірленді.

Сонымен қатар тарауда корпоративтік ақпараттық жүйелерде делдал ретінде ұсынылған веб-сервистердің жергілікті тіркелімі және операциялық жағдай мониторингі қызметін қосымша түрде атқаратын сервистік шинаны (ESB) пайдалануға негіздеме берілді. Диссертациялық зерттеуде делдалды клиент пен сервердің өзара әрекеттесуіне араластырудың екі нұсқасы модельденді және клиент пен веб-сервисті URL алу жолымен байланыстыруды модельдеудің оңтайлы нұсқасы негізделді.

Өзара әрекеттесетін бизнес-үрдістер: оркестрге лайықтау мен хореографияны ұйымдастырудың екі негізгі тәсілдемесіне жүргізілген жан- жақты талдаудың негізінде автоматтандырылған өндірістерге арналған ақпараттық инфрақұрылым виртуализациясын ұйымдастыру және басқару үшін хореографияның неғұрлым лайық келетіні анықталды.



Үшінші тарауда аппараттық виртуализацияға арналған бұлттық платформа - KVM (Kernel-based Virtual Machine) еркін таратылатын бағдарламалық қамтамасыз ету қарастырылды және оны таңдау негізделді және ОС Ubuntu еркін таратылатын ортасында виртуалдық машинаны тәжірибелік жүзеге асыру және жөнге келтіру іске асырылды.Автоматтандырылған өндірістердің ақпараттық инфрақұрылымының қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескеретін бұлттық сервисті құрудың алгоритмі ұсынылды. Сонымен қатар ақпараттық инфрақұрылымды виртуалдандыру сервисін техникалық-экономикалық негіздеудің әдістемесі әзірленді.

Сонымен қатар тарауда 8 негізгі топқа бөлінген шағын және орта бизнестің автоматтандырылған өндірістеріне арналған веб-сервисті бағдарламалық қамтамасыз етудің базалық құрамын таңдауды негіздеу жүргізілді. Шағын және орта бизнестің автоматтандырылған өндірістерінің кәсіпорындарында қалаулы өндірісті және өнімнің сапасын басқарудың интеллектуалдық жүйелерінің анық емес логикасының негізінде модельді әзірлеу әдістемесі ұсынылды жәнежүзеге асырылды. Автоматтандырылған өндірістерге арналған ақпараттық инфрақұрылымның үлгілік нұсқаларын таңдаудың, жобалаудың және бейімдеудің әдістемесі мен алгоритмдері әзірленді.

Сонымен қатар тарауда виртуализация қызметтерін көрсетуге арналған ақпараттық жүйенің архитектурасы әзірленді және жүзеге асырылды. «1С Кәсіпорын» корпоративтік ақпараттық жүйесінің құрауыштарының өзара әрекеттесуін басқаруды автоматтандыру бойынша бақыланатын тәжірибе жүргізген кезде хореография қағидаларының негізінде виртуалдық инфрақұрылым сервистерінің автоматты композициясы әдісінің тиімділігі

көрсетілді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет