Диссертация жұмысы 7M01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


КІРІСПЕ Диссертация жұмысының жалпы сипаттамасы



бет2/3
Дата02.06.2023
өлшемі21,82 Kb.
#97830
түріДиссертация
1   2   3
КІРІСПЕ
Диссертация жұмысының жалпы сипаттамасы. Жыраулар поэзиясы – қазақ әдебиеті тарихындағы аса бір айтулы мұра, асыл қазына. Әдебиетте де тарихта да ақындық, жыраулық поэзияның өзіндік бір маңызды орны бар. Қазақ халқы байлығының ең құндысы – осы даналардан қалған асыл мұраларымыз болып табылады. Рухы мықты ұлт қана ұлы ұлтқа айнала алады.
Жыраулық поэзияның тақырыптық-мазмұндық, жанрлық, әлеуметтік сипаты жайында С.Негимов, С. Сейфуллин, М. Әуезов, Қ.Жұмалиев, Ж. Тілепов, М. Мағауин секілді ғлымдардың еңбектерінде толық бір кезеңнің әдеби мұралары, поэзия жанрында көтерілген мәселелер, жыраулық дәстүрдің дамуы көптеп зерттелгенімен, дәстүр мен жыраулар мұрасынадағы тәрбиелік идеяны оқыту күні бүгінге дейін қарастырымаған. Жыраулық поэзия XV-XVIII ғасыр әдебиетінде ерекше орынға ие. Қазақ әдебиеті төрінде алатын орны мен өркендеуіне қосқан үлес салмағы жайлы Мұхтар Әуезов пен Мұхтар Мағауиндердің құнды шығармалары дүниеге келді.
Ақын-жыраулар поэзиясындағы тәлім-тәрбие идеяларына тоқталатын болсақ, жыраулар ұрпақ тәрбиесі – отбасынан бастау алатын ұлттық құндылық деп түйген. Ұлттық қадір-қасиет – ұлттық сана-сезімнің өзегі, адамгершіліктің бірегейі, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық сана­сының жемісі, кісілік қасиеттер жиынтығы. Қазақ халқы өз ұрпағын адамгершілікке, ізгілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді ежелден-ақ өзінің басты мақсаты етіп қойған. Ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі кҥннің басты талабы. Сол себепті біздің төл әдебиетіміздің ақын-жыраулары тәрбие мәселесі жөнінде біраз қалам тербеген. Сонау Сыпыра жыраудан бастап, Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар, Шал, Махамбетке дейінгінің барлығы да фәлсапалық ойларын тәрбиемен байланыстыра отыра жазған. Ақын-жыраулардың ұлағаты арқылы ұлттық тәрбиеге мән беру – сіз бен біздің қоғам алдындағы парызымыз.
Диссертация жұмысының өзектілігі. Әлемдік білім сахнасында демократияландыру, гуманитарияландыру, ізгілендіру үрдістері кеңінен өріс алған бүгінгі күнде, жаһандану дәуiріне, жалпы әлеумет ақпараттандыру ғасырына қадам басқан кезеңде, еліміздің білім беру жүйесін де өзгермелі дүние жағдайына бейім жастарды оқытып, тәрбие беруге жаңаша көзқарас тұрғысынан өркендету басты талап болып табылады. Бұл барлық пәннің жалпы білім жүйесіндегі орны мен рөлін анықтап, оны оқытудың тұтас әдістемелік жүйесін жаңа заман сұранымына сай жетілдіріп отырудың қажетігін айғақтайды.
Жалпы орта білім беретін мектептегі қазақ әдебиеті – оқушыны сөз өнерінің сырларына бойлата оытырып, оның эстетикалық талғамының дамуына жол ашуда, шығарманың көркем айшықтарын, эстетикалық идеалды қабылдау мәдениетін қалыптастыруда, оқушының адамгершілік қасиеттерін, рухани жан-дүниесін байытуда, ізгілікке баулуда тәрбиелік рөлі ерекше пән. Өйткені қазақ әдебиеті пәні – «оқушы зердесіне заманалар келбеті мен өмір тынысын жеткізетін халқымыздың көркем тарихи, ұлттық рухани санасын тәрбиелейтін, тіл үйрететін, оқушының адам мен адам, адам мен қоғам туралы түсінігі мен тәжірибесін байытатын әрі реттейтін өмір оқулығы». Олай болса, қазақ әдебиетін оқыту үдерісінің жетілдірілуі, жан-жақты дамыған рухани бай, өз елін, халқын жанымен сүйетін тұлға қалыптастыруға барлық мүмкіндіктерідің пайдаланылуы – басты шарт.
Кеңестік саясатты жүзеге асыруда кедергі болады деп оқу-тәрбие үдерісінен әдейі шеттетілген әдеби, мәдени құндылықтар қатарында ел азаттығын армандаған, ұлтты әділдік жолындағы күреске жұмылдырған бабалар мұрасы – жыраулар поэзиясы болуы заңды.
«Жаңашыл болғанның жөні осы екен деп ескі әдебиетті отқа өртеу керек деп жүрсіңдер, ескі әдебиетті, ескі мәдениетті отқа өртеп, енеден даншыпан, енеден еңбекшіл болып туған кім бар еді? Жаңаға ескі сабақ, жаңаға ескі баспалдақ емес пе?» деген құнды пікірді қалдырған еді Ж.Аймауытов. Академик М.Әуезов педагог-ғалымның осы бір пікірін қолдай отыра, «Әдебиет мектеп ішіндегі оқушының ақылын, сезімін тәрбиелеп, қалыптап жетілуден басқа сол оқушыға қазақ деген елдің өткендегісі мен бүгіндегі пішінін танытуға керек» - деп тұжырымдаған.
Ендігі жерде сол асылдарды қайта жандандыруға, оларға әдебиет тарихындағы өз орнын беруге мүмкіндік туды. Бұл әдеби білімнің толықтығын сақтау ұстанымымен де ұштасып жатыр. Өйткені, біріншіден, ұлт әдебиетінің даиму жолына көз салсақ, халқымыздың рухани өмірінде айтарлықтай із қалдырған жыраулар поэзиясының ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетін байланыстырушы көпір болғандығынтанимыз. Екіншіден, қазақ халқының тарих сахнасына шығуы нәтижесінде төл әдебиетіміздегі авторлық поэзияның басы болып саналатын жыраулар поэзиясының әдеби білім жүйесінде орны бөлек. Үшіншіден, артып отырған кезеңде ұлттық ділді қалыптастырудың айырықша құралы ретінде де жыраулар поэзиясы маңызды рөл атқарады. Сондықтан әрі білімділік, әрі тәрбиелілік сипаты мол жыраулар шығармашылығын жалпы білім беретін мектептерде жүйелі түрде оқытудың қажеттігі дау тудырмайды. Демек, бүгінгі таңда, өткен тарихымызға қайтадан үңіліп, сараптап, саралап жатқан уақытта, мәдениеттің қайнар бұлағы болумен қатар, халық тарихының, ұлттық дүниетанымының жинақталған алтын қоры, баға жетпес құнды да құнарлы дереккөзі болып табылатын жыраулар поэзиясын мектепте оқытудың әдістемесін жасау – қоғамдық-әлеуметтік сұранымнан туындап отырған басты қажеттілік. Міне, осындай бірқатар себептер, сондай-ақ танымдық, тәрбиелік мәні айырықша туындылардың қазіргі оқыту оқыту үдерісіндегі маңыздылығы мен оның практикалық тұрғыда жүзеге асуы мүмкіндігі арасындағы қайшылықтарды шешуге деген мүдделілік ғылыми-зерттеу тақырыбымызды «Жалпы білім беретін мектепте жыраулар поэзиясын оқытудың әдістемесі» деп таңдап алуымызға негіз болды.
Қазақ әдебиетін оқыту мәселелері Ы.Алтынсариннен бастап, әдебиеттанушы ғалымдар А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиевтердің, одан бері қарай А.Көшімбаев, Ә.Қоңыратбаев, С.Қирабаев, Т.Аұшолақов, Ә.Дайырова, С.Тілешева т.б. әдіскер-ғалымдардың әр кезеңдерде жазылған еңбектерінде әр қырынан әр түрлі деңгейде зерттеліп, зерделенді. Осыған орай оқу бағдарламалары да мазмұн жағынан жаңарып, толығып отырды. Мәселен, қазақ әдебиетінің тарихын енгізген М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» оқулығы «қара тізімге» ілінді. Содан бастап мектеп оқулықтарында жыраулар поэзияы мүлде кереғар бағытта таныла бастады. Ол туралы үстірт, жалғандықпен бұрмаланған пікірлер шолу сипатындағы оқу материалдарында қамтылды. Тек ХХ ғасырдың ортасынан бастап оқу бағдарламаларына Бұқар Қалқаманұлының бірқатар өлеңдері енді.
XX ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап қазақ жыраулар поэзиясын арнайы зерттеген Б.Кенжебаевтің, Ә.Марғұланның, М.Мағауиннің, Х.Сүйіншәлиевтің іргелі теориялық зерттеулерінен кейін бұл бағыттағы оқыту әдістемесінде де жаңа серпін пайда бола бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет