Диссертация жұмысы 7M01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Зерттеудің мақсаты мен міндеттері



бет3/3
Дата02.06.2023
өлшемі21,82 Kb.
#97830
түріДиссертация
1   2   3
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: XV-XX ғғ. ақын-жырауларының рухани құндылықтар туралы ой-тұжырымдары мен пайымдауларын ғылыми-теориялық жағынан дәлелдеп, оларды бүгінгі оқу-тәрбие жұмыстарына ендірудегі маңызын ашу. Ақын-жыраулар поэзиясының рухани құндылығы, тақырыптық өзгешілігі мен жанрлық сипатын ашу. Ақын-жыраулар поэзиясын оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздерін айқындау, оны оқытудың тиімді әдістемелік жүйесін тәжірибеде қолдану, белгілеу.

  • Ақын-жыраулар поэзиясы арқылы эстетикалық тәрбие берудің мәні мен тарихилық сипатын ашу;

  • XV-XX ғғ. ақын-жыраулар толғауларын қазақ әдебиеті сабақтарында жыраулар поэзиясының оқытылу мәслелерін қарастыру;

  • Ақын-жыраулар поэзиясының тақырыптық-идеялық жүйесін талдау;

  • XV-XX ғасырлардағы ақын-жыраулар шығармаларындағы рухани құндылықтар туралы ой-тұжырымдарды қазіргі тәрбие процесінде пайдаланудың мүмкіндіктерін айшықтау.

Диссертация жұмысының ғылыми жаңалығы.

  • Қазақ мектептерінде қазақ әдебиеті сабағында ақын-жыраулар поэзиясын оқытудың ғылыми-әдістемелік тәсілдерін жүйелі түрде анықтауға жұмыс атқарылды;

  • Ақын-жыраулар поэзиясының қазақ әдебиетіндегі алатын орны анықталды;

  • Ақын-жыраулар шығармашылығын жаңа технология бойынша оқытудың тиімді әдіс-тәсілдер жүйесі көрсетіліп, білім алушылардың дара тұлғалық қабілеттерін дамытудағы мәні нақтыланды;

  • XV-XX ғасырлардағы қазақ ақын-жыраулар поэзиясының мазмұндық-құрылымдық сипаты айқындалды.

Диссертациялық жұмыстың нысаны. Жалпы білім беретін мектептерде қазақ әдебиетін оқыту үдерісі.
Диссертация жұмысының теориялық және әдіснамалық негізі: оқу үрдісінің тәрбиелік, білім беру, дамыту мақсаттарына қатысты ұстанымдар; ұлттық тәрбие заңдылықтары мен ақын-жыраулар мұрасының философиялық, психологиялық, педагогикалық тегі арасындағы байланыс;
Диссертация жұмысының ғылыми тәжірибелік мәні. Ғылыми зерттеу еңбегіндегі әдістемелік тұрғыдағы ұсыныстар мен оқытудың жаңа бағыттағы жүйелерін, сабақ үлгілерін әдебиетті оқыту үдерісінде қолдануға болады. Әдістемелік нұсқауларды қазақ әдебиеті пәні мұғалімдері өз тәжірибелік-педагогикалық шығармашылық жұмыстарындағы ізденістерге қолдануға, басшылыққа алуға болады.
а) мұғалімдерге, оқытушыларға арналған «XVIII-XIX ғасырлардары ақын-жыраулардың мұраларындағы рухани құндылықтарды тәрбие процесінде пайдалану» арнайы семинары;
ә) оқушылар мен студенттерге арналған «XVIII-XIX ғасырлардағы ақын-
жыраулардың мұраларындағы рухани құндылықтар туралы ой-тұжырымдары» арнайы курсы;
б) «XVIII-XIX гасырлардары акын-жыраулар жоне олардын эстетикалык
торбие туралы ойлары» монографиясы дайындалы, усынылды.
Зерттеу нәтижесінде қол жеткізген теорилық қорытындылар мен ұсыныстарды жастарға рухани құндылықтарды сіңдіріп, тәрбие беру жұмыстарында қолдануға болады.
Диссертация жұмысының әдістері: ғылыми-педагогикалық, теориялық әдебиеттерге талдау беру арқылы талдау, топтастыру, салыстыру, осыған дейін зерттеліп, ғылыми айналымға түсірілген ғалымдар мен әдебиеттанушылардың еңбектерін саралау, дәстүрлі объективті-аналитикалық ой-тұжырымдар жасау, жинақтау, жүйелеу әдістері жүзеге асты.
Диссертация жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет