Зерттеудіңғылымижаңалығы ретінде қазіргі отандық қаламгерлер прозасына постмодернизм философиясы мен эстетикасы тұрғысынан терең әрі кешенді талдау жасалатындығын айта аламыз.
Зерттеуде Д.Амантай, Д.Нақыпов, Ж.Қорғасбек, А.Жақсылықов, Т.Әсемқұлов, М.Қосын, Ә.Байболдардың шығармашылықтарындағы көркемдік шеберліктің жаңа қырларын, сондай-ақ олардың дара-авторлық қолтаңбаларын анықтауға, рухани ізденістері мен шығармашылық тәжірибелерінің сырына қанығуға жол ашатын интертекст, симулякр қызметінің өзіндік ерекшеліктері анықталады.
Постмодернистік мәтіндерде ақиқатты, тұжырымдамаларды және идеялық-эстетикалық жүйелерді, моральдық-этикалық құндылықтарды
ирониялық тұрғыда қабылдаудың ерекшеліктері А.Жақсылықов, Д.Нақыпов, Д.Амантай шығармалары негізінде алғаш рет зерттеліп, жүйеленді.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы.Зерттеу жұмысының нәтижелері қазіргі қазақ әдебиетін және оның даму заңдылықтары мен үрдістерін, постмодернизм мәселелері мен отандық әдебиеттегі көрінісін зерттеуде дәйекші дереккөз бола алады. Сонымен қатар орта, арнайы, жоғары мектептерде, жоғарғы оқу орындарында өтілетін «Қазіргі қазақ әдебиеті»,
«Әдебиет теориясы», «Әдебиет поэтикасы» сияқты арнаулы курстар мен семинарларда оқу материалы ретінде пайдалануға болады.
Қорғауғаұсынылғаннегізгітұжырымдар. Зерттеу нәтижесінде мынадай тұжырымдарды қорғауға ұсынуға болады:
постмодернизм – танымға қарай өзгермелі эстетикалық, философиялық ғылыми-теориялық концепциялардың жиынтығынан тұратын бағыт;
қазіргі қазақ прозасындағы постмодернизм мәдениеттер тоғысында орын алған құбылыстарды көркем әдебиетте плюралистік сана арқылы қайта пайымдауға негізделген тенденциялық сипатқа ие;
қазіргі қазақ прозасындағы постмодернизм Батыс Еуропа, АҚШ, Ресей авторлары прозасынан өзіндік сипаттарымен ерекшеленеді. Қазақстанда саяси жүйенің ауысып, демократиялық қоғамның құрылуына байланысты прозадағы постмодернизм әлеуметтік-мәдени, идеологиялық, моральдық қайшылықтарға бағытталып, формалық жағынан тәжірибеге негізделді;
қазақ прозасындағы постмодернизм формалық ізденістерге негізделетіндіктен, көп жағдайда жазушылар шығармаларында авторлық позициядан бас тарта алмаған;
қазіргі постмодернистік прозадағы көркемдік тұтастықтың бұзылуына себепші интертекст, симулякр тәсілдері оқырманмен ойын мақсатында пайдаланылып, постмодернизмнің «автордың өлімі», бинарлық оппозицияға қарсылық тұжырымдамаларымен ұштастырыла қолданылған. Мұндағы интертекст автор-мәтін-оқырман үштігіне құрылған;
қазақ жазушыларының шығармаларында постмодернизм мәтін тұтастығына (деконструкция), үлкен идеяларға, иерархияға, этикаға, моральдық құндылықтарға негізделген классикалық шығарманың мақсаты мен мазмұнына жасалған ирония арқылы көрініс тапты.