аңғарту:
1 жас=60 жыл (григориан күнтізбесі) =1ата/1 ұрпақ =1 жыл (түркі күнтізбесі); 1 ру=420 жыл=60 жыл (1жас/1ата/ 1 ұрпақ/1 жыл) х7;
270 жыл х 60 жыл (1жас/1ата/ ұрпақ) =16200
ТҮРКІ КҮНТІЗБЕСІ
(григориан күнтізбесімен салыстырып қарағанда)
1рудың басталуы
0 жыл
|
1рудың аяқталуы
7 жыл
|
32 рудың аяқталуы
224 жыл
немесе григориан күнтізбесіне көшу үшін
60-қа көбейтеміз:
|
33 рудың аяқталуы
231 жыл
немесе григориан күнтізбесіне көшу үшін
60-қа көбейтеміз:
|
34 рудың аяқталуы
238 жыл
немесе григориан күнтізбесіне көшу үшін
60-қа көбейтеміз:
|
35 рудың аяқталуы
245 жыл
немесе григориан күнтізбесіне көшу үшін
60-қа көбейтеміз:
|
36 рудың аяқталуы
252 жыл
немесе григориан күнтізбесіне көшу үшін
60-қа көбейтеміз:
|
37 рудың аяқталуы
259 жыл
немесе григориан күнтізбесіне көшу үшін
60-қа көбейтеміз:
|
38 рудың аяқталуы
266 жыл
немесе григориан күнтізбесіне көшу үшін 60- қа көбейтеміз:
|
269 жыл
|
270 жыл
|
39 рудың аяқталуы
273 жыл
немесе григориан күнтізбесіне көшу үшін
60-қа көбейтеміз:
|
0 420 13440 13860 14280 14700 15120 1554 15960 16140 16200 16380
григориан 2280 240
2940
Сурет 1 – Д.Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романындағы «Түркі күнтізбесі»
37
бізге бірқатар көркем шығармалар мен теориялық еңбектерді еске түсіреді.
«Тек әрбір кітап құрылымын, рисале желісін реттік санмен белгілеп қойып, түрлі құбылмада түрлі ғайыр кітап жасап, қайтара бұзып, ойда жоқта кездейсоқ санын, тосын ретін шығарып, тәртіпсіз айналған жұмбақ таңбалардан жаңа мақтұбат тауып отыруымыз ғана қалған секілді» [28, б. 46] – деп сипатталатын дәйексөз испан жазушысы Х.Л. Борхестің «Вавилон кітапханасы» әңгімесіндегі: «Этот мыслитель заметил, что все книги, как бы различны они ни были, состоят из одних и тех же элементов: расстояния между строками и буквами, точки, запятой, двадцати двух букв алфавита. Он же обосновал явление, отмечавшееся всеми странниками: во всей огромной Библиотеке нет двух одинаковых книг. Исходя из этих неоспоримых предпосылок, я делаю вывод, что Библиотека всеобъемлюща и что на ее полках можно обнаружить все возможные комбинации двадцати с чем-то орфографических знаков (число их, хотя и огромно, не бесконечно) или все, что поддается выражению – на всех языках » [33, с. 83], – деген үзіндіні еске түсіреді.
Екі мәтін бір-бірін сөзбе-сөз қайталамаса да, біз мұнда әлдебір ұқсастықтың, яғни тұспалдың барлығына көз жеткіземіз. Мысалы, әннің сөзі емес әуені ұқсағанындай бір құбылыс. Алайда, бұл автордың өз ойынан шыққан болуы да ғажап емес, бірақ шығармашылығы үндес, әдебиеттегі ұстанған бағыттары бір жазушы шығармашылығының санадан тыс болса да әсерін жоқ деуге болмайды. Кіріспеде келтірілген еңбектерге шолу барысында Р.Барттың интертекске байланысты теориясының [11, с. 418] осындай тұстарда дұрыстығы да расталып отырады. Интертекстің заңдылығына сүйеніп талдар болсақ, реминисценция құбылысы арқылы «Вавилон кітапханасындағы» мәтіннің құрылымы идеясын көшіріп әкелген.
Сондай-ақ, екі автор да жазылған шығармасының құрылымын, ондағы негізгі ерекшелік, интертекстуалдылық табиғатын түсіндіріп өтуге тырысқан. Бұл екі үзінді әртүрлі мәнмәтінде берілсе де, көркем шығарма ішіндегі теориялық тұжырым болып табылады.
Романның «Молда» тарауындағы Әлішер мен молда арасындағы диалог Абай Құнанбайұлының өлең жолдарынан тұрады:
Абай: «Бір қайғы ойласаң, Жүз қайғыны қозғайды» деген.
Және «Қайғы шығар іліменен» деп те жазған.
Иә, «Ойсыздарға қосылма», «Ішкені мас, жеген тоқ, Уайым айтар біреу
жоқ».
Бірақ «Арсыз болмай атақ жоқ, алдамшы болмай бақ қайда?»
Десек те, «Ішем деп бейнет сусынын, Асау жүрек алқынар».
«Білмеген соқыр, Қайғысыз отыр». Сонда қалай, қайғысыз дүние тұл,
ғұмыр мәнсіз бе? – деп екі кейіпкер де Абай өлең тармақтарымен жауаптасады.
«Жақсылық ұзақ тұрмайды», «Қайғы шығар ілімнен», «Осы қымыз қазаққа», «Бөтен елде бар болса», «Қарашада өмір тұр», «Кейде есер көңіл құрғырың», «Сегіз аяқ» өлеңдерінен алынған жолдар әңгіме орайына қарай құрастырылған.
Қайғы шығар ілімнен, Ыза шығар білімнен.
Қайғы мен ыза қысқан соң,
Зар шығады тілімнен [35, б. 182], –
деп жырлаған Абай ақынның шығармашылығынан алынған өлеңдер мазмұны Әлішердің сол тұстағы көңіл-күйімен ғана емес, сол тұстағы қоғамның көңіл- күйімен үндеседі. Мұнда автор дәйексөз авторына сілтеме жасайды.
Постмодернизмнің өзіне дейінгі мәтіндерді интертекстуалдық орайда жандандыруын екі тұрғыдан қарастыруға болады. Мұнда автор енді айтылатын сөз қалған жоқ, айтылатын ойдың барлығы түгесілген дегенді негізге алған автор өз шығармашылығына да ирониямен қарайтын тәрізді. Авторды өзіндік иронияға жетелеген Абайдың өлеңдеріндегі өмірлік өшпес пәлсападан ешкім де артық айта қоймас деген идея екендігін «Тіпті кітаптың ақырзаманына келген сықылдымыз. Енді игеретін, жаңалық тудыратын тың тақырып, жаңа порма, озық үлгі, өзгеше тіл қалмаған құсап көрінеді де тұрады. Тек әрбір кітап құрылымын, рисале желісін реттік санмен белгілеп қойып, түрлі құбылмада түрлі ғайыр кітап жасап, қайтара бұзып, ойда жоқта кездейсоқ санын, тосын ретін шығарып, тәртіпсіз айналған жұмбақ таңбалардан жаңа мақтұбат тауып отыруымыз ғана қалған секілді» деген роман мәтініндегі осы тұжырымнан аңғаруға болады. Қайталанбас бірегей автор болу, өзіне хас стильді басты құндылық ету идеясынан бас тартады. Себебі постмодернизм автор-туынды тізбегін туынды-автор тізбегіне ауыстырғандықтан, қазіргі оқырман үшін оның маңызы жоқтығын анық түйсінген. Мұнда интертекстің көп жағдайда пародиялау арқылы автор шығармашылығын қайта қарау қызметіне бой ұруы байқалмайды, яғни Абай өлең жолдарын тізбелегенде оның шығармашылығын қайта құрылымдау, өзгеріс ендіру немесе ирониялық көзқарастан гөрі әйгілі
«мәтін-дәйексөздерден тоқылған құрақ көрпе» теориясына ғана мән берген. Осы тұстан бір қарама-қайшылықты да байқауға болады. Бізге дейінгінің барлығын Абайдай алып айтып қойған, Абайдан асырып айтарымыз жоқ деп бірегейліктен бас тартса, екінші жағынан интертекстің басты қызметі ирониядан, пародиядан бас тарта отырып, Абайды ұлықтап, қазақ әдебиетіндегі Абайдың орнын абсолюттендіріп тұрғандай көрінеді. Осы орайда ұлы ақынға деген құрмет постмодернизмнің иерархияларды мансұқ ету идеясынан басым түсіп, таразы басын жеңіп кеткенге ұқсайды.
Романда интертекстуалдылықтың сілтемеге (референцияға) негізделген түрлері де ұшырасады. Мәселен, романның «Әлішер» атты тарауында ұшырасатын «Тәңірі төбесіне тұтқан Борылдай баба тұтас бір туыс рулардан құралған ірі тайпасын ертіп, жерұйықты іздеу туралы шешімге келіпті. Ұйғарым рубасыларына жақпаса керек. Қоныстанып отырған өлке сонау Құтұ, Үкен Батачы тұсындағы ықылым замандардан бері келе жатқан аяулы өңір. Қайда бет түземекпіз, қиып алынған жаңа қыстаудан не табамыз, жұртта қалған атамекен ертең көз алартқан жау қолында кетпей ме» [28, б. 9] деп келетін мәтін ішіндегі мәтінде «жерұйықты іздеу» мотивіне ишара бой көрсеткен.
Интертекстуалдылықта маңыздысы дәйексөздің нақтылығы емес, оқырманның оны оңай тани алуында. Осыған орай мәтінде «жерұйықты іздеу» сөзі,
«жерұйық» мотиві басты мәнге ие болып тұр. Әдеби және мәдени дайындығы бар оқырман мұндағы семиотикалық үдерісті оңай аңғарады. Әлемдік мәдени мұраларға көз жүгіртсек, Авраам (Ибраһим) пайғамбардың Жаратушы тарапынан уәде етілген жерұйықты іздегені туралы жазбалар Інжіл сынды киелі кітапта [36], түркілердің Қасқыр-анасы ұрпағын «Ергене-көң», «Өтукен» сияқты жау көзінен таса, берекелі құт-мекен, жерұйықта өсіріп-өрбіткені [37, б. 192-194] туралы түркі халықтарының ежелгі мифтерінде, ХV ғасырда өмір сүрген аңыз-адам, желмаяға мініп, халқы үшін жерұйықты іздеуші Асанқайғы туралы қазақ, қырғыз, ноғай [38, б. 253] мифтерінде ұшырасады. Автор осы үш дереккөздің барлығымен де таныс. Себебі Д.Амантай романның «Жазбалар» атты тарауында «Көк байрақты түркі тарихы мен қасиетті кітаптар түгел дерлік оқылды» [28, б. 119] және «Бұл романда, негізінен, байырғы түркі аңыз- әпсаналары, ертегі желілері, батырлар жырлары, ғашықтар баяндары және Дешті-Қыпшақ даласы мен мәдениетіне ықпал еткен пәлсапалық бәйіттер, жүйелі діни ойлар кеңінен қолданылатын болады» [28, б. 119], – дейді.
Бірақ, біздің пайымдауымызша, автор әлем халықтарының мәдениетіне ортақ мотивтерді қорыта отырып, Асан Қайғы нұсқасын көбірек негізге алған. Абыз қарт Асан қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің халқына жайлы қоныс іздеуіне қарсы болмаса да, ата жұрттан безініп, Моғолстандағы Иса-Бұға ханның ордасына дейін ұзап көшуге қарсы болғаны мына өлең жолдарынан мәлім:
Қырында киік жайлаған, Суында балық ойнаған Оймауыттай тоғай егіннің Ойына келген асын жейтұғын Жемде кеңес қылмадың, Жемнен де елді көшірдің.
Ойыл деген ойынды, Отын тапсаң тойынды, Ойыл көздің жасы еді, Ойылда кеңес қылмадың, Ойылдан елді көшірдің, Елбең-елбең жүгірген, Ебелек отқа семірген,
Екі семіз қолға алып, Ерлер жортып күн көрген Еділ деген қиянға
Еңкейіп келдің тар жерге [39, б. 23].
Алайда роман мәтінінде бұл тұстар кері мәнде берілген. Роман кейіпкері Борылдай бабаның жерұйықты іздеуіне туыстары қарсы болса, Асан қайғы толғауында өзі жерұйықты іздеуші бола тұра, атамекеннен алыс көшуге разы болмағаны айқын көрініп тұр. Зерттеуші ғалым А.Н. Безруков интертекстің
жаңа мәтін мәнмәтініне қарай өзгеріп отыратындығын айта келе: «Контекст не может рассматриваться как явление застывшее, раз и навсегда созданное приложение к тексту/произведению; он (контекст) является важнейшей состовляющей внетекстовых структур; литературный контекст – динамическая, подвижная система» [340, б. 8], – дейді. Осыған орай жерұйықты іздеу туралы аңыз мәтіні роман мәтініне енуімен оның мән-мағынасы өзгеріп, жаңа мағыналар туындап отыр. Ю.Кристеваның интертекcтуалдылық табиғаты туралы сырттан енген мәтін шығармашылықтың қазанына түскенде я оң бағасын алады, я терістеледі дегеніндей [41, б. 136], жерұйықты іздеу идеясына қарсылық жазушы Дидардың емес, оның шығармасының кейіпкері Әлішердің жазған мәтінінде теріс мәнге ие болған.
Романның бірінші бөлімінде және үшінші бөліміндегі «Әлішер» атты тарауларда берілген «Жер бетін тұман басты. Содан кейін аспан салбырап төмен түскен. Еңсені көтеріп жүру мүмкін болмай қалды, адамдар бойын тіктеп тұра алмаған соң, жер бауырлап еңбектей бастады...» [28, б. 118] деп келетін мәтін бірнеше ғылыми еңбектерде және аңыз-әңгімелерде кездеседі.
а) Ә.Балқыбектің «Ау-у-у». Қасқыр мифі мен тотемі құпиясын шешуге талпыныс» мақаласында;
ә) Снохимиш тайпасы туралы аңызда;
б) Тарихи космологиядағы апаттардың геологиялық үдерістерге және әлемдік тарих барысына ықпалы жөніндегі теориясын ұсынушы И.Великовскийдің «Столкновение миров» атты еңбегінде.
Жоғарыда келтірілген үш мәтінмен де автор оқып танысқан секілді және олардың дәл осы мәтінді романға енгізуіне ықпалы болған.
Ең алдымен «Гүлдер мен кітаптарға» Снохимиш немесе Самоа аңызының реминисценциялық сипатта мәтінге енуіне оның Әмірхан Балқыбектің ««Ау-у- у». Қасқыр мифі мен тотемі құпиясын шешуге талпыныс» [42, б. 9] мақаласының әсері бар. Біздің тұжырымымызша, Д.Амантай алдымен ортақ тақырыпта қалам тартқан замандасының осы еңбегімен танысқан. Мақалада Ә.Балқыбек зерттеуші И.Великовскийдің аспанның жерге түсуі туралы Снохимиш аңызына берген ғылыми түсініктерін түркілік Қасқыр тотемінің пайда болуымен байланыстырады.
Ал америкалықтардың «Снохимиш» тайпасы туралы «These people could not talk together, but it happened that none of them where pleased with the way the Creator had made the world. The Sky was so low that the tall people bumped their heads against it» [43] деп баяндалатын мына аңызының аудармасы «адамдар бір- бірімен сөйлесе алмайтын және олардың ешқайсысы да Жаратушының әлемді бұлай жаратуына разы емес-тін. Аспанның төмендігі сондай биік адамдардың басы оған тиіп тұратын» (аударма біздікі) деген мазмұнға саяды.
И.Великовскийдің «Столкновение миров» еңбегінде Снохимиш аңызына мазмұндас Самоа тайпасының аңыздары туралы зерттеулері бар. И.Великовский келтірген Самоа тайпасының алапат апатты сипаттаған мына
«Небо или тучи нависали так низко, что люди не могли стоять прямо, не касаясь их» [44, б. 102] аңыз үзіндісінің қазақша аудармасын романдағы «Жер
бетін топан су басты. Аспан салбырап төмен түскен. Еңсені көтеріп жүру мүмкін болмай қалды, адамдар бойын тіктеп тұра алмаған соң, жер бауырлап еңбектей бастады...» деп келетін абзацтан табасыз. Тек бірінші мәтіндегідегі
«не касаясь их» және екінші мәтіндегі «жер бауырлап еңбектей бастады» деген тіркестер айырмашылығын есепке алмасақ, зерттеудегі аңыз мәтінінің өте жақын аудармасына кезігесіз.
Біздің пікірімізше, тырнақшасыз меншіктелген интертексті плагиат деуден гөрі реминисценция тәсілімен енгізілген деген дұрыс. Өйткені автор аталған қатарларды романда өз мақсатына орай пайдаланған. Сәйкесінше, мәтін мәнмәтіні өзгеріп, жаңаша мәнге ие болған. Романның басында кейіпкер жазушы-Әлішердің түсінде жер бетінің астаң-кестеңі шығып, адамдарды үрей билеген дүрбелеңде алабөтен шаң басқан кітап иісі шығады. Дәл осы мәтінді басқа тарауда жазушы өлімінен кейінгі сәтте қайталап беру арқылы хатқа түскен жазудың, кітаптың адамзат баласы тарихындағы маңызын көрсетуге тырысқан. Бұл тұста байқағанымыз түркітануға байланысты еңбекпен таныса отырып, ондағы дәйексөз және сілтеме арқылы келесі бір еңбектен дәйексөз алынған, яғни қосарлы дәйексөз алу жүзеге асқан.
Романның «Мұса, аләйһис сәләм, Ғайса, аләйһис сәләм, Мұхаммед, салла(А)ллаһу аләйһи уә сәлләм» атты тарауына назар салсаңыз тырнақшаға кейде алынып, кейде алынбай берілген қасиетті Құран аяттары, пайғамбар хадистері, Інжіл, Таураттан алынған дәйексөздер кездесіп отырады.
Мұндағы интертекстің мағына түзушілік қызметі алынған дәйексөздердің тәңір дініне табынып келген ежелгі түркілердің уақыт өте келе буддизм, манихеизм, христиан, ислам діндерінің ықпалында болғаны туралы деректерді әдеби шығармада беруіне бағытталған. Сонымен қатар бұл тарауда түркілердің діни наным-сенімдері туралы зерттеулерге (Л.Гумилев «Древние тюрки» [45, с. 422, 467, 472], Ю.А. Зуевтің «Рание тюрки: очерки истории и идеологии») [46, с. 179-262] аллюзия жасалады. Бұл еңбектерден нақты дәйексөздер алмаса да, ондағы мәліметтерді шығармашылықпен пайдаланған.
Құрылымдық жағынан алынған дәйексөздер үшінші деңгейлік мәтін М3 ретінде қолданылған. Мысалы, Д.Амантайдың «Гүлдер мен кітаптары» М1 – бірінші деңгейлі мәтін болса, метапрозалық үлгіде жазылған роман кейіпкері жазушы Әлішер жазғалы отырған «Тәңір кітабы» М2 – екінші деңгейлі мәтін,
«Тәңір кітабы» кейіпкерлерінің сөздері ретінде алынған дәйексөздер М3 – үшінші деңгейлі мәтін болып табылады.
Сурет 2 – Д.Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романындағы мәтін деңгейлері
Сурет 3 – Д.Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романындағы үшінші деңгейдегі мәтін құрылымы
«Бейнет пен азапты да көтере алатын, Өзім жаратқан пендемнің ғана мойнына ғана артамын», – депті Аллаһ Тағала [28, б. 17]. Мұндағы түркі даласын кезіп ислам дінін таратқан дәруіш өзі келтірген аяттарды Алла тағала айтты деп үшінші жақтан баяндайды. Авторының Алла тағала екендігі айтылған мәтін, тырнақшаға алынып берілген. Алла тағаланың кітабы болып табылатын Қасиетті Құран мәтінінде мағыналық жағынан дәл осыған ұқсас мәтін үзінділері Бақара сүресінің 233-аятында [47, б. 37], 286-аятында [47, б.
, Әнғам сүресінің 152-аятында [47, б. 149], Ағраф сүресінің 42-аятында [47, б. 155], Муминун сүресінің 62-аятында [47, б. 346] кездеседі. Алайда романдағы дәйексөз аяттардағы үзінділерге сәйкес келгенімен, мәнмәтіні ешбір аяттың мәнмәтініне сәйкес келмегендіктен, дәйексөз Құрандағы ешқандай оқиғаға телінбей айтылып, реминисценциялық сипатта алынған деген тұжырымға келдік. Яғни жоғарыда Құран аяттарында түрлі оқиғаларға байланысты адам баласына жүктелетін міндеттер туралы айтылған мәтіндерді қорытындылай келе, романда пайғамбарлардың мойнына жүктелетін міндет туралы айтылған диалогқа аталмыш дәйексөз сәтті ендірілген.
Жоғарыдағы әдіспен Інжілден, Таураттан алынған дәйексөздер де дін таратушы кейіпкерлердің сөзімен өзгеріссіз беріліп отырады. Мысалы, романда келтірілген төмендегі мына дәйексөз:
«1-4, 1-5 (Аян) Шындықтың хабарын адал жеткізген Иса Мәсіх – өлімнен соң қайта тірілгендердің Алғашқысы әрі жер бетіндегі құрылған бүткіл патшалықтардың Әміршісі – сендерге рақымын жаудырып, ұдайы тыныштық сыйлай көрсін! Мәсіх бізді шексіз сүйіп, өзін айқышта құрбан етіп, пәк қанын төкті, сөйтіп, – (пендешілік тірлікте жасаған қылмыстарымызды Өз мойнына алып) – бойымызды күнәдан тазартты» [28, б.18] деген дәйексөз – Інжілдің
«Аян» [48, б. 1158], тарауынан алынған болса, «1-1 (Таурат, Жаратылыстың басталуы) Әуел баста Құдай аспан мен жерді жаратты. 1-1 (Таурат, Жаратылыстың басталуы)Жер ретсіз, тіршіліксіз бос жатты, суға толы тұңғиықтың үстін қара түнек жауып тұрды. Ал Құдай рухы су бетінде қалықтап ұшып жүрді» [28, б. 21] делінген дәйексөз Таураттағы «Жаратылыстың басталуы» [48, б. 9] тарауынан алынған.
Сонымен қатар осы діндерге қатысты жекелеген ұғымдар мен атаулар діни кітаптарда қалай аталса сол күйінде берілген. Мысалы,
Қайда барасыз?
Кидуш га-Шем.
Кеудеңіздегі ненің белгісі?
Магендовид [28, б. 21].
Бұлардан басқа кедошим, Кидуш га-Шем, Магендовид, Минхаг, Тора, Мидраш Раба, Мишна, Могель, Олам-га-Ба, Парев, сойфер, трефа, Тшува, Шива, Шлошим, Шма, Эмуна, Эрец-Исраэл, Сэфер Тора сияқты діни терминдер кейіпкерлерінің диалогтарында кездеседі. Интертекстің нақты алынған дәйексөздерден басқа, мәтінде автор есімін, шығарманы немесе белгілі ұғымдарды, белгілі есімдерді пайдалана отырып келесі бір мәтіндерге сілтеме жасайтын түрлері бар екендігі белгілі. Зерттеуші Ю.Н. Караулов: «Назовем мы
– тексты, (1) значимые для той или иной личности в познавательном и эмоциональном отношениях, (2) имеющие сверхличностный характер, т.е. хорошо известные и окружению данной личности, включая и предшественников и современников, и, наконец, такие, (3) обращение к которым возобновляется неоднократно в дискурсе данной языковой личности» [49, с. 216], – деп белгілі мәтіннің (прецедентный текст) негізгі бірнеше қасиеттерін атап өтеді. Белгілі мәтіндерге көркем әдебиеттен алынған дәйексөздерден басқа аңыз, әпсаналар, ертегілер, ауыз әдебиеті шығармалары
т.б. жатады. Мұнда автор мәтінде діни терминдерді пайдалана отырып діни энциклопедияларға сілтеме жасайды. Мұндағы әдіс Тед Нельсон [50] ұсынған гипертекст әдісіне жақын. Ежелгі діни кітаптардағы мәтінді түсіну үшін ондаған тәпсірлер кітабына жүгінетініміз секілді, мұндағы мәтіндер де энциклопедияларға жасалған шолулар арқылы ғана толыға түспек. «Ондағы мақсат, біріншіден бұл әдіс автордың оқырманмен ойын қағидасын ұстану үшін жасалған, яғни шығарманы толықтай түсіну үшін оқырманды өзі жүріп өткен жолдармен жүруге шақырады. Мәселен, автордың өзі де мұны әдіс ретінде қолдану үшін өзінде жинақталған білім қорын, діни кітаптарды және арнайы энциклопедияларды пайдаланғаны анық. Екіншіден, бұл әдіс ойдың нығыздығына қызмет етіп тұр. Мәтінге діни терминдерді енгізгенде әрқайсысының анықтамасын дәстүрлі әдебиеттегідей түсіндіріп жатпай-ақ шешуін оқырманның өзіне қалдырып отырады» [51, б. 171].
«Заратуштра» тарауында ежелгі зороастризм дінінің негізін қалаушы Заратуштраның дүниеге келуі туралы аңыздарға сілтеме жасалады. Мұнда да интертекстуалдылықтың белгілі және беделді ұғымдарға, атауларға, есімдерге сүйене отырып жасалатын түрі орын алған.
Автор мұнда тарау тақырыбы ретінде белгілі есім Заратуштраны пайдаланған. Алайда мәтін ішінде бұл сөз бірде бір рет кездеспейді. Яғни мұндағы тараудың «Заратуштра» аталып, осыдан бастап мәтіннің туындауына дейінгі автор қолданған тәсілдің реминисценциялық сипаты басым. Өйткені Заратуштраның дүниеге келуі туралы аңыздар роман тарауындағы сюжеттен өзгеше. Анахита есімді әйел қинала толғатып жатыр, оның жанында Ардвисур кемпір мен Абан қыз бар. Біршама уақыттан соң Йима келеді. Терезеден алғаш енген күн сәулесімен бірге жарық дүниеге нәресте де ұмтылып шығып келе жатады. Бұл тараудағы кейіпкерлер Заратуштра, Анахита, Ардвисур, Йима, Абан есімдері бізді ежелегі иран-парсылық киелі кітап «Авеста» жырына жетелейді. «Авеста» мәтініне қаныға отырып, ондағы Заратуштраның дүниеге келуі туралы аңыз жазушының қиялы арқылы жаңа мазмұнға ие болғанына көз жеткізесіз [52, p. 41-42], – деп қаламгерлік ұшқыр қиял дайын мотивтерді тірілте отырып, жаңа мазмұн туындатқаны хақында осы аталған жұмыстың авторы пікір білдіреді.
Жалпы тарау тақырыбының «Заратуштра» аталуы мен кейіпкерлерінің Анахита, Ардвисур, Йима, Абан деп өзге тілде аталуы зерделі, аңғарымпаз оқырманды ойға қалдырары анық. Бұл жазушының өзіндік стратегиясы, яғни осы арқылы өзге шығармаға сілтеме беріп тұр. Бір қарағанда біртұтас мәтін секілді көрінгенімен, белгілі есімдерді қолдану арқылы автор мәтіннен тыс мәтіндерге жол сілтеп, мәтіндер шырғалаңына шақырып тұр. В.Рудневтің
«Словарь культуры XX века» атты сөздігінде: «Гипертекст – текст, устроенный таким образом, что он превращается в систему, иерархию текстов, одновременно составляя единство и множество текстов» [53], – дейді. Яғни оқырманның мәтінді біртұтас әңгіме ретінде оқып шығуына да, әрбір есімге қатысты сілтемелер тізбегін қуалай оқуына да немесе мәтінді сілтемесімен қосып толықтай оқып көруіне болады.
Енді жоғарыда атап өткен тұжырымымызды дәлелдей түсу үшін,
«Заратуштра» тарауындағы мәтіндер шырғалаңына саяхат жасап көрейік.
Заратуштраның дүниеге келуі туралы аңыздар бойынша оның нұрдан жаратылып, дүниеге келгені туралы айтылады [54, с. 152]. «Авеста» бойынша дүние есігін ашарда жан-жағын нұрландырып, жарық дүниеге күліп келген сәбиге диюлар қастандық жасарда оны қорғап қалған жебеуші Аредвисур болатын.
Анахита «Авестаның» 5-мадағында (яшт) [54, с. 173] сипатталатын су және құнарлылық құдайы, кейбір аңыздарда босануды жеңілдетуші қасиеті қоса аталады.
Пәк мағынасын беретін Анахитаны атағанда Аредви Сура есімі қоса айтылатын болған. Сондай-ақ ол туралы ежелгі аңыздарда оны ұлы рух арқылы дүниеге ұрпақ әкелген құдайлар анасы, әрі пәк қыз деп біледі.
Кейіпкер Абан қыз да Анахита Аредвисураның екінші атауы ретінде беріліп отырады. Авестадағы Аредвисураға мадақ жырының екінші атауы
«Абан-яшт» [54, с. 173], яғни «Суларға мадақ» деп аталады.
Йима есімі де ежелгі зороастрийлік қасиетті кітап «Авестаның» алғашқы тарауларында кең байтақ арий даласын билеген парасатты патша ретінде кездеседі [54, с. 75-85].
Мұнда аңыз кейіпкерлерінің есіміне және сипатына сілтеме берілгенімен жазылған әңгіме жазушының өз қиялының жемісі. Олай деуімізге себеп, аңыздарға сүйенсек, Аредви Сура Анахитамен қатар айтылатын, оның ерекше сипатын білдіретін атау, бөлек кейіпкер емес. Алайда интертекстің оқырманын ойға салатын ерекшелігіне орай, әңгімеде аталған кейіпкерлер арқылы аңызды іздей бастайсыз. Аңыз мәтінімен әңгімені салыстырып, әуре болып отырып, мәтінмен қалай диалогқа түскеніңізді байқамай да қаласыз.
Бұдан кейін ізденімпаз оқырман небәрі бір жарым беттік шығармадан үлкен мазмұн туындап жатқанын ұғынады. Қиналып босанған Анахита деген кейіпкер рухтан жүкті болып, пәк күйінше зороастрийлік Құдайды дүниеге әкелген зороастрий дініндегі Құдай-ана екені, әңгіменің астарында әлем жаратылысындағы бір діннің туындауы туралы сырлар жатқанын аңғартады. Аңызда Анахитаның сипаты ретінде бірге жүретін Аредви Сура әңгімеде жеке кейіпкерге айналып, оның босануды жеңілдетуші қасиетін көрсетуге қызмет атқарып тұр. Мысалы, Авестаның Аредви Сураға мадақ бөлімінде осыны мегзейтін мынадай жолдар бар:
Благая, освящает Она мужское семя И матерей утробу,
Чтоб легки были роды, Обильно молоко [54, с. 174].
Әңгімеде кездесетін Йима Авестаның басқы тарауларында егжей- тегжейлі сипатталатын солтүстіктегі Ариана Вэйжа елінің ақылман билеушісі. Авестаның Хом-яшт тарауында (К.А. Коссовичтің аудармасы): «...Йима многославный, безукоризненный вождь племён, знаменитейший изо всех
рождённых людей, какие ни зрели когда-либо Солнце, ибо он сделал, что в царствование его не было смертности ни людям, ни скоту, не было засухи ни воде, ни деревьям, и что нигде не переводилась пища» [54, с. 151], – деп сипатталады.
Йима билігі мың жылға созылыпты, жері ірілі-ұсақты малға толып, адамдары мамыражай тіршілік кешіпті. Бір кезде (Анахитаның әкесі) Ахура Мазда атты арийлер құдайы Йимаға артынан түрлі жұтқа ұшырататын ұзақ қыстың келіп, артынан топан су қаптайтынын ескертіп, халқын суықтан, жұттан қорғайтын үлкен қала тұрғызуға бұйырады.
Қамал тұрғызу туралы аңыз тек «Авестада» ғана емес «Видевдатада» (II 20-43) көрініс тапқан. «Ахура-Мазда и Йима устроили собрание «на славном Арианам-Вайджа у Вахви-Датии», причём Ахура-Мазду сопровождали небесные божества, а Йиму – лучшие смертные. Ахура-Мазда сообщает Йиме, что миру грозит гибель, ибо сперва наступит страшная зима и холод, который погубит две трети скота, а затем таяние снегов повлечет наводнение. Бог советует построить вару, где будут спрятаны запасы: «семя мелкого и крупного скота, людей, собак, птиц и красных горящих огней», а также растений (всё это
«по паре»), провести туда воду, построить дома и помещения для животных» [54, с. 215]. Аңыз бойынша мұздықтар еріп, жерді топан су қаптайды делінеді, бұл жерде оқырман Нұһ пайғамбар туралы мифті еске түсіреді.
Жазушы осылайша оқырманын еріксіз шексіз мәтіндер әлеміне жетелеп отырады. Постмодернизмнің негізгі қағидасы бойынша оқырман автормен бірге мәтіндер шырғалаңын аралауына да, мәтіндерден құрастырылған мозайкаға тұтас сурет ретінде қарауына да толық құқылы.
Д.Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романы – батыс пен шығыс әдебиетін бойына сіңірген, сондай-ақ ежелгі және заманауи шығармалардың түрлі жанрларымен интертекстуалдық байланыс орнатқан шығарма. Өз шығармасын автор постмодернизмнің басты тұжырымдамасы болып табылатын «әлем – мәтін» теориясын ұстана отырып, оның өзгеше заңына бағынатын және түрлі дәуірлер мен түрлі стильдердердің қатпарларынан тұратын өзгеше әлем жасады. Д.Амантайға көркем мәтін тудыру үдерісі бөгде мәтіндер бөліктерін жинап, өзінің авторлық әлеміне орналастыру ісіне айналып кеткендей.
Романның «Сағыныш» атты тарауы адамзат тарихындағы мифтерді зерттеуге айрықша үлес қосқан Мирча Элиаденің «Священные тексты народов мира» (Mircea Eliade «Essential Sacred Writings From Around the World») [55, с. 11-21] атты еңбегіндегі «Божества первобытных народов» тарауынан алынған Австралияның (1), Африканың (6), Солтүстік Америка үндістерінің (3), Полинезияның (1), барлығы 11 мифті (11-21 бб.) пайдаланған. Миф мәтіндері толықтай алынбай, тек үзінділерін қазақшаға аударып тізбектей берген. Мәтін ешбір өзгеріссіз және түпнұсқаға сілтемесіз тізбектелген. Мұндағы түпнұсқаға ишара өзге тілдегі кісі есімдері, тәңірі атаулары, жер-су атаулары ғана. Мәселен, «Сағыныш» тарауындағы «Бала Беракты бір күні нағашы ағасы Кангун қамыс күркеден сыртқа алып шығып, қолындағы шашақты найзасымен
түнгі аспанда алабөтен жарқырап жанып тұрған Әлтайыр жұлдызын нұсқап: – Қараңыз! Бұл – Бунджиль. Сіз оны көріп тұрсыз, ол да сізді байқап отыр» [28, б. 123] деп келетін дәйексөз М.Элиаде еңбегіндегі Оңтүстік-шығыс австралиялық тайпалардың нанымына негізделген «...когда Берак был еще ребенком (у него еще не было бороды), кангун (дядя по матери) вывел его ночью из стана и, указав копьем на звезду Альтаир, сказал: Смотри! Это – Бунджиль. Ты видишь его, а он видит тебя» [55, б. 11] деген аңыз мәтінінен алынған болса, оған тізбектеле берілген «Пауни үндісі Курахустың бабасы қадім асқабы заман кезінде Небраскадағы Платт өзені бойында өмір сүрген болатын...» [28, б. 123] деп басталатын мәтін солтүстік америкалық үндістердің
«Тирава, веховный бог Пауни» [55, с. 21] тарауынан аударылып ендірілген.
Мұндағы дәйексөздер (мәтіндер) ешқандай тырнақшасыз, еңбек авторы көрсетілмей меншіктеліп алынған. Түпнұсқа мәтіннің қазақ тіліндегі аудармасы берілген. Плагиат дерсіз, алайда, өзі романына арқау еткен Барттың теориясын ұстана отырып: «Асқақ мәтін өз бетінше дербес өмір сүреді. Тіпті кітап авторы жоғалып кетсе де, кітап ешқашан жетім қалмайтыны рас. Өйткені мәтін оны үнемі өбектеп отыратын қожайынға бәрібір зәрулік танытпайды» [28, б. 59], – деп Д.Амантай авторлықтан бас тартады.
Достарыңызбен бөлісу: |