Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: Филология ғылымдарының докторы, профессор Пірәлі Г. Ж



бет5/41
Дата17.12.2022
өлшемі421,46 Kb.
#57816
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Постмодернизм (лат. рost. – кейін, фр. moderne – жаңа, қазіргі) – тарихи, әлеуметтік, ұлттық мәнмәтінге байланысты жылжымалы, әрі көп мәнге ие философиялық, эпистемологиялық, ғылыми-теориялық ұғым-түсініктердің, тұжырымдамалардың жиынтығынан тұратын бағыт. Постмодернизмнің басты жаңалықтары үлкен идеологияларға және мәдениет тарихында бір кезеңнен соң бір кезеңге ұласып отыратын біртұтастыққа деген сенімге күйрете соққы беру, оларға кекесін, әжуамен қарау, сондай-ақ бинарлық оппозицияға қарсылық болып табылады. Постмодернизм модернизмнен кейін пайда болып, оның кейбір әдіс-тәсілдерін өзіне мұра етіп алғанымен, модернизмге кереғар бағыт. Мұнда модернизмдегі автордың «Меніне» күмәнмен қарау, автордан мәтінді жоғары қою (Р.Барт «Смерть автора», М.Фуко «Что такое автор»), аласапыран (хаос) дүниеден мән-мағына іздеуден бас тарту және мән-мағына іздеуге пародия жасау, шығарманы ойын түрінде беру – басты шарттардың бірі. Ал постмодернистік мәтін тудырудағы басты құралдар ретінде интертекстуалдылық, метапроза, ирония, оқырманмен ойын, диалогтылық, көркемдік тұтастықтың болмауы т.б.секілді ұғымдарды атай аламыз.
Реминисценция (лат. reminiscentia, еске түсіру) – бұл айқын емес дәйексөз. Мәтіннің өзінен бұрынғы шығармалардағы құрылымдарды, мотивтерді, сөздерді, сөз тіркестерін, белгілі шығарманың атауын, авторын, не кейіпкерін шығармасына саналы, яки санасыз түрде кірістіре отырып жаңаша жазуға негізделген көркемдік жүйе элементі.
Ризома (фр. Rhizome – тамыр сабақ) – Ж. Делез және Ф. Гваттаридің
«Ризома» (1974) кітабында постструктурализм мен постмодернизмнің термині ретінде ортаға шықты. Құрылымның нақты жүйеленген, және иерархиялық тәртіптілік принципіне, сондай-ақ тұтастыққа бағына отырып ұйымдастырылуына қарсы бағытталған постмодерн философиясына тән ұғым.
Симулякр – (франц.simulacre, лат. Simulacrum – бейне, ұқсастық) – шындықтың орнын басатын жалған нәрсе, болмаған шындықтың бейнесі, ақиқатқа жуық ұқсастық.
Тосын сөздер, окказионал сөздер (лат. occasionalis кездейсоқ) – мағыналары тілде орнықпаған, жалпы қолдануға келмейтін, әдетте мәнмәтінде ғана мағынасы ашылатын, сөздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет