Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: Филология ғылымдарының докторы, профессор Пірәлі Г. Ж



бет4/41
Дата17.12.2022
өлшемі421,46 Kb.
#57816
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Диссертация Сәулембек Г.Р.

Интертекстуалдылық (Intertextualite, intertextuality) – 1967 жылы постструктурализм теоретигі, француз зерттеушісі Юлия Кристева енгізген постмодернизмнің "автордың өлімі" (Р.Барт) аталған тұжырымдамасымен байланысты, яғни жеке, белгілі бір автордың жасаған мәтінінің айқын және жасырын дәйексөздер, реминисценциялар, аллюзиялар, мәдени және әдеби байланыстар, сілтемелер арқылы таралып кетуі. Осылайша жекелеген мәтіндер үнемі «диалогқа түсіп», бір-біріне «сілтеме жасайды» және бұл мәтіндердің барлығы өз кезегінде мәдениетпен, тарихпен, шындықпен қарым-қатынасқа түсетін, әрі өзі де мәтін саналатын жалпы мәтіннің бір бөлігін құрайды. Осының нәтижесінде "өзімнің-өзгенің" сөзі қарым-қатынасы бұзылып, кез келген мәтін аз-кем танымал алдыңғы мәтіндерге жауап ретінде бағаланады. Интертекст призмасынан қарағанда, әлем өзіне дейін айтылып қойған, тек оларды басқаша қиыстырып, араластыруға ғана болатын үлкен мәтін (intertext) ретінде қарастырылады.
Интермедиалдылық – бір өнер түрінің басқа өнер туындысынан
«мәтіндерді» пайдалануы да интертекст немесе интермедиалдылық деп аталады.
Метапроза (ағылшынның «metafiction» сөзінен алынған) – басты нысаны көркем шығарманы тудыру үдерісі, көркем шығармада әдеби мәтін табиғатын зерделеу болып табылатын ұғым атауы.
Метанарратив (мета-баян)– біртұтас сипаттау типін құруға бағытталған әмбебап ұғымдар, таңбалар, символдар, метафоралар т.б. жүйесі. Метабаян арқылы түрлі тілдер, сондай-ақ мәдени және мағыналық дискурстар біріктіріледі.
Нарратив (ағылш. и фр. narrative – әңгімелеу, баяндау деген мағынаны береді) – оқырманға немесе тыңдаушыға сөздер мен образдардың тіркесі ретінде ұсынылған өзара байланысқан оқиғаларды мазмұндау.
Нигилизм (лат. nihil ештеңе деген мағынаны береді) – қоғамда қалыптасқан мәдени құндылықтар мен мұраларды, діни, моральдық нормалар мен түсініктерді қайта қарауды, жоққа шығаруды білдіретін ұғым.
Парадигма (гр. παράδειγμα, – мысал, үлгі деген мағынаны береді) – зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория; теориялық көзқарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет