Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: Филология ғылымдарының докторы, профессор Пірәлі Г. Ж



бет33/41
Дата17.12.2022
өлшемі421,46 Kb.
#57816
түріДиссертация
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41
Алдымызға қойып отырған мақсат үшеу: кітап дегеніміз немене, бүгінгі күн мен тарих дегеніміз не, түркі дегеніміз кімдер?

  • Бұл кітаптың соңы ма?

  • Жоқ, керісінше, ниеттеген шығарма – әлемдегі барлық кітаптардың жиынтығы тәрізді жаңа туынды.

  • Кітабым, басқа қырынан аунатып қарағанда, Тәңірінен адасқан ұлы түркі жұртының ажалы туралы мәрсиялы аза. Жоқтау. Тәңірдің баласы түркіні жоқтап күңіренген жетім қоңырау. Ерлікке толы дүбірлі ғұмырдың ақыры туралы қаралы жыр [28, б. 46], деп романның тақырыбы мен мазмұнын аша түсіп, сондай-ақ оның интертекстуалдық қырын да тілге тиек етеді. Ал енді бірде: «Тәңірді мадақтаған кітабым – лабиринт» немесе «Мен қысқа сөйлемдердің үтірмен бөліне отырып, ұзақ сөйлем құраған түрін таңдап алмақшымын. Сонда, әр қысқа сөйлем, бір жағынан, дербес мәртебеге ие

    болады, екінші жағынан, ұзақ сөйлем ішінде тұрып, оған тәуелділік танытады» деп шығарманың құрылымдық сипатына тоқталады.
    Романның сыртқы шеңбері әдеби талдаулардан тыс мәтіндермен де толықтырылған. Әдеби орта, қоғам мен цензура мәселесі де аз-кем жанама түрде айтылып кетеді. Кейіпкер-автордың басынан кешіп отырған оқиғалары арқылы оқырман сол кезеңнің шындығына іштей қанығып отырады. Ұзақ қаңтарылған романын ерікке көндіріп жаза алмаған жазушы, Махамбетті аударуды керексіз санап, үкімет құрған бас әдеби алқаның арқасында қаламақысыз қалса да, Мемлекеттік сыйлық үшін ұлы Омарды даттап мақала жазбақ емес. Сол үшін де бұл, әзірше, үкіметке жағымсыз адам. Мұнда тарихи санадағы құндылықтар шетке ысырылып, тек жарқ-жұрқ еткен сенсациялар маңызды болған қоғам көрінісі мен мұндалайды. Сонымен қатар, кейіпкер әдеби үдерісте болып жатқан құбылыстарға да, әдебиеттің тарихына да өз бағасын беріп отырады, кейде тіпті сын көзімен қарайтын тұстары да жоқ емес.
    «Қазақ ақындары» тарауында бірінің шыққан жинағын жуып, масаң күйде келіп, Әлішерді мазалаған ақындар жайында ол: «Бірақ оны кім оқиды деп ойлады Әлішер, өлең қазір тек өзі үшін ғана жазылатын күнделік дәптері сияқты...» деп заманымыздың көкейтесті мәселесін қозғаса, «Ақындар ішіп отырды. Олар жалған тіршіліктен мағына тауып жүр, сүрген ғұмыры осы, кітаптан кітапқа секіреді, содан кейін жуады, ақыры өз ұлылығына сеніп өледі, сонда мен іздеген жауаптың сауалы оларға ешқашан соқпай кетеді, сана туды – сана өшті, басқа ештеңе жоқ, бұл неғылған ауыр қасірет, бәрін анық көрген әлдеқайда жақсы емес пе, әлде ештеңе аңғармай өткен үлкен бақыт па, ұйқас қуғанда ойдың шеті кетіледі, толық ойда тек ішкі ұйқас қана болады» [28, б. 81], деп ақындық ғұмырдың мағынасыздығын алға тартады. Осы тұста шығармада өнердің және өмірдің түрлі салаларындағы дағдарысты кезеңнің көріністері де, оған автордың көзқарасы да айқын. Жан-жақты қорытынды жасап, дәстүрлі әдебиеттегідей ақыл айтып, тәрбиелеудің жолдарын көрсетпегенімен, бұл тұста біз мағынасыздықтан мағына іздемеуді өсиет ететін постмодернизмнің басты пәлсапасына қайшылықты аңғарамыз. Осы орайда қазақ прозасында постмодернистік прозаның алғашқы қарлығаштарының шығармаларында ара-тұра бой көтеріп отыратын этикалық мәселелердің кездесіп отыруын, бұл бағыттың жаңа топырақта жаңадан тамыр жібере бастауына да, немесе тіпті керісінше, түрленуге, түлеуге сусап отырған әдебиеттің постмодернизмнің түрлі тәжірибелерге молдығына қызыға отырып бас бұрғанымен, бұл бағыттың аясында ұзақ аялдай қоймайтынын аңғарамыз.
    Мұндайда Д.Амантай жаңалықтың сіңуі үшін белгілі бір уақыттың қажет екендігін, өзі жазып отырған постмодернистік романның да қазақ әдебиеті үшін жат, әрі жаңа екендігін ескере отырып, осы бағыт туралы теориялық түсіндірмелерді де кейіпкерінің аузына салады. Жауапкершілікті кейіпкерінің мойнына арта отырып авторлық бетперде киеді. Осылайша, әрі шығармашылық үдеріс хақындағы, түркі дүниесі хақындағы, әрі белгілі бағыттың табиғаты, категориялары туралы филологиялық роман тудырады.
    Роман оқырман оқи бастағаннан бастап жазылады деген постмодернистік шығарманың сипатына сәйкес, оқырман кітаптың сыртынан бақыламайды, жазушының шығармашылық үдерісіне араласып, жазушының сиясы кеппеген жазуларын ілесіп оқып отырады. Әлішер жазу үстеліне келіп жаза бастады. Жазып отырғаны «Шежіре» тарауы, оқырман да оны тап сол жазылу үстінде оқи бастайды.
    Роман ішіндегі роман да мәтіндер хаосынан тұрады, яғни роман біртұтас дүние емес. Олардың басын біріктіріп тұрған тек кейіпкер-жазушы. «Шежіре» тарауы кітап тарихына арналса, мұнан кейінгі тарау «Кітаптарда» тек қана кітап атаулары тізбектеле беріледі, ал «Автор» тарауы «автордың өлімі» теориясы туралы эссе тәрізді болса, «Гүлдер» тарауы әдеби тілде жазылғаны болмаса, гүл туралы рефератқа ұқсайды. Оқырман оны романның бір бөлігі ретінде де, жеке жазылған шығарма ретінде бөлек-бөлек оқи алады. Роман бөлімдерінің қайсысынан бастап оқыса да оқырманның еркінде. Тіпті, түркілер туралы жазылып отырған кітап та оқырман күткен нәтижемен аяқталмайды, емексіп оқиға желісін қуып отырған оқырман алданады. Мысал келтірейік, «Ол жазу үстелі үстінде жатқан қолжазбасын дар еткізіп, екі айырып жыртты да, темір шөңкенің ішіне салып, сіріңке тұтатып, жағып жіберді. Біраздан кейін үйді кеулеген көк түтін мен меске ішіндегі қара күйе ғана қалды. Сосын қайыра беташар тарауын жазып көрді. Есіне киелі кітаптар құрылымы түсті. Біздің жыл санауымызға дейінгі екі жүз жетпіс сегізінші жылдан бергі уақытты қамтыған бірінші томның бірінші кітабы. Ол тағы тоқтады. Енді шежірені қайта бастау қажет. Әлішер өзінің қажығанын сезді. Бірақ, қаламы жүріп кеткен» [28, б. 66]. Оқырман санасында романның (сыртқы мәтіннің) бірінші бөліміндегі түркілер тарихы туралы романынан (ішкі мәтіннен) қалыптасқан бейне, әсер бәрі жоққа шығып, қайтадан жаңа жазылып жатқан мәтіннің жазылу барысына араласып, бірге жаңа оқиғаларға, жаңа түсініктерге, жаңа әсерлерге бойлайды. Ішкі мәтіннің жиырма бес жырдан тұратын түркі тарихының жаңа беттеріне куә болады.
    Мысалы, роман кейіпкері – жазушы-Әлішер өзі жазып отырған романның ішкі мазмұнын оқып береді де, шығармасының мақсаты, құрылымы туралы ойларымен бөліседі. Талдау жасай отырып атауының дұрыстығына күмәнмен қарайды. Оның дүдәмал көңіл күйі «Әлішер оқуын тоқтатты. Ойына көрген түсі келді. Бар түйін романға қойылған атауда жатқан шығар. Бірақ, әміркеннің жаңа әдебиетінде «Құдайдың Шаһары» атты кітап бар ғой. Яғни мұнда ешқандай күнәкарлық жоқ. Десек те іздеген кілтипан осы жерден табылмасын. Ол ойланып ұзақ отырды» [28, б. 9] деп беріле отырып түпкі мәтіннің жасандылығын айшықтап отыр.
    Роман-эксперимент постмодернистік шығарма табиғатын барынша аша түсуге бағытталған.
    Қорытындылай келе, Д.Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романындағы метапрозаның басты ерекшеліктері:

    1. Роман құрылымы жағынан мәтін ішіндегі мәтін болып табылады;

    2. Роман жазып отырған, кей тұстарда әрі оқып отырған адам туралы роман;

    3. Басынан бастап аяғына дейін бірсыдырғы оқуға емес, түрлі тәсілмен оқуға болатын тұтастығы бұзылған роман;

    4. Кейіпкері ойдан шығарылған автор (Әлішер) болып табылатын роман;

    5. Интертекстуалдық орайда әдеби шығармаларға, әдебиеттің теориясы мен сынына қатысты зерттеу еңбектеріне, ауыз әдебиеті үлгілерінен көшіп жүретін сюжеттерге, кейіпкерлерге аллюзиялар, сілтемелер, реминисценциялар, алынған дәйексөздер кездеседі (Авеста, Құран, Інжіл мәтіндері, Күнікей қыз, Абай өлеңдері т.б.);

    6. Сипатталатын мәтіндерде негізінен ойдан шығарылған автордың ойдан шығарылған романын (Түркілердің тәңірі туралы кітабын) әдебиеттің теориясы мен сыны тұрғысынан талдау орын алған;

    7. Жеке шеберханасы, қызметі мен жеке кәсібіне тоқталады;

    8. Романда (жекелеген эпизодтармен) әдебиеттегі сөз бостандығы мәселесі (мемлекеттегі цензура, қоғам, әріптестер т.б.) қозғалып отырады.

    Ә) Т.Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы» повесі де метапрозаны ұтымды пайдаланған. Алайда шығарманың бұл әдіспен жазылғанын тек шығарманың «Сағындық қаламын қойып, үстелден шегініңкіреп отырды да терезеге қарады. Қалың бақтың ар жағынан Алматының ғажайып таңы атып келе жатыр еді» делінген соңғы сөйлемінен кейін ғана аңғарамыз. Оқырман оқыған бүкіл мәтінге қайта оралып баға беруге мәжбүр болады.
    Үш мәтін қабатынан тұратын шығарма үшінші жақтан баяндалады. Әңгіме бастан-аяқ бірсыдырғы бір автор тарапынан баяндалатын сияқты болып көрінгенімен, Қайырболдының басынан кешкен оқиғадан тұратын түпкі мәтін мен журналист Сағындық Тілешевтің басынан кешкен оқиғаға негізделген екінші түпкі мәтін жазу үстелінде отырған кейіпкер-автор Сағындық тарапынан баяндалып отырғанын аңғарамыз. Тек соңғы абзацтағы сыртқы мәтінде ғана негізгі-автор бой көрсетеді, яғни шартты белгілермен берілген сызбанұсқа түрінде берсек СМ баяндаушысы НА, ТМ1+ТМ2 баяндаушысы КА. НА

    КА


    Сурет 7 – Т.Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы» повесіндегі баяндау қабаттары
    Повесть кейіпкері жазушы Сағындық Тілешев болғанымен шығарма көпдауысты. Мұнда кейіпкер жазушының еркінен тыс пері қызы Бекторының өз даусын, Қайырболдының өз дауысын аңғарамыз. Жоғарыда келтірілген Д.Амантайдың романында баяндаушы ретінде Д.Амантайдың өзі де, роман ішіндегі жазушы кейіпкер Әлішер де араласып отырса, Т.Әсемқұловтың бұл повесінен автордың өз дауысын ести алмаймыз, ол бар ерікті кейіпкеріне беріп өзі тасада қалған. Негізгі-автор оқырманды даяшы Қайырболды мен пері қызы Бекторының арасында болып өткен оқиғаны небәрі журналист Сағындықтың түсі етіп шығарып бір алдаса, сол Сағындық Тілешевті Бекторымен кездестірген оқиғаның да кейіпкер-жазушының қиялы екенінен хабардар етіп тағы алдайды. Мысалы, «Сағындық оянғаннан кейін көрген түсін пайымдап өзінің кім екенін есіне түсіре алмай ұзақ жатқан. Қызық деді мырс етіп. Мен неге түсімде басқа адам болдым. Басқа адам болғанына, Қайырболды деген адам болып өмір кешкеніне зәредей күмән жоқ, себебі сол адам болып туғанына, басында сол тағдырдан басқа тағдыр болмағанына имандай сенді» деп келетін тұста алғашқы мәтіннің жалғандығын ишаралайды. Ишаралайды дегенімізге себеп, екінші түпкі мәтінде енді Сағындық түсінде көрген Бекторымен кездесіп сұхбаттасады, көрген түсінің мәніне қанығады. «Бекторы жалт етіп Сағындыққа бір қараған.
    – Не айтқың келгенін түсінем. Дүниеге жамандықтан не пайда демексің ғой. Жанында жамандық тұрмаса жақсылықтың жақсылық екенін қайдан білесің. Қарсысында жалған мен өтірік тұрмаса ақиқаттың ақиқат екенін нендей тиянаққа сүйеніп білдің. Жолдың серті – адасу, адасып барып түзелу. Екі түрлі пәктік бар. Біреуі анадан туғандағы, күнә мен зина, қиянаттан бейхабар, тәжірибесіз, мінезсіз пәктік. Екіншісі, бұ дүниенің барлық сатыларынан қан кешіп жүріп өткен, өтсе де лайланбай қалған пәктік. Адам болып қалам десең осының бәрінен өтуге, осының бәрін көруге міндеттісің. Міне, осы қасіретті өткелектің бәрінен өткізетін, біз, жындар, перілер» деп түпкі мәтіндегі кейіпкерді екінші түпкі мәтінге көшіргендіктен оқырман алданғанын аңдамай да қалады. Өйткені таңғажайып болып көрінсе де, дәстүрлі шығармалардағыдай екі мәтін арасындағы бір байланыстың болуы, алғашқысының жай ғана түс екендігіне қарамастан оқырманды оқиға желісін қуалатып ілгері ынтықтырады. Бірақ шешуші қадамды автор шығарманың соңына сақтаған сыңайлы. Шығарманың біз постмодернистік шығарма деп баға беруімізге себеп болған, ал оқырманның бұл да кезекті ойын екендігін ұғынып, түн жамылып қаламын сүйкектетіп оқиға желісін жазып отырған жазушының қиялы ғана екендігін мойындайтын тұсы шығарманың осы соңғы абзацында жатыр.
    Мәтін құрылымын бұза отырып оқырманмен ерекше ойын ойнаған автор
    «Ертөстік» ертегісіндегі айтулы пері қызы туралы халық санасындағы түсінікке қайшы пікір айтып отырса да, ішкі мәтін кейіпкері Бекторы мен жазушының философиялық сұхбаты әңгімеге тартымдылық дарытқан. Жазушылықтың қыр- сырын терең ақтарып, өз-өзіне жіті бақылау жасалмағанмен және жаратушы- автор мен кейіпкер-автор арасында параллель жүріп отыратын байланыстар болмағанымен оқырман шағын әңгімені тудыруда жазушының түсі мен
    қиялдарына бойлай алады. Жазушының өзі шығарманың кейіпкеріне айналып ертегіге бергісіз түс көруі, өңінде пері қызымен жолығатын мистикалық сипаты, халық жадындағы ертегімен интертекстуалдық байланысы секілді мәтіннің ерекше сюжеті мен оған қосымша, мәтіннің симулякр, метапроза тәсілдерін сәтті қолдануы – автордың шағын жанрда жасаған тәжірибесінің оң нәтижесі.
    Әдетте тәжірибе үшін ұлы әңгіменің оңтайлы болатындығын, бір ғана романның ішінде әуез, толғау, айтыс сынды өнер түрлерінің сыйып кететіндігін А.Байтұрсынов айтып қана қоймай, ұлы әңгіменің әлеуетін көрсеткен болатын [17, б. 166]. Ал метапрозаны генезисінен бастап, бүгінгі даму барысына дейін қарастырған ғалым В.Б. Зусева-Озкан метапроза сипаттарының барлығы роман жанрында жүзеге асатынын айтып, «метароман» терминін ұсынады да, оны жеке жанр ретінде қарастырады [130, с. 27-28]. Ал, бұл тәсілді терең зерттеген ғалым Л.Хатчин метапрозаның көбіне роман жанрында жүзеге асатынын тілге тиек етеді [113]. Дегенмен шағын жанрдың мүмкіндік аясы шектеулі болса да
    «Бекторының қазынасында» автор алға қойған тәжірибе мақсатына жеткен деуге болады.
    Т.Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы» повесіндегі метапрозаға талдау жасай келе, автордың қолданылуында мынадай ерекшеліктерін анықтадық:

      1. Повесть құрылымы жағынан мәтін ішіндегі мәтін болып табылады;

      2. Мәтін тұтастығы симулякр әдісі арқылы бұзылған;

      3. Интертекстуалдық орайда ертегі («Ер Төстік») сюжеттері реминисцения арқылы дамытылған түпкі мәтіннен тұрады және ондағы кейіпкер (Бекторы) кездеседі;

      4. Түпкі мәтінді талдауға, пайымдауға негізделген сыртқы мәтін мистикалық сипатымен ерекшеленеді;

      5. Мәтіннің жасандылығына ишара жасалатын ойынға құрылған.

    Б) А.Жақсылықовтың «Ант ұрғандардың түстері» романы баяндаудың күрделі құрылымынан тұрады. Шырғалаңға негізделген роман басты тақырыбы трилогияның жазылу үдерісі болып табылады. Трилогияны түгелдей оқымайынша, роман құрылымын, мәтіндер шекарасын анықтау мүмкін емес. Автордың мәтіндерден жасалған шырғалаңының құпиясын шешу үшін, біз де талдауды осы ретпен бергенді жөн көріп отырмыз.
    Трилогия (2002 жылғы басылым) ретінде жарық көрген романның бірінші кітабы «Әнші шағылдарда» аурухана төсегіне таңылып жатқан Жан өзінің осыған дейінгі басынан кешкен оқиғаларын: «Мой мозг судья и палач мне самому, он безжалостный хронист, и я давно перестал удивляться тому, что он способен взвешивать мгновения в минуты даже самого глубокого помрачения сознания. Кто знает, не значить ли это, что мое «я» и сознание не совпадают полностью, ведь даже в самых темных состояниях я ощущаю в себе некий свет, бесстрасно фиксирующий каждую мысль, каждое чувство?» [106, с. 12], –деп бірінші жақтан баяндап шығады. Мәтін ішіндегі мәтіннің баяндаушысы болғандықтан, алғашқыда жаратушы-автордың мәтін ішіндегі өкілі Жан деп қабылдауға болады. Алайда романның баяндау қабаттарының бір бөлігі ғана,
    себебі кітап Жан оқиғасымен тиянақталып, келесі роман мүлде басқа арнада басталады. Мәтін ішіндегі мәтін қалыбына қарамастан автордың өзін-өзі талдауы арқылы өз өмірін баяндап бергенімен жаратушы-автордың мәтінге араласуы немесе оқырманды қатыстыру, автордың роман ішіндегі сыңарының шығармашылық үдерісі сияқты метапрозаның өзге белгілерін мұнда кездестіре алмаймыз.
    Жоғарыда айтып өткенміздей, трилогияның үшінші бөлімі «Басқа мұхит» романы – біз іздеген жұмбақтың кілті. Оқырман романның күрделі баяндау қалыбына байланысты жазушының жазылып жатқан романын дәл сол мезетінде, қаламының ізімен оқып отырғанынан, тіпті оқу барысында мәтіннің туу үдерісінің белсенді қатысушысына айналғандығынан хабары болмайды, тек осы үш романды байланыстыруға трилогияның 491-бетіне келгенде мүмкіндік туады. «Но каким образом моль заглянула в историю джугарных полей – Жана

    • это было для тебя полной загадкой, Ты буквально онемел, – бабочки рассказывали о нем и о страннике, повествование приближалось к дням скитаний снежного воина. Внезапно, сама собой затянулась дыра в памяти, – в голове вспыхнуло солнце, заиграли огненные нити памяти – вспомнил, как и кем был написан роман «Поющие камни», как был начат другой уже здесь в плену у ведьмы, Ты ясно увидел связь между тобой, Старым и вечно одиноким, и автором истории про Жана, квартирным пухляком, неистовствующим за кнопочной дощечкой, поющим и плачущим за плывущим, шепчущим окном стекляного ящика» [106, с. 491], – деген роман жолдарынан мазмұнында жазылу тарихы да қамтылған мәтін ішіндегі мәтінді оқығанымыз аян болады. Жорналшының кеншілермен сұхбаттасуға шыққан сапарынан бастап, өзінің басынан өткен оқиғаларын заматында баяндап отырғаны және трилогияның

    «Ант ұрғандардың түстері», «Өзге мұхит» бөлімдері толықтай бір-бірімен жалғасып жатқан кейіпкер-автордың туындысы екендігі анықталады. Жазушының шығарма жазу барысымен сол сәтінде танысып отырғанымызбен, автордың өз-өзіне талдау жасауы тек «Өзге мұхит» бөлімінде кеңірек қамтылған. Романның шым-шытырық түстер мен галлюциногенді елестер ықпалымен жазылғандығы, оның себептеріне тоқталып өтеді. Роман тізгінін кейіпкер-авторға ұстата отырып жаратушы-автор мәтіннің субъектісі ретінде өзін жоққа шығарып отыр. Осы орайда Р.Барттың «автордың өлімі» теориясына тән Жаратушы-автор мәтінге өз елшісі кейіпкер-авторды ендіре отырып өзін бейтараптап отырғандығын байқаймыз. Жаратушы-автор шығарманың кейіпкеріне айналғандықтан, кейіпкер автор арасындағы шекара жойылып, осы арқылы жаратушы-автордың романды тудырудағы шығармашылық үдерісі мәтін ішіне көшірілген. Мәтін ішіндегі бірінші роман «Әнші шағылдардың» жазылу тарихы «Басқа мұхит» романының жазылуы барысында айтылып өтеді. Өңі мен түсінің арасында адасқан жорналшы серпіліп, ақиқат өмірі мен қиялының шекарасын ажыратып, болып өткен, басынан кешкен оқиғаларды есіне түсіргісі келіп алас ұрады. Осы тұста «Әнші шағылдар» романының жазылуы мен оның кейінгі тарихы туралы елестер санасына еміс-еміс сәулесін түсіргенімен, оның өз қаламынан туған туынды екенін толықтай еске түсіру
    мүмкін болмайды. «Откуда ты мог знать эту историю? Как будто был чей-то роман «Поющие камни», написанный второпях, вчерне по следам сновидения. За месяц, обливаясь слезами, он закончил роман, затем полгода переписывал набело» деп еске түсіру барысында өз өмірін, шығармашылық азабы мен одан кейінгі романының «тағдырын» көз алдынан өткергенімен, осы елестің өзіне қандай байланысы барлығы жұмбақ күйінде қалады. Дегенмен оқырман жоғарыдағы мысалға келтірілген романның баяндау қабаттарының құпиясын ашатын бетке келгенде, алғашқы романның қалай жазылғандығынан хабардар болады. А.Жақсылықов жазу барысындағы әдіс-тәсілдерін жария ете отырып, шығармашылық әлемін роман тақырыбы етіп алған. «Книголюб» журналына берген сұхбатында өзінің бала кезден түс көргіш болғанын, кейін өзін рухани жетілдіре келе түстерінің де байып, мән-мағынасы арта бастағаны туралы айтады. Кейде тәні ұйқыда болғанымен, түсінде оянып, шым-шытырық түстерін талдай алатын дәрежеге жеткенін, күнделікке жазып, зерттей бастағанын және «Әнші шағылдар» және «Сурикаттың үйі» (Дом суриката) романдарын жазарда осы жазбалардың көмегіне сүйенгенін жеткізеді. Біздің зерттеу нысанымыз болып отырған «Ант ұрғандардың түстері» романының жазылуы туралы: «Первая книга – роман «Поющие камни» полностью приснился мне готовым сюжетом, оставалось только записать его» [106, с. 98],

    • дейді. Дегенмен көптеген ұқсастықтарға қарамастан кейіпкер-автор мен жазушыны бір тұлға деп қарай алмаймыз. Романның шырғалаңға (лабиринтке) негізделген құрылымы құпиясының ерекше шығармашылық үдерісте жатқандығын ашқанменен жаратушы-автор мен кейіпкер-автор бір-біріне толыққанды сәйкес келе бермейді. Мәтін ішіндегі мәтін авторы, әрі баяндаушысы мұнда дербес категория позициясына ие. Осыған байланысты айта кететін жайт, мұнда автор мәтінге жауапкершілікті кейіпкер-автормен бөліседі. Постмодернистік мәтіннің ойынға құрылатынын ескерсек, жазушы әдеби үдерісті мәтіннің ішіне көшіру арқылы автордың жасандылығына, мәтіннің де ойдан шығарылғандығына ишара жасаған. В.Набоков поэтикасының дәл осы тектес қырларына баға берген ғалым М.Липовецкий:

    «...общий игровой подход автора к тесту, проявляющийся, с одной стороны, в обнажении авторской роли в литературной конструкции, тематизации процесса собственно литературного оформления; а с другой – во включении читателя в творческую игру и постоянном разрушении предварительно созданного эффекта достоверности и миметичности самого романа. Эта поэтика приводит, во-первых, к тому что некоторые набоковские персонажи осознают свою вымышленность и сами пролематизируют вопрос о своем статусе, а категория автора творца обнаженно демонстрируется и комментируется, и таким образом провозглашается факт искусственности текста (его сделанности)» [1, с. 54], – дейді. Зерттеушінің назарынан тыс қалмаған кейіпкерлердің өз жасандылығынан күдіктену құбылысы, А.Жақсылықовтың да романынан орын алған. Мысалы: «Малыш ничему на свете не удивлялся, с некоторых пор он подозревал, что его собственное существование весьма сомнительно, ведь оно странным образом зависит от повествований Старого и вечно одинокого.
    Развивая мудреные догадки, обмозговал он хитро, что воочию представляет фантазию учителя; раз дело обстоит так, то ничего невероятного во вселенной нет. Следовательно, можно предположить, что он существует единовременно в прошлом и будущем, в прошлом – в смешавшихся днях нелепого человека- утенка и боязливого человека-зайца, в будущем – в видениях вызревшего в одиночестве, замороченного ведьмой странника» [106, с. 293-294], – деп мәтін ішіндегі мәтін кейіпкері Малыш өзінің болмысының жазушы қиялына тәуелді екендігін, тіпті роман ішіндегі өзінің әртүрлі жағдайларда әртүрлі кейіпкер қалыбында бейнеленгенін, өзінің шығармадағы жасандылығын айтады. Мұнда мәтіннің ойдан шығарылғанына ишара жасап қана қоймай, кейіпкерлерінің мәтіндегі өз орнынан күмәндануы дәрежесіне жеткізіп, оқырманмен ойынды шегіне жеткізген. Тіпті автордың келесі қадамының қандай боларын кейіпкерлері болжап, романның ішкі мәтіні сыртқы мәтінмен диалогқа түсіп жатады. Кейде ішкі мәтін сыртқы мәтінге әмірін жүргізеді. Мысалы: «... другое дело – Вечно одинокий – снежный воин, особенно часто снившийся ему в последнее время, – наверное, это – странник, проявившийся в безудежных грезах учителя, предположил ты, интуитивно ощущая справедливость своей догадки» [106, с. 294], – деп түпкі мәтін кейіпкері Малыш сыртқы мәтіндегі болып жатқан құбылыстарға болжам жасайды. Егер осы болжамдарға мән бере қарайтын болсақ, А.Жақсылықов қолданған шытырман әдістердің шырғалаңына тап боламыз. Бір қарағанда бұл автор тұлғасынан тыс кейіпкердің өз дауысын, өз пікірін «тыңдауға» мүмкіндік беріп отырса, екіншіден автор тұлғасының бірнеше тұлғаға жарылуы құбылысы да орын алғандығын бақылай аламыз. Автор біресе үйрек сәби Малышқа, біресе қарт мұғалімге, кезбеге айналып, сол тұлға болып сөйлей бастауы шығармаға көп дауыстылық дарытып тұр.
    Романның кей тұстарында ішкі мәтіннің өзін қоршап тұрған сыртқы мәтінге әсерін де байқауға болады. Әдетте автордың автобиографиясының іздерін мәтіннен табуға болатын болса, мұндағы үдеріс кері мәнде. Жазушы (кейіпкер-автор) өзі сомдаған кейіпкерінің өмірдің алғашқы соққысынан-ақ сағы сынғанын, өзінің де осы жолды қайталап келетінін айтып «Ты жил по инерции, и в твоей жизни не было энергии, потому что не было настоящей опасности, серьезного вызова судьбы. Потому-то при первом столкновении с испытаниями согнулся Жан, и понесло его вихрем бомжовского пьяного лиха. Потому-то и ты сам начал загибатся, наливаться смертельной тоской одиночества и скитания в толпе таких же одиноких и чужих друг другу бродяг. Даже не боролся за свою женшину, подругу, готовую идти рядом с тобой по тернистой тропе, сам бросил ее в объятия ненавистного человека-бегемота» [106, с. 359] деп салыстырулар жасайды.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет