Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: Филология ғылымдарының докторы, профессор Пірәлі Г. Ж


Ә) Сөйлемнің әдеттен тыс типографиялық рәсімделуі



бет30/41
Дата17.12.2022
өлшемі421,46 Kb.
#57816
түріДиссертация
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41
Ә) Сөйлемнің әдеттен тыс типографиялық рәсімделуі. Біз жоғарыда аталған романдар мәтінінің тіліне жасаған тәжірибелерді қарастыра келе, (шығармашылығын сыншылар кейде модернизм бағытына, кейде постмодернизм бағытына жатқызатын) С.Беккет шығармашылығымен үндесетінін анықтадық. Уақыт жағынан сәйкес келмегенімен, авторларға олардың постмодернизм бағытының бастауында болуы сынды ортақ сипат осы сәйкестікке себеп болды деп айта аламыз.
Д.Нақыповтың шығармалары сөйлемнің синтаксистік құрылымын өзгерту және сөздердің графемалық, фонетикалық бұзылысы, ешбір тыныс белгісіз берілген мәтіндер, бір-біріне біріктіріліп берілген сөздер немесе сөздердің созылып берілуімен ерекшеленсе, С.Беккет шығармалары да сөйлемнің әдеттен тыс типографиялық рәсімделуі жағынан онымен үндестік тауып жатады. Екі автор да шығармаларын жазуда тіл заңдылықтарын сақтаудан әдейі, мақсатты түрде бас тарту сияқты постмодернистік дискурс элементтерін пайдаланған. Автор сөйлемнің әдеттен тыс типографиялық рәсімделуін шизофрениялық дискурстың бір ерекшелігі ретінде пайдаланған. Осы тұрғыдан талдасақ, романның мәтініндегі ең ұсақ құрылым бұзушылық – фонетикалық деңгейдегі ойындар да автордың назарынан тыс қалмаған. Графикалық тәсілдерді қолдану автордың басты құралы. Жоғарыда атап өткеніміздей, Гевраның жарақаттанған санасының әсерінен пайда болатын галлюцинациялар курсивпен (қиғаш таңба) беріліп отырса, мистикалық жаратылыс иелері самиондардың тағы басқа да кейіпкерлердің дыбыстау мәнерін сызықшалармен бөле отырып сөзді созып береді. Мысалы: «Огг-а-ей- я... О! Лень! Орр-ро-гаю! Рр-ро-гач! Другие следом... Уу-ю-ю-ий-о! Лень! О-лл-
е-ле-ле-ийха! Олениха! Рр-ы-рр-а-рр-у-хх-а!..» [108, с. 138]. Мысалдан
байқағанымыздай, автор мұнда сөздің алғашқы түзілісін көрсетпек болады. Сөздің осы күнгі мағынасына (Олениха!) жеткенше бірнеше дыбысталу формасының болғандығын көрсету үшін бірнеше сөздер (О! Лень! О-лл-е-ле-ле- ийха!) ойлап табады. Бұл нақты мағынасына жете қоймаған күңгірт сөздер дефисті пайдалану арқылы жүзеге асып шизофрениялық дискурстың ерекше түрінде беріледі. Мұнда жазушы жаңа сөздің пайда болу құбылысын көрсетпек ниетте тілде кездеспейтін мағынасыз жаңа сөздер-окказионализмдерді ойлап табады. Әрине, мұндағы «сөзжасам» ешқандай тіл заңдылықтарына орай берілмеген, тек постмодернистік романға тән ирониялық сипаттан туындаған.
Мұнан өзге дыбысты созылыңқы немесе тұтығып айтылуын, сөйлем ортасында сөздерді ерекше етіп көрсету мақсатында бас әріптермен графикалық рәсімделуін екі жазушы да пайдаланған. Мысалы:

  1. Д.Нақыпов: …ччеловвеччььего… рода самионного первого, ибо сами они сотворят деянья свои необъятные… ммир… [108, с. 128].

С.Беккет: Он принимал хиииииииииииииинин…[110, с. 208]. («Какое насчастье»)
Nisschit möööööööglich! – простонала физиономия и сгинула [110, с. 88]. («Дождливый вечер»)

  1. Д.Нақыпов: ...с утра займись делами солнца и испарения росы и попечалься чуть судьбою подорожника что расстается с поцелуем бытия чтобы затем лечить идущих внебыль пилигримов чъи ноги искровавлены о корни древ и десна одряхлевших от ветров камней <...> и это назовется просто и банально вновь наступило утро дел и маленьких шагов от протобуквы к смыслу СЛОВА-ТАНЦА... [108, с. 7].

Беккет: Какая разница когда главное это точто Я ЛЮБЛЮ ТЕБЯ И ВСЕГДА БУДУ ТВОЕЙ СМЕРАЛЬДИНОЙ! [110, с. 275].
Екі жазушының шығармашылықтарындағы осы ұқсастықтар мұнымен бітпейді. Д.Нақыпов романында нота жазбаларын, формулаларды ендірсе, С.Бекетте де осы ерекшеліктермен қоса шақыру билетінің мәтіні т.б. шығарма мәтініне ендірілген.
Жоғарыда көрсетілген ұқсастықтардан өзге айырмашылықтар да кездесіп отырады. Мәтіндегі бір сөз табынан тұратын бірнеше сөздердің «Племя-семя- споры-личинки-корни-черви-коконы, муравьи-жучки-мошки-пауки-гусеницы, тварное-плотьное-тысячеименное-насекомое-травное, малые-большие- мохнатые-аурные-зевно-зубастые-смрадные-срамные-утробно-голодные» деп дефис арқылы қосарланып берілуі Д.Нақыпов қолданған тілдік ойындардың бір түрі болып табылады. А.Жақсылықов романында бұл әдіс жиі қолданылмаса да, ішінара кездесіп отырады. Мысалы: Они просто не могут иначе. Иначе их не обучали [106, с. 422]. Ты другой сам составил великий Реестр [106, с. 419],
– деп сөйлемді қанық бояумен беру арқылы мәтінге назар аударту әдісін пайдаланған. Ал С.Беккет жоғарыда аталғандардан өзге кейіпкер сөздерінің арасына бос орын қалдырмай біріктіріп жазу секілі сөйлемді рәсімдеудің тосын түрін қолданады. Мысалы:
Дакстатизнаетелиячтотоподзабылгдетуттуалетнемоглибывыподсказа ть…[110, с. 294] «Billet doux Смеральдины»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет