Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: Филология ғылымдарының докторы, профессор Пірәлі Г. Ж



бет36/41
Дата17.12.2022
өлшемі421,46 Kb.
#57816
түріДиссертация
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
Диссертация Сәулембек Г.Р.

+

+

+

2

Шығармада әдеби шығарманың туу үдерісі бейнеленген;

+

+

+

3

Шығармада әдеби шығармаға мәтін ретінде қарау орын алған;

+

+

+

4

Түрлі тәсілмен оқуға болатын тұтастығы бұзылған (нелинейный) шығарма;



+






+

5

Кейіпкері автордың өзі болып табылатын шығарма;







+

6

Шығарма оқып отырған адам туралы шығарма

+







7

Мәтінді жазылып жатқан сәтінде оқырманға оқыту;

+






+

8

Кітаптың өз элементтеріне тақырып, параграф, сюжетіне сілтеме жасайтын мәтін;









+

9

Автор тұлғасына, «меніне» мәтін тарапынан ықпалдың болуы;







+

10

Өздерінің ойдан шығарылғандығына қауіптенетін кейіпкерлердің болуы;









+

11

Мәтін тұтастығы симулякр әдісі арқылы бұзылған;




+




12

Мәтін тұтастығы интертекст әдісі арқылы бұзылған;

+

+

+

13

Түпкі мәтінді талдауға негізделген сыртқы мәтін мистикалық сипатымен ерекшеленеді;






+




14

Мәтіннің жасандылығына ишара жасалған ойынға негізделген

+

+

+
    1. Үлкен идеяларға, иерархияларға жасалған ирония және діни толеранттылық


Батыс дүниетанымында постмодернизмге дейін де Жаратушыны жоққа шығару идеясы Ф.Ницше, М.Хайдеггер сынды философтар, Г.Ваханян, П.Ван Бурен, Т.Альтицер сынды теотанатологтар еңбектерінде әр қырынан көрініс беріп отырса, постмодернистер М.Фуко, Ж.-Ф. Лиотар, Ж.Делез, Ф.Гваттари, Ж.Батай тарапынан да өзіне дейінгі ғалымдардың қалыптасқан жоғарғы құндылықтарға деген нигилистік көзқарастарын қолдау айқын байқалады. Ф.Ницшенің «біз Құдайды ұмытып кету арқылы өлтірдік» дейтін философиялық пікірін постмодернист-философтар өз тұжырымдамаларында пайдаланды. Постмодернистердің «субъектінің өлімі», «автордың өлімі»,
«жаратушының өлімі» тұжырымдамаларына Ф.Ницшенің «Құдайдың өлімі» идеясы негіз болғандығын да айта кеткен жөн. Мысалы, Ж.Батай Жаратушының мекені қасиеттіні дүнияуиден бөліп тұратын шекарада дей келе, сол шекарадан адам аттағанда Жаратушы өледі деген пікірге ұластырды. У.Эконың: «Постмодернизм – это ответ модернизму: раз уж прошлое невозможно уничтожить, ибо его уничтожение ведет к немоте, его нужно переосмыслить, иронично, без наивности» [31, с. 77], – деген пікіріне сәйкес, Батыстық модернизм өкілдерінің философиялық еңбектерінде онтологиялық тұрғыдан Жаратушыны жоққа шығару арқылы оның орнына «орынбасар» іздеу басым болса, постмодернизм осы нигилистік көзқарасты мирас етумен бірге, ирониямен қайта пайымдау арқылы әлемді жаратушы, бұйырушы, бақылаушы Құдайдың барлығына шүбә, күмәндану құбылысын, сондай-ақ діни плюрализмді де қатар алып келеді.
Жоғарыда айтып өткен постмодернизмнің күйретуші әсері Маркс пен Энгельстен мұра болып қалған атеистік дүниетаныммен ұштаса отырып, қазақ әдебиетінен де көрініс беріп отырғандығын Д.Нақыповтың «От орны» романынан, ал дінаралық төзімділік яки діни плюрализмді А.Жақсылықовтың
«Ант ұрғандардың түстері» романынан байқаймыз. Қандай әдебиет болмасын өзі дүниеге келген қоғамның айнасы болғандықтан, постмодернистік мәтін әлеуметтік-мәдени кеңістіктің гипершындығын, шындығын, жаңа, симулятивті шындығын құрастыруға және анықтауға мүмкіндік береді.
Д.Нақыповтың «От орны» романы Жаратушыдан бастап «үлкен идеяларға, иерархияға шүбәлану» концептісімен ерекшеленеді. Бұл орайда, жеке шығармашылық зертханасымен жұмыс жасамасақ та,
Возносил и сносил богов, Я создал эти реки
И ветер швырнул в моря, Ты, Земля,
Поклонись Человеку, Твой бог –
Я [131, с. 213-214], –
деп, «Адамға табын, Жер, енді» сияқты атеистік танымдағы өлең жолдарын тудыруға себепші болған автордың өмір сүрген кезеңі, әлеуметтік орта мен
кеңестік идеологияның әсерін жоққа шығара алмасақ керек-ті. Алайда романның кеңестік кезеңдегідей таза атеистік сипатынан гөрі постмодернистік шүбәлі ирониялық сипаты басым. Романда мәтіннің классикалық шығармалардағы секілді тұтастыққа жасалған ирониядан басқа жаратылыс сырына, жалпы адамзат баласының наным-сенімдеріне, кеңес үкіметі тұсындағы саяси режим, сондай-ақ тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өміріндегі келеңсіздіктерді әжуалау түрлі деңгейде беріліп отырады. Адам ата мен Хауа ана заманынан бастап бүгінгі күнге дейінгі кез келген құбылысты, құндылықтарды әжуалау, шүбә келтіру, мансұқтау шығарманың өн бойында «шүпілдеп» толып тұр. «Иман келтіргендердің түсінігіндегі ешқашан қателеспейтін Жаратушы шындығында солай ма?» – деген күмәнді сауалға қайта-қайта оралып отырады. «Итак, коли Адам и Ева из единой плоти (она из ребра его, не то дочь, не то сестра?), то выходит, по-житейски: их первое первое соитие-любопытство (т.е. прозрение) и дальнейшие уже прозаические половые отношение ничто иное, как инцест, кровосмешение, а это уже точно грех. Затем у них пошли дети разного пола, которые тоже сходились, т.е. грешили и рожали, естественно, и в новом поколении продолжали цепочку инцестов-кровосмешений [108, с. 78], – дей келе, Адам ата мен Хауа ана бір топырақтан жаратылған бауыр, яки Хауа Адам атаның қабырғасынан жаратылғандықтан бірі – әкесі, бірі – баласы екендігін айтып Жаратушының мінсіздігін тағы да сынға алады.
Роман кейіпкері Гевраның ой ағыны ретінде берілетін мәтінде Адам мен Хауаның «жеуге тыйым салынған жемісті жегені үшін жұмақтан қуылғаны» туралы мәтін мазмұны өзгеше мәнге ие болып, сол жаңа мазмұннан «егер Жаратушы Адамды еркек, Хауаны әйел етіп жаратса, оларға сана, ақыл-ой, сезім берсе, олардың бірігуіне қаһарланып жерге түсіруінде не мән бар?... – деген ой туындатады. Кейіпкер ой ағынына ілесе отырып, олай болса: «Но... если Адам неудачный клон-копия самого творца, а Ева-адамов клон, хоть изяном – вагиной, то что стало быть Он-Сам вселенский экспериментатор, т.е. Творец и повинен во всех следствиях своего обдуманного опыта сотворения человека» [108, с. 78], – дейді. Егер өзі жаратқан жан иелері күнә жасаса, Жаратушының мінсіз болмағаны деген ой айтады. Мұнда тек Жаратушының мінсіздігіне күмәнданып қана қоймай, «Ескі Өсиеттегі» Адам ата мен Хауа ананың жерге түсірілу себептері айтылатын мәтінге авторлық реминисценция арқылы ирониялық сипат берген. Автордың қиялынан туған мәтін түпнұсқа мәтінге қалыбы жағынан да, мағынасы жағынан да кері мәнде берілген. Роман мәтінінен дәл осы секілді мысалдарды көптеп кездестіруге болады. Мысалы:
«Надо бы радоваться «творцу сущего», но тут он делает непонятный ход. Без всякой особой причины самим праведным (из всех прочих человеков) объявляется Ной, при этом вопреки человеколюбию и былой открытости творец составляет с ним заговор против остальных потомков адама и евы, советует хорошему Ною тайно строить ковчег, забрать из человеков только членов его семьи: жену, сыновей с женами, и «всяких тварей по паре» затем насылает «потоп» на землю...» [108, с. 117], – деген «Ескі өсиеттегі» Нұһ
пайғамбардың кезінде бұзылған қауымға пайғамбар етіп жіберіліп, әлемді топан су қаптағанда, оның Құдайдың бұйырығымен жасаған кемесіне өз әйелі, ұлдары және келіндерімен бірге, басқа жан-жануарлардың еркек-ұрғашысынан бір-бір жұптан отырғызып, апаттан аман-сау алып қалатындығы жөніндегі қиссаны қайта пайымдауға талпыныс бар. Интертекстуалдық орайда берілген мәтіндер аллюзия, пародия, реминисценция және т.б. арқылы қайта пайымдалып, қайта туып, бірнеше мәнге ие болады, басым көпшілігінде жоғарыдағыдай иронияның күйретуші сипатымен ерекшеленеді.
Интертекст мұнда оқырманмен риторикалық иронияға негізделген байланысқа құрылған. Алдымен айта кететін жайт, постмодернистік мәдениет көне мәтіндерді тірілтуге барынша үлес қосқанымен, дайын мәтіндер, яғни дәйексөздер сол күйіндегі мағынасымен қабылданбайды немесе берілмейді. Постмодерн дәуірі тудырған мәдениеттің басты ерекшелгі де осында.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, қазақ мәдениетіне құдайсыздану үдерісі қай кезеңде де Батыс өркениеті арқылы келген. Кеңестік кезеңде күштеп ендірілген атеистік таным дінді салауатты ойлауға кедергі келтіретін адам санасындағы елеске балаған К.Маркстің: «Критика религии освобождает человека от иллюзий, чтобы он мыслил, действовал, строил свою действительность как освободившийся от иллюзий, как ставший разумным человек; чтобы он вращался вокруг себя самого и своего действительного солнца. Религия есть лишь иллюзорное солнце, движущееся вокруг человека до тех пор, пока он не начинает двигаться вокруг себя самого» (курсив біздікі) [132, с. 160], – деген философиясы арқылы келді. Ал постмодерн дәуірі ұсынған нигилистік таным философ, мәдениет теориясын жасаушы Ф.Ницшенің:: «что действительно придает значение смерти Бога, как не эта странная солидарность между ошеломляющим доказательством его несуществования и самим актом его убийства? Но что значит убить Бога, который никогда не существовал? Возможно, что это означает нечто двойственное: убить, потому что он не существует, и убить, чтобы он не существовал в будущем, – конечно, во всем этом есть причина для смеха: убить Бога, чтобы освободить жизнь от его существования, которое ее ограничивает, но это также значит привести жизнь назад к тем пределам, что отменялись его беспредельным существованием, – это подобно жертвоприношению; убить Бога, чтобы вернуть его к этому ничто, этому отсутствию, каковым он является, и проявить тем самым его существование в центре света, что вспыхивает, оповещая о его присутствии – ради экстаза...» (курсив біздікі) [133], деген философилық пікірлерінің ықпалы арқылы сіңісе бастаса керек-ті. Біздің тұжырымымызға «От орны» романынан келтіріп отырған мысалдарымыз дәлел бола алатын тәрізді.
Жоғарыда алғашқы келтірілген мысалда автор Жаратушының мінсіздігін сынға алса, төмендегі мысалдарда нигилистік көзқарастың ирониялық сипаты басым екенін анық байқауға болады: «Споры по конфессиональным разногласиям тоже давно утихли, ибо никакого присутствия бога во вселенной так и не обнаружилось, а все учения древних пророков были сведены в один
«Букварь-заповедник», которым интересовались только специалисты» (курсив біздікі) [108, с. 100].
Жаратушыны жоққа шығаратын М.Фуконың «жоқ Құдайды өлтірудің мәні неде?» деген пікірі мен романдағы Оносамдар өркениетінің ғаламнан Құдайды таба алмауы – бір-бірімен идеялық тұрғыдан ұштасып жатқан концепциялар.
Постмодернизмдегі «Жартушының өлімі» метафорасы сыртқы себептер идеясынан бас тартуды мегзейді, яғни мұндағы басты мақсат – Жаратушы тарапынан салынған тыйымдардан, сыртқы қысым мен қорқыныштан азат болып, әрбір істе еркіндікке жету, сондай-ақ Жартушыдан басталатын иерархияны, тұтастықты жоққа шығару. Роман мәтініндегі мына мысал:
«Внизуживущие, на сотни километров вокруг, не думали о гневе божьем, ибо слышали только грохот и видели отдаленные всполохи после мгновенного яростного росчерка молний на угольном пергаменте неба, возможно, прочитывая в этих раскаленных иероглифах тайные знаки о конце света, хотя это могло оказаться бессильным гневом вышнего, в который раз сознающего невозможность вмешаться в ход дел и жизни на земле и в людях» [108, с. 141],

  • деп Жаратушының адамзат баласының өміріне, тыныс-тіршілігіне ықпал ете алмайтын дәрменсіздігін алға тартады. Алайда постструктуралистер ұсынған

«Жаратушының өлімі» идеясынан бастап, оның осы мәтіндегі көрінісі адамзат баласының рухани бағыт-бағдарынан, өмірінің мән-мағынасынан айыруға апаратын тура жол екендігі айтпаса да түсінікті жайт. Өйткені Жаратушыдан түскен кітапқа ие діндердің негізінде адамзат баласының теңдігі, барлығының құқының бірдейлігі айтылады. Алайда белгілі дәрежеде моральдік-этикалық және әлеуметтік иерархия және т.б. тұрғысынан шектеулер, тыйымдар, соған сәйкес ережелер де бар. Постмодернизмнің таңдаған жолы – шексіз еркіндік, осы шектеулерді жолынан ысырып тастау, сондай-ақ жоғары мен төменнің шекарасын жою. Ал бұл өз кезегінде ғаламның жаратылысындағы заңдылыққа қарсы шығу болып табылады. Сонымен, М.Хайдеггер «онтологиялық нигилизм» деп атаған батыстық постмодерн мәдениетіндегі дүниетанымның шығыс мәдениетіне ықпалын жүргізе бастауына роман мәтіні айқын дәлел бола алады. Ғалымның пайымдауындағы, құдайсыздану, оның бар екенін мойындамау көптеген халықтың санасын шарпыды. Ол дүниежүзілік масштабты алып жатқан, қазіргі таңдағы адамдардың өмір сүру салтын, болмысын білдіретін дүниетанымға айналды. Постмодернизмнің осы радикалды нигилизмге негізделген сипатын ғалымдар тарапынан ақтап алушылар да жоқ емес. Мысалы, әлеуметтанушы ғалым В.Емелин постмодернизмге дейінгі теріс дүниетанымдық концепциялардың бір
«жоғарғы» құндылық орнына келесісін қалыптастырса, постмодернистер құндылықтарға мүлде басқа көзқарас ұстанатындығын айтады. Ақиқатты дәстүрлі бейнелеу мен қабылдаудың басты категорияларын қайта қарастыру арқылы құндылықтарды бағалау тәсілі де өзгерді деп тұжырымдайды [134]. Ғалымның пайымдауындағы құндылықтарды қайта қарастыру кей жағдайда керек те шығар, алайда қаймағы бұзылмаған дәстүрлі діни ұстанымы бар елдің
әдебиетіне діни нигилизм мен діни релятивизмге негізделген шығармалардың берері аз деп ойлаймыз. Бұл құбылыс әдебиеттен басқа өнердің өзге салаларына дендеп ене бастауы – ділімізге, дінімізге, рухани болмысымызға төнген зор қауіп. Еуропаның қол жеткізген нәтижелерінен сабақ ала отырып, мәдениет өкілдері постмодернизмнің аталмыш философиясынан саналы түрде бас тартқаны жөн деп білеміз.
Жоғарыдағы айтып өткеніміздей, көптеген ғалымдардың пайымдауында
«Жаратушының өлімі» постмодернизмде адамзаттың сыртқы ықпалдан азат болуының белгісі болып табылғанымен, дәл осы ғалымдардың соңғы жылдардағы еңбектерінде бұл идеядан бас тарту байқалады. И.Ильин сыншылардың көп жылғы дамудың нәтижесінде догма ретінде қабылданған постструктурализмнің негізгі теориялық қағидалардан «шаршағандығын» тілге тиек етеді. Ол 80-жылдардың соңын ала көптеген постмодернист авторлардың (М.Фуко, «Пользование наслаждением и Забота о себе» (1984); Ж.Деррида, Психея: Изобретение другого (1987) және т.б.) «автордың өлімі» (сондай-ақ
«Жаратушының өлімі») концепциясынан бас тартқандығы, тіпті Ж.-Ф.Лиотар мен Ж.Бодрийярдың еңбектерінде постмодернизмді айқындайтын заңдылықтарды қайта қарап, елеулі өзгерістер енгізуге тырысқандығын айтады [5].
Дегенмен, Құдай мен ақылдан теріс айналған рухани құлдырауға бастайтын интеллектуалды сайран қазақ прозасында жиі кездесе бермегенмен, тәңіршілдік, ежелгі рухани тамырларға бастайтын наным-сенімге негізделген тақырыптарды ұшырастыруға болады. Постмодернизмнің «әркімнің не жасаса еркі бар» деген моральдік-этикалық ұстанымдардың әр тараптылығын қолдайтын ерекшелігі діндерге де қатысты болып отыр. Ол монотеизмге қатысты ешқандай ережелерді, стандарттарды, бір құдайлық және осыдан туындап жататын оның бірлігі мен жалғыздығы деген пікірлерді толықтай қостамайды. Батыс Еуропа мен АҚШ-та постмодернизм және постпостмодернизм деп атап келе жатқан бағыттардың «түрлі пікірлердің өмір сүруге құқығы бар» деген басты ұстанымы, әртүрлі діндер де бірге жасауға құқығы бар деген шетін плюрализмге ұрынып отырған жайы бар. Ал оның мәтіндегі көрінісі А.Жақсылықовтың «Ант ұрғанның түстері», Д.Амантайдың
«Гүлдер мен кітаптар» романдарынан орын алған. А.Жақсылықов «Ант ұрғандардың түстерінде» шамандық, ислам, тәңіршілдік, буддизм, дао ілімі, сопылық дәстүрдің басын бір арнаға тоғыстырса, Д.Амантай романында адамзат санасының сәби шағындағы тұма табиғатпен біте қайнасқан тіршілігінде қасиет-кие тұтқан, табынған құдайларды аңсаудың, не болмаса, Құдайдың барлығына күмәндана қараудың ишарасын байқаймыз.
«Ант ұрғандардың түстерінде» кездесетін бұл ерекшелік туралы Бақытжан Момыш-ұлы романға жазған алғы сөзінде сопыша жасырынған ақиқат, даоша шексіз аян, буддаша таза тұспал-емеуріндер қажытып алысқа әкетер, мүмкін жол көрсетер, сонда Аслан Жақсылықов кітаптарында жасырылған сырлардың байыбына барып, түсінген адам, осы күрделі жұмбақтарды шешуге кірісетіндігін айтады [106, с. 11]. Расында да, шығарма
кейіпкерлерінің барлығы да өзін-өзі тануға талпынушылар және жоғары ақиқат шындықты іздеушілер қатарынан.
Трилогияның «Әнші шағылдар» бөлімінде диалогтар арқылы кейіпкерлердің Жаратушыны танудағы, наным-сеніміндегі ерекшелікті көрсете алған. Жанның шалға «ата-бабаңның Дао мен Буддаға деген сеніміне сатқындық жасап, мантраларыңды ұмытып намазға жығылып, ораза ұстап, исламды мойындауыңның сыры неде?» деген сұрағына роман кейіпкері қытай шалдың аузына: «Что ты знаешь о смехе? Смеется тот, кто познал истину!.. Тебе ли судить о горнем пути? Свет истины ищет только слепой, у развилки дорог стоит только начинающий! Я молюсь Аллаху, но угоден и Дао и Будде!» [106, с. 26], – деген сөздерді салады. Аллаға сыйынып, Даосы мен Буддасына табынып, Құранымен қоса Алмас Сутрасын да оқи беретін шалдың осы діндердің негізінде жатқан өмірдің маңызды сұрақтарына жауап бере алатын моральдық-психологиялық құндылықтарын ғана рухани өзек етіп, өзіндік философиямен аталған діндердің арасына байланыс орнатып, оны бар болмысымен қабылдайды. Кейіпкерді дүмше дей алмайсың. Ол ата-бабасының дініне де қанық. Жанның инь және янь белгісі бар тасты тауып алғанда буддизмдегі оның мағынасын терең түсінгендіктен: «Человек нашедший такой камень, не может быть рабом. Сам Будда покровительствует ему. Видимо… великий дракон просыпается… Ешь, пей, веселись, отдыхай. Твой час близок…» [106, с. 64], – деп оған басын иіп, құлдықтан азат етіп, құрметтеп шығарып салады.
Романдағы интертекстік орайда, дәйексөз немесе сілтеме (референция) арқылы берілген мәтіндерден ұғатынымыз автордың өз басындағы рухани ізденісін, кейіпкерлері арқылы оқырманына жеткізу талпынысын да айта кеткен жөн. Өйткені, кейіпкерлер санасының өзгерген күйінде берілген мәтіндерде эзотерикалық тәжірибелердің ізін байқауға болады. Бұл туралы автор өз шығармаларының жиырма жыл бойы көрген түстерін күнделікке жазып алуы және иога тәжірибелерімен айналысуы арқылы дүниеге келгендігін айтады [135]. Романның негізгі тіні будда философиясында жатқанымен, автор романда кездесетін әрбір діндегі гуманистік ойларды өзек ете отырып, діни толеранттылыққа ұмтылады, ізгілікке шақырады. «Иогтардың іліміне сенер болсақ, тіршілік иелері қайта-қайта дүниеге келеді екен, егер солай болса бәйгеге шапқан аттай шапқылап өткен өміріңді қайталай берудің қисыны қандай?» деген риторикалық сұрақтар қояды. «Адамдар бір сәт өзін-өзі тоқтатып, қайда бара жатқандығына ой жүгіртсе, көпшілігі-ақ өзінің бағытының бұрыстығына көз жеткізер еді» [106, с. 57] деп буддизм философиясы тұрғысынан толғанысын білдіреді. Ал келесі бірде «Он играл весь день с утра до вечера, качаясь из стороны всторону, мотая скорбным, как бы ослепшим от горя лицом. Люди притихли. Впервые за много лет они слышали переливы шаманского музыкального зова» [106, с. 259] деп бірі басшы, бірі қосшы, бірі дінсіз, белгісіз құдіретке сенушіні, тіпті жыбырлаған құрт-құмырсқаның өзін бақсы қобызының алдында бас идіреді. Қоғамның жан- жарасын бақсының қобызымен жазуға тырысады. «…Так быстро прошли годы
Жаксылыка, не успела препелка пропеть свою закатную песнь, как вся его жизнь истрепалась, обветрилась до дыр, не успев даже до края луга добраться. Что за чудо – жизнь? Зачем творец, господь единый, милосердный ее дает? Зачем всевышний призвал тебя на этот неохватный бескрайний луг, даже трех шагов не успел сделать, как покрылся сединами, весь провалился в морщины и складки. Господь зачем? Если даже не успеть нам кружку воды принести для незабвенного Учителя, то зачем, а?..» [106, с. 439] делінген мысалдарда жалғыз Жаратушыға сыйынатын Жақсылық сопының жан тапсырар алдындағы баяндаушы сөзінен кейіпкердің төл сөзіне ұласатын ой-толғамдар – будданың адам өмірінің ғаламдағы қас-қағым сәтке тең екендігін жеткізген тәмсілмен өрнектелуі де плюралистік дүниетанымның айғағы.
Дәйексөз, кейде сілтеме ретінде алынған дао және будда (қарсы жағалау (другой берег), Жай Келуші (Так Приходящии), бостық (пустота) концепциясы («Одна горошина лучше, чем полная горсть пустоты»)) тәмсілдері арқылы астарлы ой айтады. Автор діндердегі адамгершілік қағидаларын негізге алып ізгілікке шақырып, жақсылыққа үндейді, өзінің рухани ізденістерін, толғаныстарын кейіпкерлері арқылы бере біледі. Адамзат баласының бір тұтас дене секілді екендігіне қарамастан, бір-біріне жасаған қиянаттарына будданың


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет