Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: Филология ғылымдарының докторы, профессор Пірәлі Г. Ж



бет39/41
Дата17.12.2022
өлшемі421,46 Kb.
#57816
түріДиссертация
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
Диссертация Сәулембек Г.Р.

2 тарау бойынша тұжырым


«Постмодернистік бағыттың да, постмодерн шақтың да басты сипаттарының бірі ирониялық таным» деген постмодернизм теоретиктерінің тұжырымы Д.Нақыповтың «От орны», А.Жақсылықовтың «Ант ұрғандардың түстері», Д.Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романдарын талдау барысында дәлелдене түсті. Ирониялық дүниетаным аталмыш жазушылар шығармаларында мәтін тұтастығына, үлкен идеяларға, иерархияларға, классикалық шығарманың мақсатына (этикаға, моральдік құндылықтарға) жасалған ирония арқылы жүзеге асып, қазіргі постмодернистік проза өкілдерінің басты ерекшелігіне айналған.
Шығармаларды постмодернизмнің эстетикасы мен философиясы тұрғысынан қарастыра келе, оларға ең жоғарғы абсолют – Құдай мен мәтіннің ең кіші бөлшегі сөзге дейінгі иерархияға күмәнмен қарау түрлі тәсілдермен жүзеге асырылғаны анықталды.
Мәтін тұтастығына жасалған ирония Д.Амантай, Д.Нақыпов, А.Жақсылықов, Т.Әсемқұлов шығармаларында метапроза тәсілі және мәтіннің композициялық құрылысын синтаксистік, семантикалық және фонетикалық тұрғыда қайта құрылымдау арқылы жүзеге асты.
Посткеңестік елдер әдебиетіндегі постмодернизмге ортақ социализм идеологиясын мансұқтау, бүгінгі сананы нарық билеген қоғамның келбетіне күмәндану немесе ұлылардың ұлылығынан күдіктену секілді «бедел дағдарысы» тұжырымдамасы отандық авторлар шығармаларында көрініс тауып және мұны постмодернистік эстетика тұрғысынан пайымдау бейәдеп лексика, қарабайыр сөздер, аллегориялар, авторлық окказионал сөздерді қолдану арқылы жүзеге асырылды.
Кеңестік кеңістікте, атеистік қоғамда өмір сүрген авторлардың діни қыспақтан шыққаннан кейінгі рухани ізденіс, жалпы діндер негіздерінен үйрену, шалыс басу, дағдару, қайта жол табу нәтижесінде жылдар бойы қалыптасқан түсініктерімізді қайта ой елегінен өткізу, оның дұрыстығына күмәндану секілді үдерістер әдебиетті де айналып өтпеді. Батыс өркениетіндегі әрбір діннің өз дауысы бар делінген плюрализмнің қазақ мәдениетіндегі көрінісі А.Жақсылықовтың, Д.Амантайдың, ал Ф.Ницше мен М.Хайдеггердің нигилизмінің ықпалы Д.Нақыпов шығармаларында орын алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет