Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: филология



бет37/39
Дата10.12.2023
өлшемі219,8 Kb.
#136567
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
«қой ауызынан шөп алмас», «қойдан қоңыр», «қойдан жуас» деп бейнелейді. Ата-бабаларымыз алдағы күн райының бұзылуын немесе жайлы болатындығын қой түлігі сезеді деп білген. Қойдың мінез-құлығындағы өзгерістер мен қалыптан тыс қылықтарын бақылай отырып, қоралы қой өріске самарқаулана, баяу шықса сол күні күн райының бұзылуының белгісі, қой тісін қайраса боран тұрады, қой-ешкі пысқырынса жəне жүндері қобырап тұрса, бұлт иіріліп жауын-шашын болады деп т.б. болжамдар мен жорамалдар жасаған. Ата бабаларымыз егер адам түсінде қой көретін болса, өңінде барлық арман- тілектері орындалады деп жақсылыққа жорыған. Қазақ тілінде үміт етіп, сенген адамы ойлаған жерінен шықпай, көңілі қалған кезде «Сенген қойым, сен болсаң», тыныштық, бейбіт заман орнады мағынасында «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» тұрақты сөз тіркестері қолданылады. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» - дəстүрлі қазақ қоғамының бабында болған кезеңі дегенді білдіретін метафоралық ұғым, фольклорлық образ болып табылады. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманның» идеясы, түптеп келгенде, көшпелі тіршіліктің идеологиялық негізі болып табылатын ата-баба жолының қағидаларын үнемі ұстануды уағыздауға жəне дəріптеуге саяды.
Ежелден мал баққан түркі халықтарының төрт түлігіне қоймен қосылып айтылатын түлігі -ешкі. Мал баққан жұрт ешкінің серкесін қатты құрметтейді. Ешкінің пайда болуы туралы ел арасында мынадай аңыз бар. Ертеде қой атасы – Шопан ата болған кезде, ешкінің атасы болмаған екен. Қой иесі қой бағып жүрген адамға: «Шопан ата қозы туса менікі, қойға ұқсамайтын мал туса сенікі», - деген екен. Сонда қозы туа берген Шопан атаға шамданған қойшы бір күні Шопан атаны таяғымен түртіп қалады, көп ұзамай құйрық майы жоқ, құйыршығы шошайған, қойға ұқсамайтын секектеген ешкі дүниеге келеді. Осыған байланысты ешкі сыйсыз мал ретінде танылып, қой иесі оны өз малына санамай, қойшыға берген екен деседі [184, 125 б.]. Дегенмен сонау неолит дəуірінде пайда болып, Орта Азияда біздің жыл санауымызға дейінгі 5700 жылдары қолға үйретілген ешкі малы түркі халықтарының мал шаруашылығында көптеп кездеседі.
«Диуани лұғат-ит-түрік» тілінде ешкі малы жалпытүркілік ečkü [10, T.2, 158 б.] жəне keči [10, T.3, 298 б.] лексемалары арқылы берілген. Жəдігерде ečkü taɣıktı «ешкі тағы болып жабайы болып кетті» түрінде көрініс тапқан [10, T.2, 158 б.]. Ал keči лексемасын М.Қашқари оғыз тіліне тəн екенін айтады [10, T.3, 298 б.]. А.Щербак «звуковой состов слов ечкі и кечі настолько близок, что трудно удержаться от соблазна возвести эти слова в общей основе и считать одно из них, вероятное второе, результатом метатезы слогов и отдельных звуков первого слова» деген ой түйеді [200, 117 б.]. Ал қазақ ғалымы Ə.Нұрмағанбетұлы ешкі сөзінің шығу төркінін «қарғу, секіру, тез жүру»
мағыналарын беретін сек етістігінен еск/ешк/ешкі лексемасының пайда болуымен байланыстырады [247, 192 б.]. Ečkü атауы қарлұқ-қыпшақ тобындағы тілдерге тəн де, keči тұлғасы оғыз тобындағы тілдерде басымырақ. Уақ мал атауы ретінде бұл сөздердің славян тілдеріне де енгенін көруге болады. Орыс тіліндегі коза, козел, козленок, украин тіліндегі каза, казел, казля, поляк чех тілдеріндегі коча, koziot, kozle т.б. [200, 114 б.]
Қазақ ұғымында ешкі жағымсыз түсініктерге ие екені белглі. Мəселен кесірлі жынға баланатын безгек ауруы сазды, ой жерлерде ешкі кейіпінде жүреді деп санайтындықтан, жапанда жүрген жалғыз жарым ешкіден қазақтар үрейі ұшып қорқады. Дəстүрлі ортадағы ел ауызындағы аңыздарда шайтанның кебісі ешкінің тұяғы пішінінде бейнеленетіндіктен жəне оның зиратқа шығатынына байланысты сайтанның малы деп есептеген. Егер кісі түсінде ешкі көрсе, бұны жақсылыққа жорымаған. Ешкінің қазақ түсінігіндегі жағымсыз кейіпіне байланысты тілімізде « Ешкі егіз тауып қойдан аспас, ит сегіз тауып елден аспас» деген мақал қалыптасса керек. Одан бөлек ана тілімізде «Егіз лақты ешкіге екі елі майды кім берсін «(ауыспалы мағынада бала-шағасы көп əйелге емін-еркін, ағыл тегіл молшылықта өмір сүру қиын, өйткені қызық дəуреннің барлығы соларды бағып өсірумен кетеді.), «Есің кетсе ешкі жи, ешкі жи да есің жи» (ешкі жиып, оны бағып, өсіру – қиынның қиыны, оған тек есі жоқтар ғана баға алады; бірақ бұл қиыншылыққа шыдаған адам есін де жиып алуы мүмкін. Өйткені ешкі малы, баға білсе, бағалай білсе, тез өседі, сүті бұлақтай мол болғандықтан аққа аузы жарып, молшылыққа кенеледі),
«Қасапшыға - мал қайғы, қара ешкіге - жан қайғы» (өмір-тіршілікте əркімнің өз баласынан қайғы-қасіреті, шешуге тиісті жіті мəселесі бар: қасапшы үшін – мал табу, мал сойып, ақша табу болса, қара ешкі үшін – қайткен күнде де қасапшы пышағынан аман қалу, тірі болу), «Ешкілі қой өреген» (қоралы қойда серке жүрмесе, ол өзінше жол бастап, жайылымын тауып кете алмайды; қой малының өз өрісімен өрмелеп, өре жайылуына да ешкі малының əсері бар),
««Лақпын» деп ойнайды тоқал ешкі» (ауымпал мағынада кейбір əйелдерге тəн мінез: бала-шағасының жоқтығына, бойдақтығына, өң-əлпетінің тəуірлігіне қарап жасының келіп қалғандығын ұмыту, өзін əлі жаспын деп жеңіл-желпі жүріске баруы), «Түйені жел теңселтсе, ешкіні аспаннан көр» (ауыспалы мағынада егер белгіді бір қоғамдағы алар орны мықты, абырой-атағы зор салмақты тұлғаның өзін састырып, есеңгіретіп отырса, оның жанында түкке тұрмайтын кішігірім жандардың жағдайы мүшкіл болатыны анық) деген сынды т.б. мақалдарды кездестіруге болады.
Ешкі малының екі жастан асқан піштірілмеген еркегі ескерткіш тілінде ешбір өзгеріссіз teke деп берілген. Одан бөлек орта ғасырда сақалы текенің сақалына ұқсайтын көсе адамға да teke sakal дейтін тіркес қолданылған [10, T.3, 310 б.]. Қазіргі қырғыз, қарақалпақ, ноғай тілдерінде: теке, ұйғыр тілінде : текэ, түрікмендерде: теке түрлерінде көрініс тапқан [178, 118 б.]. Сөздікте бір жасар теке erkeč деп көрсетіліп, Erkeč eti em bolur, ečkü eti yel bolur «Еркеш еті ем болар, ешкі еті жел болар» деген мақал берілген [10, T.1, 125 б.]. Қазіргі қазақ тілінде текеге қатысты теке көз (аласы басым, адырақ көз), теке мұрын
(текенің мұрнындай, кеңсірігі кең, қоңқиған), ескерткіш тіліндегідей ешбір өгеріссіз теке сақал (иекке ғана біткен, шоқшиған сақал), теке сүмбіле (тамыз айының екінші жартысы) т.б. сынды сөз тіркестерінен бөлек жарамсақтанды, жағымпазданды мағынасында қолданылатын «Текені әке, ешкіні шеше ету» тұрақты сөз тіркесін кездестіруге болады.
Ешкінің жас мөлшерлік сипатына байланысты оның жаңадан туған төлі oɣlak деп берілген [10, T.3, 203 б]. Ескерткіш тілінде жас бала ісінің шала болатынына байланысты «Оɣlan ıšı ıš bolmas, oɣlak müŋüzü sap bolmas -Баланың ісі іс болмас, лақ мүйізі сап болмас» [10, T.3, 203 б.] жəне Oɣlak yiliksiz, oɣlan biliksiz «Лақ жіліксіз, жас бала біліксіз» сынды мақалдар берілген [10, T.1, 149 б.]. Аталмыш лексема қазіргі қарақалпақ тілінде: ылақ, улак, қырғыз, ноғай тілдерінде: улак, түрік, ұйғыр тілдерінде: оғлақ, өзбек тілінде: улак, түрікмендерде: овлак, башқұрттарда: ылақ түрлерінде көрініс тапқан [174, 404 б.]. Тіліміздегі лақ атауының шығу төркінін ғалым Ғ.Мұсабаев «сөз арқылы ұғым да, мағына да беріледі, бірақ сөз атаулының бəрі де ұғым бола бермейді, көбінесе мағына ғана болады. Сөздің мағынаға қатынасы біркелкі бола бермейтіндігін, кейбір сөздерде мағына мен дыбысталу толық сақталса, екінші біреуінде дыбысталуы толық сақталғанымен, лексикалық мағынасы болмайды, үшіншілерінде, керісінше мағына сақталады да сыртқы дыбысталуы өзгеретіндігін айта келіп лақ сөзінің бастапқы түрі оғуллақ болғандығын жəне оның уақыт өте келе огул - лақ, оғу-лақ, огы-лақ, ог-лақ, о-лақ, лақ формасына келіп бұрынғы түбірдегі мағына жойылып, жұрнаққа ауысқан жəне сол сақталған», - деп түсіндіреді [252, 141 б.]. «Дуани лұғат-ит-түрік» тілін зерделей отырып, ешкі төлі лақтың белгілі бір ай атауы болғанын да көруге болады. М.Қашқари көшпенді түркілер жылды төрт мезгілге бөліп, əр үш айды бір атпен атайтыны жайлы айтып, ерте көктем айын oɣlak ay одан кейінгі айды лақтың үлкен болып қалуына байланысты uluɣ oɣlak ay деп көрсетеді [10, T.1, 405 б.]. Одан бөлек сөздікте алты айлық лақ šebiš деп берілген [10, T.1, 425 б.]. Қазіргі қазақ тілінде шыбыш тұлғасында көрініс тапқан. Дəстүрлі қазақы ортада ешкі төліне байланысты лақ құрлы (лақ сияқты, лақ тəрізді де санамау, бағаланбау), лақ сүмбіле (тамыз айының бірінші жартысы), лақ теке (тартылмаған алты айлық еркек лақ), лақ текенің көзіндей (оқырайып) сөз тіркестері қалыптасқан.
Қоймен салыстырғанда ешкі өте жылдам, бір жерде тұрақтамай, жер көктеумен көк қуалап жүгіріп, гүл-шөптің дəмдісін теріп жейтін мал. Дəстүрлі ортада құрғақшылық ұзаққа созылғанда құрбандыққа серке шалынып, оның терісі тау аңғарына көміп, таңертеңгісін көпшілік қауым сол тауға қарап тəңірден жаңбыр тілеген. Ата-бабаларымыз ешкінің ауа райы өзгерісін екі-үш күн бұрын сезетін қасиеті бар деп, ешкілердің басы бір бағытта қарап жатса күн райының тұрақтамай тұрғанының айғағы ал жан-жаққа қарап жатса өрістің жайлығының белгісі деп білген. Қой бастаған ешкіні қой бастайтын серке атаған қазақ той бастаған сері жігітті «Айшық мүйіз ақ серке қойды бастар, қыпша белді жігіттер тойды бастар» деп серкеге балаған. Тілімізде ешкі бас (кішкене шақша бас), ешкінің асығындай (кəшкентай, шүйкімдей) т.б. сынды
тұрақты теңеулермен қатар, жатсынды, жатырқады мағынасында жұмсалатын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет