МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ:
Білім беру Web-сайттарының ақпараттық архитектурасын жобалауды автоматтандырудың ғылыми-әдістемелік негіздері 16 мамыр 23 ж.
Жұмыстың мақсаты интернет-ресурстардың web-ақпараттық архитектурасын автоматтандырылған жобалау әдістерін әзірлеу есебінен Шәкәрім университетінің электрондық ақпараттық ресурстардың саны мен тиімділігін арттыру болып табылады.
ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- Web-ресурстарды жобалаудың қазіргі жағдайын талдау;
- Web-pecypc ақпараттық архитектурасы тұжырымдамасының жай-күйін зерттеу және дамыту;
- Web-ресурстардың модельдерін және олардың компоненттерін жүйелеу және әзірлеу;
- ақпараттық архитектура сипаттамаларының web-pecypcты пайдалану көрсеткіштеріне әсерін зерттеу және ақпараттық архитектура сапасының критерийлерін негіздеу;
- Web-ресурстардың ақпараттық архитектурасын автоматтандырылған жобалаудың алгоритмдері мен бағдарламалық құралдарын әзірлеу;
- Web-ресурстарды пайдалану және жаңғырту міндеттерін зерттеу және web-ресурстарды дамытуды басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу және оларды пайдалану кезеңінде жаңғырту.
МІНДЕТТЕРІ
Диссертациялық жұмыста сайт құрастыруда қолданылатын және өз кезегінде интернет-ресурстарды қолданушыларды ақпараттық қамтамасыздандыру сапасын арттыруға мүмкіндік беретін электрондық құжаттардың және веб-сайттардың бағалау критерилеріне сипаттама берілген және интернет-ресурстарды мағыналық бағалаудың кілттік критерилері қалыптастырылған. Веб-сайттарды салыстырмалы анализдеу және құжат көздерін оқу негізінде порталдың ақпараттық моделі жетілдірілген.
Ғылыми жаңалығы
Зерттеу нысаны - Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Автоматика, ақпараттық технологиялар және қала құрылысы кафедрасы болып табылады.