Сайтты қараудың математикалық моделі 2-модельдің өтпелі ықтималдылықтарының матрицасының элементтерін статикалық бағалау сайтқа келуді бақылау нәтижелерімен анықталады:
РA, РD және РC жағдайларында болудың ақтық (соңғы) ықтималдылықтары (1) теңдеу шешімі сияқты анықталады. Егер сайт құрылымы бойынша «жоғарыдан төмен қарай» қозғалу – SD жағдайында болу не болмаса «горизонталь» қозғалу гипотезаларын қабылдасақ РA, РD және РC шамаларын сайттың қолданушыға деген пайдалылығын бағалау мақсатында қолдануға болады. Бұл сайтқа келуші немесе қолданушы оның мазмұнын қызығушылықпен меңгеріп, қарап жатыр дегенді білдіреді.
Осыған ұқсас гипотеза [3] теңдеуде қарастырылады, бірақ басқа бағалау параметрлері арқылы. Ол параметрлер ретінде баспаға шығару процесінің жиілігі, электронды почталар арқылы жіберулер, мәліметтерді көшіру және сақтау жатады.
Сонымен ұсынылған математикалық модельдер сайттың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Математикалық модельдер негізінде сайт дизайнын жобалау Осы бөлімде қарастырылатын математикалық тәсілдер мен принциптер ең тиімді және ыңғайлы дизайн моделін жасауға көмектеседі. Оларды пайдалану сайттың тартымды көрінісін жасауға және оны бәсекелестердің ресурстарынан тиімді түрде бөлуге көмектеседі, бұл қазіргі уақытта бұрынғыдан да өзекті.
I. Фибоначчи сандарын қолдану.Бастау үшін веб-сайт дизайнында Фибоначчи сандарын қолдандық. Анықтама бойынша Фибоначчидің алғашқы 2 саны 0 және 1, ал әрбір келесі сан алдыңғы екеуінің қосындысына тең. Кейде 0 саны өткізіп жіберіледі және қатар екі бірліктен басталады. Сонымен қатар, тізбектегі сан неғұрлым көп болса, соғұрлым олар "алтын қима" ережесіне сәйкес бір-біріне жақындайды, бұл туралы сәл кейінірек айтылады.
Сонымен, Фибоначчи тізбегі келесі сандар қатарын білдіреді:
0, 1, 1, 2, 3, 5, 8, 13, 21, 34, 55, 89…
Оны негізгі мазмұны бар бүйірлік тақталар мен блоктардың өлшемдерін анықтау кезінде веб-сайт дизайнында пайдалану керек. Фибоначчи сандары веб-дизайнерлерге блоктар мен панельдер үшін жалпы қабылданған пропорцияларға сүйенуге мүмкіндік береді, бұл оларға сайттардың сауатты және ыңғайлы көрінісін жасауға көмектеседі [3].