Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізіліміне енгізілген Қр бғм бғсбк 30. 05. 2013 ж



Pdf көрінісі
бет20/37
Дата12.01.2017
өлшемі3,95 Mb.
#1731
түріДиссертация
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37

147
The author provides a comparative analysis of the terms "punishment", "collection" on the basis of the 
Administrative Code of the Russian Federation and Kazakhstan. 
Keywords:  Administrative  Code,  punishment,  penalty,  harmonization  of  administrative  legislation           
of Kazakhstan and the Russian Federation. 
Виктор Николаевич Жамулдинов, 
Павлодар  мемлекеттік  педагогикалық  институтының  экономика,  құқық  және  философия 
кафедрасының доценті, з.ғ.к.
Ресей  Федерациясы  және  Қазақстан  Республикасы  әкімшілік  заңнамасының  негізінде 
«жаза» мен «жауапқа тарту» терминдерінің талдануы (салыстырмалы-құқықтық талдау)
Жамулдинов Виктор Николаевич, 
доцент кафедры экономики, права и философии Павлодарского государственного педагогичес-
кого института, к.ю.н.
О толковании термина «наказание» и «взыскание» по административному законодательству 
Российской Федерации и Республики Казахстан (сравнительно-правовой анализ)
Zhamuldinov Victor Nikolaevich,
Associate Professor, Faculty of Economics, Law and Philosophy Pavlodar State Pedagogical Institute, 
c.j.s.
On the interpretation of the term "punishment" and "recovery" on administrative law of the 
Russian Federation and the Republic of Kazakhstan (comparative legal analysis) 
Международное право и сравнительное правоведение

№ 3 (35) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
148
Айсин Сайкен Бақытұлы,
ҚР Заң шығару институты Құқықтық 
мониторинг орталығының 
жетекші ғылыми қызметкері, 
заң ғылымдарының кандидаты
Омарова Назгүл Нұрлыбайқызы, 
ҚР Заң шығару институты Құқықтық 
мониторинг орталығының 
ғылыми қызметкері
ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫҢ 
КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Еңбекті  қорғау  мемлекеттің  әлеуметтік 
саясатының  құрамдас  бөлігі  болып  табылады. 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясына 
сәйкес қызметкерлердің қауіпсіздік пен гигиена 
талаптарына  жауап  беретін  жағдайларда 
еңбек  ету  құқықтарын  қамтамасыз  ету  еңбекті 
қорғау  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың 
басым  бағыты  болыптабылады.  Қазақстан 
Республикасының  2007  жылы  қабылданған 
Еңбек  кодексінде  еңбекті  қорғаудың  құрамына 
құқықтық,  әлеуметтік-экономикалық,  ұйымдас-
тыру-техникалық, 
санитарлық-гигиеналық, 
емдеу-сақтандыру, оңалту және де басқа шаралар 
кіретін  еңбек  қызметі  процесінде  қызмет-
керлердің өмірі мен денсаулығын сақтау жүйесі 
ретінде қарастырылады.
Қазақстан  Республикасы  Еңбек  кодексінің 
еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі 
талаптарының,  осы  мәселелер  бойынша  басқа 
да  нормативтік  және  құқықтық  құжаттар 
талаптарының  сақталуына  бақылау  жасау 
мемлекеттік  еңбек  инспекторларына,  еңбек 
ұжымдарының 
конференциялары 
мен 
кәсіподақ  жиналыстарында  сайланған  еңбекті 
қорғау  жөніндегі  қоғамдық  инспекторларға 
және  өнеркәсіптік  кәсіпорындарда,  құрылыс 
ұйымдарда, ауыл шаруашылығында, республика 
экономикасының  басқа  да  салаларында  жұмыс 
істейтіндердің  арасындағы  еңбекті  қорғау 
жөніндегі кәсіби қызметкерлерге жүктеледі. 
Нарықтық  экономикадағы  еңбек  жекелеген 
адамдардың, 
сонымен 
бірге 
тұтастай 
қоғамдастықтардың,  немесе  жалпы  алғанда 
бүкіл  мемлекеттің  өмірінде  өзінің  әлеуметтік 
маңыздылығы  бойынша  ерекше  орын  алады. 
Қазіргі  кезеңнің  адамдары  өз  өмірінің  басым 
бөлігін  өз  әл-ауқаттарының  көзі  болып 
табылатын дәл осы жұмысқа, еңбекке арнайды. 
Осыған  орай  еңбекті  қорғаудың  маңыздылығы 
артып  отыр,  сонымен  қатар  құқықтық  ғылым 
тұрғысынан неғұрлым дәл және толық зерттеп, 
зерделеуді талап етеді [2, 76 б.]. 
Қазақстан  Республикасының  Конститу-
циясының  24-бабында  әркімнің  еңбек  ету 
бостандығына және қауіпсіздік талаптарына сай 
еңбек  етуге  құқығы  жарияланған.  Сондықтан 
мемлекет  бұл  талаптарды,  еңбекті  қорғау  және 
оларды  жүзіге  асыруға  мақсатымен  арнайы 
нормалар арқылы орындайды.
Қазақстан  Республикасының  Еңбек  кодексі-
нің  306-бабына  сәйкес,  еңбек  қауіпсіздігі  және 
еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат 
мынадай:
1)  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау 
саласындағы 
Қазақстан 
Республикасының 
нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге және 
қабылдауға;
2)  еңбек  жағдайларын,  оның  қауіпсіздігі 
мен  қорғалуын  әзірлеу  және  жақсарту,  қауіпсіз 
техникалар  мен  технологияларды  әзірлеу  және 
енгізу,  еңбекті  қорғау,  қызметкерлердің  жеке 
және  ұжымдық  қорғану  құралдарын  өндіру 
жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру 
жүйелерін құруға және іске асыруға;
4)  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау 
саласында мониторингті жүзеге асыруға;
5)  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау 
проблемалары  бойынша  ғылыми  зерттеулер 

149
жүргізуге;
6)  өндірістегі  жазатайым  оқиғаларды  және 
кәсіптік  ауруларды  есепке  алудың  бірыңғай 
тәртібін белгілеуге;
7)  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау 
саласындағы Қазақстан Республикасы заңнама-
сының  сақталуын  мемлекеттік  қадағалау  мен 
бақылауға;
8)  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау 
саласында  қызметкерлердің  құқықтары  мен 
заңды  мүдделерінің  сақталуына  қоғамдық 
бақылауды  жүзеге  асыру  тәртібін  нормативті 
түрде бекітуге;
9)  өндірістегі  жазатайым  оқиғалардан 
және  кәсіптік  аурулардан  зардап  шеккен 
қызметкерлердің,  сондай-ақ  олардың  отбасы 
мүшелерінің заңды мүдделерін қорғауға;
10)  ауыр  жұмыс  және  өндіріс  пен  еңбекті 
ұйымдастырудың  қазіргі  заманғы  техникалық 
деңгейінде  жойылмайтын  зиянды  (ерекше 
зиянды),  қауіпті  еңбек  жағдайлары  бар  жұмыс 
үшін еңбекақы төлеу шарттарын белгілеуге;
11) еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті 
қорғау  жөніндегі  отандық  және  шетелдік  озық 
жұмыс тәжірибесін таратуға;
12)  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау 
жөніндегі мамандарды даярлауға және олардың 
біліктілігін арттыруға;
14)  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау 
саласындағы  біртұтас  ақпараттық  жүйенің 
жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
15)  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау 
саласындағы  халықаралық  ынтымақтастыққа 
бағытталған. 
Әр  мемлекет  өзінің  азаматтарының  еңбегін 
қорғауға құқықты кепілдейді. Ең басты кепілдік 
қабылданған шаралардың нәтижесінде өндірісте 
еңбекті  қорғаудың  жоспарлы  түрде  үздіксіз, 
тұрақты  түрде  жақсаруы  тиіс  екендігінен 
көрініс  табады.  Еңбек  жағдайы  өзінің  ең  кең 
мағынасында  еңбек  процесіндегі  адамның 
жұмыс  істеу  қабілеті  мен  саулығына  әсер 
ететін  факторлардың,  яғни  сыртқы  күштердің 
жиынтығы болып табылады. еңбек жағдайының 
терминін  қолдануда  оған  әртүрлі  мағына 
беріледі. Шын мәнінде адамға, оның денсаулығы 
мен еңбек қабілеттілігіне әсер ететін факторлар 
өте  көп.  Әлеуметтік-экономикалық  факторлар 
еңбеккерлердің  бүкіл  қоғамдағы  жағдайын 
анықтайды.  Олар  Қазақстан  Республикасының 
Конституциясында, мамандардың еңбекақысын, 
дайындау  және  қайта  дайындау  мәселелерін, 
жалпы  заңда  әлеуметтік  игіліктер  мен 
кепілдіктерді реттейтін еңбек заңдарында орын 
табады.  Мемлекеттің  нормативті-құқықтық 
актілері  бір  ауысымдағы  жұмыс  уақыты 
ұзақтығын, санитарлық нормалар мен ережелер-
ді,  зейнеткерлік  және  жасөспірім  жастағылар-
дың,  жүктілік  пен  босану  жеңілдіктерін,  көп 
балалы  жанұяларға  жеңілдіктер  және  басқа  да 
еңбек қатынастарына байланысты толып жатқан 
мәселелерді қарастыруы мүмкін [3, 22-23 б.]. 
Сонымен  қатар,  еңбек  капиталы  халықтың 
нарықты  даму  қамтамасыз  ететін  белгі  болып 
дүниежүзілік қоғамдықпен танылды. Сондықтан 
мемлекеттік инспекторлардың бақылау жұмысы 
еңбек  құқықтарын  бұзушылыққа  алдын  алуға 
бағытталған. Сол үшін мемлекеттік инспекторлар 
ұйымдар  арасында  түсіндіру  жұмыстарын 
жүргізіп,  азаматтардың  арыздарын  қарап  еңбек 
құқықтарын бұзу жол бермейді.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 
321-бабына  сәйкес,  жұмыс  орындарының 
қауіпсіздік талаптары мына төмендегі талаптарға 
сай болуы тиіс:
-  жұмыс  орындары  орналастырылған  ғима-
раттар  өзінің  құрылысы  бойынша  функционал-
дық  мақсатына  және  еңбек  қауіпсіздігі  мен 
еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келуге тиіс.
- жұмыс жабдығы оның осы түріне белгілен-
ген  қауіпсіздік  нормаларына  сәйкес  келуге,         
оның  тиісті  сақтандыру  белгілері  болуға 
және  жұмыс  орындарында  қызметкерлердің 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоршаулармен 
немесе  қорғаушы  құрылғылармен  қамтамасыз 
етілуге тиіс.
- авариялық жолдар мен қызметкерлердің үй-
жайдан шығу жолдары бос болуға және қауіпсіз 
аймаққа шығаруға тиіс.
- жұмыс сипатына қарай қызметкердің өмірі 
мен  денсаулығына  қауіп  төндіретін  жұмыс 
орындары  тәуекел  дәрежесі  ескеріле  отырып, 
дәлме-дәл  белгіленуге  және  оларға  бөгде 
адамдардың  кіруін  болғызбайтын  (шектейтін) 
құрылғылармен жарақтандырылуға тиіс. 
Қазақстан 
Республикасының 
Үкімет 
жүргізілген  жұмысынды  жоғарғы  деңгейге 
көтеру үшін осы салада қоғамдық бақылау енгізу 
қажетті  деп  санайміз.  Сол  үшін  мекемелерде 
құрылатын бөлімдер құрамына жұмыс берушілер 
мен  қызметкерлердің  өкілдері  енгізуге  ұсынып 
отырмыз.  Ал  еңбек  қорғау  және  қауіпсіздік 
талаптардың  қамтамасыз  ету  мақсатында 
мекемелердегі  еңбекті  қорғау  жөніндегі 
мамандардың  міндетті  түрде  жауаптылығы 
көтеру керек деп санаймыз.
Жоғарыда 
айтылғанды 
қорытындылай 
келгенде, еңбекті қорғау мәселесінің өзектілігін 
Правовой мониторинг

№ 3 (35) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
150
және ол нормалардың жалпы қоғам игілігі үшін 
еңбек  етіп  жүрген  барлық  қазақстандықтарға 
қажеттілін атап өткіміз келеді.  
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.  Қазақстан  Республикасының  2007  жылғы  15  мамырдағы  N  251  Еңбек  кодексі  //  Қазақстан 
Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі.
2.  Аяганова  А.Б.  Еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау  құқықтық  категориясы  салааралық 
құрылым  ретінде.  Сборник  материалов  Международной  научно-практической  конференции 
«Государственно-правовые основы политической системы Республики Казахстан и ее влияние на 
сферу государственного управления в условиях глобализации» 29 октября 2010 года, Астана, 2010 
- С. 76-81.
3.  Армстронг  М.  Практика  управления  человеческими  ресурсами  /  Пер.  с  англ.  под  ред.                               
С.К. Мордовина.- 8-е изд.- СПб.: Питер, 2005. - 153 с.
Осы  мақалада  нормативтік  құқықтық  актілерді  сараптау  негізінде  еңбек  қауіпсіздігі  және 
еңбекті қорғаудың кейбір мәселелері қарастырылған.
Түйін сөздер: еңбек құқығы, еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау.
В  данной  статье  на  основе  анализа  нормативных  правовых  актов  рассмотрены  некоторые 
вопросы охраны и безопасности труда.
Ключевые слова: трудовое право, безопасность труда, охрана труда.
In given clause on the basis of the analysis of normative legal acts some questions of  security and safety 
labor.
Keywords: labor law, labor security, safety labor.
Сайкен Бақытұлы Айсин,
ҚР  Заң шығару  институты Құқықтық мониторинг  орталығының  жетекші ғылыми қызметкері, 
з.ғ.к.
Назгүл Нұрлыбайқызы Омарова, 
ҚР Заң шығару институты Құқықтық мониторинг орталығының ғылыми қызметкері
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың кейбір мәселелері
Айсин Сайкен Бакытович,
ведущий  научный  сотрудник  Центра  правового  мониторинга  Института  законодательства  РК, 
к.ю.н.
Омарова Назгуль Нурлыбаевна,
научный сотрудник Центра правового мониторинга Института законодательства РК
Некоторые вопросы безопасности и охраны труда 
Aisin Saiken Bakytovich,
senior  research  fellow  of  the  Centre  of  legal  monitoring  Institute  of  legislation  of  the  Republic  of 
Kazakhstan, c.j.s.
Omarova Nazgul Nurlybaevna,
Research fellow of the Centre of legal monitoring Institute of legislation of the Republic of Kazakhstan
Some issues of the labor security and safety
● ● ● ● ●

151
Әсия Әлімғазықызы Дәулетханова,
«ҚР Заң шығару институты» мемлекеттік 
мекемесі Құқықтық мониторинг орталығының
аға ғылыми қызметкері,
заң ғылымдарының кандидаты
Жұмагүл Мұхтарқызы Тұрарова,
«ҚР Заң шығару институты» мемлекеттік 
мекемесі Лингвистика орталығының
аға ғылыми қызметкері
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ – ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРТУ САЯСАТЫНЫҢ 
НЕГІЗІ
Еліміздің  Конституциясында  Қазақстан 
Республикасы  өзiн  демократиялық,  зайырлы, 
құқықтық  және  әлеуметтiк  мемлекет  ретiнде 
орнықтырады,  оның  ең  қымбат  қазынасы  – 
адам  және  адамның  өмiрi,  құқықтары  мен 
бостандықтары деп жарияланған. Осыған орай, 
мемлекетіміздің  әлеуметтік  саясатының  негізгі 
міндеті  мен  оның  тиімділігінің  басты  өлшемі 
халықтың әл-ауқатын ұдайы арттыру болмақ. 
Олай болса, Қазақстанның таяу болашақтағы 
даму  стратегиясы  әлеуметтік-экономикалық 
жаңғыру  бағытын  ұстану  арқылы  әлеуметтік 
мемлекеттің  қазіргі  заманға  сай  үлгісін  құру 
болып  отыр.  «Мәңгілік  ел»  жалпы  ұлттық 
идеясының 
басым 
бағыттарының 
бірі 
әлеуметтік  жаңғыртудың  жаһандық  тренді 
ретінде  мемлекет  Басшысы  жария  еткен 
Жалпыға  ортақ  Еңбек  қоғамы  екендігі  белгілі. 
Елбасы Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 
20 қадам атты бағдарламалық мақаласында атап 
өткеніндей,  «әлеуметтік  жаңғырту  саясатының 
негізіне  шынайы  өндірістік  еңбек  қойылуы 
тиіс... Бүгінде еңбек - ХХІ ғасыр жағдайындағы 
шешуші  ұлттық  фактор  ретінде,  жаһандық 
бәсекелестік  жағдайында  алдыңғы  кезекке 
ілгерілетілуі тиіс.» [1]. 
Ал,  өндірістік  еңбек  саласы  тиісті  еңбекті 
қорғау нормалары мен еңбек қауіпсіздігін сақтау 
арқылы  ғана  дами  алатындығы  белгілі.  Олай 
болса,  еңбек  қауіпсіздігі  мен  еңбекті  қорғау 
мәселесінде  Еңбек  кодексінің  бірінші  орында 
тұрары сөзсіз. 
Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық заңнама 
еңбек  ету  барысындағы  адам  денсаулығы 
мен  еңбекке  қабілетін  сақтауға  бағытталған 
құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-
техникалық,  емдеу-алдын  алу  шаралары 
мен 
құралдарына 
қатысты 
мемлекеттік 
саясатты  іске  асыру  жолындағы  қоғамдық 
қатынастарды  реттейтін  нормативтік  құқықтық 
актілер  жүйесінен  тұрады.  Еңбекті  қорғау 
мәселелерін  реттеудің  құқықтық  негізі  –  2007 
жылғы  1  маусымда  күшіне  енген  Қазақстан 
Республикасының  Еңбек  кодексі  болып 
табылады  (Қазақстан  Республикасының  2007 
жылғы  15  мамырдағы  №  251  Еңбек  кодексі). 
Оның  ішінде,  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті 
қорғау  мәселелерін  реттеуге  арнаулы  түрде 
Кодекстің 5-бөлімінің 27 бабы (306-327-баптар) 
арналған. 
Сонымен, Кодексте Қазақстан Республикасы 
еңбек  заңнамасының  мақсаты  еңбек  қатынас-
тарын  және  еңбек  қатынастарына  тікелей 
байланысты  өзге  де  қатынастарды  еңбек 
қатынастары  тараптарының  құқықтары  мен 
мүдделерін  қорғауға,  еңбек  саласындағы 
құқықтар  мен  бостандықтардың  ең  төмен 
кепілдіктерін  белгілеуге  бағытталған  құқық-          
тық реттеу болып табылатындығы бекітілген. 
Осы Кодекстің қолданыс мерзімі аралығында 
жыл сайын дерлік өзгерістер мен толықтырулар 
енгізілгендігін,  яғни,  Кодекс  қабылданған  2007 
жылдан  бастап  көбіне  оған  салалық  заңдармен 
де,  сонымен  қатар  тек  Еңбек  кодексіне 
Правовой мониторинг

№ 3 (35) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
152
қатысты  арнаулы  заңдармен  де  өзгерістер  мен 
толықтырулар ұдайы енгізіліп келгендігін атауға 
болады. 
Осы орайда, Е.Н. Нұрғалиеваның «енгізілген 
барлық  өзгерістер  мен  толықтырулардың 
талдауы  олардың  бір  бөлігі  таза  техникалық 
сипатта  екендігін,  ал  басқалары  –  құқықтың 
басқа салаларындағы өзгерістермен байланысты 
екендігін,  ал  үшіншісі  –  нақтылау  не  түсіндіру 
сипатындағы  өзгерістер  екендігін  көрсетеді» 
деген пікірінің орындылығын көреміз [2, 35 б.].
Тағы  айта  кетер  бір  мәселе,  жаңа  Еңбек 
кодексі заңды күшіне енгеннен кейін Қазақстан 
Республикасының мынадай бірқатар заңдарының 
күші жойылды, атап айтқанда: 
-  «Қазақстан  Республикасындағы  еңбек 
туралы»  Қазақстан  Республикасының  1999 
жылғы 10 желтоқсандағы № 493 Заңының;
-  «Ұжымдық  шарттар  туралы»  Қазақстан 
Республикасының  1992  жылғы  4  маусымдағы 
Заңының;
-  «Ұжымдық  еңбек  даулары  мен  ереуiлдер 
туралы»  Қазақстан  Республикасының  1996 
жылғы 8 шiлдедегі № 20 Заңының;
-  «Қазақстан  Республикасындағы  әлеуметтік 
әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының 
2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 129 Заңының;
-  «Еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау 
туралы»  Қазақстан  Республикасының  2004 
жылғы  28  ақпандағы  №  528  Заңының  күші 
жойылды. 
Ал,  еңбек  қатынастарын  реттейтін  қалған 
нормативтік  құқықтық  актілер  біртіндеп  Еңбек 
кодексімен сәйкестікке келтірілді немесе күшін 
жойды.
Еңбек кодексі нормаларын талдай қарағанда 
көптеген  баптардың  сілтемелік  сипатқа  ие 
екендігін  байқауға  болады  мәселен,  жұмыс 
уақыты, демалыс уақыты, жалақы, материалдық 
жауапкершілік  және  т.б.  мәселелер  ұжымдық 
шарттардың  құзырына  берілген,  ал  іс  жүзінде 
мұндай  шарттар  не  жасалмайды  не  нақты 
ұйымдарға  қатысты  қолдану  мәселелері 
нақтыланбайды. 
Сонымен бірге, Кодекс қабылданғаннан кейін 
күшін жойған заңнамалық актілердің нормалары 
енгізілген  қолданыстағы  Еңбек  кодексі  көлемі 
жағынан айтарлықтай үлкен, атап айтқанда 341 
баптан  тұратын  40  тарауға  бөлінген  бұл  актіде 
жаңа нормалар да арнайы бөлімдер мен баптарда 
нақты реттелген, атап айтқанда: 
 еңбек заңнамасының қағидаттары;
шағын  кәсіпкерлік  субъектілері  қызмет-
керлерінің  (қызметкерлерінің  орташа  жылдық 
саны  25  адамнан  аспайтын),  заңды  тұлғаның 
алқалы  атқарушы  органының  басшысы  мен 
мүшелерінің,  сондай-ақ  басқа  санаттағы 
қызметкерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері;
еңбек  саласындағы  әлеуметтік  әріптестік 
және ұжымдық қатынастар;
жеке  және  ұжымдық  еңбек  дауларын  қарау 
тәртібі;
еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау 
мәселелері;
еңбек  қызметіне  байланысты  жазатайым 
оқиғаларды және қызметкерлер денсаулығының 
өзге  де  зақымдануларын  тергеп-тексеру  мен 
есепке алу;
еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік 
және қоғамдық бақылау;
еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау 
жөніндегі  ішкі  бақылау  мәселелері  де  кеңінен 
қамтылған.
Жоғарыда  баяндалғанның  негізінде,  еңбек 
туралы  бұрын  қолданыста  болған  заңмен 
салыстырғанда, Еңбек кодексінде тек қана еңбек 
қатынастары  емес,  сонымен  бірге  әлеуметтік 
әріптестік  пен  еңбек  қауіпсіздігі  мен  қорғау 
бойынша  қатынастар  да  қарастырылғандығын 
көруге болады. 
5 тараудан тұратын Еңбек кодексінің арнаулы 
5-ші  бөлімі  (306-327-баптар)  еңбек  қызметіне 
байланысты  жазатайым  оқиғаларды  тексеруді 
қоса  алғанда,  еңбек  қауіпсіздігі  мен  еңбекті 
қорғаудың  бірқатар  мәселелерін  реттеуге 
арналған  құқықтық  нормалар  қамтылған. 
Мәселен:
1)  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау 
саласындағы  мемлекеттік  басқару,  бақылау 
және  қадағалау.  Бұл  құзіретті  Қазақстан 
Республикасының  Үкіметі,  еңбек  жөніндегі 
уәкілетті мемлекеттік орган, еңбек инспекциясы 
жөніндегі  жергілікті  орган  және  өз  құзыретіне 
сәйкес  өзге  де  уәкілетті  мемлекеттік  органдар 
жүзеге асырады. Бұл ретте еңбек қауіпсіздігі және 
еңбекті  қорғау  жөніндегі  талаптар  Қазақстан 
Республикасының    бірқатар  нормативтік 
құқықтық  актілерінде  белгіленген  және  Еңбек 
жөніндегі  уәкілетті  мемлекеттік  орган  және 
еңбек  инспекциясы  жөніндегі  жергілікті  орган 
осы  талаптарға  сәйкес  жұмыс  орындарындағы 
еңбек  жағдайларын  кешенді  бағалау,  өндірістік 
жарақаттануды 
азайту 
және 
өндірістегі 
жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында 
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында 
мониторингті  және  тәуекелдерді  бағалауды 
ұйымдастырады.
2)  Еңбек  шартын  жасасу  кезінде  еңбек 

153
қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау  құқықтарына 
берілетін  кепілдіктер  ретінде  еңбек  шартында 
зиянды  және  (немесе)  қауіпті  өндірістік 
факторларды қоса алғанда, еңбек жағдайларының 
дәйекті  сипаттамасы,  осындай  жағдайлардағы 
жұмыс  үшін  берілетін  кепілдіктер,  жеңілдіктер 
мен  өтемақы  төлемдері  көрсетілуі,  жұмыс 
орнындағы  еңбек  қауіпсіздігінің  жағдайлары 
ұлттық  стандарттарға,  еңбек  қауіпсіздігі  және 
еңбекті қорғау жөніндегі ережелер талаптарына 
сәйкес болуға, жұмыс беруші ауыр жұмыстарда, 
зиянды  (ерекше  зиянды)  және  (немесе)  қауіпті 
еңбек  жағдайлары  бар  жұмыстарда  істейтін 
қызметкерлерді  Қазақстан  Республикасы  заң-
намасында  белгіленген  тәртіппен  мерзімдік 
медициналық  тексеруден  және  тексерілуден 
өткізуді  өз  қаражаты  есебінен  ұйымдастыруға 
міндеті, сондай-ақ, қызметкерлерді еңбек қауіп-
сіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша 
оқытуды,  нұсқама  беруді  және  білімдерін 
тексеруді  жұмыс  беруші  өз  қаражаты  есебінен 
жүргізуі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
мәселелері  бойынша  алдын  ала  оқытудан,  нұс-
қама  беруден  және  білімін  тексеруден  өтпеген 
қызметкерлер жұмысқа жіберілмеуі көзделген.
3)  Қызметкердің  еңбек  қауіпсіздігі  және 
еңбекті қорғау құқықтары ретінде:
1)  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау 
талаптарына сай жабдықталған жұмыс орнына
2)  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау 
жөніндегі, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық 
шартта көзделген талаптарға сәйкес санитарлық-
тұрмыстық үй-жайлармен, жеке және ұжымдық 
қорғану  құралдарымен,  арнаулы  киіммен 
қамтамасыз етілуі; 
3)  еңбек  жөніндегі  уәкілетті  мемлекеттік 
органға  және  (немесе)  еңбек  инспекциясы 
жөніндегі  жергілікті  органға  өз  жұмыс 
орнындағы  еңбек  жағдайларына  және  еңбекті 
қорғауға тексеру жүргізу туралы өтініш білдіру;
4)  өзі  немесе  өз  өкілі  арқылы  еңбек 
жағдайларын,  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті 
қорғауды  жақсартуға  байланысты  мәселелерді 
тексеруге және қарауға қатысу; 
5)  денсаулығына  немесе  өміріне  қауіп 
төндіретін жағдай туындаған кезде бұл жөнінде 
тікелей  басшысына  немесе  жұмыс  берушіге 
жазбаша  түрде  хабарлай  отырып,  жұмысты 
орындаудан бас тарту; 
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында 
белгіленген тәртіппен еңбек міндеттерін қауіпсіз 
атқару  үшін  қажетті  білім  алуға  және  кәсіптік 
даярлыққа; 
7) жұмыс берушіден жұмыс орнының сипаты 
мен  ұйымның  аумағы,  еңбек  жағдайларының 
жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
туралы,  өмірі  мен  денсаулығына  төнген  қатер 
туралы, сондай-ақ оны зиянды (ерекше зиянды) 
және  (немесе)  қауіпті  өндірістік  факторлардың 
әсерінен  қорғау  жөніндегі  шаралар  туралы 
дәйекті ақпарат алу; 
8)  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау 
талаптарына  сай  болмауына  байланысты 
ұйымның  жұмысы  тоқтатыла  тұрған  уақытта 
орташа жалақысының сақталуы; 
9)  жұмыс  берушінің  еңбек  қауіпсіздігі  және 
еңбекті қорғау саласындағы заңсыз әрекеттеріне 
шағымдану құқығы көзделеді. Ал жұмыс беруші 
өз кезегінде:
1)  профилактикалық  шаралар  жүргізу, 
өндірістік  жабдықтар  мен  технологиялық 
процестерді  олардың  неғұрлым  қауіпсіз 
түрлерімен  ауыстыру  жолымен  жұмыс  орын-
дарында  және  технологиялық  процестерде 
кез  келген  тәуекелдерді  болғызбау  жөніндегі 
шараларды қабылдауға;
2)  қызметкерлерді  еңбек  қауіпсіздігі  және 
еңбекті  қорғау  бойынша  оқыту  мен  даярлаудан 
өткізуге;
3)  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау 
жөніндегі  ұйымдастыру-техникалық  іс-шара-
ларын жүргізуге;
4)  нұсқаулар  беруге,  өндірістік  процесс 
пен  жұмыстарды  қауіпсіз  жүргізу  жөніндегі 
құжаттармен қамтамасыз етуге;
5)  білімін  тексеруден  өтуге  және  басшылар 
мен мамандардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті 
қорғау мәселелері бойынша білімдерін тексеруді 
ұйымдастыруға; 
6)  бюджеттік  жоспарлау  жөніндегі  орта-
лық  уәкілетті  органмен  келісу  бойынша 
еңбек  жөніндегі  уәкілетті  орган  белгілеген 
нормаларға  сәйкес  қызметкерлерге  қажетті 
санитариялық-гигиеналық  жағдайлар  жасауға, 
қызметкерлердің  арнаулы  киімі  мен  аяқ  киімін 
беруді және жөндеуді, оларды профилактикалық 
өңдеу, жуу және дезинфекциялау құралдарымен, 
медициналық  қобдишамен,  сүтпен,  емдеу-
профилактикалық  тағаммен,  жеке  және 
ұжымдық  қорғану  құралдарымен  жабдықтауды 
қамтамасыз етуге;
7)  еңбек  жөнiндегi  уәкiлеттi  мемлекеттiк 
органға  және  еңбек  инспекциясы  жөнiндегi 
жергілікті  органға,  қызметкерлердiң  өкiлдерiне 
олардың жазбаша сұрау салу бойынша өндiрiстiк 
объектiлердi  ұйымдардағы  еңбек  жағдайлары 
бойынша  аттестаттау  туралы  ақпаратты  қоса 
алғанда,  еңбек  жағдайларының,  қауiпсiздiгiнің 
Правовой мониторинг

№ 3 (35) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет