Диссертацияның өзектілігі



бет9/9
Дата28.06.2023
өлшемі0,7 Mb.
#103682
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Сыдиыкова Гулнара КИТАПХАНА

1.10 Заманауи кітапханалар
Заманауи жағдайда кітапханалар жаңа сапада қызмет жасау – медиаорталықтарға айналуы қажет. Кітапханалар жинақтау, сақтау мен дәстүрлі, дәстүрлі емес баспаларды ұсынушы ретіндегі міндеттерінен жаңа ақпараттарды құрушы (дайджесттен, газеттер, журналдар, аудио, бейнебағдарламалар, веб-парақшалар, сайттар т.б.), яғни кітапхана-медиатекалар орталығына айналды. Нәтижесінде қор құрамы өзгереді, оған аудиовизуалдыжәне электрондық құжаттар, сонын ішінде электрондық оқулықтар, компакт-дискілер кіреді. Қазіргі кезде заман талабына сай кітапхана ресурстарын пайдалану және білім беру процесінде оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін кітапхана кеңістігін ұлғайту аса қажет. Кітапханының бүгінгі уақытта жасалған ақпараттық, мәдени және білім беру мекемелері ретіндегі инновациялық даму мүмкіндіктері әлі де толық пайдаланылмай отыр. Заманауи мультимедиялық оқу орталықтары мен медиатеканы міндетті трансформациялаумен оның перспективалары бітпейді. ХХІ ғасырда кітапхана саласын дамыту тек республика ішінде ғана емес, халықаралық кітапханалармен байланыс орнату, пайдаланушыларға сапалы қызмет көрсету, жаңа технология, бағдарламаларды енгізу, кітапхана қорын насихаттау, кітапхана қорын пайдалану мүмкіндігін кеңейту, ақпараттық ресурстарды құру мен сақтау – бұл жаңа бағытта жұмыс істеуді талап етеді.
Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасы​
Құрылған уақыты: 1910 жыл​
Кітап қоры: 7 млн
Орналасқан жері: Алматы қаласы​
ҚР Ұлттық кітапханасы 1910 жылы 31 желтоқсанда құрылған. Бұрынғы Верный, қазіргі Алматы қаласында шағын оқу залы ретінде ашылып, 1931 жылы Қазақ ССР-нің Мемлекеттік көпшілік кітапханасы болып құрылып, мемлекеттік мәртебе алады. ​


1.3-сурет. ҚР ұлттық кітапханасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы
1910 жылғы 31 желтоқсанда Верный қалалық думасының шешімімен кітапхана-оқу залының ашылуы кітапхананың негізі қаланған күні болып есептеледі. 1931 жылы Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы (ҚАКСР) Орталық Атқару Комитеті Президиумының 1931 жылғы 12 наурыздағы «ҚАКСР Мемлекеттік көпшілік кітапханасын ашу» туралы Қаулысына сәйкес кітапхана Қазақ ССР-нің Мемлекеттік көпшілік кітапханасы болып қайта құрылды.
1931 жылғы 5 мамырдан бастап оқырмандарға қызмет көрсете бастады. 1937 жылы ақпанда кітапханаға ұлы орыс ақыны А.С. Пушкиннің есімін мәңгі есте қалдыру үшін және қайтыс болуына 100 жыл толуына байланысты ақынның есімі берілді.
1991 жылы Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің «Қазақ КСР Ұлттық кітапханасы туралы» 09.12.1991 ж. №775 Қаулысы негізінде А.С.Пушкин атындағы Қазақ ССР Мемлекеттік кітапханасы «Қазақ ССР Ұлттық кітапханасы» болып қайта аталып, ерекше құнды мәдениет объектісі ретінде мемлекеттік және қоғамдық маңызға ие болды.
2020 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №454 «Кейбір мәдениет ұйымдарына «Ұлттық» мәртебе беру туралы» Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына «Ұлттық» мәртебесі берілді.
Ұлттық кітапхана: республика кітапханаларының ғылыми-әдістемелік орталығы; Қазақстан баспа басылымдарының міндетті данасының депозитарийі; ҚР Білім және ғылым министрлігі Бақылау комитетінің барлық ғылым салалары негізінде Қазақстанда қорғалған кандидаттық және докторлық диссертациялардың депозитарийі; ТМД елдері авторефераттарының депозитарийі; 1993 жылдан бері ЮНЕСКО-ның ғылыми диссертацияларының және басылымдарының депозитарийі; 2005 жылдан «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша шығарылған әдебиеттердің депозитарийі; 2012 жылдан Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы басылымдарының депозитарийі болып табылады.
Кітапхананың алғашқы директоры – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Жандосов. Ол кітапхана қызметінің негізгі міндеті ретінде «Қазақстан туралы және қазақ тіліндегі барлық баспа басылымдарын жинақтау» туралы мәселе көтерді. Кітапхана осы кезден бастап бүгінгі күнге дейін қазақ халқының және Қазақстанның басқа халықтарының жазба мәдениетін жинақтап, сақтаушы мемлекеттік ұлттық кітап қоймасы қызметін атқарып келеді. 
Кітап қоры 7 млн. астам сақтау бірлігінен тұрады. Оқырмандардың жыл сайынғы келім саны - 1 млн. астам, кітап берілімі - 2 млн. данаға жуық. Оларға 1,5 мың орындық арнайы 14 оқу залы қызмет көрсетеді.
Кітапхана сайты www.nlrk.kz кітапханадағы электрондық каталогтарға және ақпараттық ресурстарға қол жеткізу мақсатымен ұйымдастырылған бірыңғай ақпараттық жүйе болып табылады. Веб-сайтқа жыл сайынғы виртуальды келушілер саны - 1,6 млн. астам.
ҚР Ұлттық кітапханасы Кітапханалық қауымдастықтар мен мекемелердің халықаралық федерациясына (IFLA, 1992), Ұлттық кітапханалар директорларының конференциясына (CDNL, 1992) және «Еуразия Кітапханалық Ассамблеясы» коммерциялық емес серіктестігіне (БАЕ, 1993) мүше. 2008 жылдан - IFLA/РАС (Сақтау және консервация) негізгі бағдарламасының аймақтық орталығы болып табылады.
Кітапхананың стратегиялық басымдықтары:

  • • кітап қорын толықтыру және олардың сақталымын қамтамасыз ету;

  • • сапалы кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету;

  • • жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту;

  • • республикалық және халықаралық кітапханалық-ақпараттық жобаларды іске асыру.

Кітапхана ғимараты 1970 жылы арнайы жобамен салынған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы №279 Қаулысымен бекітілген Республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілген.
Кітапхана жұмысында жаңа технологияларды қолдану – кітапхана қызметінің сапасын арттырып, оқырмандар санын толықтырып, рухани құндылықтарымызды қолжетімді деңгейде пайдалануына игі ықпалы болары анық. Заман талабы да осыны міндеттейді. Соңғы жылдарда кітапханалық қызмет көрсетуде компьютерлерді, сандық жүйелер мен ғаламторды қолдануымен байланысты маңызды өзгерістер пайда болды. Ешқашан да кітапхана қорлары қазіргі күнде сияқты ашық болған емес. Жаңа технологиялар сұранымды жіберу, ақпаратты алу мен жеткізу процесстерін жеңілдетеді [6, 98]. Дегенмен, электрондық қорларын пайдаланудың өсуімен кітапханалардың келімі төмендеп барады. Қазіргі ұрпақ компьютерлермен бірге бой жетіп барады және виртуальдық ақиқатта өздерін еркін сезеді. Ол үшін Web – тек ақпарат дерекнамасы ғана емес, сонымен бірге араласу, істестік пен өз ойын білдіру орыны болып табылады. Бұл кітапханаларды қызмет көрсету үшін инновациялық шешім табуға және оқырман үшін қолайлы тәсілдерді пайдаланып қызмет көрсетуге мәжбүр етеді. Заманға сай жаңа технологиялардың, компьютердің адам өміріне тереңдеп енуі, ғасырлар бойы санамызға қозғау салып, ой-өрісімізді кеңейтіп, бар білімді жинақтайтын адамның рухани азығы болып табылатын, кітапқа деген қызығушылықты, кітап оқу, оқу мәдениетінің төмендеп кетуіне басты себеп болып тұр. Қоғамның дамуы, адамзаттың өсіп-өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. Кітап оқусыз, жаңалықсыз ешкімде алға баса алмайды, бұл мәселе бүгінгі таңда жалпы мемлекеттік проблема болып тұр. Оқу - әлеуметтік жағдайда тілді дамытудағы негізгі қызмет ететін құрал. Оқу адамның көру және сөйлеу дағдыларын дамытады [1, google.kz]. Бүгінгі күні кітапханалар көптеген салт-дәстүрлердің сақтаушылары болып саналады және әр түрлі халықтардың, қоғамдық қарым-қатынастар бойынша жазба дәстүрлерін жинап, сақтай отырып, қоғамның рухани өңдіру жүйесінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Сондықтан, кітапханалардың өлкетанулық қызметтерінің бастапқылықты бағыттардың бірі жергілікті тарихты танытуға, көптеген оқырмандарын өз өлкесі мен жерінің өткендігі туралы кешенді ең анық ақпаратқа қол жеткіздіру. Бүгінгі күні – кітапхана пайдаланушыларға ақпараттық қызмет көрсетудің негізгі орталығы. Жаһандану дәуірінде жаңа технология қарқынды даму үстінде. Пайдаланушыларға қашықтықтан электронды қызмет көрсету сол жаһандану үрдісінің бір ғана көрінісі. Ертең осы қызметтің жаңа, дамыған түрлері пайда болары сөзсіз. Сондықтан да заман талабына сай кітапхана қызметкерлері де жаңа белестерден көрінуге тиіс [10, 12]. Қазіргі кездегі кітапхананың қызметі, сонымен бірге кітапханалық өлкетану, пайдаланушылар мен оқырмандардың қажетті өлкетанулық ақпаратқа деген кіру жаңа ақпараттық технологияларды қолдануынсыз мүмкін емес. Қазіргі замандағы әрбір кітапхананың қызмет атқаруы технологиялық инновацияларды қабылдау қабілетіне байланысты. Олардың дамуына арналған мүмкіндіктер кітапханада жаңа ақпараттық технологиялар спектрін жасайды. Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып кітапхана оқырмандардың білімі мен максималды дәрежеде ақпараттандырылуын қамтамасыз етуде. Кітапхана оқырмандарға қажетті мәліметтерді ұсынып, қалтқысыз қызмет көрсетеді. Кітапхана жұмысында ақпараттық қорды, мерзімді басылымдар мен мультимедия қорын, заман талабына сай заманауи технологияны қолданып, ғаламтордан алынатын мәліметтерді оқырмандарға ұсынады [11, 55]. Өлкетану тақырыбы, өлке тарихы, өлкенің экономикалық-әлеуметтік даму жайындағы құжаттар жоғары сұраныспен пайдаланылады. Кітапханалар Электронды үкімет сайтын насихаттап, ақпараттық қоғамды толық қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосуда. Жалпы алғанда оқырмандардың рухы бай, жаны жайсаң, түйсігі мол, жанжақты болуында кітапхананың алатын орны ерекше.
Кітапханалық технологиялар дамуының негізгі бағыттары:
Телекоммуникациялық желілердің дамуына байланысты ЭК, электрондық қорлар мен электрондық архивтер құру және олардың жұмысын қолдап, дамыту.
Сыртқы кітапханалық және ақпараттық ресурстарды пайдалану кітапхананың жұмыс режимінің және оқырмандарға қызмет етудің бірден бір шарты болады.
CD-RW, DVD-RW технологияларының дамуы:
Үлкен көлемді ақпаратты жазып алып, қажетінше пайдалануға,
Сақталған ақпаратты табиғи тіл лексикасын пайдаланып берілген сөз немесе сөз тіркесі бойынша қажет құжатты немесе оның фрагментін қағазға және магниттік тасымалдаушыларға көшіру
Электрондың басылым ортасында өз тексін жазуға, басқа да мәселені шешуге мүмкіндік береді.
Жеке тұлғаларда өз үй кітапханаларын ашуға және қызмет көрсетудің жаңа кеңейтілген әдістеріне қызығушылық пайда болады.
Қызметтің жаңа кеңейтілген әдістеріне жатады.
Қазақстандағы танымал заманауи кітап сататын дүкендер:


1.2-сурет. Марвин кітап дүкені


1.3-сурет. Меломан кітап дүкені

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. https://www.referat911.ru/Informatika/aparatty-zhne-ktaphanaly-yzmet-etud/246575-2509870-place1.html

  2. https://www.freepapers.ru/71/jelektrondy-ktaphana/215302.1393129.list1.html

  3. https://massaget.kz/layfstayl/debiet/kkzhiek/43322/

  4. https://bilimsite.kz/kitaptar/6903-kitap-kalay-payda-boldy.html

  5. https://adyrna.kz/post/50640

  6. https://www.referat911.ru/Informatika/aparatty-zhne-ktaphanaly-yzmet-etud/246575-2509870-place1.html

  7. https://stud.kz/referat/show/103225

  8. https://stan.kz/kitaphanalar-zhayli-en-kizik-9-derek-352015/

  9. https://bilimsite.kz/kitaptar/6904-kazirgi-zaman-zhastaryn-tarbieleude-kitaphananyn-roli.html

  10. https://infourok.ru/material.html?mid=190043

  11. Шортанова А. Ақпараттық қоғамдағы дамушы кітапханалар: болашағы мен болжамдар/ Кітапхана. — 2009. — №1.- 20 б.

  12. Алпысбаева Г.Б. Достық дәнекері-ғаламтор/ Кітапхана әлемі.- 2010.- №4 [32].- 24 б.

  13. Қазақстандық ұлттық электронды кітапхана жобасы жемісті жүзеге асырылуда/ Кітапхана.- 2008.- №4.- 4 б.

  14. http://kazmkpu.kz


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет