КІРІСПЕ Диссертацияның өзектілігі - Заманауи әдіс- тәсілдер білім беру жүйесін жаңарту және дамыту ғана емес, кітапхана жұмысында қолдану арқылы оқырмандардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Қазақстан Респуликасы "Білім туралы" заңында: "Білім беру жүйесінің міндеттері-...жеке адамды қалыптастыру, сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану керек"- деп атап көрсеткендей, қазіргі кезде әрбір кітапханашының алдына қойған басты міндеті-заманауи әдіс-тәсілдерді үнемі жетілдіріп отыру және меңгеруі қажет. Егеменді еліміздің рухани жаңғыруына, кемелденіп шарықтауына мәдени ошақ – кітапханалар өзіндік үлес қосуда. Бүгінгі таңда кітапхана қоғамның көпфункционалды , көпдеңгейлі, ақпарат таратушы әлеуметтік институты рөлін атқарып отыр. Ұлттық құндылығымызды сақтап, жазба мұраларымызды ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мақсатында тың жұмыстар атқарылуда. Кітапхана жұмысында жаңа технологияларды қолдану – кітапхана қызметінің сапасын арттырып, оқырмандар санын толықтырып, мәдени деңгейінің көтерілуіне тиімді әсер етті. Кітапхана дүние жүзінде де, елімізде болып жатқан жатқан іс — шаралардан ешуақытта тыс қалмайды. Бүгінгі ақпаратты пайдаланушылардың интеллектуалдық деңгейі мен сұраныстары күрделі, мазмұны да өзгерген. Адамға қызмет ету, оның көңілінен шығу, іздегенін тез және толықтай тауып беру кітапханашыбиблиографқа жүктелетін үлкен педагогикалық- психологиялық ауыр жүк. “Ғылыми ойлар адамнан адамға кітап арқылы беріледі” деген қағиданы ұстанған кітапхана қызметкерлері де оқырмандарға ғылыми әдебиеттер, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар мен мерзімді басылымдарды өз уақытында ұсынуда.Кітапхана ісіндегі маңызды рсурстардың бірі- кітапхана маманы. Кітапхана қызметкерінің біліктілігіне –сапалы білім, жұмыс тәжірибесі және білімді жетілдіру жатады. Білікті кітапханашы-библиограф кітапхана жұмысын әдістемелік қамтамасыз ету нәтижесінде кітапхананың қарқынды дамуына үлес қосады.
Жобаның өзектілгі- Кітапхана ісі мәдениет саласы ретінде ақпаратық, білім беру және мәдени ағарту қызметінің негізі болып табылады. ХХІ ғасыр мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Барлық білімнің қайнар көзі – кітапханада екені баршамызға анық. Қазіргі кезде адамдардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығымен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруды кітапханалардың алар орны ерекше. Кітапхана қызметін дамытуда көпшілік кітапханалардың және мекемелермен ұйымдардың қызметіне әдістемелік көмек көрсетіп, кітапхана ресурстарын талдауда, ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуде және біріңғай жүйені жетілдіруде ақпарат көздерін қоғамда, пайдалануға ықпалын тигізіп, ұйымдастыратын идеологиялық және ғылыми ақпараттық орталық болып табылады. Жалпы кітапханалар жүйесін сақтап қалу, оқырмандарға жаңаша түрде қызмет қөрсету, оқуға баулу, рухани байлығын көтеруде кітапханалық жарнаманы қазіргі заманға сай жүргізілуі қажет-ақ.