Дістемелік ерекшеліктері


Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізін



бет7/32
Дата27.01.2023
өлшемі489,35 Kb.
#63309
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32
Байланысты:
Жанторинов С. Д. - 13-14 жас аралығындағы гір көтеруші спортшылардың дене дайындығы деңгейін арттырудың әдістемелік ерекшеліктері - Дене шынықтыру және спорт

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізін: Жаттығу процесін педагогикалық бақылауды, оқытуды және түрлендіруді жүзеге асырудағы негізгі принциптерді ашатын спорт теориясы мен практикасы саласындағы белгілі зерттеулер мен еңбектер балалармен жаттығу сабағын өткізудің педагогикалық тұжырымдамалары спортшылар дайындығының әр түрлі аспектілерін модельдеу принциптерін құрайды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
1. 13-15 жас аралығындағы гір көтерушілердің оқу-жаттығу процесінде белгіленген модельдік талаптарға сәйкес осы процесті әзірленген қозғалыстың тесттер кешенін пайдалана отырып, бақылау және түзету арқылы дене дайындығының деңгейін арттыру бойынша ғылыми идея ұсынылды және әзірленді;
2. 13-15 жастағы гір көтерушілердің дене дайындығы деңгейін арттыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету спортшылардың дене қасиеттерін дамытуға арналған нормативтік талаптарды қамтитын оқу-жаттығу процесінде модеьдік сипаттамаларды пайдалана отырып әзірленді;
3. 13-15 жас аралығындағы гір көтерушілердің жетекші дене қасиеттерін дамыту деңгейін бақылауға мүмкіндік беретін ақпараттық қозғалыс тесттерінің кешені түріндегі 13-15 жастағы гір көтеруші спортшылардың дене дайындығы деңгейін бағалауға арналған диагностикалық құралдар ұсынылады;
4. 13-15 жас аралығындағы гір көтерушілердің дене қасиеттерін дамытуға арналған нормативтік талаптарды қамтитын модельдік сипаттамалар енгізілді және мазмұны ашылды.
Зерттеудің теориялық маңызы:
- спортшылардың дене қасиеттерін дамытуға қойылатын нормативтік талаптардан тұратын модельдік сипаттамаларды пайдалану негізінде 13-15 жастағы гір көтерушілердің дене даярлығының деңгейін арттыру бойынша дене шынықтыру теориясы мен әдістемесіне, спорттық жаттықтыруға елеулі үлес қосатын тұжырым (қағида) дәлелденді;
- 13-15 жастағы гір көтерушілердің маңызды дене қасиеттерін оқу-жаттығу процесінде дамытудың динамикасын бағалауға мүмкіндік беретін әзірлеген ақпараттық қимыл-қозғалыс тесттерін пайдалану арқылы 13-15 жастағы гір көтерушілердің дене дайындығы деңгейін зерттеу қажеттілігіне қатысты дәлелдер келтірілді;

  • әзірленген ақпараттық қимыл-қозғалыс тесттері кешенін қолдану мен 13-15 жастағы гір көтерушілердің дене дайындығы деңгейінің артуы арасындағы себепті байланыстар зерттелді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет