Дістемелік кешен



бет24/76
Дата18.11.2023
өлшемі2,05 Mb.
#124436
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   76
Байланысты:
Агрономия УМК 2017

Қосымша

  1. Агибаев А. Ж. ТулееваА.К., Сулейменова З. Ш. Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау. Оқу құралы. Алматы,2010.

  2. Асанов Қ.А. және басқалар, айылым және экология, Алматы, 2002

  3. Жанабаев Қ. Ш. Егіншілік негіздері, Алматы, 2012

  4. Ерлепесов М. П. .,Турешев О. Т. Орошаемое земледелие, Алматы, 1973.

  5. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік (Ауыл шаруашылығы), Казахско-русский, русско-казахский терминологический словарь (Сельское хозяйство), Алматы,200.

  6. Қазақша –орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік (Биология), Казахско –русский, русско-казахский терминологический словарь ( Биология), Алматы, 2000.

  7. Қазақша –орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік (Мал шаруашылығы),Казахско-русский, русско-казахский терминолгический словарь (Животноводство), Алматы,2000.

  8. Қазақша –орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік (Механизация) Казахско –русский, русско-казахский терминологический словарь (Механизация), Алматы, 2000.

  9. Мусинов А. , Махамбетов Е. Қазақ тілң, Алматы, 1995.

  10. Нұрғасенов Т. Н., Қалиев. Ә. Х. , Сүлейменова С. Е. .,Асқанбаев С. С. .,Өсімдік селекциясы және тұқым шаруашылығы негіздері , Астана, 2007.

  11. Нұрғасенов Т. Н., Қалиев. Ә. Х. , және басқалар.., Генетика, селекция және тұқым шаруашылығы . Алматы, 2007.

  12. Русско – казахский словарь, под редакцией Мусабаева Г. Г. (1-2 том) Алматы, 1978.

  13. Сүлейменова Н. Ш. ., Әуезов Ә. Ә. ., Оразымбетова Қ. Н. Егіншілік практикумы, Алматы, 2005.

  14. Тілемесов Х. ., Рамазанова Р. ., Ауылшаруашылығы сөздігі, Алматы, 1992.

  15. Асанов Қ. А. и др,Пастбища и экология . Алматы, 2002.


5-практикалық сабақ
Тақырыбы: Топырақ өңдеу және арамшөптермен күрес жолдары.
5.1Берілген мәтін бойынша тақырыпқа сай хабарлама дайындаңыз.

Топырақты ерте күзден бастап сапалы өңдеу, қант қызылшасының өнімін және қанттылығын жоғарылатуға мүмкіндік туғызады. Топырақты күзде өңдеуге егістік жерлерді тегістеу, топырақты жыртудың алдында суару, сыдыра қопсыту, тыңайтқыштар сіңіру және сүдігер жырту жұмыстары жатады. Қызылша егістігінен мол өнім алу — суарылуына, тұқымның дұрыс себілуіне және өнімнің төкпей-шашпай жиналуына, жердің тегістігіне байланысты. Егер қызылша масақты дәнді дақылдардан және жүгеріден кейін егілетін болса, аңызды егінді жинаған соң 2—3 күннен кейін дискілі сыдырғыштармен өңдейді. Соның нәтижесінде топырақтың беткі қабатындағы арамшөп тұқымдары аударылып, олар ылғалды қабатына түсіп, көп кешікпей өніп шығады, бірақ кейінгі сүдігер жыртқанда олар толық жойылады. Егер қызылша бедеден кейін себілетін болса, онда алдымен беденің мойын тамырларын түренді сыдырғыштармен, қайырмасыз плугпен немесе КПГ-250 немесе КПП-2,2 қырқуыштармен 10—12 см тереңдікте қырқады. Беде тамыры екі жеті кеп-тірілгеннен кейін, гектарына 700—800 текше метр есебімен суарылады. Топырақ өңдеу мүмкіншілігі болғанда 28—32 см тереңдікте жыртылады.Тұқымды біркелкі себілуі үшін ерте көктемде топырақтың ылғалдылығын сақтап, арамшөптерін жойып, арнаулы өндеу жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін топырақты БЗТУ-1,0, БЗТС-1,0, ЗПБ-0,6 тырмаларымен немесе ШБ-2,5 шлейф тырмаларымен қопсытады. Содан кейін ЗККШ-6А катогымен нығыздайды. Тұқымды себер алдында 8—10 см тереңдікте дискілі сыдырғыштармен өңдейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет