Дістемелік кешен



бет26/76
Дата18.11.2023
өлшемі2,05 Mb.
#124436
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   76
Байланысты:
Агрономия УМК 2017

Қосымша

  1. Агибаев А. Ж. ТулееваА.К., Сулейменова З. Ш. Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау. Оқу құралы. Алматы,2010.

  2. Асанов Қ.А. және басқалар, айылым және экология, Алматы, 2002

  3. Жанабаев Қ. Ш. Егіншілік негіздері, Алматы, 2012

  4. Ерлепесов М. П. .,Турешев О. Т. Орошаемое земледелие, Алматы, 1973.

  5. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік (Ауыл шаруашылығы), Казахско-русский, русско-казахский терминологический словарь (Сельское хозяйство), Алматы,200.

  6. Қазақша –орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік (Биология), Казахско –русский, русско-казахский терминологический словарь ( Биология), Алматы, 2000.

  7. Қазақша –орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік (Мал шаруашылығы),Казахско-русский, русско-казахский терминолгический словарь (Животноводство), Алматы,2000.

  8. Қазақша –орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік (Механизация) Казахско –русский, русско-казахский терминологический словарь (Механизация), Алматы, 2000.

  9. Мусинов А. , Махамбетов Е. Қазақ тілң, Алматы, 1995.

  10. Нұрғасенов Т. Н., Қалиев. Ә. Х. , Сүлейменова С. Е. .,Асқанбаев С. С. .,Өсімдік селекциясы және тұқым шаруашылығы негіздері , Астана, 2007.

  11. Нұрғасенов Т. Н., Қалиев. Ә. Х. , және басқалар.., Генетика, селекция және тұқым шаруашылығы . Алматы, 2007.

  12. Русско – казахский словарь, под редакцией Мусабаева Г. Г. (1-2 том) Алматы, 1978.

  13. Сүлейменова Н. Ш. ., Әуезов Ә. Ә. ., Оразымбетова Қ. Н. Егіншілік практикумы, Алматы, 2005.

  14. Тілемесов Х. ., Рамазанова Р. ., Ауылшаруашылығы сөздігі, Алматы, 1992.

  15. Асанов Қ. А. и др,Пастбища и экология . Алматы, 2002.


6-практикалық сабақ
Тақырыбы: Өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығы өндірісінің бір саласы. 
6.1. Берілген мәтіннен кәсіби сөз тіркестерін қатыстырып, бес құрмалас сөйлем құрастырыңыз.

Еліміздің 2030 жылға дейінгі дамытудың ұзақ бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа жүз жылдықта еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі» атты халыққа жолдауында шаруашылығы өндірісін ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету белгіленген. Бағдарламаның мақсаты – табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, аграрлық- кешенде жаңа технологиялар жасау мен өндіріске енгізу жөніндегі ғылыми кепілдемелер негізінде Қазақстан халқын қоректік өнімдермен және еліміздің азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Еліміздің ауыл шаруашылығы негізінен екі саланы -өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын біріктіреді. Бұл салаларды қарқынды дамытып қана қоймай, азық-түліктің өзіндік құнын азайтып, аталған салаларда еңбек өнімділігін анағұрлым арттыра отырып, бәсекеге қабілетті өнімдер өндіру күн тәртібінде тұрған мәселердің бірі. Біздің елімізде өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығының негізгі саласы ретінде басымдыққа ие. Өсімдік шаруашылығының негізгі құралы –жасыл өсімдіктер, оның ішінде ауыл шаруашылығы дақылдары қоректік заттардың негізгі көзі болып табылады. Өсімдік өнеркәсіп өндірісінен айтарлықтай айырмашылығы бар.: басты айырмашылығы-маусымдылық (қалыпты жағдайларда өсімдіктер аязсыз кезеңде ғана өнім қабілетті); өнім мөлшері мен сапасының топырақ-климат жағдайларына тәуелділігі ; өсімдік тіршілігіне қолайлы жағдайлар жасауда далалық жұмыстардың (топырақ өңдеу, тыңайтқыш жүйесін қолдану, себу (отырғызу), егістікті күтіп-баптау, егінді жинау т.б.) дер кезінде және сапалы іске асырылуы т.б. Өсімдік шаруашылығы мал шаруашылығымен тығыз байланысты: оған ол ірі сабақты, шырынды, құнарландырылған жем азық шаруашылығынан ол тұрақты және мол өнім алу үшін, әсіресе құнарлығы төмен жерлерде органикалық тыңайтқыштар алады. Қазіргі кезеңде өсімдік шаруашылығы өндірісінде қоршаған ортаны қорғау, экологиялық таза өсімдік және мал өнімдерін өндіруді қабыстыра жүргізген жөн. Сондықтан да осы заманғы ғылыми жетістіктерге сүйенген оңтайлы технологияны қолдану, қоршаған ортаны қорғау шараларына кепілдік береді. Жалпы қоршаған орта, оның ішінде топырақ, неғұрлым таза су көздері, мал, өсімдік гендік қорлары, жануарлар әлемі біздің болашақ ұрпақтарымызға лайықты мұра болып қалуы керек. Халықтың өскелең талабы, өнеркәсіптің өркендеуі өсімдік шаруашылығы өнімдерінің үздіксіз ұлғаюын талап етеді. шаруашылығы саласы өзіне егіншілікті, көкөніс, жеміс-жидек, жүзім, гүл, шалғындық, орман шаруашылықтарын біріктіреді. Алайда ғылыми пән ретінде тек қана танаптық (екпе) дақылдарды – дәнді астық, дәнді бұршақ, картоп, мал азықтық, бақша, талшықты (тоқыма) дақылдары ж.б. қарастырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет