Дістемелік кешен



бет21/76
Дата18.11.2023
өлшемі2,05 Mb.
#124436
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   76
Байланысты:
Агрономия УМК 2017

4-практикалық сабақ
Тақырыбы: Егістікте кездесетін арамшөптер термині. Сұраулы сөйлем.
4.1. Мәтінді оқып, негізгі ақпараттарды жазыңыз.
Қазақ астық және оның өнімдерін өңдеу ғылыми-зерттеу институты 1958 жылы 1 маусымда құрылды. Негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары: агроөнеркәсіп салалары мен нан өнімдері жүйесінде ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге бағытталған іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамыту; жиналған астықты сақтау, тазалау және өңдеуге арналған тиімді технологиялар мен технологиялық құралдарды дайындау.
1935 жылы 1 ақпанда Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты (Қазақ ЕШҒЗИ) құрылды. Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары: егін шаруашылығының генофондын құру, пайдалану және сақтау; физиология, генетика, биохимия, биотехнология, т.б. биология ғылымдарының қазіргі заманғы әдістерін пайдаланып, дәнді, дәнді бұршақ, жарна, дәрілік, техниканың дақылдардың өнімділігі жоғары, төзімді, бейімделгіш жаңа сорттары мен гибридтерін алу; өнімділігі жоғары да сапалы тұқымдар өндірісі; топырақтық-климаттық белдемдер бойынша егін шаруашылығының аймақтық тиімділігі жоғары топырақ, су, ресурс үнемдеуші агроландшафтылық жүйелерінің негізгі буындарын дамытып жетілдіру; топырақ құнарлығының ұдайы ұлғаймалы жаңартуды ескере отырып, ауыл шаруашылығы дақылдар өнімінің тұрақты түсімін қамтамасыз ететін тыңайтқыштарды ұтымды пайдалану жүйелерін, негізгі егіс дақылдарын өңдеудің ресурс пен энергияны үнемді жұмсайтын, экологиялық таза технологияларын жасау және оны экологиялық тұрғыдан бағалау.
(Қазақстан энциклопедиясынан)


4.2. Мәтінді оқып, негізгі ақпараттарды мазмұндаңыз.
Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты 1956 жылы 22 қыркүйекте құрылды.
Ғылыми қызметінің негізгі бағыттары: Солтүстік Қазақстанныңагроландшафттарының топырақ қорғау-суландыру құрылымының ғылыми негізін жасау; астық пен мал азығы өндірісін ұлғайту, топырақ қарашірігін сақтау, пайданы арттыру мен энергоресурстар шығындарын азайтуға бағытталған егіншілік жүйесін дамыту; дәнді және мал азықтық дақылдарды өңдеу машиналары жүйесін жетілдіру; далалы аймаққа бейімделген қолайсыз жағдайларға төзімді дақылдар сұрыптарын алу мен олардың тұқымдарын өсіру. Институт ғалым А.И.Бараевтың есімімен аталады. Соңғы жылдары институтта 249 адам, соның ішінде 79 ғылыми қызметкер, 5 ғылым докторы, 23 ғылым кандидаттары қызмет етті. Институтта үшКСРО және Ленин сыйлығының лауреаты жұмыс істеген. Институт ғалымдарының зерттеулері бойынша Солтүстік Қазақстанда топырақ ылғалын молайту мен оны дәнді дақыл өсіруге пайдалану, Солтүстік Қазақстан жағдайында қыстық бидайды өңдеу технологиясы және жаздық бидай егістіктерінде өсімдіктерді қорғау әдістерін қолдану, Ақмола облысы шаруашылықтарында ауыл шаруашылығы жерлерін зиянкес шегірткелерден қорғау жүйесі, Солтүстік Қазақстанда топырақты жел және су эрозиясынан сақтау, Солтүстік және Орталық Қазақстанда минералды және органикалық тыңайтқыштарды дәнді дақылдарды өсіруге пайдалану, сортаң егістік жерлерде мал азығын өндіру, т.б. ұсыныстар жасалды. 15 ғылыми-зерттеу нәтижелері өндіріске енгізілді. Жаздық жұмсақ бидайдың 10, жаздық бидайдың 5, арпаның 4, сұлының 2, тарының 3, қарақұмықтың 1, мал азықтық дақылдардың 10 сұрыпы шығарылды. Институтта аспирантура мен докторантура бар, 2 ғылым докторы және 12 ғылым кандидаттары даярланған. Ғалымдардың еңбектері 10 монографияда, 5 ұсыныс-пікірде баяндалып, оларға 29 авторлық куәлік берілген.
(Қазақстан энциклопедиясынан)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет