Дістемелік кешен


Мәтінді оқып, негізгі мәліметтерді жеткізетін фактілерді анықтаңыз



бет29/76
Дата18.11.2023
өлшемі2,05 Mb.
#124436
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   76
Байланысты:
Агрономия УМК 2017

Мәтінді оқып, негізгі мәліметтерді жеткізетін фактілерді анықтаңыз.

Өсімдік шаруашылығында барынша ауқымды егістік дақылдардың (бидай, арпа, сұлы, тары, жүгері, күріш) үлесінде. Елімізде жыл сайын 15 млн гектардан астам жерде дәнді дақылдар өсіріледі, дақылдарының ішінде бұрынғысынша барынша жоғары егістік аумағын бидай алып жатыр. Ол жыл сайын 12-14 млн га алқапта өсіріледі және негізгі бөлігі Солтүстік Қазақстанның облыстарында шоғырланған. Егістік аумағы және жалпы түсімі бойынша екінші орынды арпа иеленеді – жыл сайын 1,6-1,9 млн га өсіріліп, жалпы астық түсімі 1,8-2,1 млн тонна құрайды. Астық емес дақылдардан елімізде майлы дақылдар кеңінен өсіріледі (күнбағыс, рапс, қыша, мақсары, майбұршақ ж.б.). Өсімдік майы тамақ өнеркәсібінде, медицинада, техникалық және басқа мақсаттарда кеңінен пайдаланылады. Соңғы жылдары, өсімдік шаруашылығындағы байланысты, дақылдардың егістік аумағы күрт өсті. Атап айтқанда, 1996-2000 жылдары дақылдар жыл сайын 371 мың гектар жерге өсірілсе, 2006-2007 жж ол көрсеткіш 715 мың гектарға жетті, ал 2009 жылы – 1,0 млн гектардан асты. Тиісінше майлы тұқымның жалпы түсімі мен өнімі де артты.
Майлы дақылдардың үлкен егістік аумағы Шығыс Қазақстан, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарының еншісінде (негізінен күнбағыс дақылы) және соңғы жылдары майлы дақылдардан рапс егістігі күрт артып келеді (СҚО, Қостанай, Ақмола ж.б. облыстарда).
Талшықты (тоқыма) дақылдарынан Қазақстанда мақта өсімдігі өсіріледі (Оңтүстік Қазақстан облысында). Оның егістік аумағы орта есеппен жыл сайын шамамен 195 мың га жетті, ал мақта шитінің жалпы түсімі 415 мың тоннадан асты.
Негізгі қант беретін дақыл – қант қызылшасы (зауыттық) еліміздің Алматы, Жамбыл облыстарында өсіріледі, алайды бұл тәтті түбірдің егістік аумағы мен өнімі халықтың өскелең талабын қанағаттандырып отырған жоқ.
Картоп өсімдік шаруашылығы саласының маңызды танаптық дақылының бірі. Ол азық-түлікке, техникалық ж.б. мақсаттарға пайдаланылады және Қазақстанның дерлік барлық аймақтарында өсіріледі, оның егістік аумағы жыл сайын орта есеппен 160 мың гектардан асады, жалпы түсімі 2389 мың тоннаны құрайды.
Бір айта кетерлік жәйт, елімізде негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімінің соңғы жылдары біршама артып келе жатқаны байқалады. Оған қолайлы ауа-райы жағдайлары мен қатар егіншілік мәдениетінің арта бастағаны, жаңа техника, құрал жабдықтардың қолданыла бастауы, мемлекеттік қолдаулар да әсер етуде. Дегенмен, астық, мал азығын және басқа өсімдік өнімдерін өндіру мен олардың сапасын арттыру мәселесі (проблемасы) баяу шешілуде. Қазақстан Республикасының 2006-2010 жылдарға арналған «Аграрлық-өндірістік кешенді (АӨК) тұрақты дамыту концепциясында» көрсетілгендей, өсімдік шаруашылығы саласында АӨК-ді одан әрі дамыту кластерлік жүйе есебінен іске асырылуға тиіс: астық өндірісі мен оны тереңдете өңдеу (Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында), күріш (Қызылорда облысында), мақта (Оңтүстік Қазақстан облысында) ж.б. кластерлерін дамытудың болашағы зор. Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды ауыл шаруашылығы дақылдарының агротехнологияларын жетілдіру бірінші кезектегі маңызды мәселе болып қала береді.
Кез келген ауыл шаруашылығы дақылының өндірісі көптеген факторларға байланысты, оның ішінде аумақтың географиялық орналасуы мен топырақ-климат жағдайлары айтарлықтай әсер етеді.
Қазақстан Республикасының жер аумағы 272 млн гектардан асады, ол батыстан шығысқа қарай – Еділ өзені мен Каспий теңізі жағалауларынан таулы Алтайға дейін 3,0 мың шақырымға таяу, ал солтүстіктен онтүстікке – Батыс Сібір орманды дала аймағы мен Оралдың сыртынан Орта Азиялық шөл далаға дейін 1,5 мың шақырымнан астам аумақты алып жатыр. Қазақстанда өсімдік шаруашылығы өнімдері негізінен 12 облыста өндіріледі, олар бес өңірді (аймақты) біріктіреді: Солтүстік Қазақстан – Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары; Оңтүстік Қазақстан – Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары; Орталық Қазақстан – Қарағанды облысы; Батыс Қазақстан – Батыс-Қазақстан және Ақтөбе облыстары; Шығыс Қазақстан – Шығыс Қазақстан облысы.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет