Дістемелік кешен


Мәтінге жоспар құрып, соның негізінде мазмұнын айтып беріңіз



бет30/76
Дата18.11.2023
өлшемі2,05 Mb.
#124436
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76
Байланысты:
Агрономия УМК 2017

Мәтінге жоспар құрып, соның негізінде мазмұнын айтып беріңіз.




    1. Мәтінді оқып танысыңыз, осы химия саласы бойынша басқа да ғалымдар туралы баяндап жазыңыз.

Көрнекті химик
Болат Ахметұлы Жұбанов 1929 жылы Ақтөбе облысының Темір
ауданындағы 9-аулында дүниеге келген. Ол химия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның ғылымға еңбек сіңген қайраткері, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 1952 жылы Москваның Д.И.Менделеев атындағы химия-технология институтын бітіреді. Сонда «Құрамында фосфор бар жылуға берік полимерлер алу» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Ғылымға үлкен жол осылай басталды.
1956 жылдың Қазақстан ҚСР Ғылым академиясының химия институтында қызмет істеп, осы институттың директоры және полимерлер синтезі лабораториясының меңгерушісі болды. Болат Жұбановтың басшылығымен Қазақстан мемлекеттік университетінің химия факультетінде Қазақстандағы тұңғыш үлкен молекулалар
химиясы кафедрасы ұйымдастырылды. Оның ондаған авторлық куәлігі, 200-ге жуық ғылыми еңбегі бар.
Ол үлкен молекулалар химия саласында жылуға төзімді полимерлер
синтездеп, олардың түзілуін зерттеу саласында зор еңбек сіңірген көрнекті ғалым. Қазақстан ҚСР Ғылым академиясының химия-технология бөлімінің академик –хатшысы болды. Үлкен молекулалар химиясы жөнінде Прагада, Будапеште өткен дүниежүзілік симпозиумдарда баяндама жасады.



    1. «Менің таңдаған мамандығым» тақырыбына шағын

шығарма жазыңыз.



    1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

Алколоидты өсімдіктер

Өсімдік табиғат қазынасы,халық байлығы өсімдіксіз жер бетінде


тіршіліктің болуы мүмкін емес. Ежелден-ақ халқымыз өсімдіктердің
пайдасын, қадір-қасиетін бағалаған. Адам мен жануарлар организміне әсер ететін заттар химиялық қосылыстардың түрлі кластарына жатады.
Сондықтанда әрқайсысына жеке-жеке сипат беріп қарастырған жөн деп
ойлаймын.
Алколоидтар-(арапша «алкали – сілті деген сөз»)-құрамында азот
атомы бар табиғи текті органикалық негіздер. Алкалоид молекуласында C,Н,N атомдарынан басқа S,U және бром Br атомдары болады. Олар негізінде өсімдіктердің белгілі бір бөліктерінде(био)жинақталады да, олардың өсімдіктердегі биохимиялық процестерде маңызы зор. Гүлді өсімдіктердің кейбір
тұқымдастары алклоидтарға өте бай. Мысалы, сарғалдақ тұқымдастарына жататын шөптесін өсімдік түрлерінде өте күшті улы
алколоидтар бар.Сонымен қатар алколоидтар өсімдіктегі мөлшері өте аз, бірақ кейбір өсімдіктердегі олардың мөлшері 10-18%-ке дейін жетеді және ол жыл мезгіліне өсімдіктің өскен ортасына тығыз байланысты. Тіпті жылдың климаттық ауытқуына байланысты алколоид мөлшері өзгеріп отырады.Кейбір (стрехнин,тубокарин) өте улы болып келеді.
Алколоид туындыларының физиологиялық әсері күшті. Соған байланысты медицинада әртүрлі ауруларға қарсы дәрі ретінде кеңінен
қолданады. Сонымен құрамында алколоид заттары бар өсімдіктерге кәдімгі өзіміз күнделікті ішетін шай, какао, кофемен қатар көпшілігімізді жаман әдетке айналдырған темекі де жатады. Енді соларға біраз тоқталып кетейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет