мамандығының студенттері үшін Кәсіби қазақ тілі (пәннің атауы)
пәні бойынша студенттің өздік жұмыстарына арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Оқу нысаны: күндізгі
Көкшетау ,2016 Әдістемелік нұсқаулар Қазақ тілі пәнінің оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарына сәйкес құрылған және студенттің өздік жұмыстарының талаптарын орындауға барлық қажетті мәліметтерді қамтиды.
Қазақ филологиясы кафедра отырысында бекітілген
№ 1 хаттама « 31 » тамыз 2016 ж.
Кафедра меңгерушісі ____________________ ф.ғ.к.,доц О.А.Жумагулова (қолы ) (тегі, аты,әкесінің аты)
Филология және педагогика факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясымен келісілген
№ 1 хаттама « 01 » қыркүйек 2016 ж.
ФакультеттіңОӘК төрағасы____________ п.ғ.м., ак. доцент А.Қ.Қурманова (қолы) (тегі,аты,әкесінің аты)
І. Студенттердің өзіндік жұмыстарының қажеттілігі мен маңызы, мақсаты Өзіндік білім алу үшін орындалатын тапсырмалардың бірі студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) болып табылады.
СӨЖ дегеніміз – студенттің таным белсенділігіне байланысты оқу аудиториясында және одан тыс жерлерде өзінше орындайтын жұмыстардың жиынтығы. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесіндегі реформалар оқыту сатысынан, білім беру сатысына өтумен байланысты. Бұл жағдайда СӨЖ білім беру процесінің бір формасы ғана емес, ең негізгілерінің бірі болып есептеледі, студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту дегеніміз жалпы білім беруден, жеке яғни әр тұлғаның кажеттілігі мен мүмкіндігіне карай білім беру.
Бұл – СӨЖ-дің рөлін көтеру деген сөз.
Білім алуды дамыту үшін студент өзіндік дамуға қабілетті болуы керек. Алған білімді шығармашылықпен қолданып қазіргі заман талабына сай өз бетінше жұмыс істеуге, білім алуға және оны меңгеруге мүмкіндік алады, машықтанады, үйренеді.