Фотосинтетикалық белсенді радиация (ФБР) және оны есептеу әдістемесі.Өсімдіктер фотосинтез үрдісінде жерге түсетін күн радиациясының жалпы мөлшерінен, толқын ұзындығы 280-нен - 4000 нм дейін 310-нан -710 нм дейін аралығындағы қысқа толқынды сәулеленуді ғана пайдалана алады, ал оны фотосинтетикалық белсенді радиация (ФБР) деп атайды (Сурет 2).
Тапсырма: Мәтінді оқыңыз.
Мәтін бойынша жоспар құрыңыз.
Жоспар бойынша әңгімелеңіз.
Аннотация жазыңыз.
Жағдаяттық тапсырма.
Өнім түрлерінің жіктеуі.Бағдарламалауда үш өнім түрін ажыратады – потенциалды, нақты мүмкін және өндіріс жағдайында алынатын шын өнім.
Потенциалды өнім (ПӨ) - дақылдардың, сорттардың биологиялық ерекшеліктерін, агротехника деңгейін, ФБР кірісін және т.б. ескере отырып өте жақсы метеорологиялық жағдайларында егістіктерді кажетті мөлшерде жылу және ылғалмен қамтамасыз етілуінде алынатын өнім. Бұл тұрақты көрсеткіш емес – ол дақылдардың өсіру технологиясын жетілдіруде, жақсы сорттар мен будандарды қолданғанда, ФБР пайдалану коэфициентіне (ПӘК ФБР) және т.б сәйкес қоректік заттар және ылғалдану балансімен толық қамтамасыз етілуінде өсуі мүмкін.
Нақты мүмкін өнім (НМӨ) - сорттың немесе будандың генетикалық потенциалымен және шектелген реттелмейтін факторлармен теориялық қалыптасатын өнім.
Шектелген реттелмейтін факторлар – егіншіліктің минимум заңының негізінде егістіктің фотосинтез процесіне қажетті ылғалмен, көмір қышқылдармен қамтамасыз етілуін, топырақ құнарлылығы, топырақ қышқылдылығы (рН), ауа және су режімі, ФБР кірісі, агротехника деңгейі және тағы да бірқатар шектелген факторларды есепке алып әртүрлі топырақ-климат аймақтарында өнім деңгейіне шек қояды.
Қазақстан жағдайында НМӨ-ге шек қоятын бірінші минимумда турған реттелмейтін (шектелген) фактор - ылғал (егістіктердің ылғалмен қамтамасыз етілуі).
Өндіріс жағдайында алынатын шын өнім (нақты өнім НӨ) – вегетациялық кезеңінде өсімдіктердің қоршаған орта факторлармен қажетсінуі қандай мөлшерде қамтамасыз етілгенін және ғылыми дәлелденген агротехника деңгейі жүргізілгенін сипаттайтын өндірістің шаруашылық әрекетінің маңызды көрсеткіші.
Ақмола облыс жағдайында тіпті ФБР пайдалы әсер ету коэффициенті (ПӘК) 2% болғанда потенциалды өнім (ПӨ) 90-110 ц/га дейін құрғақ зат (пішен) немесе 45-55 ц/га дейін астық өнімі қалыптасады; НМӨ шектелген фактор ылғал бойынша тиісінше 30-40 және 15-20 ц/га; дақылдың өсіру технология деңгейіне байланысты ПӨ 10-20 ц/га дейін құрғақ зат және 5-12 ц/га дейін астық төмендеуі мүмкін, ал кейбір жағдайларда одан да төмен.
Осыған орай агроном-технологтың негізгі мақсаты егістіктерді реттелетін факторлармен толық қамтамасыз ететін және ПӨ деңгейін НМӨ деңгейіне жақындататын өсіру технологиясын қолдану.
Ылғалмен қамтамасыз етілу жағдайына, Ақмола облысының шаруашылықтарында қолданатын технологияларына байланысты өнім (ПӨ, НМӨ, НӨ) мөлшерлерінің шамалап алынған арақатынасы кескін ретінде 3-суретте келтірілген.
Н.4.02-02
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі