Дістемелік кешен


Қазақстан Республикасының топырақ-климат аймақтарындағы жылу ережесі (режимі) және негізгі екпе дақылдардың жылуға қоятын жалпы талаптары



бет66/76
Дата18.11.2023
өлшемі2,05 Mb.
#124436
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76
Байланысты:
Агрономия УМК 2017

Қазақстан Республикасының топырақ-климат аймақтарындағы жылу ережесі (режимі) және негізгі екпе дақылдардың жылуға қоятын жалпы талаптары. Жылу ережесін (режимін) бағалаудағы негізгі көрсеткіштерге белсенді температура жиынтығы, 0º, +5º, +10º, +15ºС орташа тәуліктік температураларының ауысу кезеңдері, соңғы көктемгі және ерте күзгі бозқырау түсетін күндері және бозқыраусыз кезеңнін (орташа, ең төменгі және ең жоғарғы) ұзақтығы жатады. Дақылдар, сорттардың аталған ережеге лайықтылығы – жөнінде қорытынды жасалады.
Оң температура жиынтығының есебі бірқатар деңгейде: 0º, +5º, +10º, +15ºС жүргізіледі, ол өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Орташа тәуліктік температура 0ºС, ауысқанда суыққа төзімді өсімдіктердің тұқымдары өне бастайды (1º-3ºС, жылылықта бидай, арпа, сұлы, еркекшөп және т.б. тұқымдары өне бастайды) +5ºС және одан жоғары температураларда суыққа төзімді дақылдардың – бидай, арпа, сұлы, асбұршақ, жоңышқа, эспарцет,түйежоңышқа, еркекшөп, қылтықсыз арпабас және т.б. егін көгі өсіп шығады; +10ºС және одан жоғары температураларда жылу сүйгіш дақылдардың - жүгері, шай жүгері, судан шөбі, тары және т.б. егін көгі, ал +14º, +15ºС температурада - мақта мен күріштің егін көгі өсіп шығады.
Республикамыздың Солтүстік облыстарында 0ºС-дан жоғары температура жиынтығы 2415 –тен 2500ºС-ға дейін ауытқиды және оңтүстікте 3526-дан 4511ºС-ға дейін, +5º С жоғары тиісінше 2300-2700ºС және 3400-4400ºС, 10ºС-дан жоғары 2080-2400ºС және 3200-4085ºС (Кесте 9). Көпжылдық мал азықтық дақылдарды жемшөпке шабылмалы пісу кезеңіне дейінгі (масақтану, бүрлену-гүлдену) қажетті белсенді температура жиынтығы (+5ºС жоғары) 700-900ºС-ға дейін, тұқымның толық пісуіне дейін 1100-1500ºС , біржылдық шөптерде (судан шөбі, итқонақ) тиісінше - 1100-1200ºС және 1600-1800ºС.
Белсенді температура жиынтығына қажетсінуі (1 топқа жататын астық дақылдары үшін (+5ºС-тан жоғары) сорттың пісу тобына байланысты 950-ден 1700ºС-ға дейін өзгереді, ал жылу сүйгіш дақылдар үшін, олардың белсенді температура жиынтығының есептелуі 10ºС-дан басталады - 2200-3000ºС, мақтада - 15 ºС жоғары 2200-3000ºС және 2900-4000ºС.
Сонымен тәуліктік температураның 0ºС, +5ºС, +10ºС, +15ºС-дан ауысу күндерін және осы температуралардан жоғары күндер кезеңінің ұзақтығын ескеріп, әртүрлі топқа жататын дақылдардың, сорттардың, будандардың жылуға қажетсінуін (белсенді температура жиынтығына, ºС) және осы фактормен қамтамасыз етілуін салыстырып нақты аймақта дақылдардың, сорттардың өсіру мүмкіндігін бағалауға болады.
Қазақстанның Солтүстік облыстарында орташа тәуліктік температура +5ºС (көктеуге) сәуір айының 2-ші жартысында байқалады, ал осы көрсеткіштен күзде қазанның 1- ші онкүндігінде ауысады және ұзақтылығы 160-170 тәулік, 10ºС-тан - мамырдың 1-ші онкүндігінде.
Республикамыздың оңтүстік облыстарында температураның +5ºС-дан ауысуы солтүстік аймаққа қарағанда бір ай бұрын өтеді - наурыздың екінші жартысында, ал күзде - қазанның соңында-қарашаның басында, кезеңнің ұзақтылығы орташа 208-244 тәулік, яғни, 50-80 тәулікке көп; 10ºС жоғары температурамен кезең ұзақтылығы солтүстікте - 130-140 тәулік, оңтүстікте - 170-200 тәулік, осыған орай туындайтын қорытынды - әрбір дақылдар тобы тиісінше тек қана нақты топырақ-климат аймағында өсірілуі мүмкін.
Дақылдардың вегетация кезеңі, әсіресе жылу сүйгіштерде әрбір аймақтарда тек қана белсенді температура жиынтығымен емес, сонымен қатар бозқыраусыз кезеңнің ұзақтығымен шектеледі, ал ол вегетациялық кезеңнің ұзақтығына айтарлықтай түзетулер енгізеді, өндіріс жағдайында егістерді жиі зақымдайды және тіпті оларды көктемгі және кеш жазғы кезеңдерінде опат болуына әкеліп соқтырады.
Республикамыздың солтүстік облыстарында соңғы көктемгі бозқырау түсетін орташа күні - 15-22 мамырда байқалады, бірақ кейбір жылдары соңғы бозқыраулар осы аудандарда 10-15 және тіпті 22 маусымда болуы мүмкін. Оңтүстік аймақтарда көктемгі бозқыраудың орташа түсетін күні сәуірдің 2-ші онкүндігінде. Күзгі бозқырау түсетін орташа күні солтүстік аймағында қыркүйектің 2-ші онкүндігі, бірақ кейбір жылдары бозқыраулар тамыздың 2-ші онкүндігін де болуы мүмкін, осыған байланысты бозқыраусыз кезең солтүстікте 80 тәулікке дейін, оңтүстікте 114-115 тәулікке дейін қысқаруы мүмкін.
Аймақтың биоклиматтық жағдайын толық бағалау үшін бозқыраусыз кезеңнің ұзақтығын, көктемгі және күзгі бозқырау түсетін орташа күндерін ғана емес, сонымен бірге өсімдіктердің әртүрлі вегетациялық кезеңдерінде бозқырауға төзімділігін ескеру қажет.
Өсімдіктердің бозқырауға төзімділігі орташа оң тәуліктік температурасын вегетациялық кезеңінде байқағанда, температура топырақ және өсімдіктер беттерінде 0ºС төмен түскенде, өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері мен өсіп-даму кезеңіне байланысты өзгереді. Егін көгі кезеңінде олар өте төзімді, ал өте төзімсіз жағдай генеративті мүшелер қалыптасуы кезеңінде. Осы көрсеткіштер бойынша барлық дақылдар 5 топқа бөлінеді: өте төзімді, төзімді, орташа төзімді, шамалы төзімді және төзімсіз.
Орташа тәуліктік температураларды 0º, +5º, +10º, +15ºС ауысу күндерін, ал сонымен қатар өсімдіктердің бозқырауға төзімділігін дақылдардың себу мерзімін анықтауда да ескеру керек: суыққа төзімді дақылдардың – жоңышқа, түйежоңышқа, эспарцет, еркекшөп, қылтықсыз арпабас, бидай, сұлы, арпа, ас бұршақ, ноқат, ноғатық тұқымдары 2-3 ºС температурада өне бастайды, ал +5 - 6ºС егін көгі өсіп шығады, жылу сүйгіш дақылдар - жүгері , шай жүгері, тары, судан шөбі, итқонақ, қонақтары, май бұршақ - 8-10ºС, күріш және мақта тұқымдары 10-15ºС өне бастайды және тұқымның топыраққа сіңіру тереңдігінде минималды орташа тәуліктік температура 10-12ºС-дан кем болмауы керек, күріш пен мақта үшін - 14-15 және 16-18ºС (Кесте 10).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет