Дістемелік кешен


Қазақстан саяси ойларының қалыпасуы мен дамуы



бет14/103
Дата17.03.2023
өлшемі1,41 Mb.
#75148
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   103
1. Қазақстан саяси ойларының қалыпасуы мен дамуы. Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуі, қоғамдық даму моделінің өзгеруі қоғамдық – саяси ойдың дамуына, халықтың ой – санасына түбегейлі өзгеріс туғызды, жаңа серпін береді. Тоталитарлық жүйенің уысында, шектеуінде ұзақ болған Қазақстан жұртшылығы елдің тарихы мен қазақ халқының озық ойлы өкілдерінің қоғамдық – саяси пікірлерімен жеткілікті таныса алмай келеді. Олар большевиктік «цензура» дегенің қара сандығында тығулы жатты.
Еліміз тәуелсіз, егемен мемлекет болғаннан кейін 90 – жылдары Қазақстан жұртшылығы, өзінің тарихына ерекше ынта қойды.
Осы ғасырдың 30 – шы жылдары тоталитарлық жүйе зансыз, жазықсыз айыптап, жойып жіберген қазақ интеллигенциясының өкілдері айыптап, жойып жіберген қазақ интеллигенциясының өкілдері Ә.Бөкейханов ( 1866 – 1937 ж.), А.Байтұрсынов ( 1873 – 1938 ж. ), М.Тынышбаев ( 1879 – 1937 ж. ), С.Асфендияров ( 1889 – 1938 ж. ), С.Сейфуллин ( 1884 – 1938 ж. ), Т.Рысқұлов ( 1895 – 1942) жәнне басқалар қазақ халқының болашағы, тағдыры, мемлекеттігін қалпына келтіру жөнінде салиқалы қоғамдық – саяси пікірлер айтты, өз жоспарларын жүзеге асыру жолында барлық кедергілерге, қауіп – қатерге қарамай күресті.
Алаш партиясының көсемдері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев және басқалар қазақтың тәуелсіз дербес мемлекеттін құрудың жан – жақты жоспарларын жасап ұсынды. Олар Қазақстанда парламенттік – президенттік автономиялы республика құруды, Қазақстанда барлық ұлттар азаматтарының тең құқықтығын қамтамасыз етуді ұсынды. Осы идеяға негізделген Алашорда бағдарламасында: Россия демократиялық федерациялық Республика ( демократиялық өкімет, федерация – ұсақ мемлекеттердің одағы ) болуы тиіс. Федерациядағы кірген әрбір мемлекет өзін - өзі басқаруға, олардың құқықтары бірдей болуға тиіс, деп жазылған.
Мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым С.Асфендияровтың да саяси пікірлері қазақ мемлекеттігін құр идеялармен қабысып жатыр. Ол өзінің « Қазақстан тарихы » « Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс » деген еңбектерінде көлемді тарихи материалдарды қорыта отырып Қазақстанның қоғамдық - саяси дамуына терең сипаттама береді.
Ғұлама ғалым, қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовты ( 1897 – 1961 ) көркем шығармалары мен публицистік туындыларында да республикамыздағы қоғамдық құбылыстар мен процестерге жан – жақты талдау жасалған. Оның « Абай жолы » роман – эпопеясында қазақ қоғамы тарихының әлеуметтік – экономикалық, саяси өмірінің көп қырлы картинасы берілген. Ұлы жазушыны өзінің саяси көзқарасы туған халқының болашақ тағдырын ойлап, айтқан қоғамдық саяси пікірлері үшін тоталитарлық жүйе қудалады. Бірақ ұлы жазушыны өз бағытынан, халқын сүйген ұлтжандылығынан тайдыра алмады. Ол туған халқының өткен өмірі де, бүгінгі өмірін де ерекше ыстық сүйіспеншілік сезіммен жырлап, жазып, күресіп дүниеден өтті.
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың ( 1912 – 1993 ж. ) идеялары мен пайымдауларының да өмірі үшін қоғамдық маңызы бар. Ол « Ақиқаттан аттауға болмайды » деген естелік кітабында өзінің кеңес дәуірінде қоғамдық – саяси өмірге деген көзқарасын, бағасын берді. Мұны Кеңес дәуіріндегі Ұлттық саяси элитаның пайымдауы деп қарауымыз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет