Дістемелік кешен


Фома Аквинский (1224-1247 ж.ж.)



бет12/103
Дата17.03.2023
өлшемі1,41 Mb.
#75148
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   103
Байланысты:
Ëåêöèÿ 20 Ïðàêòèêàëû? ñåìèíàð 6 Ñ?Æ 64 Áàðëû? ñà?àò ñàíû 9

Фома Аквинский (1224-1247 ж.ж.) “Құдайшылдықтың жиынтығы деген еңбегінде саяси биліктің үш элементін; мәнін, формасын және қолдана білуді ажыратып көрсетті.Сонымен бірге, ол өз еңбектері арқылы арнайы заң теориясын жасады.Заңды мәңгілік, діни,табиғи және оң деп бөліп көрсетті.Құдай жауыздық емес, қайырымдылықтың себебі. Сондықтан билікті құрайтынның барлығы мейірімділіктен тұрады. Ф.Аквинский монархияны қолдады, себебі ол заңға сүйенеді деп есептеген.


5. Қайта өркендеу дәуіріндегі зайырлы саяси ойлар (Н.Мапиавели, Томас Мор, Жан Боден). ХV-ХVI ғасырлар аралығы Батыс Европада “қайта өрлеу дәуірі” деген атқа ие.
Қайта өрлеу дәуірінің саяси ойының жарқын жұлдызының бірі италиандық Н.Макиавелли /1469-1527ж.ж/ болып табылады.Оның “Патша” /1513ж./, “Тита Ливлийдің бірінші декадасы туралы ой толғаныстар” /1519ж./, “Флоренция тарихы” /1532ж./ т.б. Атты құнды еңбектері бар. Н. Макиавеллидің саяси ілім тарихы дамуына қосқан үлестері;
1.схоластиканы бұзып, рационализм мен реализм негізін салды;
2.саясаттану ғылымының негізін салды;
3.феодалдық бытыраңқылыққа қарсы шығып , Италияда бір орталықтанған, тұтас монархияның абсалюттік формасын қалыптастыру үшін күресті;
4.“мемлекет” және “республика” ұғымдарын енгізіп, оларға қазіргі заманғы мән берді;
5.папалық тақ пен шіркеуді әшкереледі;
6.“мақсат әрбір тәсілді ақтайды” қағидасы бойынша қалайда мақсатқа жетуге шақырады.
Табиғи құқық мектебінің ірі теоретигі нидерланд ғалымы Гуго Гроций /1585-1645 ж.ж/ “Соғыс пен бейбітшілік туралы құқық. Үш кітап” /1625ж./ атты трактатында халықаралық құқықтың өзекті мәселелерін шешу мақсатын қойды.
Соғыс пен бейбітшіліктің теориялық мәселелерін шешу құқық ,әділеттілік,олардың көздері,өмір сүру формасы, зерттеу әдістері сияқты жалпы мәселелерді қарастыруды қажет етті.Нәтижесінде Г.Гроций жаңа метадологияға негізделген құқық пен мемлеекттің жалпы мәселелерін тиімді шешуші саяси-құқықтық доктринаны қалыптастырады. Оның ілімінің бастама бөлімі-- адам табиғаты, адамның әлеуметтік сапасы.
Г.Гроций пікірінше “табиғи жағдай” бір кездерде болған, онда мемлекет те, жеке меншік те болмаған. Адамзаттың дамуы,алғашқы қарапайымдылығын жоғалтуы, адамдардың қарым-қатынасқа талпынуы, ақылмен басқаруға деген қабілеті мемлекетті құруда келісімге келуге итермеледі.Бұл мемлекет шығуының қоғамдық келісім теориясы еді. Г.Гроций “мемлекет дегеніміз құқық дегеніміз құқық пен ортақ игілікті сақтау үшін құрылған, жетілген адамдар одағы” -деп анықтама берді.Оның пікірі бойынша мемлекеттің белгісі жоғарғы билік,
атрибуты-заң шығару, сот , лауазымды қызметке тағайындау, салық жинау, соғыс және бейбітшілік мәселерін талдау,халықаралық келісімге келу. Томас Гоббс /1588-1679 ж.ж./ еңбектері “Левиафан немесе материя, мемлекет формасы мен билігі” , “Азамат жөнінде “, “Дене туралы” , “Адам туралы”. Мемлекет пен құқық туралы ілімді Т.Гоббс геометрия сияқты тиянақты ғылымға айналдыруға тырысты. Ол өз ілімін адам табиғаты мен құмарлығы
туралы ойлары писсимистік болды. Адамға бақталастық , даңқ, құмарлық, сенімсіздік тән. Бұл құмарлықтар адамдарды жауластырады,”барлығының барлығына соғыс жағдайын” тудырады.Бұл адамдарды табиғи жағдайды қысқарту жолын іздестіруге итермелейді, соңында табиғи құқықтан бас тарту адамдарды мемлеектке әкеледі. Т.Гобс мемлеекттің үш формасын монархия, демократия,аристократияны атайды, олардың ішінен шексіз монархияны қолдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет